Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Наурыз 2018

14 Наурыз 2018

“Қызылорда - тарих пен тағылым таразысы”

Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған

тарихшылар мен әдебиетшілер арасында өтетін “Қызылорда -

тарих пен тағылым таразысы” ғылыми жұмыстар конкурсының

ЕРЕЖЕСІ

«Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналының ақпараттық демеуімен Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына арналған конкурс ұйымдастырады.

Конкурс мақсаты:

Қызылорда қаласының 200 жылдығын қамтитын тарихи деректерді ғылыми айналымға шығару, тарихи оқиғаларды зерделеу, әдебиеттің дамуына із салған көрнекті қаламгерлердің әдеби мұрасын зерттеу, оны насихаттау.

Конкурс шарттары:

Конкурс гуманитарлық бағытта тарихшылар мен әдебиетшілер арасында өткізіледі.

Read more

Сыр өңірінің қасиетті орындары түгенделуі тиіс!

     "Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды". Жүрек елжіретер осы қанатты сөз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласына жан бітір­гендей. Туған өлкесіне жыр арнаған жанның жүрек түкпірінен тебірене шығуы заңды да. Талай мін­белерде Елбасы мақаласы талқыланып жүр, бірақ Елбасының еліне деген жүрек лүпілін, мақтаныш сезімін ешкім сезіне қоймағандай. Құр сөз, жалаң баяндама жалықтырып жібереді.

Жақында Қызылорда қаласында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен "Қа­зақстанның киелі жерлері географиясы" жобасының "Қасиетті Қазақстан" базалық бағыты аясында ұйым­дастырылған тарихшылар мен өлкетану­шы­лардың форумы Елбасы сөзін жандандырып жі­бергендей әсер қалдырды. Әуелі музейде "Қасиетті Қазақстан және Археология" залы ашылды. Зал экспозициясына Қызылорда облысы бойынша жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енген облыс көлеміндегі 12 тарихи-мәдени ескерткіш, өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген 35 тарихи-мәдени ескерткіш туралы мәліметтер орналас­тырылғанын көзіміз көрді.

Ауқымды шара А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде облыстың киелі жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін насихаттау мақса­тында тарихшылар мен өлкетанушылардың облыс­тық форумымен жалғасты. Форумға "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасын жүзеге асыру жөніндегі жұмысшы топ, зиялы қауым, жастар қатысты. Форум аясында "Рухани жаңғыру" бағ­дарламасы бойынша шыққан кітаптардан, архивтік құжаттардан және өлке тарихына қатысты құнды жәдігерлерден "Өлкетану - мәңгілік ел мұрасы" тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

 

Read more

ҰЛТТЫҚ КИІМ ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫН АЖАРЛАНДЫРА ТҮСЕДІ

    Стиль, соңғы трендтер, имиджді қа­лыптастыру, жарасымды киімдерді таңдау - қыздар қауымының басты мәселесі. Сұлулық пен әсемдікке жаны құмар жандардың сәнді киім таңдай білуі ешқандай қиындық тудырмауы мүмкін, десе де ерекше талғамды қажет етеді. Себебі, киім - адам көркі. Ал, көрікті болу - барлық қыз-келіншектердің қалауы. Сондықтан бүгінгі күні өзіне сай стильді таңдап, өзіндік имидж қалыптастыру әрбір адам үшін маңызды.

"Көйлек киген әйелге қараңыздаршы. Әйел жоқ болса, көйлек те болмайды" - деген екен Шанель. Әлемді нұрландырып, көңілге жылу­лық ұялататын нәзік жанды­лар - сұлулықтың символы. Алайда, сән қуамын деп, шектен тыс шығудың да қажеті шамалы. Тек талғаммен таң­дау жасап, сапа мен санаға қарайласуымыз керек. Сонымен көктем мен жаздың жайма шуақ күнінде құлпырып жүруді қаласаңыз, сымба­тыңызға мән беруді ұмытпаңыз. Әйелдер қауымының басты қате­лігі де осы тұста көрі­неді. Дене бітімнің ерек­ше­лігіне назар аудармай, көптеген қателіктерге жиі жол беріп қоятын жайы­мыз бар. Мұнымен қоса киім түсінің үйлеспеуі де сізді талғамсыз етіп көрсетеді. Бұл тұста сән маманда­рының кеңесімен бөлісуді жөн санадық.

 

Read more

ОТАНДЫҚ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНА КІМДЕР МҮДДЕЛІ?

 Жер әлемнің назарын аударып, дүйім жұртты таң­­дай қақтырған америкалық өнертапқыш Илон Маск Марсқа ракета ұшырып, ғылымда төңкеріс жасап, жаңалық ашқып жатқанда біздің ғалымдар билікке өкпелеп, өзара қырық пышақ болып араз­дасуда. Ғылымның өркениет бастауы екені рас бол­са, мұны шетелдіктер дамудың әрі табыстың құра­лына айналдырды. Алайда, қазақ ғалымдары ғы­лым­ның ғаламатын сезіне алмай келеді. Неге? Себебі маман тапшылығы, зертханалық базаларға бөлінетін қаржының аздығы, шетелдік ғалымдарды шақыруға мәжбүрлік, ғылымның бизнеспен біріге алмауы бүгіндері отандық ғылымның демін ішіне тартып тұр. Тіпті басқасы басқа, ғылым саласына да сыбайластық тамыр жайып үлгеріпті. Бір топ ғалымдардың бас көтеріп, Елбасыдан араша сұрап, дау шығаруына не түрткі болды? Неліктен ғылым­ның маңайына топтасқан азаматтардың қатары азайып барады? Сауал көп. Жауап та жоқ емес.

Рас, соңғы кезде отандық ғылымның қадірі қаш­ты. Жасырып жабатыны жоқ,  ғылыми жаңалықтар деп айды аспанға шығармақ түгілі, ғылымдағы қай­нап жатқан кемшіліктер баспасөздің басты ныса­насына айналды. Бар мәселе, ғылыми жобаларды қаржыландыруға бағытталған гранттар бөлінісінен басталып кетті. Негізінде ғалымдар елге қажет тиімді ғылыми жобалар жазуы қажет. Екі кезеңнен сыналып, қолдау тапса, ғылыми жобаларға арнайы қаржы бөлінеді. Дегенмен, жақында бір топ ғалым 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми конкурстың әділ бағаланбағанын ашып айтып, Бас прокурор және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне арнайы хат жазған. Оған себеп конкурс шешімімен мемлекеттік сараптамадан жоғары ұпай жинаған жобалардың өтпей, төмен ұпайға ие болған ғалым­дардың жобалары қолдау тапқан. Әділдік іздеп араша сұраған ғалымдар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу білдіруге мәжбүр болған. Деген­мен ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ұлттық ғылыми кеңес бұл ашық хаттың қарсы бағыт­талғанын, жобалардың елге пайдасы ескеріл­генін айтып, қарсы жауап білдірген. Ал, сырт елдің білімін алып, ғылыми ортаға енді қосылған жастар да бұл шешіммен келіспейтіндігін айтып, бірқатар БАҚ-қа сұхбат берген. Ғалымдар "ҚР "Ғылым тура­лы" заңында көзделген талаптар орындалмай, Ұлт­тық ғылыми кеңес мүшелерін бекітудің ережесі еске­рілмеген" дегенді алға тартып отыр. Даудың себебін анықтауға мойын бұрған ҚР Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова  "Егемен Қазақс­тан" газетінде конкурс қарауына келіп түскен жоба­ларды тексеретін Кеңес мүшелерін тағайындауда біржақты қағида болғанын ашып айтқан.

 

Read more

07 Наурыз 2018

Аида Әбибуллаева: "Әрбір қызметіміз халық көңілінен шығуы керек"

   

     Қазір айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алатын заман. Бұрынғыдай емес, алыстан жететін хаттар, сағындырып келетін сәлемдемелер күн құрғатпай қолға тиеді. Мұның бәрі уақыт ағымымен дамып, сұраныс өлшемімен жетіліп отырған Қазпоштаның қызметі. Біле білгенге, бүгінде Қазпоштаның қызмет аясы кеңейді. Жаңа сервистік қызметтер жұмысбасты адамның уақытын әрі қаржысын үнемдейді. Зейнеткерге де, қызметтегі азаматтарға да, іскер бизнесмендерге де қолайлы қызметі бар Қазпоштаның Қызылорда облыстық филиалы ел игілігі жолында тер төгіп келеді. Ал, халықпен етене жақын жұмыс істейтін мекемені басқарудың жолын жалғап, жаңа механизмдерін дамытып отырған филиал директоры Аида Әбибуллаева Қазпоштаны жаңа белеске көтеруге күш салып келеді. Халыққа қызмет атқаруда тәжірибесі мол, іскер жан Аида Ибрагимқызымен тілдесіп, Қазпоштаның бір күндік қызметімен танысып қайттық.

- Аида Ибрагимқызы, сіздің Қазпошта басшылығына келгеңізге тура жарты жыл болыпты. Тізгінді қолға алған сәттен бас­тап компанияның имиджіне жұмыс жүр­гі­зіп, қызу тірлікті бастап кеттіңіз. Қаз­пош­та қызметін ілгерілету үшін тағы қан­дай қадамдарға бардыңыз?

- Қазпошта - әлеуметтік құрылым. Күн сайын халықпен жұмыс істеп, қажетті қызмет көрсететіндіктен әрбір клиентке сапалы қыз­мет­пен қатар, жайлы орта қалыптас­тыруымыз керек. Жылы қабақ танытып, клиенттермен тіл табыса білу қажет. Мен Халыққа қызмет көр­се­ту орталығынан алған тәжірибеме сүйеніп, халықпен қызмет атқаратын әрбір қызмет­кердің жұмыс сапасына мән бердім. Аса бір өзгеріс жасап, жаңашылдық енгіздім деп айта алмаймын. Мәселелердің бәрі де қаржыға келіп тірелетіндіктен, бірқатар бағыттарды енді дамыту үстіндемін.

Қазірде халықтың талабы жоғары. Бәсе­келестік ортада жайлы қызмет көрсете алсақ қана халық сенімін ақтаймыз. Себебі әрбір қыз­метіміз халық көңілінен шығуы керек.

 

Read more

Өмірдің шындығын өнермен танытқан ақын қыз

        "Есіңе мені алғайсың", "Сыр елі", "Маңғыстау", "Көздеріңе ғашықпын", "Барады жылдар жылжып", "Аманат", "Қазақ елі", "Доспен қоштасу" секілді біресе жүректі тербетіп, біресе толқытып, біресе шаншып өтетін әндердің авторы әрі орындаушысы, әнші-композитор, Сырдың сыршыл ақын қызы Елена Әбдіхалықованы білмейтін қазақ аз шығар. Оның үстіне белгілі әндерді Мәдина Ералиева, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Майра Ілиясова, Рамазан Стамғазиев, Тамара Асар, Жұбаныш Жексенұлы сияқты белгілі әншілер орындап, халықтың жүрегіне жол тартса, ақын қыздың өмірі мен өнері туралы білгісі келетіндер тіпті көбеюі мүмкін.

Рас, Елена Мәжитқызы мектеп қа­бырғасында жүргенде-ақ өнерге өмірін арнайтынын байқатқан. Ән байқауларына қатысып, өз-өзін шыңдады, көптің көзіне түсті.

- Үшінші кластан ағам домбыра тартуды үйретті. Бесінші кластан бастап ән айта бастадым. Апайлар "өлең жазып әкел" деп тапсырма береді, жазып апарамын. Оныншы класс оқып жүргенімде ақындар Жақсыбай Сарыбалаев, Мәлік Аяповтар көмектесіп, дайындап, мені айтысқа шығарды,- деген-ді бізбен әңгімесінде.

 

Read more

ЖАСЫН ЖЫРДЫҢ ЖАРҚЫЛЫ

Өлең өл­кесі­не Жарасқан ақындай бесік­тен белі шықпай жатып, қарша­дайынан келген талант иелері некен-саяқ бо­лар. Бір кездері күллі Алматы­ның жастары аға­мыздың сту­дент­­­тік шақта жазған махаббат лирикасын ауди­то­рияның үс­тінде, көше­лер­де, жиын-тойлар­да та­ласа-тарма­са оқып, жаттап өсті десем бекер емес. Сол тұс­тары Жақаңның:

Қайдасың менің жаза алмай

                                          жүрген жырларым,

Мақамы мұңды пірлі әнім.

Баулардасың ба, бозбалалар қыдырған.

Таулардасың ба, көкірегі толы нұрлы ағын,

немесе:

О, наз гүлім, шын күлкіні сағынған,

Батпайсың ба, қайғырмашы деуге де.

Ана сынды әлдиінен жаңылған,

Мен мұңайсам тұнжырайсың сен неге? - деген жыр жолдары республикалық "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш"), "Қазақ әдебиеті" басы­лымдарында жарық көріп жататын.

Кешегі дәуірдегі кеңес халқын төрт жыл  бо­йы сағындырып күткізген Ұлы Жеңістен үш жыл кейін, 1948 жылғы 7 наурызда Қызылорда облысындағы Арал ауданының бұрынғы Ақша­тау колхозында Мағжан Жұмабаев атын­дағы әдеби сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жазу­шы­лар одағының мүшесі, талантты ақын Жарасқан Әбдірашев дүниеге келді. Әкесі колхоз басқар­ма­сының төрағасы, анасы үй ша­р­уасындағы қа­ра­пайым жан болатын. Болашақ ақын ауылдағы мектепте хат танып жүрген тұста басқарманың үйіне келген қо­нақтар Нұр­туған ақын, Дәріқұл жырау, Сартай батыр жа­йында сан алуан аңыздардың тиегін ағытушы еді. Бәлкім, сол көкірегіне өнер сәулесін құй­ды ма, әйтеуір аядай Ақшатау ауы­лы­ның ақ­шаң­дағын жалаң аяқ аспанға көтерген қаршадай бала әсершіл, сезімтал болып өсіпті. Мүмкін, бала Жарасқанның нәзік жүрегіне Ақшатаудың алдындағы "бақасы қойдай шу­лаған, сазаны тайдай тулаған", жан-жағын жа­сыл құрақ көм­кер­ген күміс көлдері, алуан түр­лі аңыздың арқа­уы болған ауыл аттас биік тө­бесі шуақты нұр, қуатты жыр сыйлаған болар.

Read more

ЖАЙЫЛМАНЫҢ ЖІГЕРЛІ ЖАНАТЫ

    Жаратылысынан жайдары, көзі ашық, көңілі ояу, жан-жағына қарайласып, қамқорлық шуағын төгіп жүретін жандар болады. Олар¬мен емен-жарқын әңгімеле¬сіп, пікір алысқанда жанын жады¬райды. Қандай істі бол¬сын, дөңгелетіп ала жөнеледі. Алыс¬қа көз тас¬тап, қоғамды алға жыл¬жы¬тушы¬лар да солар. Алғаш көріп, әңгі¬меге тартып, ел дамуы жолында жасап жатқан жұмысы¬мен та¬ныс¬қанымызда, біз айтып отыр¬ған қадір-қасиет, бітім-бол¬мыс бойынан табылатын адамға жо¬лық¬қанымызды түсіндік. 

    Жанат Қалкөзқызы Жүсіпова саналы ғұмырын білім саласына арнап, сол жолда табан аудармай қызмет етіп келе жатқан білікті, адам¬гершілігі жоғары, ақжарқын жан болып шықты. Бүгінде Қы¬зы¬л¬орда облысы, Жаңақорған ауда-ны, Жайылма ауылындағы №195 мектеп-гимназия дирек¬торы қызметін абы-рой¬мен атқа¬рып, биіктен көрініп жүр. 

    Ж.Қалкөзқызы осы ауылдың тумасы. 1981 жылы мектеп біті¬рісі¬мен Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагоги¬ка¬лық институтының "физика-математика" мамандығына тү¬седі. Жоғары оқу орнын ойдағы¬дай бітіргеннен кейін еңбек жолын №195 "Жайылма" орта мектебін¬де математика пәнінің мұғалімі қыз¬метінен бастайды. Ұстаз¬дық¬ты жаны қалаған жас ұстаз әр кезде жұмысын тиянақты орын¬дап, қатарластарының алды бол¬ды. Алғырлығымен, тиянақ¬ты¬лығымен көзге көрінген ол 1988 жылы мектеп директорының тәр¬бие ісі жөніндегі орынбасары, 1994 жылы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалады. 

Read more

01 Наурыз 2018

ТӘЖІРИБЕ МЕН БІЛІМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ ШИРАЙДЫ

Күндіз-түні ақпарат майданында ысылып, халыққа қажетті жаңалықты елден бұрын жеткізетін журналистердің өз алдына мәселелері жетерлік. Қоғамның қызу ортасында жүріп, ішкі мәселелерін кейде ұмыт қалдыратын бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, әсіресе жас журналистердің дүрмекке ілесіп, білмекке ұмтылуы заңдылық. Кейде сол ізденуге ұмтылатын әріптестерімізге бағыт-бағдар беретін арнайы оқыту алаңының жерде-жерде ашылуы тілшінің дамуына жағдай жасайды. Бірнеше жылдан бері журналистердің кәсіби білімін толықтырып, таным-көкжиегін арттыруға күш салған «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры жанынан құрылған «Сөз құны» журналистер клубы аз уақытта журналистердің басын қосып, ортақ мәселелерді шешуде ықпалы бар ортаға айналды. Өз кезегінде клуб маңына топтасқан журналистер «Сөз құны» клубында көтерілген тақырыппа ой білдіріп, саладағы өзекті проблемаларды көтеруде қалыс қалмайды. Мәселен, журналист жұмысын реттейтін БАҚ туралы заңға енген өзгерістердің журналист кәсібіне оң не теріс тұстарын түсіндіріп, аға буын мен жас буынның арасында ортақ тақырыпты ортаға салуы – журналистердің бір мақсатқа бірік-кенінің белгісі.

Уақыт арнасынан асып, құйыны қатты ақпараттық тасқынның күннен-күнге қарқын алуы ақпараттық қауіпсіздік мәселесін алға шығарып отыр. Ақпарат кейде сенімді болғанымен оның шынайылығын тексеру үшін бірнеше дереккөздерге сүйенуге тура келеді. Себебі бүгінде ақпаратты бұрмалау көріністері басым. Мұның қандай да бір себебін бейресми ақпараттың молдығымен байланыстыруға болады. Оған қоса әлеуметтік желідегі шала-шарпы ақпараттар жылт еткен жаңалыққа пікір қалдырып отырған оқырманның ойын екі жаққа бұрып жатыр. Міне, осындайда ақпараттық қауіпсіздік, журналистің жеке басының қауіптілігі басты орынға шықты. Мұндай жағдаймен жас журналистердің жиі кездесуі практикада баршылық. Осы себепті «Сөз құны» клубы жас журналистерге «Алматы» телеарнасы директорының кеңесшісі, белгілі журналист Ұлдай Ибадуллаеваның семинар-тренингін ұйымдастырды.

Read more

ТАҒДЫРЫ ТЕҢІЗБЕН ТАҒДЫРЛАС ЖАЗУШЫ Облыстық кітапханада оқырмандармен кездесті

Ақпан айының басында Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен көрнекті жазушы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, «Парасат» орденінің иегері С.Жұбатыровтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Тағдырым теңізбен тағдырлас» атты кездесу кеші болып өтті. Кешті Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының директоры Қаршыға Есімсейітова жүргізді.

Мерейтойлық шараға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов арнайы келіп, жылы лебізін арнап, облыс әкімінің құттықтауын жеткізді. Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, жазушы Айжарық Сәдібекұлы мен ақын Толыбай Абылаев, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, суретші Қайырбай Зәкірұлы, Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрының көркемдік жетекшісі Әмір-Темір Хұсейін, режиссер-сценарист Оңталап Нұрмаханов, филология ғылымдарының кандидаттары Шанжархан Бекмағанбетов, Алдажар Әбілев және «Әлімсақ» журналының бас редакторы Нұрлан Нұрмахан, «Кездесу» клубы мүшелері, оқырмандар және БАҚ өкілдері қатысты. Шара қонақтары Сайлаубай Жұбатыровтың шығармаларын азаматтық, патриоттық, отаншылдық, психологиялық, философиялық терең толғанысымен берілгені туралы өз пікірлерімен бөлісті, қаламгердің баға жетпес мол мұраларын оқуға шақырды. Кітапхана директоры Нұржамал Мырзамұратқызы жазушыға ыстық ықылас танытып, сый-сияпат табыстады. Оқырманмен кездесуде әуелеген әндер шырқалып, кеш қонақтары «Табиғат тамыршысына айналған талант» атты кітап көрмесін тамашалады.

Read more

Іздеу

Сауалнама

"Рухани жаңғыру" идеясын қалай түсініп жүрсіз?

Ұлттық құндылықтарды қайта жаңғырту - 56.3%
Адамның өзін-өзін жетілдіруі - 6.3%
Тарихты тірілту және өткенді зерттеу - 0%
Ата-тегіңді түгендеу - 6.3%
Тарихи мұраларды шетелге таныту - 31.3%

Дауыс саны: 16
The voting for this poll has ended on: 10 Қаз 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Наурыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.