Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

28 Желтоқсан 2017

СЫР ӨҢІРІГІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Қазақ Елінің рухын көтеру үшін, оның тарихын білуіміз бізге парыз. Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ұлт тарихы өлке тарихынан бастау алады. Бүкіл адамзаттық құндылықтар әлемдік құндылықтар мен ұлттық құндылықтарды құрайтын болса, өлке тарихы сол құндылықтардың бастау бұлағы» деген ұлағатты сөзі өмір-сүріп жатқан өз өлкемізді танып-білу керектігін айтып тұрған бізге бағдаршам іспеттес болуы керек.

Отан тарихы – өлке тарихынан бастау алады. Адамзат өркениетінің туып-қалыптасуына негіз болған Еуразия даласындағы «Алаштың анасы» атанған Сыр өңірінің дамуы мен өркендеуіне Сыр бойында өмір сүрген сақ тайпалары және оның көсемдері Томирис, Спаргапсис, Скунха, Спитамен, одан кейінгі заманда Қаңлы мемлекеті (Кангюй), Сыр өңіріндегі Ақ Орда мемлекеті, оның астанасы Сығанақ, Ақ Орданың хандары Шымтай, Ұрыс (Орыс), Барақ т.б. одан кейінгі Қазақ хандығы кезеңі де осы өлкенің тарихымен байланысты.

Сыр өңірінің табиғаты қандай бай болса, оның тарихы да соншалықты бай. Бүгінгі Сыр бойының жерінде сонау тас дәуірінің жәдігерлері осы өлкенің өзіндік өркениеті болғандығының дәлелі. Аталған өңірде Шірік-Рабат, Жанкент, Жент, Сауран, Сығанақ, Құмиян, Аққорған, Өзгент т.б. қалалардың болуы және сонымен қоса ерте феодалдық мемлекеттердің орталығы болғандығы біз үшін үлкен мақтаныш. Бүкіл әлемге белгілі данышпан, музыкант, философ Қорқыт бабаның Сыр бойында дүниеге келуі де және оның өлімі де Сыр бойында бекер болған жоқ. Қорқыт бабаның ұрпақтары атамекенін «Сыр елі-жыр елі!» дегізді.

Read more

ЗАКАШ КАМАЛИДЕНОВ ЖӘНЕ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ

    Белгілі мемлекет қайраткері Закаш Камалиденов дүниеден озар алдында, бір апта бұрын «Дорогами судьбы» атты естелік кітабын ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің мұражайына табыс етті. Бұрынғы Қазақ КСР МҚК-нің төрағасы қолтаңбасында былай депті: «Құрметті қызылордалық чекистер! Департаментте мұражай ашылды деп Абдат (Бапалақов) хабарласты. Өте дұрыс. Менің өзім көрген Алматының департаментінде мұражайда экипировка, чекистердің киім-кешектері, қару-жарақтары қойылған. Атырауда ЧК-ның бүкіл тарихы бар. Мұражайды тарихи жақсы жасауларыңа тілек айтамын. Жас офицерлер жұмысты мұражаймен танысудан бастаулары керек. Құрметпен генерал-майор Камалиденов Закаш Камалиденович. 31 қаңтар, 2017 жыл. Алматы қаласы».

Сексеннен асқан қауіпсіздік органдарының құрметті ардагері «чекист» деген ұғым, түсінік әлдеқашан келмеске кеткенін қайдан білсін. Қазіргі Ұлттық қауіпсіздік комитеті 1992 жылы 13 шілдеде құрылды. Сондықтан да мұражайдағы экспонаттар, тарихи құжаттар мен мәліметтер жаңа құрылған мемлекеттік органмен тығыз байланысты. Өзін бұрынғы ВЧК-ОГПУ-КГБ-нің мұрагері деп есептемейді. Қысқасы, Закаш Камалиденовтің аталмыш кітабы осы жолдардың авторына бұйырды.

Read more

ЕЛБАСЫ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДАҒЫ СЫР ЕЛІ

Жаны жарқын, көңілі дархан Сыр елі Елбасымыздың назарынан ешқашан тыс қалған емес, тәуелсіздік жылдары Президент Н.Ә.Назарбаевтың облысымызда 13 рет болғаны сөзіміздің дәлелі. Өзі айтқандай, «Сыр - Алаштың анасы» тарихына жүгінсек, бұл жерде қазақтың үш астанасы болған: Жент, Сығанақ және Қызылорда. Бұл дана Қорқыт бабамыздың, Жанқожа мен Бұхарбай сынды батырлардың, Мұстафа Шоқайдың, Сыр сүлейі Кердері мен ғұлама Тұрмағанбеттің, ақын Әбілда мен Нартайдың, тамаша жазушылар Әбдіжәміл мен Қалтайдың, тағысын тағы көптеген ардақты, дарынды перзенттердің туған өлкесі.

1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. 10-желтоқсандағы алғашқы Президентті ұлықтауға (инагурация) арналған салтанатты жиынның таңертеңгі отырысында ҚКСР - Қазақстан Республикасы деп аталынатын шешім қабылданып, кешке Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің отырысында Президент лауазымды жоғарғы мемлекеттік қызметке тағайындалды. 16-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң күшіне енді.

10-желтоқсандағы Президентті ұлықтау рәсіміне облыс делегациясының құрамына еніп, Н.Ә.Назарбаевтың ант беру рәсімінің куәгері болғанымды мақтанышпен еске аламын. Н.Ә.Назарбаев ҚР Ата заңына оң қолын қойып, ант беріп тұрғанда арт жақтан сахнаға ілінген құлап бара жатқан республика туын көз ілеспес шапшаңдықпен ұстап қалды. Уақыт көрсеткендей, көптеген қиындықтарды артқа тастап, барлық жағынан алғанда әлем картасынан өз орнымызды ойып алып, ант берген сағатынан бастап Елбасымыз бекем ұстаған көк байрағымыз әлемнің көптеген елдерінде мен мұндалап тұрғанының бәріміз де куәгеріміз.

Read more

CЫР ӨҢІРІНІҢ ҚАСИЕТТІ ОРЫНДАРЫНЫҢ КАРТАСЫ МЕН ЖИНАҒЫ ШЫҒАРЫЛАТЫН БОЛДЫ

Мұндай шешім Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңестің отырысында қабылданды.

Кеңес отырысында қаралған мәселелер мен қабылданған шешімдер Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген басымдықтарға негізделіп отыр.

Read more

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30 31

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.