Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, қоршаған ортамен түсінік алады". Рас, ойынға қызықпайтын адам жоқ. Көңiл көтермейтiн адам, сауық құрмайтын халық жоқ. Үлкен де, кiшi де ойнап, көңiл көтередi. Ойынның тарихы тереңде, көне дәуiрден басталады. Айтпағымыз, өмiр кейде ойын-сауыққа ұқсас, ойын-сауықсыз адамның өмiрiн көз алдыңа елестете алмайсың. Ойынсыз ұрпақтың кiм екенiн, халықтың қандай екенiн бағалау екiталай. Айталық, тас дәуiрiнде қалыптасқан - таяқ жүгiрту, асық, ақсүйек, темiр дәуiрiнде тараған - қарағие, садақ, бергi дәуiрдегi, яғни үйсiн, қаңлы хандығы кезiндегi - ақбайпақ, алтыбақан, арқан тартыс, белбеу тастау, жасырынбақ, көршi бұғынай, айдапсал т.б. ойындарды бүгiнде бiлетiндер де, бiлмейтiндер де аз емес. Жануарлардың қозғалысына елiктеп жасалынған қозғалыстар да бертiн келе ойын бидiң арқауына айналған. "Аң аулау" билерiнiң түрлерi бiр iзге келтiрiлмеген. Дегенмен, олар барлық қауымдастық мүшелерiн қызықтырғанын ескерсек, оның тартымды түрлерiнiң көп және жаттығуға икемдi болғанына күмәнданбаймыз. Қазақтың ойын-сауығы достық пен қонақжайлықтың белгiсi және көптiң басын бiрiктiрудiң кепiлдiгi, сүйкiмдi әншi мен әңгiмешiлерге мұқтаждықтың айғағы. Ойын-сауықта жалғыздық сезiм, арам ниет адамды билей алмады, ойыншы үнемi iзденiсте болады. Ондағы құдiрет - өнерпаздық, өзара түсiнiстiк және келiсiмге жол табу. Адамзат қашанда болмасын, осы үш құдiретке тәнтi болған, сол құндылыққа жетудiң мүмкiндiгiн арнайы және үнемi iздестiрумен әуреленген.

 

Қазақ халқының тарихи көне жырларының, эпостары мен лиро-эпостарының қай-қайсысын алып қарасақ та, олардың өн бойынан халықтың ұлттық ойындарының, әдет-ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Олай дейтініміз, осы ойындардың көпшілігі сол көшпелі тұрмысқа лайықталып, арнайы материалдық әзірліксіз ойнала беретіндігінде ғана емес, сонымен бірге халықтың психоло-гиялық ерекшеліктеріне де байланыстылығында екендігіне көзіміз жетеді.

Халқымыздың ұлы перзентінің бірі, заманымыздың аса көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезов: "Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған", - деп тегіннен тегін айтпаса керек. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен де мәнді-мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені, ең алдымен ненің болсын бас алып, жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Ұлттық ойынды біз бар өнердің бастауы деп білеміз. Ал, қай өнер болса да кең арналы, сулы шалқар дариядай болып кемеліне келгенше жолында кездескен сандаған үлкенді-кішілі арналардың бас құрайтын өзен сияқты ғой.

Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшандықты, ептілікті, тапқырлықты, байсалдылықты, дененің сомданып шынығуын қажет етеді. Қазақтың қай ойыны болса да айтыс, өлең-жырмен өріліп, көрермендер мен тыңдаушыларға өрелі өнеге беріп, рухани әсер етеді. Мұндай мақсатты, адамгершілік іс-әрекет, белгілі бір жүйеге негізделген ұлт ойындарының бояуы қоюланып, баланың дамуына тамаша мүмкіншілік туғызады.

Қазақтың ұлттық ойындарының бірі "ойлануды қажет ететін ойындарға" жатады. Олар негізінен логикалық ойлау мен математикалық, философиялық ойлануды дамытуға негізделіп жасалғандай. Оймен келетін ойындарды сөз еткенде шахмат, дойбы ойындарына тоқталмасқа болмайды. Шахмат, дойбы қазақтар мекендеген жерде ежелгі түрік заманынан белгілі екенін көрсететін деректер де бар. Орта ғасыр жазушысы Юсуф Баласағұнның 1069 жылы жазған "Құтты білік" атты тарихи еңбегінде түркі батырларының білекті де білікті болуын шын тілеп: "Егер де ол дойбы мен шахмат ойыннын жақсы білсе ғой", - деп жазғанын оқуға болады.

Енді ұлтты тәрбиелеудің құралына айналған ұлттық ойындардың бірсыпырасына тоқталып көрелік. Қазақ халқының ұлттық спорт ойынының бірден-бір көп тармағы - бәйге мен аламан бәйге. Спорттың бұл түрінің ерекшелігі сол - жарыс тек жазық жерлер мен ипподром-дарда ғана өтіп қоймайды, спортшының өзі мен оның атына жоғары талап қойылатын ойлы-қырлы, жасанды, бөгесінді жерлерде де өткізіледі. Жарыстың үлкен тәрбиелік мәні де бар. Олай болатын себебі - жарысқа қосатын атты таңдап алып, оны баптап, бәйгеге жаратуға дейінгі ұзақ мерзімге бәйге атына мініп шабатын бала үнемі басы-қасында болып, бапкермен бірге еңбек етеді. Спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың ендігі бір түрі - аударыспақ. Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, дайындығы жеткіліксіз, тәжірибесі аз спортшылар үшін бұл өте қиын. Сайып келгенде, аударыспақта негізгі рөлді ат пен ойыншы жігіттер атқарады. Оспадарлық, жұла қашу, салып қалу, қол қайыру сияқты айла-амалдарды қолдануға болмайды.

Қазақ халқының ойындары төрт түлікпен тығыз байланысты. Олай дейтініміз көшпелі өмірде тіршілік кешкен халық қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көне ойын. Бұл ойынның еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған. Асық ойынының түрлері көп. "Алшы", "омпа", "асықты тігіп ойнау", "тас қала", "хан", "үштабан" сынды түрлері кеңінен таралып кеткен. Сондай-ақ, ер жігіттің күш-қайратын көрсететін ойынның бірі - арқан тартыс. Бұл ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады. Күн ілгері сызып қойған үш сызықтың ортасына арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады да, арқанның шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойыншылар қос қолдап ұстап, тартып тұрады. Содан соң ойын басқарушының берген командасы бойынша екі топ тартысқа түседі. Ойыншылардың мақсаты - тартысқа түскен топ бірі-бірін тартып, орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету.

Көне заманнан бері келе жатқан, балалардың жазда сүйіп ойнайтын ойындарының бірі - тай жарыс. Үлкендердің ақыл-кеңесімен жарысты балалардың өздері әзірлеп, өздері өткізген. Жазда қатар қонып отырған ауыл балалары жиылып тайларын үйретіп, үйретілген тайларын жарыстыруға келіседі. Белгіленген жерге жеткенде, ат айдаушы жарысқа қатынасушы-ларды қатар тұрғызады да, жарыстың басталғандығы туралы белгі береді. Озып келген тай иесі жеңімпаз атанады. Иә, тай жарыс ойыны баланы жастайынан қоғамдық өмірге, еңбекке тартып, шаруашылық жағдайымен ерте танысуға, жылқы малын танып білуге баулиды. 

Қазақтың дәстүрлі сал-дәстүрімен біте қайнасып келе жатқан ұлттық ойындарымыздың келесі бір түрі - Ақсүйек. Ата-бабамыз, аға буын өкілдерінің кезінде ойналған "Ақсүйекті" білмейтін қазақ жоқ шығар. Расында да өскелең ұрпақтты тәрбиелейтін Ақсүйек ойыны қазірде көңіл аударылмай, кенжелеп бара жатырғаны көңілге қаяу түсіреді. Ақсүйек ойыны бүгінгі жастардың біле жүргені жөн болар деп бұл ойынның тарихына тоқталуды жөн санаймыз. Жалпы ақсүйекті ойнау үшін қойдың жілігі мен жауырыны пайдаланылып келген. Алдын-алаәзірленіп қойылған сүйекке белгі салып алған соң, оны алысырақ барып лақтырады. Ақсүйек ойынын жаздың айлы түнінде қыздар бен жігіттер қауымы жиналып ойналған ойын. Ерте кезде ақсүйек ойынын той-томалақ жасаған үй иелері ойнатқан. Ұлтымыздың дара тұлғалары, есімдері елге аңыз болып кеткен Ақан сері Ақтоқты, Абай мен Әйгерім, Біржан мен Ләйлімен осы ақсүйек ойыны арқылы танысқан деген де деректер келтірілген. Ал заманымыздың белгілі композиторы, әнші Алтынбек Қоразбаевтың әйгілі "Шашбаулым" өлеңіндегі ән мәтініне үнілер болсақ:

Қызыл бешпент үстінде, 

Қынама бел шашбаулым. 

Алтыбақан тебуге 

Сұранайын мақтаулым, шашбаулым.

Ай толықсып аспанда

Туған кезде, шашбаулым.

Ойнаймын деп ақсүйек

Қуана бер мақтаулым, шашбаулым, - деген тіркестерінен-ақ ұлттық ойындардың ерекше әспеттелгенін аңғаруымызға болады.

Ежелден қазақ топырағында туған жұмыр білекті балуандардың күресіне айналған қазақша күресті қалай айтпай кетесіз. Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, ептілікке, төзімділікке машықтандыруға септігін тигізетін ұлттық спорттың бірі. Қазақша күрес дегенде жыл сайынғы экран бетін бермей келе жатқан "Қазақстан барысы" атты бәйгесіндегі кең кеуделі, нағыз қазақтың ұлдары Ұлан Рысқұлов, Бейбіт Ыстыбаевтардың есімін атай кету орынды. Міне, ұлтымыздың мақтан етер ұлдары қазақ күресінің дамуына, келер ұрпаққа үлгі болар азаматтар екені даусыз. Жалпы, қазақша күрес баланың еркін дамуына өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалануға мүмкіндік береді. Мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады. 

Қазақтың дәстүрлі ділінде (менталитет) ер жігіттің қайсарлығын, өрлігін қалыптастыратын астындағы тұлпарымен таныған дегендей, ұлтымыздың бірқатар ойындары жеті қазынамыздың бірі жылқымен байланысты болған. Осындай ат үстіндегі қазағымыздың тектілігін көрсететін ойынымыз "Көкпар" турасында әңгіме өрбіткеніміз артықтық етпейді. Көкпар атауы "көк бөрте" (лақ) деген сөзден шыққан. Дәстүрлі қазақ қоғамында көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалынып алынған. Сондай-ақ көкпар ойынын тек ер жігіттің ептілігімен қатар аттың бапталған, жүйріктігін сыңайтын спорттық ойын. Ер жігіттің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығын қалып-тастыратын көкпарымызды ойнаудан алдына жан салмайтын дарабоздарымыз жетерлік. Ұлттық арнадағы желісі үзілмей келе жатқан "Көкпар" ойыны бүгінде көгілдір экранға жол тартып жүргені жігерлі де қайсар жастары-мыздың ұлттық ойынға қызығушылығын арттыруына септігін тигізетін тамаша тарту екені сөзсіз. 

Ауыл балалары ұлттық ойындардың шаңын шығарып ойнаудан алдына жан салмайтыны белгілі. Ал қала балаларының ұлтымыздың ұлылығын, ер жігіттің табандылығын көрсететін ойындарымызды ұмыт қалдырып бара жатқан-дай көрінеді. Сондықтан қала мектептері оқушы-ларын түнгі клубтарға тұншықтырмай, даланың таза ауасына шығарып, ұлттық ойындармен тәр-биелеу арқылы бойына ұлтына деген сүйіспен-шілікті ояту жаһанданудан сақтанудың бір тәсілі деп айтар едік. Кеше ғана қала мектептері оқушылары арасында ұлттық ойындар ойнат-қандағы бір мақсатымыз осы еді біздің. 

Әлбетте, ауыл балалары мен қала балаларын салыстыруды міндет етпедік. Ұлттық ойындар қазақ халқына ортақ құндылық болғандықтан ата-баба қанымен сіңіп, бүгінгі ұрпаққа мирас болып келген ұлттық ойындарымызға жан бітіртіп, келешек ұрпақ бойына сіңіруде аянып қалғымыз келмеді.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Тамыз 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.