Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

10 Тамыз 2019

ХАЛЫҚ ЖАДЫНДА САҚТАЛҒАН ПАРАСАТ ИЕСІ

   Қазақтың өткеніне үңілсек, халықтың рухын көтеруде, әл-ауқатын жақсартуда, елді бірлікке шақырып, жақсылыққа үндеуде тұғыры биік тұлғалар болған. Ғасырдан ғасырға аттаған сайын өз кезеңінің бетке ұстар азаматтары қан-шама жылдар өтсе де, ел жадында ұмытылмай, ерен еңбектері үлгі-өнеге ретінде айтылып жатады. Олар бізден алыстаған сайын біз оған жақындай түсетініміз сондықтан болар. Осы орайда ел ішінде еңбегі сіңген есімдерді жаңғыртып тұру - кейінгі ұрпақтың міндеті деп есептеймін.

  Қай қазақ болсын, Сыр елінің топырағын құнарлыға балайды. Желмаясымен желіп, жұмақ жер іздеп шарлаған Асан қайғының осы өңірге аялдап, әр бұтасының түбінде ырзық жатқанын болжауы, үш жүздің басын қосқан өлкені кезінде Шәкәрімнің Алаштың анасы санауы бекер емес. Айтса айтқандай, Қызылорда облысында үш жүздің басы қосылып, берекелі өмір сүріп отырған Сырдария ауданынан талай тарландар, қайраткерлер шыққан. Әрісін қозғамайық, берісінде Кеңес Одағының батырлары Нағи Ілиясов, Жаппасбай Нұрсейітов, Жақыпбек Маханбетов, "Данқ" орденінің иегері Кәкім Әбдіқадыров, Ыбырай Сейпұлов, Уалибек Әбдуов, Бәкір Өтепов, Қажыман Асанов, Әсербай Айкупешов, Асқар Едербаевтар - ауданның мәдениеті мен экономикасын өркендетуге өз үлестерін қосып, тарихта өшпес із қалдырған ұмытылмас есімдер. Біз бүгін қаржы саласының белгілі маманы, аяулы тұлға, ғибратты ғұмыр, өнегелі өмір иесі Қажыман Асанов туралы сыр шертпекпіз. 

Read more

ҚАЙЫРДА ҚАЛМАЙТЫН "ҚАЙЫҢ" КИПРДЕН КЕЛГЕННЕН КЕЙІНГІ КӨҢІЛ-КҮЙ

 

  Сурет - айна. Одан өзіңді, өмірді, өлмес өнерді көресің. Майлы бояудың тұтасып, бір туындыға айналған сәті расымен де құдайдың пендесіне қия салған құндылығы. Оны түйсіне, сезіне, көре білу үшін көкірек көздің ашықтығы, сананың сергектігі керек. Суретші ше? Жан арпалысының, өмір беде-рінің, тамұқты да, тарихты да қағазға құйылта біле-тін көреген жан. Суретті сөйлетіп, бояудан баян-дауыш жасай алған қылқалам шебері ғана нағыз дарын. Осындай сана биігіне шығып, дара да, дана жолын салған Қайырбай Зәкірұлының есімі естілген-де талай талғампаз көрермен таңдайын қағады. Тың туындылардың, сырлы суреттердің, көп суретші тіс батыра бермейтін қиын жанрлардың тізгінгерімен тілдесу, әңгімелесу бізге де бұйырды. Ағамыз бұл жолы редакцияға ақжолтай жаңалығын арқалап алып келген еді. 

  Әңгімені әріден бастасақ. Әуелде, Қайырбай аға-ның шеберханасына редакция ұжымы болып барған болатынбыз. Шағын шеберханадан антиквариант-тарды көріп көңіл қуанды. Көбі қазақы дүниелер. КСРО кезінен қалған құнды жәдігерлер. Әлем таныған туындылар толғағы осында болып, өмірге сурет дейтін сәбидің келетін жерінде тұрып, рухани дүниені сезінудің өзі бір ғанибет. Суретшінің техникалық диапазонының линогравюалар, офорт, акватинта, литографиялық кескіндемелер негізінде жұмыс істейтінін осы шеберханада анық түсіндік. Суретшінің айтуынша, қуықтай жерде салынған суреттер төрткүл дүниенің төрт бұрышына тараған. Картиналары әлемнің Қытай, Жапония, Франция, Америка, Португалия, Морокко, Йемендегі өнер мұражайларына қойылған. Осы тырна тізбекке тағы да бір мемлекет қосылмақшы екенін де суретші сүйіншілеген-ді. 

Read more

ТАРИХИ ТҰЛҒА САУРАНБАЙ

  Қазақ елінің рухын көтеру үшін, оның тарихын білу - біздің азаматтық борышымыз. Отан тарихы өлке тарихынан бастау алады. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Қазақ халқының тағдыры мен тарихында қасиетті де киелі Сыр елінің алар орны айрықша. Сыр елі - қазақтың қара шаңырағы. Оның тарихы мен шежіресі - халықтың баға жетпес асыл мұрасы, алтын қазынасы. Іргелі ел болу жолында өзінің тұтастығын, болашаққа деген үкілі үміті мен сенімін қасиетті бойтұмардай қастерлеп сақтай білген қазақ халқы талай-талай қиын кезең-дерді басынан өткерді. Ел азаттығы жолында мың өліп, мың тірілген қазақ халқының тарихында небір ауызы дуалы шешендер, ел қорғаған батыр бабалар, ел басқарған болыс-билер өткені мәлім. Солардың бірі - өзінің қиын сәттерде жол таба білер тапқырлығымен, айла-ақылымен, сұс-айбарымен бүкіл Сыр еліне таныла білген Сауранбай болыс. 

  Сауранбай Құлманов Қараөзек елді мекенінде 1848 жылы кедей отбасында дүниеге келген. Қараөзекке қоныс аударылған орыстардан әліппе үйреніп, орысша тіл сындырған. Жасөспірім шағынан-ақ байлар-дың малын баққан ол орысша сауатты болған-дықтан базардағы мал саудасына белсене араласқан. Өйткені, Сауранбай мал сататын қазақ пен оны сатып алатын орыс арасында тілмаш болған көрінеді. Тереңөзек кіре тартқан орыстардың жолында жатқандықтан малын базарға сатқысы келетін қазақ байлары Сауранбайды іздеп тұратын болған. Әрине, оның қызметіне ақы төленеді. Ол мал бағып жүріп-ақ тұрмысы төмен отбасыларына өзіндік көмек көрсетіп отырған екен. Араб тілін жетік меңгерген. 

Read more

БОЙЫНА БАЙЫПТЫЛЫҚ, ЖАНЫНА ЖАҚСЫЛЫҚ ЖИҒАН ЖАН

   Французхалқыныңкөрнектіжазушысы, философМ.Монтеньөзсөзінде: "Денсаулық - бағажетпейтінжалғызғанаасылдүние. Олжақсыболуыүшіннеуақытты, некүш-жігерді, нееңбекті, тіпті, барлықдүниеніаямайжұмсаукерек. Денсаулықүшінөмірдіңбірбөлігіндеқиюғаболады. Денсаулықсызөмір - қызықсызәлемдепесептеймін",- дегенеді. Қандайкереметайтылған?! Иә, адамбаласыныңденсаулықсызөмірімәнсізекенбелгілі. "Адамжаныныңинженері" депаталатынкүлліақхалаттыдәрігерлердіңалдынанақыл-кеңесалмайтын, емделмейтінадамбұләлемдекемде-кемболсакерек. Бізәңгімеміздеосындайжандардыңбірінайтқалыотырмыз. Кейіпкеріміз - ҚРденсаулықсақтауісініңүздігі, жоғарыдәрежелідәрігер, қоғамқайраткері "АмбулаториялықемханалыққызметібарАралаудандықорталықауруханасы" ШЖҚМКК-ғақарастыаудандықемханамеңгерушісіШарапатАлпысбайұлыМедетов.

 

Read more

ІЛІМІ АЛТЫ АТАНҒА ЖҮК БОЛҒАН ОРАЛ АХУН (2)

 

ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Ресей империясы Сыр өлкесін отарлау саясатын күшейтіп, өлке жұртшылығын ассимиляциялау және орыстандыру бағытындағы миссионерлік-отаршылдық жұмыс-тарды жедел жүргізді. Қазақстанның оңтүстік өңірінің империя құрамына қосылуы Орта Азия хандықтарының тәуелсіздігімен қоса жергілікті халықтың сан ғасырлардан бері ұстанған Ислам дініне аса қауіп төндірген болатын. Бұған қарсы Бұқара, Хиуадағы Көкілташ, Мір-Араб, т.б. діни медреселерде білім алған ишан, ахундар ауылдық жерлерде мешіт-медреселер тұрғызып, халықты діни сауаттандыру арқылы шоқындыру науқанына қарсы тұра білді. Қазіргі таңда барлық саналы ғұмырын діни-ағарту жұмысына арнаған Айқожа ишан Темірұлы, Құлболды ишан Сұлтанұлы, Марал ишан Құрманұлы, Тапал ахун - Нұрмұхаммед Қадырұлы, Қалжан ахун Бөлекбайұлының есімдері тек  Сыр өңірінің халқына ғана емес, бүкіл алаш жұртына белгілі. Сонымен қатар тарих қойнауында қалып, осы уақытқа дейін белгісіз болып келген діни қайраткерлеріміз қаншама. Солардың бірі халықты білімімен таңқалдырған - Орал ахун Қазмамбетұлы.

Орал ахун туралы тарихи деректер өте аз болған-дықтан, тек ел аузында аңыз-әңгімелер түрінде сақ-талған. Арал ауданы, Шөмішкөл ауылының тұрғы-ны, өлкетанушы Мұхтар Анапияевтің деректері бойынша Әлімұлы, Ардана аталығынан тарайтын Орал ахун 1823 жылы Шөмішкөл жерінде дүниеге келген. Жастайынан ауыл молдасынан сауатын ашып, 10 жасында ұстаздарын зеректігімен таңқалдырған екен. Содан кейін Бұқарадағы әйгілі Көкілташ медресесінде 40 жыл діни білім алып, 50 жасында елге оралған. Ел аузындағы деректер бойынша Орал ахунның Бұқарада жүрген уақы-тында, Самарқанның әмірі елдің білікті білгірлерін жинап, сұрақ қойған екен. Тәжік, өзбек, қарақалпақ, қырғыз халықтарынан шыққан талай білгірлер билеушінің сұрағына жауап таба алмай дал болса керек. Ұстазы: "Оралжан, осы сұраққа сен ғана жауап бере аласың", - деп, билеушіге Оралды алып барыпты. Оралдың қайтарған жауабына билеуші риза болыпты. Ұстазы Оралды ханға апарғанына өзі де өкініп: "Енді саған қауіп туады, ақылды, білімді адамның өзінен асқанын көрмеу үшін әмір сені өлтіреді. Сені бекер апардым, енді еліңе қайт", - деп бір түннің ішінде түйеге кітабын артып, көшіріп жіберіпті. Оралдың зеректігіне риза болған ұстазы: "Оралжан, Бұқараның бүкіл ілімін арқалап кеттің-ау",- депті. Орал ахунның елге оралған уақыты Сыр өңірінде Ресей империясының отарлау саясатының нәтижесінде Қазалы, Қармақшы, Ақмешіт жерінде шіркеулер тұрғызылып, шоқындыру-орыстандыру саясатының күшейген кезеңі болатын.

Read more

САТИРА САРДАРЫНЫҢ ЖАНСАРАЙЫ

Әзіл-оспақ жазатын жандардың саны сиреген бүгінде. Сол соқпақты қалап, фельетон жанрының жанын кіргізген Асқар ақынды елі әлі күнге сағынады. Шығар-маларын жастардың өзі іздеп жүріп оқып, туымды туындыларына таудай талабы бар-лар ғана тоқталады. Сондықтан да архивтың ақтаңдақ парақтарының ішінен алтын іздеп, бұл жолғы айдарымызда Тоқмағамбетовтың тағдырына тоқталғанды жөн санадық.

Өр тұлғалардың өмір жолының өзі өнеге. Асқар Тоқмағамбетов 1905 жылы қазіргі Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданында кедей шаруаның жанұясында дүние есігін ашады. Әкесі Тоқмағамбет арабша хат танитын, адалдықты, әділдікті сүйетін адам екен. Ол 1930 жылы дүниеден озады. Ақынның ақжүрек анасы Ақжан 1945 жылы қайтқан, оны білетіндер "қой аузынан шөп алмайтын" өте жуас кісі болған деседі. Ақжанның жеті қызы болған. Еркек кіндікті баласы болмай тарығып жүргенде Асқар туылыпты. Бұл жайды еске алғанда ақынның өзі "жеті қыздың желкесінде жүріп өсіппін" деп еске алатыны бар екен. Асқар әуелі ауылдық мектепте Жайсаңбай деген молдадан тәлім алады. 20-жылдардың алғашқы жартысында Ташкентте су шаруашылығы техникумында, ал 30-жылдың алғашқы жартысында Мәскеуде баспасөз қызметкерлерін дайындайтын институтта оқиды. Бірақ, түрлі себептермен институтты бітіре алмайды. Ол республикалық, облыстық газет-журналдарда және Қазақстан Жазушылар одағында жұмыс істейді. Бұл мақаламызда осындай сүрлеулі соқпақтар арасынан тұлғаға айналған таланттың тағдырына терең бойламақпыз.

 

Read more

САРАЛАУ - САНАДАН, ТҮСІНУ - ТЕКТЕН, ҚАДІРЛЕУ - ҚАННАН АБАЙДЫ АРДАҚТАЙ АЛДЫҚ АЛДЫҚ ПА?

Басқасы басқа, белгілі бір дүниеге "Бас" бола білу үлкен қажырды, қайрат пен қасиетті қажет етеді. Шайырлықта күллі Алаштың азулы ақындарының алды болып, "Бас ақын" деген мәртебе алған Абай Құнанбаев ғана. Дәуір адамы дәріптеліп, жер-жерге мүсіні қойылып, тіпті алтынмен әдіптеліп жатыр. Тасқа басылып жазылған өшпейтін жырлары қазақтың ашық аспанында әлі қалықтап тұр. Кемеңгер келбеті том-том кітаптарда кестеленіп, "Абай жолы" арқылы әлемге қарай сапар шегіп кетті. Тоқ етерін айтқанда, Абай ақын ретінде толық танылды. Мойындалды. Бұл мүйізі қарағайдай әлем ғалымдарының топшылауы. Қазақ зиялыларының берген бағасы. Дегенмен кез келген пікірталастың ұшы Абай әлеміне келіп тірелгенде әйтеуір бір дау шаңға сұлаған серкедей бұрқ ете қалады. Тіл тиексіз. Сонда да оның қасиеті сенің діліңе, құндылығыңа, қадірлі тұлғаларыңа тиіп кете береді. Өзі күйелі адамдар ақын әлеміне жақындаған сайын кіршіксіз даналыққа қара жағып, бүлдіріп, бабадан қалған мұраға, дара жолға, аманатқа қиянат қылудан қорқар емес. Абайды оқимыз, білеміз, өмір сүрген жылын жаңылмай жатқа айтып берерміз, ал өзіміз ақын сынды толғанып, өз-өзімізді қолға алып, ойланып, ой бағып жүрміз бе? Бас ақынды жаңа ғасыр адамдары қалай қабылдайды? Пікірі мен көзқарасы қандай? Бүгін соған шолу жасап шықсақ.

Әңгімені бірден жыл оқиғасынан қайырайын. Бірде белгілі кәсіпкер әрі блогер Нұрлан Байділдә қазақтың ақыны Абай Құнанбаевты мойындамайтынын айтып, оның осы заманда өмір сүрсе, әрі кетсе блогер болатындығын жеткізген еді. Осы сөзге қоғам гу ете қалды. Бәрі бас ақынға су жұқтырғысы келмей, блогерді беттен алып, төске шапты.

Read more

Іздеу

Сауалнама

Журналистердің ақпаратына қаншалықты сенесіз?

мүлдем сенбеймін - 45%
журналистке байланысты - 15%
күмәнмен қараймын - 10%
толықтай - 5%

Дауыс саны: 20
The voting for this poll has ended on: 28 Маус 2019 - 17:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Тамыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.