Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

01 Наурыз 2018

ХАЛЫҚТЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАСАҢ, ҚАРДАРЫҢ СОНЫҢ ІШІНДЕ

Қобызды қолдамайды, бұл заман!

Кішкентай Алмас ұйқысынан шошып оянды. "Әке, әке!". Бала жастықтан басын көтеріп алып: "Қобыз тартамын!" деді жұлып алғандай. Баласының ұйқысырап жатқанын сезіп жатқан әкесі: "Жау қырылып қалды-ау, жау қырылып қалды-ау" деп күбірлеп дұғасын оқыды. Бұл сөзін бастамас бұрын айтатын "биссимиласы" еді. Әкесінің дауысын естіген бала тынышталып, жастыққа басын қойды. Көз алдына ақ шапанды ақсақалдар елестеді. Қорқыт әулиенің мазарына зиярат етіп келетіндер сияқты. Арасында шоқша сақалды, бет біткеннің әдемісі Қалжан ахунның баласы Мақан мақсұм, Қарақалпақстанның Төрткөлінен келетін Махан мақсұм, Омық мақсұм, Жүніс молда, Іскендір молда көрінді. Ақ көйлек, ақ дамбал киіп, тақиясының сыртына ақ орамал бос жіберетін осы атасы үйге жете бере, "Қожеке, қиямет жақын, қиямет жақын" деп күңіренуші еді. Онысы несі?! Бәрін де танып тұр. Құрақ ұшып қарсы алып, қолдарына су құйып, аяғының ұшымен жүріп қызмет ететін аталары... Алмастың кеудесіне сыймай тарсылдаған жүрегі саябырсығандай болды, сәлден соң бірқалыппен тыныстап ұйқыға бас қойды.

Таңертең әкесі Алматұлы Нұрмақан қожа Энгельсте тұратын Баязит қожаға барып, домбыра алып келді. Алмасты шақырып алып: "Балам, қобызды бұл заман қолдамайды, домбыра тартарсың" деп, алып келген аспабын қолына ұстатты.

Бесінші сыныпта оқып жүрген кезі. Бірде әкесі Олжабай жыраудың үйіне ертіп апарды. Амандық-саулықтан соң, келген шаруасына кірісіп:

- Олжеке, біздің Алмасжан өлең айтқысы келіп жүр-ау,- деді. Жырау жаңалықты естіп, қуан­ғанын білдірді. - Сауабы молдау өлең жаттаса деп едім,- деді әкесі сөзін жалғап. Олжабай жырау "қисық әріптермен" жазылғанын ескертіп, бірнеше дәптерді көрсетті. Дәптерді парақтап, көз жүгіртіп көрген соң, әкесі "бірдеңе қылармын" деп, алып кетті. Сөйтсе, бұл жәдидше жазылған Сыр өңірінің ақын-жырауларының жырлары екен. Содан күн сайын құтпан намазынан кейін әкесі Алмасты шақырып алып, өлеңді дауыстап оқиды. Бала әкесінің айтқанын қағазға кириллицамен түсіреді...

 

Read more

НАРКОМ ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ НЕМЕСЕ ЖҮРГЕНОВТЕР ОТБАСЫНЫҢ ТРАГЕДИЯСЫ

Қайғылы 1937 жылы КСРО және республикалық НКВД органдары мифтік ұлтшыл-буржуазиялық ұйымдарды жою мақсатында терең ойластырған кең масштабты операция өткізді. Нәтижесінде, бірқатар қоғам және мемлекет қайраткерлері жалған айыптармен қамауға алынды. Әдепкі ұсталғандардың ішінде С.Қожанов, С.Есқараев, Т.Жүргенов және басқа да қазақтың аяулы азаматтары болды. С.Қожанов Ташкент қаласында ұсталды. Кейін оны Мәскеуге алдыртып, тергеуін КСРО НКВД-нің өзі жүргізді. Алдын ала тергеу барысында НКВД қызметкерлері алпысқа жуық "ұлтшылдардың" тізімін жасаған екен. Осы тізімнің бетінде қолмен жазылған мынадай сөздер бар: "Неполный, далеко неполный состав членов националистической организации". Бұл қаралы белгіні қалдырған адам белгісіз. Бірақ, оның жоғарғы лауазым иесі екені анық. "Ұлтшылдармен" күресу науқаны осылайша Мәскеуде әзірленген болатын. Қазақстанда "ұлтшыл­дармен" күресуді жүргізген белгілі жендет Залин Лев Борисович. Ол 1935-1937 жылдары республикалық қауіпсіздік органдарын басқарған. Кейіннен қызмет бабымен Мәскеуге қоныс аударған. Орталық НКВД-нің бөлім бастығы болған. 1938 жылы "шетел барлауының агенті" ретінде қамауға алынған. Тергеуге берген жауаптарының бірінде ол былай депті: "Мен Ягода, Мирзоян және басқаларымен қылмыстық байланыста болғаным рас. 1937 жылы Мирзоянның нұсқауымен Жүргенов, Есқараев, Садуақасов, Сырғабеков, Қабылов және Досовты тұтқынға алудан құтқаруға тырыстым...".

 

Read more

ӘКЕ БАЛАСЫН ҚАЛАЙ ТӘРБИЕЛЕУ КЕРЕК?

Психологтар баланың толыққанды өсіп-жетілуінде, дамуы мен қалыптасуында мына 6 нәрсені балаға тек әкелері ғана бере алатынан айтады.

1. Әкелер анасы секілді баламен балаша "шүлдірлеп" сөйлескенді ұнатпайды. Әкесінен кәдімгі "үлкендердің" сөзін естіп өскен баланың сөйлеу әдебі жақсырақ дамиды.

2. Әке аналар сияқты көп еркелетіп, сүюден гөрі баламен (аспанға лақтыру, күрес, жұдырықтасу т.б секілді) ойындар ойнағанды ұнатады. Бұл ойындар бала­ның есту, көру, сезіну түйсіктерін жақсы дамытады.

 

Read more

АБАЙ НЕГЕ ӨМІР БОЙЫ ЗАРЛАП ӨТТІ?

Халық әлі Абайды толық таныған жоқ. Кеңес билігі кезінде Абай шығармаларынан атеист, материалист деген кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалды. Халықтың санасын сол ұғым әлі де көлегейлеп тұр. Осыны біз біртіндеп, жаңа дүниетаным арқылы насихаттап, дұрыс жолға қоюымыз керек. Астанада Абайдың ғылыми-зерттеу институтын ашпай бол­майды, өйткені ескі дүниетаным түбірімен терістелді. Енді біздер атеизм-мате­риализм деген жалған ұғымды ұмытып, Ұлы сана жолына бет бұрдық.

Абай неге өмір бойы зарлап өтті? Пенделік көзбен қарағанда, олай ететін жөні жоқ еді ғой. Ештеңеге мұқтаж болған емес, сонда неге зар иледі? Оны қынжылтқан халқының қасіреті, бодандық тағдыры. Он сегіз жыл би, болыс болған ол биліктің ішкі құпиясын, бізді сорлатқан саяси әдісін терең танып білген. Содан кейін патшаға телеграмма жіберіп: "Мынау сайлау елді бүлдіріп жатыр. Сіз генерал-губернаторларға бұйрық беріңіз, болыстарды тағайындап қойсын", деген ойын жеткізді. Патша олай істемейді, өйткені ол "сексеуіл әді­сін" қолданып отыр. Бұл әдісті Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Сперанский ұсынған. Ол патшаға жазған қызмет хатында: "Қазақтың даласында сексеуіл деген ағаш өседі екен, балталаса жарылмайды, шеге қақса кірмейді, бірақ сексеуілді сексеуілге ұрса быт-шыты шығады. Осы сексеуіл әдісін қазаққа қол­данайық" депті. Міне, Ресей империясының бізге қолданған басты саясаты осыған негізделген. Әр болыста 12 ауыл болады, ол 12 ауыл әр түрлі рудан болуы шарт, содан кейін 4 ауылнай, 4 би сайланады, тағы да онбасы, елубасы лауазымдарын қосқанда, шамамен 270-тей қызмет орны болады. Қазақтарды соған таластырады. Аш иттерге майлы сүйекті лақтырып жібергенде бәрі бірден бас салады емес пе?! Дәл осы секілді қазақтар да қызмет үшін итше таласты, осыдан келіп қазақтың мінезі бұзылды. Мұны көріп, сезген Сұлтанмахмұт Торайғыров:

 

Read more

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Наурыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.