Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Бойына Сырдың бос жатқан, қала салсақ деп едік

Бұл - облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың биылғы ел алдында есеп беруге келгенде Махамбетше өрілген арманы. Өткен жылды қорытындылап, алға тың жоспарларын халықпен бөліскен әкім "Сыр мәдениеті саласында қандай тың өзгерістер әкелер екен, тарихқа тұнған өңірдің қадірін қаншалықты қастерлер екен?" деп құлақ тосқанымыз рас. Жауабымызды алғандай болдық. Соған сай өз ой-пікірімізді, ұсынысымызды айтқымыз келді.

- Бабалардан қалған мәдени мұраны көзіміздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманат ету - біздің ұлт алдындағы парызымыз. Биыл Сығанақ, Жанкент, Шірік-Рабат секілді ежелгі қалалардың орнында археологиялық қазба жұмыстарын жалғастыруға арнайы қаржы қарастырдық,- деді облыс басшысы. Құп делік. Алайда осы тұста қазба жұмыстарының сапасына да мән берілсе, қадағаланса екен дейміз. Біз осы аталған тарихи орындарда болғанымызда кей жерлердің, әсіресе Жанкенттің орнындағы қазба жұмыстарының жауапсыз атқарылғанын көрдік. Сондықтан жұмыстар жанашырлықпен жасалып, болашақ ұрпақ алдында ұятқа қалмау қамын осы кезден ойға алғанымыз дұрыс болар.

Жаңақорған ауданында орналасқан ортағасыр-лық Сығанақ қалашығын тарихи туризмнің көзіне айналдыру да уақыт күттірмейді. Биыл қалашықты қоршау жұмыстарына қаржы бөлініп, келешекте ашық аспан астындағы мұражай ұйымдастырылу жоспарланғанынан хабарымыз бар. Ендеше қолдан келер істі жүзеге асырар уақыт келді.

Қ.Елеуұлы Қорқыт ата кешенінде күрделі жұмыстар жүргізіліп, түрік әлемінің рухани орталығына сай мемориал бой түзейтінін де сөзіне тиек етті. Бұны дер кезінде қолға алынған жұмыс дер едік. Осы өңірдің өзі тарихи туризмнің дамуына таптырмайтын жер. Кешеннен Қорқыт ата жамбасы тиген жерге дейін жүрген адамның бойын ерекше сезім билеп, өзін еркін ұстап, жеңіл сезініп, рахаттанып қалатын қасиетті жердің қадірін әлі терең біле қойған жоқпыз. Тіпті, Қорқыт ата туралы, ол өмір сүрген заман жайында нақты әрі батыл жазылған тұшымды еңбекті оқығысы келіп жүргендер қаншама! Бұл жерде де айтарымыз, келіп-кетушілер үшін жол жағдайына ерекше көңіл бөлінсе, қызмет көрсету мәдениеті жолға қойылса деген ұсынысымыз бар. Әйтпесе, белгілі бір шара үшін дайындап, өтіп кеткеннен кейін қараусыз қалып жатса, тарихи тұлғаға деген тағзымның, өз-өзімізге деген құрметтің өлшемі сол баяғыша қала бермек.

- Бұрын "ауыл кеші көңілді" деген сипаттама көп айтылатын еді. Бүгінде бұл сөз қолданыстан шеттеп қалғандай көрінетіні бар. Сол себепті 2013 жылы Қызылорда қаласында барлық аудандардың мәдени күндерін өткіздік. Енді биыл ауыл мәдениетін дамытуға қатысты ауқымды шараларды қолға аламыз. Аталған істің бастамасы ретінде ауылдық жерлердегі әрбір клубқа қосымша штат берілді, енді біртіндеп құрал-жабдықтар алатын боламыз,- деп, бір қуантып тастады облыс әкімі сол жиында.

Біздіңше, ауылға көңіл бөлу тамырымызға нәр беріп, ұлт рухын көтерумен бірдей. Алайда бұл жерде де мәселе бар. Бүгінде кей клубтардың жай-күйі сын көтермейді. Әсіресе, клуб ішінде қыстың күні суықтықтан жұмыс жасау мүмкін емес. Екі-үш адам қайсысына жетсін! Дәлел үшін айтайық. Ана жылдары, ақпан айында облысымызға концерттік бағдарламамен Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов келіп, ауылдарға да ат ізін салған-ды. Сырдария ауданына қарасты Шаған ауылына барғанымызда ауылдық клуб ішінің суықтығы сондай, көрермендер киімнің өзінен әрең шыдады. Нұрекең қайтсін енді, концертін берді де, бас шайқап кете барды. 

Дәл осындай жағдай, сол жылы Н.Бекежанов атындағы музыкалық-драма театрында да болып еді. Көп ұзамай сол кездегі облыс әкімі Б.Қуандықовпен (ол кездерде облыс басшылары журналистермен жиі кездесіп, ел ішіндегі жағдайды, мәселелерді сұрап тұратын еді, ол үрдіс те үзіліп қалды) болған басқосуда облыстағы жалғыз театрдың жай-күйін баяндаған болатынмын. Әкім сол жылы қаржы қарастырылып, күрделі жөндеуден өтетінін, жылу мәселесінің оң шешілетінін айтқан болатын. Мәселе айтқандай шешілді. Енді биылғы жаңалық, "жаңа драма театрын салуға қатысты жобалық-сметалық құжат-тарды дайындауға кірісудеміз" дегенді айтып қалды Қ.Елеуұлы. Соған қарағанда келесі жылдары жаңаша сипаттағы театрға баруға күн де алыс емес секілді.

Иә, оған қоса экс-әкімге ауылдық клубтардың да аянышты халін жеткізгенмін. Тіпті, кеңес дәуірінен қалған дөңгелек пештермен (контромар-камен) жылытылатын клубтардың да барын әкім жоққа шығармаған-ды. Қазірде де шет ауылдарда жұрнағы қалуы мүмкін.

Арада бірнеше жылдар өтті, кей ауылдағы клубтардың сиқы кеткені сол қалпында. Сыр көрмегеніне жиырма жыл болған клубтарды да көзіміз көрді. Ауылдық клубтар ауылдан ажырап бара жатыр. Егер сыртқы келбеті мен ішкі ажарына қан жүгірсе, жұмыс жасайтын адамдар саны көбейсе, ауылдық клубтар, шынында ауылдың ажарына айналар еді-ау.

Биылғы тың жаңалықтар қатарында өңірде камералы симфониялық оркестрдің құрылуы, көркем сурет галереясының ашылуы, облыстық театр жанынан жастар труппасының жасақталуы өнер адамдарының бойына қан жүгіртті.

Талантты жастар мен шығармашылық ұжымдарды қолдау мақсатында тұңғыш рет арнайы гранттар берілетіні де сол жиында жария етілді.

- Енді бір маңызды мәселені ортаға салғым келеді. Біз Елбасының "Сыр - Алаштың анасы" деген қанатты сөзімен шын мәнінде мақтанамыз. Ұлт Көшбасшысының соңғы кезде жиі айтып жүрген "Мәңгілік Ел", "Қазақ Елі" деген идеяларына қазақтың қаймағы бұзылмаған Сыр елі ерекше қолдау көрсетуі қажет деп есептеймін. Тіл, діл, дін, тағы да басқа рухани мәселелеріне келгенде біз алты Алашқа үлгі әрі ұйытқы болуымыз керек деп есептеймін.

Махамбет ақынның ізімен жалғасақ, біздің қазіргі арманымыз былай өрілер еді:

"Бойына Сырдың бос жатқан,

Қала салсақ деп едік.

Көрші-көлем, дос тапқан,

Ел қондырсақ деп едік". Бұйыртса, оған жетер күн де алыс емес,- деп, жігер бере сөйледі облыс басшысы.

Әкімнің сөзінен елге болғанды жаны қалайтыны сезіледі. Содан болар, көп ұзамай облыс әкімдігі жанындағы тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес отырысы өтті. Отырыста Қазақстанның халық жазушысы, саясаткер Олжас Сүлейменов ой-пікірін білдірді. Алдымен түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы Қорқыт ата мұраларын ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енгізу жұмыстарының нәтижелері және алдағы кезеңдегі зерттеу бағыттары талқыланды.

- Сырдарияның сағасында еліміз ғана емес, бүкіл әлем көз тігіп отырған үлкен қазына жатыр, - деді Олжас Сүлейменов. - Мұнда зерттеуді қажет ететін бай тарихи ескерткіштер шоғырланған. Мәселен, Қорқытқа 5000 жыл толып отыр. Қорқыт мұрасы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұрасының тізіміне кіруі мүмкін. Оның үстіне, ондаған түркі тілдес халықтарда Қорқыт туралы ұқсас аңыздар бар. Қорқыт кешені түркі халықтарының ғана емес, адамзаттың зиярат ететін орнына айналуы мүмкін.

Қазақтың арғы-бергі тарихында Оғыз, Қазақ хандығы және Қазақстан Республикасы - үш мемлекетке астана болған Сыр жері қастерлі, Сыр топырағы киелі, Сыр елі рухы мықты. Асан қайғыша айтқанда, әр бұтаның түбінде бір асым еті бар - несібесі бар, талай жанға пана болған Сыр-ана бұл. Осы қадір-қасиетімізді жоғалтпай, қанымызға сіңген қазақтығымызды ту етіп, тектілігімізді алға тартып, Қазақ елінің рухын аспанға асқақтатар жалынды қадам біздің - сырбойылықтардың қолынан келетін іс.

  Нұрлан НҰРМАХАН

 

 

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Мамыр 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30 31  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.