Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

28 Қыркүйек 2018

«Қызылорда емес, Қазақорда атанатын кез келді»

   

Қызылорда қаласының 200 жылдығы жақын­даған сайын баспасөзбен әлеуметтік желі беттерінде шаһардың тарихы жөнінде түрлі пікір­лердің айтылып, жазылып жатуы заңды құбылыс деп ойлаймын. Солардың арасында облыс орта­лығының атауын өзгерту туралы да ұсыныстар айтылып қалды. Мәселен, көпшілігі Қызылорда атауы коммунистік "қызыл" қоғамның елесін еске түсіретінін және кеңестік дәуірде Сыр бойы қазақтарының да қызыл үкіметтің зұлымдығы мен қуғын-сүргінін бастан кешіргенін жазады.

Осыған орай, кейбір пікір айтушылар қала­ның атауын Сырдария деп өзгертуді ұсынса, енді кейбіреулері Сығанақ  немесе Ақмешіт деп атау­ды қалайтынын жазады. Біздіңше, бұл пікірлер әр түрлі ойға жетелейді. Сығанақ - бұрынғы Ақ Орда, Қыпшақ және Қазақ хандықтарының астанасы ретінде тарихтан белгілі қала. Бір жағы­нан, Қызылордаға жақын аймақта орналас­қан­дығы бар. Дегенмен, оның тарихи атауы әлі де сақ­талған және қала орнына археоло­гиялық қаз­ба жұмыстары жүргізілуде. Яғни, қазір де ол жеке географиялық нысан ретінде топонимдік мәнге ие. Ал, Сырдария атауына келсек, осы аттас аудан біздің облыстың өз аумағында бар екендігі мәлім. Сонымен бірге, осы аттас қала, кент атау­лары Қырғызстан, Өзбекстан республикасы аумақтарында кездесіп қалады.  Ескі Ақмешіт шаһары алғашында  қоқандықтар үшін бекініс ретінде салынғаны белгілі. Бұл атау да отаршыл­дық езгіні еске түсіретіндіктен, тұрғындардың басым көпшілігі оны қаламайтындығы анық.

Read more

Еркін шыққан белес

Өткен жылдың қоңырқай күз айларының бірінде, қалта телефоным шырылдап қоя берді. "Аға, амансыз ба?" де­ген дауысынан тани кеттім. Оралдағы Еркін інім. Хал-жағдай сұрасқан соң Еркін өтініші барын айтты.

- Тыңдап тұрмын.

- Оралға келіп Дәулет­керей атындағы оркестрмен концерт қойсаңыз қалай болады?

Жөппелдемеде не дерімді білмей, "ол қалай болар екен?" деп күмілжіп тұрға­нымда:

- Оның не қалайы бар? Бұрынғы орындаған шығар­ма­ларыңызды тарта аласыз ба?-деді.

- Иә, тартамын.

- Ендеше солардың партитураларын жіберіңіз, қалғанын кейін сөйлесе жатармыз.

Бір-екі күннің ішінде сұраған парти­ту­раларын жібердім. Бірақ өзім әлі де күмән­данып жүрмін. Бұл қалай болады екен? Бұрын-соңды оркестрмен жеке шығарма­шылық кеш өткізіп көрмеппін, өткізбек тұрмақ ойлап та көрмеппін. Анда-санда көне домбырамды алып, сүртіп-сүртіп қоямын. Мен де үлкейін дедім бе? Шығармашылық кеші несі? Ол жақта мені кім танып, кім керек етіп жатыр?

Read more

«Мен қазақпын» мегажобасы қазақ елінің рухын көтере ала ма?

 Жыр десе делебесі қозып, күй десе көңілі көтерілетін, ән десе әсершіл келетін қазақ халқы өнерді қастер тұтады. "Әннің де естісі бар, есері бар" деп білетін ел рухани байлығын биік қойып, атына кір жұқтырмауға тырмысып бағады. Баба­дан қалған сап алтындай құнды жәдігерді жоғал­тып алмай, келер буынға, ұрпаққа аманат етудің өзі үлкен жүк. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі дәс­түр­лі әнші-термеші, күйшілердің басын бір арнада тоғыстырып, еліміздің әр аймағында қа­лып­тас­қан өнер мектептерінің таңдаулы туын­дыларын дәріптеу мақсатында атадан-балаға мұра болып келе жатқан төл өнеріміз күй, жыр-термені дамы­тып, заманға сай жаңашалан­дырып, өскелең ұр­пақ­қа насихаттау мақсатында "Мен қазақпын" атты халықаралық телевизиялық мегажоба дүниеге келді.

Жоба жайында жан-жақты зерттеп, жалпы мақсат-міндеттеріне де үңіліп көрдік. Қойылған талап жоғары. Мегажобаға Қазақстан Республи­ка­сында тұратын 18 бен 40 жас аралығындағы қазақ композиторларының және халық әндерін домбыра, қобыз, сырнай аспаптарының сүйе­мел­­деуімен орындайтын өнерпаздар бағын сы­най ала­ды. Байқауға қатысу үшін облыстық мә­де­ниет бас­қармалары, концерттік ұйымдар­дың ди­рек­ция­сы мен көркемдік кеңесінің, мәде­ниет, оқу орындарының педагогикалық кеңес­те­рінің ұсы­ныстары болуы қажет. Үміткер әр өңір­дің дәс­түр­лі халық әндері және халық композитор­ла­ры­ның әндерінен екі шығарма жатқа орын­дайды. Әр кезеңде үміткерге әндерін орындауға берілетін уақыт 5-7 минут. Ол алдын ала көрсеткен шы­ғармалар тізімін өзгерте алмайды. Бір ән, терме, күй үміткердің таңдауы бойынша халық әндері, халық композиторларының шығармасынан және екінші шығарма өз таңдауы бойынша еркін тақырыпта орындайды. Байқауға қатысатын үміткерлердің сахналық киімі қазақы үлгімен тігілген, бүгінгі заманға сай болуы тиіс екен. Об­лыстан жеңіп шығып, республикалық байқауға жолдама алған үміткерлерді телеви­зиялық бай­қау­ға түсіру барысында әр үміткерді қолдаушы жер­гілікті дәстүрлі өнерді насихаттау­шылардан құ­ралған қолдаушы топ болуы керек. Олар қазіргі қазақ дәстүрін насихаттап жүрген палуан, аңшы, құс­бегі, зергер, әнші, күйші т.б. өнер иелерінен құ­рылуы шарт. Олар сахнада отырады. Олардың да киген киімі, жүріс-тұры­сына баға беріледі. Әр бай­қауға қатысушы­лар өнер көрсеткенде дем беріп, қолдау көрсетіп отырады. Байқау шарты бойынша жеңім­паз­дарды анықтау бары­сында әр өңірдің байқауды ұйымдастыру­да­ғы белсенділігі, ұлт өнерін дәріптеуге қосқан еңбегі ескеріліп, өнер­пазбен бірге облыстық мәдениет басқармалары да марапатталады.

Read more

МАСКҮНЕМНІҢ НӘПАҚАСЫ

 Немерелері үйге сирек келеді. Сирек келгені былай тұрсын, "аталарыңның тынышын алмаңдар" деп күні бұрын келіндері оқытып қоя ма қайдам, әйтеуір, келулерінен кетулері жылдам. Тынышын алатындай мұның үстөлге жабысып, кит еткен сыбырды жақтырмай, керек десеңіз, әйелінің жүрген-тұрғанын да ауыр­сынып, есік-терезені тұмшалап, ақ қағаз­бен алысып жатқаны шамалы. Қолы жүрмейді, шау тартқан кісіше кібіртіктей береді. Кешелі-бері бүйте берсем, жазу-сызуды да ұмытып қалармын деп, өзін-өзі қинап, біраздан бері ойда жүрген бір шағын дүниенің сұлбасын қағазға түсіргенсіген-ді. Алғашында тәп-тәуір көрінген. "Іштен шыққан шұбар жыланның" кем-құтығы бірден байқала қоя ма, араға апта салайын, ысылай ұрынатын әуесқой емеспін ғой" деп, қайта қарауды кейін шегерген. Содан келесі жұмада да тұяқ серіппеді. Басына науалап құйылып жатқан әдемі тіркестерді де аңғара алмады. Бұл кері әсердің неден туындауы мүмкін?

Ішінен күңкілдеді  де қойды, ары қарай терең­деп барғысы келмеді. Екі-үш айдан бері көп нәрсе тындыра алмағандығын өзі де мойындайды. Жазып келе жатады да түлен түрт­кендей, орнынан ұшып түрегеледі. Енді қайтіп үстөлге жолағысы жоқ. Әлденеден үркектейді, әлденеден секем алады. Мұндайда өзін-өзі қинап, езіліп отырмағаны абзал. Қиянат. Кішкене бой жазып, қан таратып, сыртқа шығып серуендегенге не жетсін. Көр­ші-қолаңмен алтын уақытын өткізе алмаған кісіше көди-сөдиді сөз қылып, не саясатты аударып-төңкермесе де, хал-жағдай сұрасып, дидарласқанның өзі неге тұрады?! Мұның жазушылығын маңайдағылардың бәрі біледі. Біледі де алым-берімсіз жанына жақындағысы келмейді. Алыс жүргенді құп көреді. Кінә өзінен. Өзін тумысынан ұстамды жандардың қатарына қосушы еді. Со жолы қандай түлен түрт­кендігін қайдам... адам сөйтіп те алжа­сады екен-ау, ә?! Алжасқанда сұрамаңыз, еске түскенде екі жағы ұяттан дуылдап ала жө­неледі. Кімнен көреді. Өзінен, ондай жеңіл­тек­тікке енді өлсе бармас. Бармағаннан бұрын көптің көзіне түсуге де кәдімгідей қуыста­нады. Баяғыдан бергі жиған абырой-беделді бір-ақ күнде шашып алды.

Read more

ЕЛ МЕН ЖЕРГЕ МАХАББАТ

  Ұлтыңды, мемлекетіңді сүю, туған жерің мен сол жердің адамдарын құрметтеу - саналы адамды қашанда ізігілікті іске талпындырып тұрады. "Талпынған жетер мұратқа" дейді халқымыз. Өйткені талпыныстың артында адамдық мінез тұрады.Ұлан байтақ қазақ жерінің әр өлкесі өзінше көрікті, өзінше қызық. Ал, ел аузында "Сыр - Алаштың анасы" деп әспеттелетін қасиетті Сыр бойы аймағы ежелден жұмсақ табиғатымен, түрлі кәсіптің қатар дамығанымен ерекшеленеді. Бұл аймақта кезінде мемлекетке астана болған Жанкент, Сығанақ секілді қалалар бой түзеп, әлем саяхатшыларының назарына іліккен.

Қазақстанның басқа өлкелеріне қарағанда ислам мәдениеті де осы аймақта гүлденіп, сол дүниетаным Сыр бойы әдебиеті атты алып әдеби мектептің темірқазығына айналды. Алайда осы бір ерекшелігі өзіне сор боп жабысып, бірнеше ғасыр бойы халқымыздың төбесіне төнген бодандық нәубетінен Сыр өлкесі тудырған әдеби-мәдени жәдігерліктер көбірек азап шекті. Содан болар, еліміз тәуелсіздігін алғанша, Сыр сүлейлері атанған талай ақын-жыраулардың сөзі жалпы халыққа беймәлім болып келді.

Белгілі бір өлкенің рухани әлемі шеккен азабының салмағын сол өлкеде туып-өс­кендер өзгелерден артығырақ біледі. Демек, сонау 1943 жылы Сыр бойында, Тереңөзекте дүние есігін ашып, 1955-1960 жылдарда С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (бүгінгі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) оқып бітіріп, біраз жыл туып-өскен жерінде - әкімшілікте, баспасөз саласында қызмет етіп, соңынан аяулы Алматысына қайтып оралып, ұзақ жылдар бойы халық­аралық "Түркістан" газетінде жұмыс істеген кезінде Сыр бойының би-шешендері, батырлары мен ақындары жайында талай-талай зерттеулерін жарыққа шығарған Тынышбек Майлыбайұлы Дайрабай шығармашылық ғұмырын түгелімен Сыр елінің жалпыға беймәлім қырларын ашуға арнауы - заңды құбылыс.

Read more

БІЛІМ МЕН ҚҰНДЫЛЫҚ: тәрбие теориясына тереңірек барып жүрміз бе?

    Қабілетті ұлт қалыптастыру әсте оңай емес. Бұл дамуы жылдардан ғасырларға созылатын мемлекет алдындағы аса жауапкершілікті іс. Бір елдің бір елден көш басына шығып, ой жарысында қара үзіп шығуы да осы қабілеттіліктен туындайды. Ал, қарым-қабілет адамның алған білімі, көрген тәрбиесі, жиған тәжірибесі, ішкі мәдениеті арқылы келеді. Жұмыр басты пендесі бар жаһанның жуан елдері де білімнің құндылық негізі, әрі табыс көзі екенін әлдеқашан қабылдап қойған. Себебі қойнауы қазба байлыққа толы, жерінде қара алтыны бар дамыған елдер осы білім саласының маңайына топтасу керектігін сезініп келеді. Ал, білімді ұрпақты бәсеке­лестік алаңына әкелу білімнің басқышынан басталады. Алыс-жақын елдің алыптары ой жарысына түсе алатын оқушыларды әріден іздеп, дамуға қыруар қаржы бөлетіні қазақ қоғамын да ойлантуы керек.

Қазіргі мектеп партасындағы оқушы ертеңгі елдің экономикасына қызмет ететін маман екені анық. Ал, ой зердесі жетілген ұрпақ тәрбиелеу білімнің әдіс-тәсілдеріне тіреледі. Осы уақытқа дейін білім саласына түбегейлі өзгеріс керек екені ішінара айтылып қалуда. Бірақ педагогикада қолтаңбасы бар азаматтар ұлттық тәрбие білімнің бастауы екенін айтудан қалыс қалмайды. Дегенмен, "сырт елден нендей тәжірибе алуға болады?", "тәрбие формуласындағы өзгешеліктерді дамытудың жаңа әдістері қандай?" деген сауалдар күні бүгінге дейін ой-таразысына түсіп келеді. Осы оймақтай ойды алға тартып, біз де «қазақ баласының дамуына қажетті сырт елдің тәжірибесінің қайсысы ұлттық педагогикамен үйлесе алады?» деген сұраққа жауап іздеп көрдік.

Read more

«Қызылорда» атауын өзгерткен дұрыс па?

    Сұлу Сырдың бойы тұнып тұрған тарих. Уақыт ағымында сан түрлі өзгерістер мен қысылтаяң кезеңді бастан кешірген елдің өткеніне бір көз жүгіртіп өтелік. Себебі "қала атауы тағы да өзгерсе екен" деген әңгіменің ұшы шығып жүр. Оған нақты ұсыныстар да бар. "Қызылорда қаласының ең алғашқы атауы қалай өзгерді? Тарих қалтарысында нендей оқиғалар себебінен атаулар енді?" деген сұрақ­тарға жауап та ала білдік. Қызылорда облыстық өлкетану музейінің қорында сақталған ақпараттар негізінде қала атауына байланысты оқиғаларды саралап көрелік.

Қызылорда қаласының 200 жылдық тарихы бар. Алғаш қаланың іргесі 1818 жылы қаланды. Осынау екі ғасырға жуық уақыттан бері бұрын­ғы Ақмешіт, қазіргі Қызылорданың өндірісі өркен­деп, экономикасы дамып, сәулеті мен архитектурасы ерекшеленіп, зәулім ғимараттар бой көтеріп, сәулетті ескерткіштер мен мұнда­лайды. Бүгінгі жайқалған қаланың көрінісін көріп, өткен тарихын да ұмытпағанымыз жөн. Қойнауында Сырдариядай шалқары бар, Аралдай көлі, Тұрандай шөлі бар, топырағы құнарлы, ырысты, күрішті аймақтың дамуына Қызылорда қаласының рөлі зор. Алдымен Қамысқала деп аталған жерден Ақмешіт деген бекініс бой көтерді. Сол бекініс бүгінгі Қызылорда қаласының орны.

Read more

Сыр өңірінің қасиеті киелі топырағында, өр рухында

Руханиятқа бет бұрған тұста елімізде өткенді тануға, тегімізді түгендеуге, тарихи оқиғаларға баға беруге, тарихи тұлғаларға құрмет көрсетуге бетбұрыс жасалынып, осы арқылы рухымызды көтеруде игі шаралардың мазмұнды өтіп, көпшіліктің ұлттық қадір-қасиетті түсіне бастағаны қуантады. Әлбетте, жыл басы­нан бері қаншама жұмыстар атқарылды, алайда сананы өзгерту, ішкі жан-дүниені қозғау, әр адамның рухани кү­шін ұлттық мүддемен түйістіру сегіз айда бітетін шаруа емес. Егер жалған есеп беріп, "бәрі керемет болды" десе, өз-өзімізді алдап, өмір сүре беруге болады. Ал, шы­ны­мен ұлтқа жанашырлық танытып, қазақ­тануға шынайы көңіл бұрсақ, оның нәтижесін бүгінгі жет­кіншек - ертеңгі ер жеткен аза­маттың бойынан көре аламыз.

Сыр өңірі Қазақ елінің рухын көтеруде шырағдан болу керек! Бұл сөзді реті келгенде аузы дуалы адамдар айтып қалып жүр. Расында, әруақты-өр рухты жердің жәннатын - Жерұйықты ізде­ген Асан қайғының тұжы­рымына ұйыс­сақ, Алаштың анасы атанған қасиетті топырақты тірілтетін кез жетті! Айбынды Аралдан қарт Қаратауға дейінгі аумақты алып жатқан киелі өңірдің өткеніне үңілер болсақ, сақ дәуі­рінен бір-ақ шығамыз. Сақ, шумер, оғыз, ноғай дәуі­рінің қилы кезеңдерін бастан кешірген, қала берді Қазақ хандығына, одан бертін келе қазақ атауына қол жеткізіп, Қазақ Респуб­ликасына құтты шаңырақ болған бүгінгі Сыр өңіріне тәу етпей қайтерсің! Киелі жер, қасиетті топырақ деген осы болар! Аймағы­мыздағы мем­лекет қорғауына алынған 532 тарихи-мәдени мұраның қай-қайсысына та­бан тіреп бар­саңыз да, тари­хына көз жү­гіртіп, ерекше таңданыста боласыз.

Read more

Іздеу

Сауалнама

"Рухани жаңғыру" идеясын қалай түсініп жүрсіз?

Ұлттық құндылықтарды қайта жаңғырту - 56.3%
Адамның өзін-өзін жетілдіруі - 6.3%
Тарихты тірілту және өткенді зерттеу - 0%
Ата-тегіңді түгендеу - 6.3%
Тарихи мұраларды шетелге таныту - 31.3%

Дауыс саны: 16
The voting for this poll has ended on: 10 Қаз 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 29 30

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.