Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Мамыр 2017

31 Мамыр 2017

Нәубет – нәлет!

 

Адамзат жер бетінде жаратылғалы оған сырттан төнер қауіп-қатер аз болмаған көрінеді. Біріншісі өрт, тасқын су, жер сілкінісі сияқты табиғи апат зардаптары болса, екіншісі бір тайпа немесе бір елдің бір елге соғыс ашуы салдарынан адам баласының көрмегені жоқ. Аспан асты, жер үсті адам өліктерінен қан сасыды. Сонан бері талай заман өткенде біздің дәуіріміздің ХХ ғасырының отызыншы жыл­дардағы сталиндік қуғын-сүргіннің сұрапыл дауылы басталды. Оған дейін де қазақ ұлтының басынан талай ашаршылық, жұт, кәмпеске жылдары, жаугершілік кезеңдері жауар бұлттай күркіреп өткені тарихи деректерден белгілі.

Read more

12 Мамыр 2017

Маңғыстаудан түйген ой: Мұстафа Шоқай ескерткіші өмірге қалай келді?

 

Алаш қозғалысы тұсын­да тебінгіден тер, қабырға­дан қан жаудырған патшалық билікпен темір етіктен тең­гедей, темір таяқтан тебен­дей қалғанша белдескен күрескерлердің бірі - Мұстафа Шоқай. Ер есімі ұзақ жылдар бойына ескерусіз қалып, Тәуелсіздіктің арқа­сында азаматын ардақтауға мүмкіндік алды. Бірі ардақтылардың өмірлерін дәріптеп, дерек­көздер жинап, қолжазбалары қолдарына түскен сәттен бастап бар дүниені біріктіріп кітап етіп шығарып жатса, енді бірі көше аттарын беріп құрмет көрсетуде. Ал, қызылордалықтар өзі­нің қайсар қайраткеріне қоладан алып мүсін соғып берді. Осы ескерткіш еңсе көтерген кез­ден бастап ел арасында түрлі көзқарастар хақындағы пікірлерге құлағымызды түріп те жүрдік. Мүсінші мамандардың көзімен қарай алмасақ та, биіктігі тоғыз метр болатын мүсін­нің көркіне көзіміз тоймағаны жасырын емес.

Read more

Орынбор-Ташкент темір жолы: тарих пен тағылым

 

Тәуелсіздік алғаннан кейін өз тарихымызды қайта қарап, барымызды түгелдеп, бұрын жа­зылған тарихи мұрамызды қайта саралап, тарихымызды жаңа көзқараспен, яғни, ұлттық көзқараспен жазуға мүмкіндік алдық. 2004 жылы Қазақстан темір жолына 100 жыл толуына байланысты, темір жолдың Қазақстан тарихына өзіндік ықпал жасағандығын біз тарихтан білеміз. Темір жол Қазақстанның әлеуметтік-саяси және экономикалық дамуына үлкен ықпал жасады.

Read more

Зейнолла Шүкіровтың эпистолярлық мұрасы

 

Сыр топырағынан шыққан дарынды ақын-жа­зушы Зейнолла Шүкіровке жазылған облыстық му­зей қорындағы хаттардың әрқайсысы бір-бір эпи­столярлық әдеби шығарма. Әр жазылған хат қазақ еліне белгілі тұлғалардың З.Шүкіровке деген көз­қарасын, ішкі мәдениетін байқатады. Хаттарда әдеби тұлғалардың күйініші, сүйініші, өкініші, өмір мен саясатқа деген көзқарасы да бүкпесіз ақтарыла ай­тыл­ған. Мақалада сол хаттардың екеуін ұсынуды жөн көрдік.

Атырау облысы, Құрманғазы ауданында 1905 жылы дүниеге келіп, 90 жасқа келгенде дүние салған (1995 жыл) ақын-жазушы Әбу Сәрсенбаевтың Зейнолла Шүкіровке жазған хатын тебіренбей оқу мүмкін емес. Облыстық музей қорында Ә.Сәрсен­баевтың З.Шүкіровке жазған 3 хаты сақтаулы. Бірі 1962 жылы, екіншісі 1963 жылы, үшіншісі 1972 жылы жазылған.

Read more

ҰЛТЫНЫҢ ЖОҒЫН ЖОҚТАҒАН

 

Қазақстанның халық жазушысы, драматург Қалтай (Қалиолла) Мұхамеджанов 1999 жылы 70 жасқа толған мерейтойын өткізуге елге - Қызылордаға келгенде: "Есіңде болсын, Шым­кентте ұстаз-ғалым, жорналшы, аудармашы Әсілхан Оспанұлы есімді ағаң бар. Ол саналы ғұмырын зар заман ақындарының мұраларын қазіргі жастарымызға жеткізген үлкен тұлға, турашыл әм еңбекшіл азамат",- деген-ді. Кейі­нірек оның ұлы Ералымен танысқаннан кейін Қалтай ағамның тапсырмасы жадымда қайта жаңғырып, Әсілхан ағаның қиын да қыз­ғы­лықты, тартысқа толы, нәтижесі көбіне табыспен аяқталатын, Қалтай ағамның өмір тарихына ұқсайтын көптеген жәйттерді зерделей баста­дым.

Қазіргі жастарымыз тамсана, таңырқап оқитын өмірбаян.

Әсілхан Оспанұлы 1934 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, бұрынғы Арыс ауданының Көмешбұлақ аулында дүниеге келген. Бабасы Тұрлықожа ескіше діни сауатты, қажылыққа барған, мешіт имамы болғандықтан, әкесі Оспанқожа да қуғын-сүргін зардабын көп көрген. Ол кісі әдетте Сібір-Түркістан теміржо­лында жұмысшы болып, кейін балаларын оқыту үшін Шымкент қаласына көшіп келіп, Қорғасын зауытында жұмыс істейді. Әсілхан ағаның әкесі де, анасы Алтын Дәуренбекқызы да сауатты болғандар. Есейе келе мектепке барған Әсілхан аға әкесінен жастайынан құлағына сіңіріп өскен мектеп оқулықтарынан Майлықожаның, Құлын­шақтың, Молда Мұсаның шығармаларының болмауына іштей таң қалатын. Соғыс жылдары (1942-1944 жж.) Шымкент мұғалімдер инсти­тутын, кейін (1948-1955 жж.) ҚазМУ-нің фило­логия факультетінің журналистік бөлімін тәмам­даған ағаның бала кезінен оянған құштарлық сезімі оны ғылыми жолға жетелейді. Академия президенті Қ.Сәтпаевқа жазған сансыз өтініш­терінен кейін 5 перзентін, қарт әке-шешесін қал­дырып, 1959 жылы Қазақстан Ғылым Акаде­миясының аспирантурасына қабылданып, "ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті тарихының мәселелері (Мәделіқожа, Майлы­қожа, Құлыншақ, Молда Мұса, Нұралы, Ергебек ақындардың шығармашылық қызметі негізінде" деген тақырыпта диссертация жазады. Мұхтар Әуезовтің ғылыми жетекшілігімен басталған жұмыс, ол кісі өмірден озғаннан кейін көп қиын­дықтар мен кедергілерге ұшырап, аспирантураны бітіргеннен кейін 2 жылдан соң, 1964 жылы 14 қаңтарда диссертациялық жұмысын қорғап, (академиктер Қажым Жұмалиев пен Сәбит Мұқанов­тар қарсы болады) филология ғылымда­рының кандидаты ғылыми дәрежесін алады. Сөйтіп қазақ әдебиеті тарихында алғаш рет жоғарыда аталған 6 ақынның шығармалары ғы­лыми айналымға түсіп, туған халқымен қауыша­ды. Кейін бұл саладағы ғылыми ізденістерінің нәтижесін жинақтап, 20-дан аса кітап бастырып шығарады.

Read more

Шежіремен тарих шектеле ме?

 

Бұрынғылар "Ұр­пақ­тан ұрпақ туады, ата жолын қуады" деп ұрпақ жалғас­тығын айтқан бо­лар. Иә, баяғыда өмірі қолына хат, қалам ұстамаған қазақ баласы ес­ті­генін, білгенін ата­дан балаға ауызекі әң­гіме, жыр-дастан ретінде айтып кеткен. Кө­кі­регі қазына іспеттес құйма құлақ қарт­тарымыз қа­зіргідей айфон, интернет, ком­пьютер жоқ кезінде таңнан кешке, кештен таңға дейін ақыл-кеңесін ұрпақ құлағына қорғасындай құйып отырған. Соның бірі туыстық тарихы, қазіргі тілмен айтқанда, күрмеуі көп, шешімі шиеленіскен шежіре болатын.

Read more

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.