Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

15 Ақпан 2018

СЫДЫҚОВТАР ОТБАСЫЛЫҚ АНСАМБЛІ

     Аралдың өнері мен мәдениетін сөз еткенде, Сыдықовтар отбасылық халықтық ансамблі ойға орала кетеді. Биыл құрылғанына 38 жыл толған отбасылық ансамбль ұжымның бірлігінің арқасында осы күнге дейін жетіп отыр. Тек бір аудан емес, республикаға танымал Сыдықовтар отбасылық ансамблі – еліміз бойынша тұңғыш рет «халықтық ансамбль» атағына ие болған, дарындылық қасиетімен, өнерге жан-тәнімен берілген жанкештілігімен қазақ мәдениетін жоғары деңгейге көтеріп келе жатқан өнер ұжымы.

1980 жылы жиырма жылдан аса өнерге қалтқысыз қызмет еткен Аралдың төл перзенті Мұрат Сыдықов жұбайы, өнердегі серігі Базар Қостаевамен бірлесіп, отбасы мүшелерімен ансамбль құрады. Бар ғұмырын өнерге сарп етуге арнаған М.Сыдықов ансамбльдің аяқтан тұрып, елге танылуына барын салады. Ол тек домбырада күй тарту ғана емес, сахна қойылымдарында рольдерде ойнап, әуесқой театрдың халық театры атануына дейін бел шеше еңбек сіңірген. Ал, Базар апаның ән шырқап, әртістік шеберлігімен көрермендерді тәнті еткені осы күндері ел арасында аңыз болып айтылып жүр.

Read more

БІЗДІҢ ЖҰЛДЫЗ ЖАНҒАНША, КІМ БАР, КІМ ЖОҚ?..

   Бағдат Мүбәрак - 1978 жылы 17 ақпанда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылында туған. 1998 жылы Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің филология факультетін тә-мамдаған. Қалалық "Балқаш өңірі", облыстық "Орталық Қазақстан" газеттерінде және "Қазақстан-Қарағанды" телеарнасында, "Қазақ радиосында" қызметтер атқарған. Республикалық жыр мүшәйра-ларының лауреаты. 2009 жылы мемлекеттік тапсырыспен "Жалын" баспасынан "Құсни хат" атты жыр жинағы жарық көрген. Қазақс-тан Жазушылар одағының мүшесі.


АВТОПОРТРЕТ

Сыр ашпайтын соқыр жанға

Жан екенмін төзімді.

Өлең жазып отырғанда,

Жақсы көрем өзімді.

 

Ішінде - мұң, ұшында - жыр,

Қарға бойлы қаламсап.

Жүрегімнің тұсында жүр,

Саусағымды әлі аңсап.

 

Жырға арқау ғып болмағанды,

Түнде кірпік қақпаймын.

Төс қалтамнан сол қаламды,

Кейде сілкіп таппаймын.

Read more

ТАРИХИ ОҚИҒАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК КӨЗҚАРАС КЕРЕК әйтпесе «аш бала тоқ баламен ойнамайды»

     Өткен жылғы "Әлімсақ" журналының соңғы номерлерінің бірінде (№11 (104), 2017 жыл, қараша) оқырмандар көңілінен шыққан "Тарихтан тағылым алдық па?" деген сауалға жауап берген қос бірдей тарихшы ға-лымның мақалаларын оқып, ой бөліскенді жөн көрдік.

Белгілі тарихшы Дастан Сәтбай мақаласында отандық тарихшыларды сынға алады. Расында, соңғы кезде біреудің идеясын, ой-пікірлерін иемде-ніп, монография, деректі кітап, мақалалар жазып, жеңіл абыройға ие болып жүрген тарихшылар бар. Қызмет жағалап, мансап қуған ғалымсымақтар да жетерлік. Олар өткен тарихтан гөрі Қазақстанның "жаңа" тарихын зерттеп, жазғанды ұнатады. Өйткені, бұл бүгінде тиімді тақырыпқа айналып отыр.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің "Шоқайтану" ғылыми-зерттеу орталығында 12 томдық Мұстафа Шоқайдың шығармаларының толық жинағы бар. Бұл жинаққа ұлы күрескердің негізі-нен түпнұсқа еңбектері енген. Олар бірнеше тілде және графикада жазылған. Бұрын-соңды аударылып, ғылыми айналымға енбеген, тың деректер. Алайда, тарихшылар қайраткердің бұл еңбектерін зерттеуге асықпайды. Тіпті, ықылас та білдірмейді. Себебі, қазіргі тілмен айтқанда, бұл тақырып оларға ешқандай "дивиденд" алып келмейді, яғни үлес пайда жоқ.

Read more

ТАРИХИ ТҰЛҒА, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ

Адам мен қоғам - егіз ұғым. Қоғам өзінің заңды ерекшеліктерімен адамның іс-әрекеттері арқылы айшықталады, дамиды. Адамдардың іс-әрекеттері қоғам дамуының объективті заңдарына бағынады. Ол заңдардың дұрыс-бұрыстығын түйсініп, әрекет ету ерекшеліктерін түсініп білетін ерекше дарынды адамдар - тұлғалар, қоғам қайраткерлері. Сондықтан олардың кейбіреулері келешегі жоқ қоғамға қарсы болуы да мүмкін. Бұл ретте өзі өмір сүрген ортасына қарсы болып өткен Абайды, тәуелсіздігімізді армандап, соның жолына бүкіл ғұмырын сарп еткен Мұстафа Шоқай мен Алаштың арыстарын, ұлттық мәдениет пен өнер саласы мамандарын даярлауға көп көңіл бөліп, қазақ жастарының КСРО-ның орталық қалаларындағы оқу орындарында білім алуына көмек көрсеткен мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновті, барлық жағынан ресми тұмшаланған Кеңестік саясатты қазақ ұлты мен оның келешегі үшін жете пайдалана білген Дінмұхамед Қонаевты, кеңестік саясаттың ұлт мүддесіне қайшы келетін жерлеріне ашық қарсы шыққан Ж.Тәшеновті жатқызуға болады. Ал, қазіргі біздің "қоғам қайраткерлері" деп айдар тағып, аспандатып жүргендерімізді жоғарыда аталған азаматтармен салыстыруға бола ма? Қазіргі сансыз "қоғам қайраткерлеріміздің" көбісі кешегі Кеңестік дәуірдің келешегін болжады ма? Ендеше Т.Жүргеновтің тарихи тұлға, қоғам қайраткері екенін дәлелдеп көрейік.

Біріншіден, оған білімге деген құштарлық пен үлкен жүректілік тектілігімен, қанымен берілген. "Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады" деген қазақы пәлсапаны басшылықққа алсақ, Т.Жүрге­новтің әкесі Қара да, атасы Қуан да дәулетті, көзі ашық, сол уақыт деңгейімен есептегенде білімді, жан-жақты, ел сыйлаған азаматтар болған. Шешесі Жәніш қазақтың ескі қисса дастандары мен аңыздарын жатқа айтатын, сабырлы да салмақты, бала тәрбиесіне үлкен мән берген адал жүректі ана.

 

Read more

ЕҢБЕГІМЕН ТӨРГЕ ОЗҒАН ЕР

    Еңбек еткен адамның ерні етке, аузы аққа тиетіні рас. Қайырымдылықты да қатар алып жүрсе қайырлы істің қайырымын көретіні тағы бар. Соңғы Пайғамбардың өзі солай деген емес пе? Оның үстіне адамдық туын жықпай, отанының көк аспанында желбірете білсе, ол да нағыз жігіттік қасиет. Біздің кейіпкер бұл үдеден шығып, өзін дәлелдеп қойғалы қашан. Ол сол үшін де "Сыр жанашыры" атанды. Еңбегі еленді. Руханиятты жаңғыртуды өзінің күнделікті жұмысынан бөліп-жармай жаны қалаған дүниені жасай білді. Біз тілге тиек еткелі отырған жан - Мұрат Абайұлы Сәрсенбаев.

Ол өзінің еңбек жолында басшылық жасаған "Абзал және компания" толық серіктестігінде қыруар жұмыстарды, тындырымды істерге нүкте қоя білген азамат. Еңбектің, адал істің сырын білетін сырбаз жанмен тілдесудің сәті түскен еді. Әңгімелесудің ба­сын 2018 жылдың табалдырығын аттап, жаңа күн­тізбенің бетін ашқан Сыр еліне, еңбексүйер жандарға ақ лебізін, жүрекжарды тілегін арнаудан бастады.

- Жер ананың қадірін білген егіншілер қауымына, он саусағымен түйін түйген еңбек адамының баршасына табыс пен бақыт тілеймін. Компанияның басты саласы күріш егу болғандықтан, бұл жұ­мыстың машақаты көп. Оны егіп, баптап, орып алып, одан соң өңдеп, қаптап, сатылымға шығарамын дегенше түрлі кезеңдердегі жұмыстар өз ауыртпа­шылығымен маңызды. Сондай қиын сәттерде мен осы егінші деген үлкен қауымға жігер мен шыдам тілеймін. Сонда ғана өнімнің өнімділігі арта түспек.

 

Read more

«БОЗАЙҒЫРДАН» «АБЫРЖЫҒА» ДЕЙІН..

    Асылы, кең-байтақ қазақ жерінің әрбір атырабы, әрбір ауылы киелі болады. Сонау жетпісінші жылдары Қаратерең ауылынан жиырмадан астам ұшқыштар қанат қақса, Сырдың бергі бетіндегі Бөген елді мекенінен ауыз толтырып айтарлықтай 25-ке жуық қаламгер шыққанын айтсақ та жеткілікті болар. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қайсар қаламгер Зейнолла Шүкіровтің ізін баса, осы ауылдың іргесіндегі "Қамау" атты кішкентай елді мекенде туып-өскен Сайлаубай ағамыз әдебиет көгіне ерте көтерілді. Біздің әдебиет ауылына араласуымызға, атсалысуымызға, мерзімді бәйгелерде жүлдегер атануымызға, танымал болуымызға үлес қосқан осы мектептің Жалғас Құрманов, Байбазар Жұмахметов, Тастыбай Әбдиев тәрізді ұстаздарының берік негіз қалағанын айта кеткенім жөн болар.

Біз 6-7 сыныпта оқып жүрген жылдары Сайлаубай ағамыз осы мектептің аға пионер вожатыйы болатын. Осынау ұзын бойлы, келбетті ағамыздың мектептегі "Балауса" атты қабырға газетінен әр түрлі тақырыптағы өлеңдерін қызыға оқып, Қуаныш Жиенбаев екеуміз оған үлкен таңданыспен қарайтынбыз. Тіпті, кейде теңізге тиіп тұрған бәкене тамына іздеп барып, Сәкеңмен біраз сөйлесіп, ақыл-кеңесін тыңдайтынбыз. Әкесі Жұбатыр ақ­сақал - біртоға кісі. Әдебиетпен, саясатпен шаруасы жоқ, ауылдың момақан қариясы болатын. Ағасы Ботабай біраз жыл Алматы қаласында тұрып, бұл кездері ауылда дәрігер болып қызмет атқарып жүрген. Бір бар­ға­нымызда, Сәкең төргі бөлмеде "Жұлдыз" журналын ақтарып, белгілі жазушы Рамазан Тоқтаровтың проза туралы көлемді мақаласын оқып отыр екен. Есіктен енген Қуаныш екеумізге бізге ол кездері тосындау, бей­таныстау ұғым болса да, әдебиеттің реалистік бағыты туралы біраз пәлсапа соққаны әлі күнге есімде. Сонда біз ағамыздың үлкен әдебиетке үлкен дайындықпен әзірленіп жатқанын білгендей болдық. Көп кешікпей Сәкеңнің 18 жасында республикалық "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінің екі санында "Бо­зайғыр" атты тырнақалды көлемді әңгімесі жарияланды. Әрине, әлгі әңгіменің кейіп­керлері дәл қазір менің есімде жоқ. Өзімше осы мектептің мұғалімі, Ұлы Отан соғысының ардагері, ауыл-аймаққа атбегілігімен әбден танымал Әлимұрат Нұрекешов әлгі әңгіменің басты кейіпкері шығар деп жорамалдаймын. Әйтеуір, бұл әңгімесі жарияланған соң көп кешікпей Сәкең Алматыға оқуға аттанды. Университеттің ІІ курсында оқып жүрген жылдары ағамыздың "Алыстағы аралдар" атты тұңғыш повесі Қазақстан комсомолы Орталық комитеті мен "Жалын" баспасының біріккен жабық бәйгесінде жүлделі ІІ орынға ие болғанын мерзімді басылымдардан оқып, ауылда жүрген біздер мәз-мейрам болғанбыз. Тап осы повесі жөнінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Шерхан Мұртаза, Фариза Оңғарсынова, Төлен Әбдіковтер бірауыздан "Жыл келгендей жаңалық" десті. Іле-шала жазылған "Жасыл сағым", "Отты өткел", "Тамұқ төріндегі қазына", "Бумеранг" атты кітаптары республикалық баспалардан бірінен соң бірі жарық көріп, жасөспірімдер түгілі, үлкен­дердің игілігіне айналғанын жақсы білеміз. Бірқатар повестерінің желісімен "Қазақфильм" киностудиясы онға жуық көркем фильмдер түсірді. Сәкеңнің "Ән салатын аралдар" атты көркем фильмі сексенінші жылдары Бүкілодақтық телевидение арқылы көрсе­тілгені көпшіліктің есінде болар.

Read more

Арал қасіретімен арпалысқан әдебиет қаһарманы

  Cайлаубай Жұбатырұлы - 1970-жылдары қазақ әдебиетіне үлкен серпіліс әкелген жазушылардың бірі. Студент кезінде жарқ етіп, 22 жасында "Алыстағы аралдар" по­весін жазып, шығарманың жүлдегер атануы С.Жұбатыров­тың шығар­машылық өміріне жол нұсқады, шабыт берді. Көркем дүниелермен қатар публицисти­калық шығар­ма­лары республикалық баспасөз бет­терінде жарық көріп тұрды. Ол жа­затын тақырыпқа байыппен қарап, салмақты ой айтуды дұрыс көретін. Содан болар, әрбір жазған дүниесі оқырманды бей-жай қалдырмайтын. Сол салмақ­тылық, сол ойлылық кө­сем­сөз­ден көркемдікке ауысуына әкелді.

Жазушының қаламынан шыққан "Отты өткел", "Бумеранг" повестері оқырманын баурап алса, бір­неше әңгіме-новеллалары "Жасыл сағым", "Алыс­тағы аралдар", "Зеленый мираж" (орыс тілінде)  жинақтарда жа­рық көріп, кітап­сүйер қауымның көзайымына айнал­ды. "Алақандағы ұя" әңгімесі әлемнің бес тілінде жа­рия­ланды.

Сайлаубай - "Қазақфильм" түсірген толық мет­раж­ды "Бумеранг" көркем фильмінің, Қазақ телеви­де­ниесі түсірген "Күзгі жол" көркем телефильмінің авторы. Елуге тарта көркем фильм­ді аударған. Соң­ғы жылдары Сырда тұсауын кескен "Абыржы" три­логиясы жазу­шының ішкі шерін ақтарған толғақты шығармасы.

 

Read more

«Бозайғырдан» кейін хаттардың тиегі ағытылды

Бәрі де көз алдымда. Асыға күтіп, қызыға бас қоятын "Қазақстан пионері" газетіне үңіле бергенім сол еді, "Бозторғай" деген әңгіменің астында тұрған Сайлаубай Жұбатыров деген таныс есімді көзім шалуы сол екен, орнымнан қалай атып тұрғанымды білмеймін, үлкен бөлмеде ұйқыны соғып жатқан ағамның қасына құстай ұшып жетіп бардым.

- Сайлау, Сайлау! Тұр дейім, тұр! "Бозторғай" деймін, "Бозторғай"!- деп, жұлқылап оятып жатыр­мын. Аузыма басқа сөз түспейді. Қуаныш па, таң­дану ма, бір сезім кернеп барады. Ән­ше­йінде бұлай жұлмаламақ түгілі, батып сөз де айта бермейміз.

- Не? Не дейсің?

Көзін зорға ашып, әлі түк түсінбей жатыр. Мен болсам қолымдағы газетті көзіне кіргізіп алардай желпілдетем келіп бетіне. Сосын барып газетті қолына алып, ашып көріп, "Өй, Бозторғай емес, Бозайғыр ғой" деді. Сонда барып әңгіменің аты "Бозайғыр" екенін көрдім. Бұл ағамның менің газет бетінен көрген алғашқы туындысы еді. Сөйтсем, одан бұрын да аудандық газетке бір өлеңі жария­ланған екен. Бірақ мен ол кезде әріп танымаймын да. Сол-сол-ақ екен, поштабай үйімізге күнде хат әкелетін болды. Қазақстанның мен естіп білмеген түпкір-түпкірінен хаттар толассыз ағылып жатты. Мектеп оқушылары, қыздар хаттарды суреттерімен қоса жолдайтын, күніне он жеті хатты санап алған кезіміз болды. Осы арада жарықтық әкем екеуміздің бір ұрлы­ғымызды айта кетейін. Жалпы біреуге келген хатты ашып оқуға болмайды, әрине. Деген­мен, мынадай хаттар қызықтырмай қоя ма? Онда да әкемнің бастамасымен болған жағдай.

 

Read more

«Мақсатымыз – ой-сананы ояту, өткенді бүгінмен сабақтастыра отырып, рухани әлемді жаңғырту»

Биыл «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қорының құрылғанына – 5 жыл. 2013 жылдың қаңтарында жұмысын бастаған қор ә дегеннен білек сыбана іске кірісіп кеткен-ді. Нақтырақ айтсақ, 2013 жылы «Қызылорда облысы аймағында тарихи-танымдық туризмді дамыту» жобасын қолға алған қор келесі жылдары «Қызылорда қаласының тарихи имиджін көтеру», «Отбасындағы әке мен ана ролін арттыру, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту», «Азаматтық журналистиканың этикалық және құқықтық деңгейін арттыру», «Қазақ тілді журналистердің кәсіби тілдік сауатын көтеру» жобалары арқылы алға жүйелі жоспарлар құрып, жұмыстар жасады. Қоғамдық қордың бір ерекшелігі, дайын асқа тік қасық болмай, мемлекеттік тапсырыс аясында емес, жыл сайын өздері жоба дайындап, оны қорғап, сол бойынша өз аудиториясымен тыңғылықты шаралар ұйымдастырып келеді. Біз бес жылдық қарсаңында қор төрағасы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Нұрлан Көбегенұлы Нұрмахановты сұхбатқа шақырған болатынбыз.

- Нұрлан Көбегенұлы, қарап отырсақ, ру­хани жаңғыруды сіздер осыдан 5 жыл бұрын бастап кеткен екенсіздер. Ұйымды құрудағы мақ­сат-міндеттеріңіз қандай еді, осы атауды таңдағандарыңызға не себеп болды?

- Қандай да бір іс бастамастан бұрын оның мақсаты, халыққа тигізер пайдасы, әрі қарай жұмысты жүргізу реті жоспарланатыны белгілі. Оның үстіне қоғамдағы оқиғалар, жағдайлар, адамдардың дүниетанымы, көзқарасы, бір-бірімен белгілі бір дәрежедегі қарым-қатынасы, іс-әрекеті әсер етеді. Ұйымды құру о баста ойда жүрген еді, пісіп-жетілген уақытында дүниеге келді. Өзім кәсіби журналист болғандықтан бұған дейін тарихи-танымдық, қоғамдық-саяси, қоғам­дық-әлеуметтік, экологиялық басы­лым­дарда жұмыс жасап, тәжірибе жинақтап, елмен етене араласқаннан кейін рухани азықтың ор­та­сында жүрсе де, кейде қадірін білмеу, кейде оны бойға сіңіру, електен өткізу, ұрпаққа пайдасын қал­дыру мәселесіне келгенде адамдардың ой-санасына те­реңірек еніп, ұлтымыздың жадын рухани жаң­ғырту керектігін байқадым. Атаудың өзі сұранып тұр еді. Осылайша қоғамдық қорға "Ру­ханиятты жаңғырту" деген ат қойып, сол жы­лы-ақ алғашқы жобамызбен жұмысымызды бастап жібердік.

 

Read more

Ана құрсағы – сәбидің ең алғашқы мектебі

 Сүтпен дарыған мінез сүйекке сіңетіні рас. Десек те "Баланы жастан" емес, бесіктен, тіпті, ана құрсағынан бастап тәрбиелеу керек екенін қазақ халқы жақсы түсінеді. Баланы тәрбиелеудің, тағылым берудің негізгі мәйегі - мейірім мен сүйіспеншілікте екені талассыз. Солай бола тұра "нарықтық-экономикалық дәуірдің перзенттері қаржыға құнығып, адами қасиеттен жұрдай болып бара жатқан жоқ па?" деген сауал көпті алаңдатады. Неге? Себебі болашақ бозбала мен бойжеткеннің парасатты тұлға болып тәрбиеленуі - қазіргі ата-аналардың алдындағы ауыр жүк. Оны аңғара бермейтін жұбайлар шаранасына салғырт қарап, құрсақта аяламақ түгілі айға толар-толмастан күтуші жалдап, өзі тынымсыз тіршіліктің әлегінде жүреді. Бұның соңы қандай жағдайға апарып соқтыратынын өмір жолы көрсетіп берер. Дегенмен салауатты дененің сырқаттанғанынан бұрын, рухани дертке шалдықпас үшін осы бастан қам қылған абзал.

Қарапайым жағдаяттарда перзенттер барлық нәрсені өмірге келген соң үйренеді, көреді, біледі, көңіліне түйеді. Алайда, адамның бес жасқа дейін бойына сіңірген тәрбиесі бүкіл ғұмырында алған тәрбиесінің тоқсан пайызын құрайды екен. Соның ішінде сәбидің ана құрсағындағы тәрбиесі аса маңызды орын алатын көрінеді. Бір қызығы, бала ана құрсағында болғанда, анасы нені көп үйренсе, нені көп білсе, кейін бала сол нәрсені тез игеретіні көп айтылып жүр. Соңғы Пайғамбардың өзі тәрбие турасында сондай пайым жасағаны көпшіліктің есінде. Бастысы, тәрбие беру мен салауатты ұрпақ өсіруде тоғыз айға кеш қалмасаңыз болғаны. Қазақ халқының "Тауда туған баланың екі көзі таста болар, ашта туған баланың екі көзі аста болар" деген мақалы осы түсінікті дәлелдей түскендей.

Read more

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.