Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

23 Қараша 2018

Армандарыңызға жетуге не кедергі?

 Осы сұраққа Инстаграм қолданушыларының 81%-ы жалқаулық – ең бірінші кедергі десе, 67%-ы – ақшаның жоқтығын себеп алса, ал 36%-ы «таныс жоқ» деп жауап берген. Үшеуін қосқанда, 100%-дан асып кетеді ғой деп ойланба, есіңе саламын, әр адам үш кедергіден жазып отырды, сондықтан нәтижесі осындай.

Бұл Қуаныш Шонбайдың кәсіпті зерттеудегі аналитикалық жазбасы. Белгілі ресторатордың ертең Қызылордаға келіп, семинар-тренинг өткізбек. Озық ойлары мен бұрын-сонды айтылмаған мотивациялық кеңестерін де беруге әзір. Қызылордалық бизнес өкілдер қатысатын семинар-тренинг сенбі күні Кәсіпкерлер үйінде өтпек. Билеттер саны шектеулі.

8-707-127-29-54

 

Ұйымдастырушылар

Read more

КӨРЕГЕНДІЛІК КӨРЕРМЕН ӘДЕБІНЕН-АҚ КӨРІНЕДІ

  Өнер - өте кең ұғым. Шығар­машылық өмірдің ыстық-суы­ғын бастан кешіріп, шабытты шақтың қызығы мен шыжығын сезе алатын да осы өнер иелері. Олар рухани бай, жан дүние­лері жасампаздыққа толы жан­дар. Қазіргі кезде күні-түні қойы­лымға дайындалып, кейіп­­кер сомдайтын ұжымның еңбегін еш кетіріп, театр мәде­ниетін сақтамайтын жастардың да кездесетіні жасырын емес. Парасат-пайымы келіскен, із­гілік пен ілтипаттылыққа тәр­биелеп, рухты көтеретін орын­да орынсыз әрекеттер жасап, көрермен түгілі актер шығар­ма­шылығына кері әсер ететін қы­лықтар жасау жастар арасында жиі байқалады. Бұған тұсау жасап, көрермен әдебін қалып­тас­тыру үшін қандай қарекет­тер керек? Бұл тақы­рыпты талдап, егжей-тегжейлі зерттеп көрдік.

Көрермен театрдан тағы­лым­ды ой түйіп қайту үшін спектакльдерді тамашалағанды жөн санайды. Өйткені даңғаза музыка, жеңіл-желпі әуендер­дің "берері" аз. Дегенмен де, көп­теген жасөспірімнің таңда­уы осындай дүниелердің айна­ласынан әрі аса алмай қала­тынын көз көріп жүр. Қаржы­сын шет елдің киносы мен жа­рық жұлдыздарынан аямайтын адамдар, спектакль десе ат тонын ала қашады. Кітапқұмар, рухани азыққа аш жастар театр­дың табалдырығын тоздырып, кезекті қойылымдардың уа­қытын аңдып жүріп күтеді. Өзіне мол байлық алып, жан дүниесіне сергектік пен серпін алатын мұндай жердің ғұмыры ұзақ екені сөзсіз.

Read more

МҰСТАФА ШОҚАЙ һәм АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ

Алашорда үкіметі мен Түркістан автономиясының құрыл­ға­нына 100 жылдан асып барады. Бұл екі мемлекет тарихшылар мен мамандардың пікірі бойынша Алаш қозғалысының басты нәтижесі болып саналады. Әрине, бұл пікірді құптамайтындар да бар. Олар Әлихан Бөкейхан мен Мұстафа Шоқай арасындағы пікір айырма­шы­лықтарын алға тартады. Расында, Ә.Бөкейханның әуелде Түркістан автономиясын қалама­ғаны рас. Түркістан өлкесінде тұрып жатқан діни фанатизмі басым, қараңғы халықпен бірігуге қарсы болып: "Қазақ Түркістанмен бір автономия болса, автономия арбасына түйе мен есекті пар жеккен болады. Бұл арбаға мініп біз қайда барамыз?!" деген еді. Десе де, Ә.Бөкейхан Түркістан автономиясына үзілді-кесілді қарсы болмаған. Себебі, ұлт-азаттық қозғалысқа Түркістан өлкесінің халқы қосылмай, азаттық жолындағы жеңіске жету қазақтарға да қиын болатынын Алаш қайраткерлері жақсы білді. Белгілі ғалым Сұлтан Хан Аққұлы "Под единым Туркес­таном" Мустафы Шокая подразуме­валась "Мусульманская федерация восточной России" атты мақаласында былай дейді: "Фак­ти­чески решение о создании Туркестанской автономии (мухтариата), более известный как "Кокандская автономия", было принято не в Коканде, и не на ІV чрезвычайном Всемусул­манском съезде, а в Орунбурге, и в резиденции (!) Алихана Букейхана...". Қазақшалап айтқанда, "Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев және басқалары 1917 жылы 26 қарашада Қоқан қаласында Түркістан мұсылмандарының ІV төтенше құрылтайы жариялаған Түркістан автономиясы Уақытша үкіметінің комиссары Әлихан Бөкейханның резиденциясында жоспарланып, жүзеге асырылды" дейді. Алаш қайраткерлері бұл жоспардың негізгі мақсатын жаңадан құрылған Түркістан автономиясы келешекте біртұтас түрк мемлекетінің субъектісі болады деп түсіндірген көрінеді.

Read more

МҰСТАФА ШОҚАЙ ЖӘНЕ АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ

Алашорда үкіметі мен Түркістан автономиясының құрыл­ға­нына 100 жылдан асып барады. Бұл екі мемлекет тарихшылар мен мамандардың пікірі бойынша Алаш қозғалысының басты нәтижесі болып саналады. Әрине, бұл пікірді құптамайтындар да бар. Олар Әлихан Бөкейхан мен Мұстафа Шоқай арасындағы пікір айырма­шы­лықтарын алға тартады. Расында, Ә.Бөкейханның әуелде Түркістан автономиясын қалама­ғаны рас. Түркістан өлкесінде тұрып жатқан діни фанатизмі басым, қараңғы халықпен бірігуге қарсы болып: "Қазақ Түркістанмен бір автономия болса, автономия арбасына түйе мен есекті пар жеккен болады. Бұл арбаға мініп біз қайда барамыз?!" деген еді. Десе де, Ә.Бөкейхан Түркістан автономиясына үзілді-кесілді қарсы болмаған. Себебі, ұлт-азаттық қозғалысқа Түркістан өлкесінің халқы қосылмай, азаттық жолындағы жеңіске жету қазақтарға да қиын болатынын Алаш қайраткерлері жақсы білді. Белгілі ғалым Сұлтан Хан Аққұлы "Под единым Туркес­таном" Мустафы Шокая подразуме­валась "Мусульманская федерация восточной России" атты мақаласында былай дейді: "Фак­ти­чески решение о создании Туркестанской автономии (мухтариата), более известный как "Кокандская автономия", было принято не в Коканде, и не на ІV чрезвычайном Всемусул­манском съезде, а в Орунбурге, и в резиденции (!) Алихана Букейхана...". Қазақшалап айтқанда, "Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев және басқалары 1917 жылы 26 қарашада Қоқан қаласында Түркістан мұсылмандарының ІV төтенше құрылтайы жариялаған Түркістан автономиясы Уақытша үкіметінің комиссары Әлихан Бөкейханның резиденциясында жоспарланып, жүзеге асырылды" дейді. Алаш қайраткерлері бұл жоспардың негізгі мақсатын жаңадан құрылған Түркістан автономиясы келешекте біртұтас түрк мемлекетінің субъектісі болады деп түсіндірген көрінеді.

Read more

«БІЗГЕ ДЕ ОҚЫРМАНЫ ҚАЛЫПТАСҚАН АНАЛИТИК ЖУРНАЛИСТЕР КЕРЕК»

Қазір ақпарат тауарға айналған уақыт. Уақыт ағымына бағынбайтын желдей жүйткіген сансыз ақпараттар тасқыны оқырманды талғам деңгейіне әкеп тіреп қойды. Алайда, жартыкеш, дәнегі жоқ арзан ақпараттардың алға шығып, салмақты дүниенің сырт қалып жатқан уақытында оқырманның ойын жаңа деңгейге бұру міндеті қалам ұстаған қауымды ой жетегіне апарды. Дәстүрлі медиа мен жаңа медиа арасындағы айырмашылық, ортадағы ойлар мен пікірлер де журналистикаға жаңа бір серпілістің керек екенін аңғартады. Бұл мезеттік оқиғаны баяндайтын, шеңбері шектеулі ақпараттардың орнына сараптамалық, қоғам талқысына түсе алатын тақырыптарды медиа нарыққа енгізу сұранысын қажет етіп тұр деген сөз. Осы ойға жан бітірген, сараптамалық жанрды меңгерген журналист Ержан Қалымбайұлы алғаш рет цифрлық «Ұлыс» журналын ашты. Біз де өз кезегімізде әріптесімізбен халықаралық қарым-қатынастағы саяси-экономикалық тақырыптардың БАҚ-та берілуі, ақпараттық нарық туралы әңгімелескен едік.

Read more

ҮЗДІК КОНЦЕРТМЕЙСТЕР

1984 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемле­кеттік консервато­риясы­ның студенті атанып, оқуға кірісіп кеттім. Алғашқыда бәрі қызық. Күндіз сабағы­мызға барып келіп, кешкі­сін әсем Алматыны аралау­дан жалықпайтынбыз. Уа­қыт осылай зымырап өтіп жатты. Емтихан аралары тым жақын көрінді бізге. Әр емти­хан­ға бірнеше күйлермен қатар форте­пианоға қосылып, бірді-екілі шы­ғар­ма орындайтынбыз. Оқу бағдар­ламасына сәйкес талап солай болатын. Форте­пиано сүйемелдеуші концертмейс­термен дайындық аз болған кездері олар реніштерін айтып, емтиханға кірмейтін. Әрине, кінә өзімізден, күйлер мен шығарма­лары­мызды жаттап алып жүре береміз. Концертмейс­термен қосылу дегенге мән бере бермейміз, сөйтіп емтихан болатын күні іздейміз ғой. Кезекті бір емтихан алдында менің де концерт­мейс­терім "сенімен емтиханға кірмеймін, рен­жі­ме" деді де кетіп қалды. Не жаздым күйге түстім. Әр емтихан алдында осы бір көзіл­дірікті, биязы, сыпайы, сыбырлап ғана сөйлейтін, жас шамасы өзімнен шамалы үлкендеу келіншекті жиі көретінмін. Концерт­мейстер екенін де білемін, естуімше керемет маман. Ұялып тұрсам да, басқа амал таппай, өтініш жасадым. Орындайтын шығарма­ларымның нотасын сұрады. Қандай жылдамдықта, қандай қайталау белгілері бар, бәрін сұрап алды да, сәл ғана жымиып кеттік деді. Күнде қосылып орындап жүрген­дей емтиханнан бес алып шықтым.

Read more

САҒЫНЫШ

Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қыз­мет­кері, профессор Мүлкаман Сүлейменұлы Қалауов 1938 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, "Қазақстанның 30 жылдығы" ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы консерваторияны 1964-65 оқу жылында бітірген. Труба, домбыра, дирижерлық мамандықтарынан жоғары білімді маман, композиторлық қыры да көпке танымал. М.Қалауов бітірушілердің ішінен консерваторияға ұстаздық жұмысқа қалды­рылып, Мәскеу консерваториясына аспиранту­раға жолдама беріледі, бірақ жанұя жағдайына орай бара алмаған. Аспирантураны оркестрдің дирижеры мамандығы бойынша Алматы консер­ваториясынан бітіреді. Содан кейінгі өмірі ұстаздықпен өтеді. 1964-1982 жылдары Н.В.Гоголь атындағы педагогика институтының кафедра меңгерушісі болады. Осы кездерде М.Қалауов класынан шыққан 270 бітірушіден 1 қайраткер, 2 еңбек сіңірген әртіс, 3 еңбегі сіңген қызметкер, 1 ғылым кандидаты, 3 дирижер өнер өлкесінде биіктен көрініп, ұстазының мерейін көтерді.

1982 жылдан консерваторияда "Оркестр­мен дирижерлау" кафедрасында доцент, ал 1984-1987 жылдары Халық аспаптар факультетінің деканы болған М.Қалауов 1982-2004 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры атанды.

Read more

МҮКАЛМАН ҚАЛАУОВ – КӘСІБИ МУЗЫКА ӨНЕРІНІҢ ШАМШЫРАҒЫ

1978 жылдың көктем айының бірі болатын. Әдет­тегідей музыка мектебінде домбыра пәні өтіп жатқан. Класқа мен танымайтын бірнеше кісі келді. Тасболат ағайымызбен төс түйістіріп, амандық-саулық сұрасып біраз шүйіркелесіп алды. Сәлден соң Тасболат ағай маған қарап: "Кәне, Төлеп, мына ағаларыңа "Жайлауда" күйін тартып берші",-деді. Мен іркілместен тарта жөнелдім. Келген кісілердің бірі орнынан тұрып: "Ой, айналайын, сен бұл күйді менен тәуір тарттың ғой",- деп басымнан сипады. Бұл кісі белгілі күйші-композитор, дирижер Мүлкаман Қалауов екенін кейінірек білдім.

Уақыт сынаптай сырғып өтіп жатты. 1984 жылы Қызылорда музыкалық училищесін тә­мам­дап, әсем қала Алматыға да жеттім. Құр­ман­ғазы атындағы консерваторияда алғашқы емти­ханды қазақ музыкасының корифейлері Құбыш Мұхитов, Мәлгаждар Әубәкіров, Меруерт Кален­баева және Мүлкаман Қалауов қабыл­дады. Емтиханға бірнеше күймен сол кезде домбырада орындалуы күрделі шығармаға жататын Альябев­тің "Соловей" және осы күнге дейін домбы­рада әлі ешкім орындамаған Паганинидің "Вечное движение" шығармасын орындадым. Тым-тырыс. Үнсіздік ұзаққа созылып бара жатқан сияқты. Өзімді ыңғайсыз сезіне бастадым. Меруерт апай: "Что за ветер?" деп қалды. Кетуге ыңғайланып орнымнан тұра бергенімде Құбыш ағай:

Read more

МЕН СЕНІ ҚҰШҚАН ҰЛЫ ТҮН ҚАЙДА?...

Ақын

Ақын!

Ақын!

Ардың жүгін арқалап.

Қасіреттің көз жасынан, қасиетін қалқалап.

Сыймайды олар қалыпқа да, табытқа да, тәйірі.

Жүрегіңе сыйдырып ал,

Сыйдырып ал,

Мархабат.

 

Ақын!

Ақын!

Жай отындай жарқылдап.

Жанға зікір салады әні, қарға ғұмыр қарқылдап.

Өз отына өзі күйіп, өз Құдайын жазғырып,

Мына жалған дүниядан,

шындық іздеп

Шарқ ұрмақ.

Read more

АҚМАЯ (жалғасы)

Басын көтеріп, жан-жағына қарап тағы біраз жатты. Талма түске жақындаған сайын күннің ыстығы көтеріліп барады. Әуелі артын кейін­нен алдын алып орнынан тұрды, құйрығын жыл­дам бұлғаңдата қағынып, бірер құмалақ тастады. Бойын тіктеп, иір мойынын көкке соза керіліп алды. Буын-буындары сыртылдап, денесі ширап қалғандай. Артқы аяқтарын алшайта, бұтын талтайып зәр шығарды. Бір ішкенде жеті-сегіз шелек суды сімірсе де, шап­тырғаны ұзаққа созылмады. Алдыңғы аяғымен төсін сарт еткізіп салып қалды, жал­пақ табанымен бауырын былайша ұрғылау қол­тығына быжынай жабысқан қансорғыш кене­лерге қарсы әрекеті болатын. Тойынып бармақ­тай болған немелердің қанға тойғаны ештеңе емес, қадалған жерін жан төзбестей қышы­татыны бар.

Теңіз жақтан жайлы самал соқты, су ішпе­геніне үш күн болыпты. Ұзақ жолында шөл қан­дырар еш көлшік, не қақ кездеспеді. Қалың жал шоқалақты кесіп өтіп, белдеу құмнан әрі асса, осы жерден қашық емес суат бар, соған жетсе кермек теңіз суына қанары анық.

Read more

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 24 25
26 27 28 29 30    

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.