Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

02 Қараша 2018

Ұзақбай Құлымбетовтың қоғамдық-саяси газеті

ХХ ғасыр Алаш баласының санасында қор­қыныш пен үрей, жазалау мен қуғындау, жүзде­ген көтеріліс пен 2-дүниежүзілік соғысымен есте қалды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылы сәуір айында қабылданған "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында: Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды. Біз тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек", - деп атап өткен болатын. Бүгінгі отандық тарих ғылымындағы өзекті мәселелердің біріне айналған "тұлғатану" саласы қарқынды дамып келе жатқанына қарамастан, саналы ғұмырын туған халқына қызмет етуге арнаған зиялы қауым өкілдерінің кейбірі зерттеушілердің назарынан әлі де тыс қалуда. Осыған байланысты есімі ұлықталған азаматтардың ұлы істері мен қайраткерлік қырларын ашу, бүгінгі жұртшылық арасында насихаттау кезек күттірмейтін тақырып. Тақы­рыбымыздың өзегі - өткен ғасырдың  20-30 жыл­дарында Ф.И.Голощекиннің төңірегінде қалып­тасқан партия, кеңес қызметкерлерінің бірі және бірегейі Ұзақбай Құлымбетов жайында болмақ. Ұзақбай Желдірбайұлы қарапайым қазақ шаруасының отбасында дүниеге келіп, мемлекет басшысы деңгейіне дейін көтерілген және оның қоғамдық-саяси қызметі Қазақстан тарихының күрделі де қайшылықты кезеңіне тұспа-тұс кезеңіне келіп, Қазан революциясынан бастап өзі репрессияға ұшыраған 1938 жылға дейінгі республика өмірінде болып өткен тарихи өзгерістердің бәрі оның көз алдында өткен. Ұ.Құлымбетов сол оқиғалардың куәсі болып қана қоймай, сонымен бірге республика көлемінде ірі қызметтерді атқара жүріп, олардың бәріне де тікелей атсалысқан. [1].

 

Read more

ТОҒАЙДАҒЫ ШАБУЫЛ

  Ықылым заманнан бері ұрылар мен қарақ­шылардың мекені, қандары қарайған басма­шылар жайлаған Құрама тауларынан Сүлеймен қарақшы қасына Қараман мен Парманқұлды ертіп, Шыршыққа қарай аттанды. Басмашылар жайлаған бұл Құрама тауына Сүлеймендер бір ай бұрын достары Елсапа мен Нұрсапаны көру үшін келген болатын.

Шыршыққа бет алған алғашқы күні олар түн ауғанша жүріп, бір тастың түбіне қонып шықты. Ертесіне жан-жағы қына-түксіз жалаңаш жар­тас қоршаған сайлы жолмен ұзақ жүрді. Күн сәскеден ауғанда алдарынан созылып жатқан асу шықты. Қарақшылардың бірі Қараман айтты:

Read more

АҚМАЯ

Көкжиегінде сағым бұлдыраған, көк зеңгір аспанында шөкімдей бұлт жоқ, шақырайған күні жер дүниенің апшысын қуырған, шетсіз-шексіз сайын даланы шарлай, өскен өрісіне, атажұр­тына тартып келе жатқанына екі тәулік болды. Бір кездері теңіздің тайдай тулаған ақбас тол­қын­дары соғып тілгілеген, дәл қазір селт етпей мел­шиіп тұрған, бір-біріне тізбектеле қатар тү­зеген, бірнеше тұмсықты жарлауытты жағалап, ескі жолдың сорабына кеше келіп түсті. Ара-тұра алабота мен балқурайдың, ақбас пен жантақтың басын шалғаны болмаса, жайылып та келе жат­қан жоқ. Есіл дерті туған топырағы, өз жайы­лымы, тобымен жүретін келелестері болғанымен, енді артынан қуғыншы келмейтінін білгендей, жалпақ табанымен саздауытқа мөр басып, жайбарақат аяңдап келеді.

Мойын шудасы, бауырлығы мен тізесінен жоғарғы жүні жүнделіп алынған, бүйірлеріндегі қысқалау аппақ жүн термен көтеріліп, қылшық­танып тұрғандықтан ода-дода болып ұшып келеді. Әбден арыған кәрі нардың өркеші қам­шылар жағына құлап қалыпты, алдыңғы жағын­да кезі бар. Бір кездегі биік, ірі денесі шөккен, артқы тірсектері иінағаштай майысқан, жамба­сы­ның ұршықтығы, дулығадан төменірек құйым­шақтың қоспасы шодырая білініп келе жатқаны, тым арықтығы жануардың осы кезге дейін көрмеген азабы қалмағандығын көрсете­тіндей. От пен судан қағажу көрген, үнемі бақылауда болған еді, енді ғана еркіндіктің дәмін сезінгендей.

Read more

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.