Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет халық. Жылқы малының тарихы, мәдениеті ғасырлардың терең қойнауында жатыр. Ғалымдар бұдан бес мың жыл бұрын алғаш рет қазақтың арғы бабалары қолға үйреткенін дәлелдеп шықты. Оған дәлел - әлемге әйгілі Ботай мәдениеті. Біздің ғасырымызға дейінгі V- IV ғасырларда бұл жерде жылқы өсірушілердің ғажайып қонысы болғаны анықталды. 133 мыңға жуық жылқы сүйегін зерттей келе, ғалымдар бұлардың жабайы жануарлар емес, қолға үйретілгенін дәлелдеп шықты. Осылайша, қымызды алғаш шығарған да, жылқыны бірінші болып қолға үйретіп, мініске, күш-көлікке пайдаланған да - өзіміздің ата-бабаларымыз екен. Қазақтың ертедегі негізгі күнкөрісі төрт түлік мал екені әмбеге аян. "Төрт түлігің сай болсын, қораң толы мал болсын" деген тәмсілдерді әрбір қонаққа келген қаймана қазақ жұрты дастархан басында арқау етеді. Сол себепті де қазақтың көшпелі тұрмысында жылқының орны ерекше. Шексіз-шетсіз далада жаяу адам ұзаққа бара алмайды, шаруасын да мезгілінде бітіре алмайды, ал астында аты болса, қашқанда құтылып, қуса жетіп дегендей тіршілік ете алады. Сол себептен қазақтың "Жылқы - ердің қанаты" деген сөзінен жылқының адам өміріндегі маңыздылығын аңғаруымызға болады.

 

Төрт түліктің асылы, ердің нағыз қанаты - жылқы емес пе? Дана халқымыз "Жылқы - малдың патшасы" деп айту бекер емес. Жылқыға табынушылық, дәріптеушілік тек қазақ халқы ғана емес, басқа да көптеген халықтардың тарихында да (мысалы, ежелгі римдіктерде, гректерде, қытай елінің тарихында, ежелгі үнді еуропа елдерінде) кездеседі. Көптеген елдердің мифологиясында да жылқы ерекше қасиетті түлік ретінде бейнеленеді. Елдігіміздің белгісі - елтаңбада қанатты тұлпар бейнесі кескінделген. Тұлпар - күннің, қозғалыстың, тұрақтылықтың символы. "Ол геральдистер тілінде арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің ғаламат қара күшін, еліктің ғажайып көзге ілінбес шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің қалай да болса жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді". Жалпы жылқы үнемі кең далада жер тандамайтын, төзімді мал.

 Қазақтың халық жырларындағы батырларының қайсысын алсаң да, ішінде жаяуы жоқ және олардың аттары құр көлік емес, батырлардың жан серігі, қиын кезеңде тіпті тілдесетін кеңесшісі. Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары ел мен жерді қорғаған батырларымыздың серігі болғанын халық ауыз әдебиетіндегі жырлардан байқауға болады. Ал қанатты тұлпар қазақ поэзиясында асқақ арманның, шабыттың белгісі.

Дәстүрлі қазақ қоғамында байлық мөлшері тек жылқымен ғана өлшенген. Халықтың жылқы малына қатысты ерекше ықыласы, кең-байтақ жайылымдардың болуы, жылқының қыста тебініп өзі жайыла алатындығы сынды факторлар қазақ даласында бұл түліктің көп өсірілуіне себеп болған. Қазақ жылқыны оның табиғатына сай бағып пайдаланады. Көктемде төлдетіп, күзеп, таңба басып, үйір-үйірге бөлгесін жайлауға көшеді. Жылқы табынмен, яғни 400-500 жылқы айдалады. Бие құлындаған соң 2-3 аптадан қалмай бас бие байланып, қымыз ашыту басталады. Жылқышылар жылқыны түні бойы бағып, таңертең ауылға айдап келеді. Жылқы келісімен ауыл адамдары алдынан шығып, құлындарды ұстап, ноқталап, желіге байлайды. Биелер құлындарынан ұзамай ауылда болады. Балалар, жігіттер құлынды ағытып, құлынды биеге жібереді, бие иіп, сол кезде көнекті тоса қалып, тез сауып алады, биені әйелдер де, еркектер де сауады. Сауылған сүт сабаға құйылып ашытылады.

Желі - құлындарды байлайтын жуан арқан, қыл араластырылған жүннен есіледі, екі жағына мықты екі қазық қағылып, арқан - желі соларға жерге тигізбей керіп байланады. Бір желіге 10 шақты құлын байлануы мүмкін. "Бір бие бұлақ басы, екі бие елдің асы, үш бие - теңіз, теңізден бермеген доңыз", - деп қазақ жылқы малының берекесін айтады және қонақжайлылыққа тәрбиелейді.

Жылқының жабы, ақалтеке, құнан, жабағы, дө-нен, айғыр, бесті деп бөлінуінің өзіндік ерекшеліктері бар. Биенің жас төлін құлын десе, құлыннан алты ай асқан жылқыны жабағы, бір жасқа толғандарын тай деп атау кеңінен таралып кеткен. Сондай-ақ айғырдың өзінің бірнеше түрлері бар: құнан айғыр, дөнежін айғыр, бесті бие, қосабалы бие, жасаған бие. Ердің қанатына айналған жылқы малы кисе киім, ішсе ас, мінсең көлік, айта берсең көп, әрине. 

Ат құлағында ойнап өскен қазақ балаларына тайға бас үйрету өзекті жұмыс саналған. Көшпелі заманда қозы бақпаған қазақ баласы болмайтындай, тайға бас үйретпейтін де қазақ болмайтын. Тайға бас үйретілген соң, бірер күн мініліп, қайтадан жылқыға жіберілетін - ол тай әрқашан да саптағы сарбаздай, жұмысқа дайын. Биенің сауылуына қатысты түрлі атаулар - көшіп-қонып жүрген қазағымыздың ежелден келе жатқан құндылықтары. 

Жылқының қасиетті сүтінен қымыз алынады. Қымызды қазақтың әлем өркениетіне қосқан үлесі мол десек қателеспейміз. Қымыз тек бие сүтімен ашытылады. Себебі қымыз тек шөл қандыратын сусын ғана емес, оны ішкен адамның денесіне шипа. Түрліше ауруларға ем болған қымыздың тоғыз түрі кездеседі. 9 түрлі қымыздың тоғыз түрлі дәмі мен ерекшелігі бар. 

Бие сүтінің уыз дәмі таралмаған кезде ашытылатын қою қымызды уыз қымыз деп атаған. Уыз қымыз биені алғаш байлағанда ашытылатын қымыз. Мал бағып, шөліркеп келген қонаққа әбден бабына келген, жылқының сүр қазысын қосып пісірілетін қымызды ұсынады. Бұл бал қымыз деп аталса, екі тәулік сақталып, пісуі жеткен қымызды түнемел қымыз деп атайды.

Әбден үш тәулік сақталып, толық ашылған қымызды халқымыз құнан қымыз деп атаған. Саумалды ішпейтіндерге құнан қымыз берілген. Құнан қымыз дегенде қорабалы қымыз еске түсетіні белгілі. Бірнеше күн жиналып, үстіне сүт құйып ішетін қымызды қорабалы қымыз, төрт тәулік сақталып ашытылған дөнен қымыз, бес тәулік бапталған қымыз - бесті қымыз деген атау қалыптасқан.

Жаз ортасы ауа шөптің буыны қатқан кезде сауылатын қымыз түрлерін сары қымыз деп те атайды. Қысырық қымызды біреу білсе біреу білмес, айта кетейін, алғаш рет құлындаған қымызды қысырық қымыз дегенді құлағымыз шалатыны бар. Сірге жияр қымыз - бие ағытар кездегі соңғы қымызды атайды. Қымызды алып болған соң, биені ағытып жіберді.

Жылқы жазда шыбындап, желге қарсы жүріп жайылады, сондықтан жылқышылар осы әдетін пайдаланып, кешке қарай ық жаққа айдап салып, өздері жел жағынан таңертең күтіп алады. Ал қыста қазақ жылқысы жазғы жиған күйі қалпында, өзінің мықтылығының арқасында баспана, қосымша жем-шөп іздемей қар астындағы шөпті өзінің тұяғымен теуіп алып жүре береді. Қыста қорада тұрып, қолға қарайтын жүйрік сәйгүліктер де, орасан зор жүк жылқылары да мұндай тұрмысқа шыдамайды. Төзімділігі жағынан қазақы жылқыға жетпейді. 

Қазақ - қонақжай халық. Халқымыздың қонақжайлығының, жомарттығының бір дәлелі - үйіне қонақ болып түскен адамды күтіп, қазы-қартасын алдына тосып, құрмет көрсетуімен қоймай, кетерінде оны құр қол жібермей, астына ат, үстіне шапан жауып, құрметтеп шығарып салған. Атқұмар қазақ халқы үшін жылқы - қозғалыс көзі, өмір сүру, тіршілік ету формасы. Жылқы - әлемнің жоғарғы бөлігі, интеллект белгісі, ата-бабалар символы. Жылқыны қазақ жанына жақын тұтады, табиғатына телиді. Сондықтан болар, қазақты жылқы мінез деп бекерден-бекер айтпаған. Қазекемнің "Жылқыда да жылқы бар, қазанаты бір бөлек, жігітте те жігіт бар, азаматы бір бөлек" деп, салыстыра сөйлеуде де үлкен мән жатыр. 

Иә, жылқы - тәңірдің тірі бейнесі, нұры. Жылқы - күннің, қозғалыстың, тұрақтылықтың символы. Қазақ поэзиясында асқақ арманның, шабыттың белгісі. Байлықтың, сән-салтанаттың да белгісі - жылқы.

Төрт түліктің қазыналысы, қасиеттісі жылқы жылында әрбір қазақтың маңдайына жылқының соғымын жеп, шипа қымызды сіміріп, жыл бойы тоқ болып жүргенге жазсын. 

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

 

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Тамыз 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.