Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.

 Ауысады күнде саба, толағай.

 Бірі барда бірі болмай, жоқты аңсап,

 Неге пенде болды сонша қомағай!

  – Алтынсың,- деп алдағандар тірімде.

 Көзім жұмсам, көрмес мені қоладай.

 Дүниеге қаланған бір кірпішке,

 Сол дүниенің осындай бір обалы-ай!

 Иә, Қуандық Шаңғытбаевтың өлеңінде толғанғандай, дана қазағымызға дара тұлға болған Абай атамызға қандай құрмет көрсетіп жүрміз? Сыр елінде ұлы тұлғаның атымен аталатын мәдени орындар бар ма? 

 Абай – ұлттың атасы, халықтың рухани әкесі. Қазақ қоғамы, оның болмысы, келешегі туралы соншама толғанған, ұлтының табиғатын, жаратылысын дәл таныған, елі үшін күйіп-піскен, азапқа түсіп, қасірет шеккен, қазақтың кемшілігін жанға батырып, бүкпесіз ашық айтқан Абайдан асқан тұлға бар ма қазақта? Дәл осы ұлы тұлғаға қызылордалықтар қандай құрмет көрсетіп жүр?

 Әңгімеміздің әлқиссасын өткен жылдың басты тақырыбы болған Абай атамыздың ескерткіші хақында бастасақ. Ұлы ақынның ескерткіші Абай даңғылының бойында «Мен бір жұмбақ адаммын...» дегендей, бірнеше ай бойы ақ жамылып тұрды. Бір сәт тас мүсінді көшірілген нұсқа деп алып тастаудың сылтауы іздестірілді. Артынша «ескерткіш астында су құбыры бар екен» деп даурықты. Әйтеуір, өзі атындағы даңғылдан «түкке жарамсыз» ескерткіш алынып, жаңадан пайдалануға берілген мектептің алдына апарып қойылды. «Әлімсақ» журналы бұл сұмдық көрініске бірнеше рет қалам тартты. Тиісті орынның сонда да беттері бүлк ете қоймады. Артынша «сол мектепке Абайдың есімі беріледі» деп, биліктегілер уәдесін беріп, ант-су ішісті. «Уақыт – таразы» деген, айналып 12 ай тағы келіп қалды. Алда, 10 тамызда Абайдың туған күні. Бірақ мектепке осы күнге шейін Абай есімі берілген жоқ. Не себепті? Енді соған келейік, кім қандай сылтау айтар екен?

 Әңгіме арқауын әріден бастар болсақ, «Қызылорда қаласында Жібек жолы көшесінің бойында Абай Құнанбаев атындағы гүлбақтың құрылысы 2012 жылдың мамыр айында басталған болатын. Сол жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған. Бірақ құрылыс барысында кемшіліктер кеткені анықталды»,- деген-ді сол кезде қала әкімінің орынбасары болған Руслан Рүстемов. Оның айтуынша, құрылыс конкурстық рәсімді күтпей басталып кеткен. Рұқсат не техникалық шарт берілмеген. Жер телімін рәсімдеудің де заңға томпақ келген тұсы көп. Абайға келгенде бәрі заңнан аттап кетіпті. 

 Хош делік. Қаламыздағы 1200 орындық Түркістан көшесі бойындағы мектепке Абайдың есімі беріледі деген уәденің айтылып келе жатқанына бір жылға таяды. Әлі күнге дейін жасалып жатқан жұмыс көрінбейді. Үнсіз тұрған Абайға үн қосатын халық та үнсіз. 

 «Жартасқа бардым, 

 Күнде айқай салдым.

 Одан да шықты жаңғырық.

 Ұлы Абайдың мектеп алдындағы тас мүсінінің қазіргі қалпын көруге біз мектепке жол тарттық. А.Құнанбаевтың әлі күнге дейін есімі берілмеген Түркістан көшесінің бойында орналасқан үштілді еркін меңгертетін №2 «Мұрагер» мектебіне барып, ескерткіштің жағдайын бақыладық. Мектеп директоры еңбек демалысында болғандықтан, мектептің бастауыш сынып жөніндегі орынбасары Гүлбану Әскербекқызына жолықтық. Оның айтуынша, әлі күнге дейін мектепке Абай Құнанбаевтың есімі берілмепті, бірақ та биылғы оқу жылында оқу ордасына ұлы Абайдың есімі берілмекші екен. «Алайда оны біз нақты айта алмаймыз», - деді Гүлбану Әскербекқызы.

 Мектепке атау берілмеген, ендігі бағытымыз облыстық тілдерді дамыту басқармасының ономастика бөлімінде. Сала мамандары да «Бұл мәселе бойынша тиісті жұмыс жасап жатырмыз, негізінен біз Үкіметтің қаулысына сәйкес жұмыс жасаймыз, мұнан соң сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес институтынан кейін, арнайы бес министрлікке жолдаймыз» деп, ұзын-сонар тізімді айтып, шығарып салды. Байқағанымыздай, әлі күнге дейін нақтылық жоқ. 

 Түсініксіз бір жайт, Абайдан кейін қолға алынған, биыл ғана әңгіме өзегіне айналған, көзі тірісінде, Кеңес дәуірінде партияда қызмет атқарған Сыр бойының азаматтарына қаладағы бірнеше мектепке есімдері берілді. Сонда дейміз-ау, Абайға мектептің атын беру үшін ол партия қызметкері болу керек пе еді?! Мүмкін, 

 Болды да партия,

 Ел іші жарылды.

 Әуремін мен тыя

 Дауың мен шарыңды,- деп, партияны сынағаны үшін есім беру кезегінен ысырылып қалды ма екен? Қалай болғанда да, есім берудің өзі жершілдікке айналып кеткендей көрінеді бізге. 

 Абайша айтқанда, заң-зәкөн Құнанбаевқа келгенде орындалу керек болып қалғаны таңқалдырып тұр. Кезінде «көшеге ат берілу үшін ол адамның дүниеден озғанына пәлен жыл болу керек» деп, заңды соғып, бірақ «батырымыз ғой» деп, маңдайынан сипап, көзі тірі Тоқтар Әубәкіровке заңды ысырып қойып, Қызылордадан көше бердік. Ал, ұлы Абайдың бір ескерткішін орнату үшін мәселе етіп, созбалаңға салып, әлі жүрміз. 

 Иә, қазақ халқының біртуар ұлы, кемеңгер ойшылы Абай Құнанбаевтың туған күні де жақындап келеді. Бірақ та Абайдың есімін ұлықтауға келгенде Қызылорда жайбасарлыққа салынып, әлі оянбаған қалып танытып тұр. Тіпті, Абайды танымағандығы байқалады. 

  А.ҚАРАКЕСЕК

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Тамыз 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.