Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Бір жұлдыз болып жанам мен

Теңізбен сырласу...

От-өлеңім өртенсе жырақ барам,

Кейде барып теңізге сыр ақтарам.

Тасқа ұрған сыры мен жырларына

Іштегі дертімді айтып жылап та алам.

 

Ойнаған бала кезде балақ түріп,

Ұшырған ақ арманды парақ қылып.

Өмірі өлең болған ақын жайлы

Ойға шомдым теңізге қарап тұрып.

 

Ерікті ме?! Екпіндеп тұра ұмтылды,

Жағасын ойқастаумен жыра қылды.

Туғанынан тулаған шабыт керіп

Теңіз десе көремін бір ақынды.

 

Табиғат тынысымен сырласатын,

Үнін қосып сырына жыр жазатын.

Арна кере адуын ағыс болып

Аралына жететін сырбаз ақын.

 

Сол ақынмен теңізді егіз көрем,

Жырларынан таусылмас кен іздегем.

Толқын болып тулаған арнасында,

Арқалы ақын тасиды теңізбенен.

 

Бірақ өмір орта белде алқынғаны,

Сол бір кез жүрегімде жортуда әлі.

Байлап қойды қазыққа ақын жолын,

Білемісің, Аралдың толқындары?

 

Үмітінің ақ желкені үсіген,

Көкшіл теңіз, күрсіндің бе түсінен?

Сен бұлқынсаң таспен атып жағаны,

Ақын жатты арпалысып ішінен.

 

Жүйткіп жырмен ен далада жарысты-ау,

Арманынан мүмкін емес қалыспау.

Сол ақынның жеткен кеше биігі

Өр шыңдары маған әлі алыстау.

 

Көкшіл теңіз өмірін жасап жырдан,

Білер атын мына ел, қыстақ, қырман.

Ол, әрине Зейнолла ақын еді

Теңіздің жал толқынын ұстап тұрған.

Қарсы тұрған қасірет қақпасына,

Құлағанмен сынған жоқ тас қалпында.

Толқын болып жүрегім көтеріліп,

Басымды идім теңіздің патшасына...

Гүлжанар Молдашева,

М.Мәметова атындағы гуманитарлық 

колледждің 3-курс студенті

 

Ақынға

 ...Түсімде.Ұйықтап жатқам таң сәріде

Басымнан сыйпалаған таң желі ме?

Бесікте жатқам екен сәби болып,

Елітіп, Әз ақының зор үніне.

 

Көзіне киген екен көз әйнегін,

Құшақтап қалың кітап жыр мәйегін.

Бар болмыс бітімімен қолын сермеп,

Оқыды маңғаздана өз өрнегін.

 

Ұйып тыңдап жатырмын сөзіне мен,

Ұмытқандай боламын ойды мүлдем.

Ұсынды өз қолымен қаламсабын,

"Шіркін-ай, болса екен осы жүлдем".

 

Жыр кітабын ұсынды қолындағы,

Шабытымды сезгендей бойымдағы.

Шырт оянсам, айырылып қалам ба деп,

Қыса түстім, қаламды қолымдағы.

 

Сен сыйлаған қаламды тұмарымдай,

Сақтап келем, бойымнан жыр арылмай.

Өнегелі өмірің маған азық,

Ал жырың сырласатын сыңарымдай.

Тоғжан Жаңабергенқызы,  

№20 З.Шүкіров атындағы орта мектеп

8-сынып оқушысы.

Арал ауданы

 

Зейнолла Шүкіровке

 Сұрқай дауыс, сұрқын алып бақтардың,

Алатаудың қабағындай қатпар мұң.

Көк теңізің күмбезінен төгіліп,

Тұтқынында Қорқыт-қобыз тартқан кім?!

Тылсым жырмен тілескенде мұңшыл бақ,

Мүлгіп үнсіз бас шұлғиды тың-тыңдап.

Арал жақта әлсіз үміт үзіліп,

Мөлт етеді... Сансыз ойлар шырқымды ап.

 

Корчагинін ақындары жырламақ,

Қандасының көкірегіне күн қадап.

Жыр жазғанда үміт толы кеудемен,

Дүр сілкінді мұнар толы мұңлы алап.

 

Көкірегінде шырақтай боп от жанған,

Қос жанары жаралғанды оттардан

Ғұмыр үннің кең пейілді жоқтауы,

Кемесінің келмесінде кетті арман.

 

Өлеңімен үйіріп ап қауымын,

Кең пейілмен риза еткен ауылын.

Зейнолланың отты жырын еске алса,

Күн күледі, бұлттар жайын бауырын.

 

Санадағы сансыз ойды өшіріп,

Кетті бәрі жалғандықтың несі үміт?!

Арал-әке мұңаяды теңізге,

Өз мұңының көлеңкесін көшіріп.

Нұрила Әбілқайыр, 

№39 "Қызылөзек" орта мектебінің

8-сынып оқушысы

 

Соғып жатты қайсар жүрек бұлқынып

Көгінде қалықтайтын қыран дара,

Тұлпарлар шауып өткен тұран дала

Қазағымды төсінде тербететін,

Тәтті күй қасиетті жыр ән ғана.

Сол қазақтың нәр алып жыр күшінен,

Жыр жазатын Абайдың үлгісімен.

Сыр өңірі шайырлар мекені ғой

Жалғастырған замана үрдісімен.

Жыр көшінде қанжығасын майлатқан,

Шын ақынды Сыр сүлейі сайлатқан.

Сыр өңірі хас таланттар отаны

Шаңырағында жыр қазанын қайнатқан.

Жыр десе тек көкейге өлең қонатын.

Жеткізгенше тауысып бар тағатын.

Шабыт берген Зейнолладай ақынға,

Шалқар теңіз, айдынды Арал болатын.

Өмірін өлеңменен өрнектеген,

Жыр бар ма ақынды әсте тербетпеген.

Зейнолла шалқып тасып жүрген еді,

Жыр өлкеде тудырып өрнекті өлең.                                                                                                    

Бала ақынның шаттанып көп күлгенін

Қалайша қатал тағдыр көп көргенің?

 Жазатайым құлатып, майып қылып,

Жас жүректі жаралы еткен де едің.

Табанымен жерді басып жүре алмай,

Туған топырақ жылуын да сезе алмай.

Ауырып азап қинаса да тағдырдың,

Қалған емес тәлкегіне төзе алмай.

Тұрғаннан соң көкейінде жыр тұнып,

Соғып жатты қайсар жүрек бұлқынып.

Тән азабы тартып жатса кейінге,

Жан қалауы жатты алға ұмтылып.

Әсем ҚҰЛМАНОВА,

№262 мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы

 

Ақынға арнау

Таң шапағын жырға балап, бойымды күш биледі.

Кеудемдегі нәзік жаным отқа түсті күйреді.

Қатал рух жанға еніп төкті нұрлы сәулесін,

Поэзия, жыр жазайын құзырыңа ал сен мені.

Қайсар жанға мықты өлеңнен артық нәрсе жоқ сірә?

Әдебиетті серік қылдың, кең кеудеңмен қапсыра.

Қос аяғың баспаса да әсем жердің кеудесін,

Поэзияның алтын тағы жүрді құрыш астында.

 

Бала күннен дана күнге алмасуда тағдырым,

Жыр дарынмен арпалысып өтіп жатыр әр күнім.

Сырлдасқанда толқынымен Аралымның кешегі,

Сағынғандай бір кездергі Зейнолланың сарынын.

 

Сарқылып теңіз жинап апты керіліп жатқан

кеудесін.

Сағынған-ау күнде келіп жырға қосқан еркесін.

Кеше де жоқ, бүгін де жоқ өткен соң ол өмірден,

Суалдырып сындырды ма бақыт атты кемесін?!

 

Жырыңды оқып артқы толқын көсегесі көгерсін.

"Отты өткелден" алдындағы сұм өмірді көресің,

"Тоғыстырып тағдырларды" "Сыр бойын"

жазған тұлпарға,

"Құрыш қазақ" демей айтшы, елім,

мұнан артық не дерсің?

 

Енді міне, артқы толқын өзіңе арнап жыр қылсын.

Жүрегімнен жырлап шіркін махаббатын

тұндырсын.

Туған елде жүре тұра топырағын сағынған,

Туған елдің бар қадірін сенен артық кім білсін?!

Данабек Жанғазы

Қазақ-Қытай академиясының 1-курс студенті

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Тамыз 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.