Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып қойған аты – Қанатжан Әлібеков) облыстық «Сыр бойы» газетінде «Арал теңізіндегі құпия лаборатория сыры» (11.09.2001) және «Әлімсақ» журналында «АҚШ-тағы Кен Алибек және Возрождение аралының құпия сырлары» (№7-8, 2009 жыл) атты мақалам жарияланған еді. Деректерге қарағанда, 1986-1987 жылдары «Возрождение» аралында «Сібір жарасы» ауруларының ең орнықты штаммдары сынылған көрінеді. Гендік инженерия тәсілімен жасалған штаммдар да сыннан өткен. Бұл шабуылдаушы биологиялық қарудың іс жүзінде ешқандай қорғаныс тәсілдеріне ырық бермейтін аса қауіпті түрі болатын. Ресей жағы осы уақытқа дейін: «Возрождение аралында ешқандай зиынды сынақ жүргізілген жоқ. Кезінде биологиялық қарудан қорғану құралдары іздестірілген», - дейді. Олардың сөзіне қарасақ, аралда тек зертханалық ғылыми эксперименттер ғана жасалған тәрізді. Алайда, Кен Алибектің 1998 жылы Нью-Иоркте жарыққа шыққан «Биологическая опрасность» атты кітабынан кейін Возрождение аралының құпиясы толық ашылды. «1998 жылы менің басшылық етуіммен Степногорскіде жасалған «Сібір жарасы» қоздырғышының жер бетіндегі ең қуатты штаммы осы аралда сынақтан өтті», - деп, Кен Алибек кесіп тұрып айтты.

 

Возрождение аралындағы полигонда сынақтан өткен әр түрлі биологиялық қарудың элементтері КСРО Қорғаныс министрлігіне қарасты Киров, Свердловск және Загорс қалаларындағы нысандар мен біздің Степногорскідегі биопрепарат орталығында талданып жасалды. Бұлардың құрамында қара шешек, ҚУ безгегі, оба, күйдіргі, шиқан, түйнеме, ботулизм, бөртпе сүзегі, сарып, сал, маңқа, энцефалит тәрізді жұқпалы аурулар бар еді. Жасалған қаруларды тәжірибе жүзінде сынап көру алдымен жылқы, маймыл, қой, есек, үй қояны, атжалман, теңіз шошқасы, ақ тышқан сынды жан-жануарлар арқылы орындалды. Қарудың мұндай патогендік түрлерімен бірге олардың тікелей әскери мақсат сипаттысын сынау да осы Арал полигонында жүзеге асты. Кен Алибек өзінің кітабында маймылдарға қарсы жүргізілген сынақтардың бірін баян етеді. Сынақ өткізушілер Возрождение аралындағы ашық мидай далада торға қамалған маймылдардың үстінен, белгілі бір биіктікте «Сібір жарасы» салынған биологилық «бомбаны» жарады. Сөйтіп, арнайы өлшеу аспабына жұқпалы штаммтардың ашық аспанда қалай таратылып, қай уақытта сыналып отырған маймылдарға жететінін және оларға қалай әсер етіп, қалай өлетініне дейін жазылынып алынады. Міне, осылайша «Сібір жарасы» штаммы жануарларға қалай әсер ететінін іс жүзінде байқап көріп отырған. Бір қызығы, биологиялық «бомба» үстерінен жарылған кезде маймылдар шыңғырып, аузы мен мұрындарын қолымен жауып, бастарын екі бұтының арасына жасыратын көрінеді. Сонда оларға қандай қауіп төніп тұрғанын алдын ала сезетіні ғой. Ең бір сұмдығы, мұндай сынақтар бактериялық аэрозолдың атмосфераға жайылу ауқымын зерттеу бағытында ара-тұра Возрождение аралының үстіндегі ауа қабатында да жүргізілді.

 Кейін, 1992 жылы Кен Алибек әйелі мен балаларын алып, Америкаға тартады. Ол Құрама Штаттар үкіметінің өтінішімен биологиялық қаруға қарсы тұра алатындай медициналық препаратты іздестіру жөніндегі ғылыми жұмысымен шұғылданады. Сөйтіп, табысты еңбегі үшін АҚШ-тың үкіметтік марапатына ие болады.

 Міне, сол Кен Алибек жиырма жыл АҚШ-та тұрып, елге қайта оралды. Әңгімелескен журналист Әлібек Жапаққа атақты жерлесіміз былай депті: «...жерорта жастан асқанда туған елге келу, туған топырақты басу сартап сағыныштан арылтып, алабұртқан көңілім бір тыныштанғандай». Алайда, мұндай шешім қабылдау оған оңай болмаған сияқты. Елбасы 2000 жылдардың басында Канатжанды елге шақырған көрінеді. Бірақ шетелдегі жайлы тұрмысын қимай, Елбасының ұсынысынан әуелде бас тартқан екен. Кейін Назарбаев университеті ашылады дегенде барып, Қазақстанға келуге бел байлаған. Қазір «Назарбаев университеті» АҚ президентінің кеңесшісі болып жұмыс істейді.

 Журналистке берген сұхбатында шетелге кету себебін былай түсіндіреді: «Менің атымды адамзатқа өлім үрейін сепкен биологиялық қарумен байланыстырады. Туған елден көшіп кетуіме де осы жәйт себеп болды. Осы қара күйеден өмірімнің соңғы жиырма жылында барынша ақталуға тырыстым. Меніңше, қараны аққа «бояуға» болады...».

 Жалпы, Кен Алибектің мамандық таңдауына сол кездегі «Америка Құрама Штаттары Кеңес үкіметінің қас жауы, оған төтеп берердей қорғаныс керек» деген идеология әсер еткен болуы керек. Том институтын бітіріп, министрлер кеңесіне тікелей бағынатын «Биопрепарат» арнайы басқармасына жұмысқа тұрған кезде барып, бір кесірге душар болғанын сонда барып сезінген екен. «Сен дәрігерсің, Гиппократ антын бергенсің. Адамдарды құтқаруың керек, емдеуің керек. Сөйте тұра адамзат атаулыны түбірімен құртып жіберетін қауіпті қаруды жасауға атсалысып жүрсің» деп, Кен Алибек ұзақ уақыт күйзеліс үстінде жүргенін жасырмайды. Тек, «біздің жасап жатқанымыздың барлығы АҚШ-тан қорғану үшін қылған амал деген бір алдамшы ой соңына дейін ұстап келді» дейді Қанатжан. Кейін басқарма бастығының орынбасары болып, ғылыми жетекшілікке тағайындалады. 1991 жылы арнайы құрылған комиссияны басқарып, АҚШ-тағы биологиялық зерттеу нысандарына инспекция жүргізеді. Сөйтіп, ондай биологиялық зерттеу жұмыстарының баяғыда тоқтатылғанын өз көзімен көреді. Алайда, КСРО Қорғаныс министрлігінің салаға жауап беретін кейбір басшылары АҚШ-та биологиялық қару жасау әлі күнге дейін жүргізіліп келеді деп, тексеру қортындысына қол қоюға мәжбүрлейді. Бірақ Кен Алибек үзілді-кесілді бас тартады. Кешікпей М.С.Горбачевтың атына болған жағдайды баяндап, қызметтік хат жазады. Соның нәтижесінде тиісті қарар қабылданып, Кеңес Одағында әскери биология мен бактерологиялық қаруға байланысты күші бар бағдарламалар бойынша барлық жұмыстар тоқтатылатын болады. Кен Алибек осы шешімнің негізінде Бас басқармаға қарасты институт директорларына зертханалық жабдықтарды бөлшектеп, демонтаждауға бұйрық береді. Осыдан кейін әскери басшылары оны сатқын деп қаралады. Тіпті, құртып жібергілері келді. Қысқасы, Кен Алибек елден кетуге мәжбүр болады. Екі елден шақыру түскен екен. Үндістаннан және АҚШ-тан. «Қабырғаммен» ақылдасып, АҚШ-қа кеттім» дейді құғынға ұшыраған Қанатжан. АҚШ-та Джордж Мейсон университетінде сабақ беріп, биологиялық қарудан қорғаныс орталығына жетекшілік еткен. Сөйтіп, биологиылық қарудан қорғанудың жолын іздеп, сол мақсатына жеткен де секілді.

 Әңгімесін қортындылай келе Кен Алибек былай депті: «Ұзақ уақыт күйзелісте жүрдім. Сенесіз бе, он жеті жыл ғұмырымды сарп етіппін. Өзімнің сұмдық алданғаныма, үлкен саясаттың, зұлымдық ниеттің қолжаулығы болғаныма қапыландым».

 Кен Алибек туралы біз білетін соңғы ақпарат осындай.

 Әмірхан БӘКІРҰЛЫ

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Тамыз 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.