Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

14 Желтоқсан 2017

БАТАҚТЫҢ САРЫСЫ

Иә, әр заманның, әр қоғамның өз бұлбұлы, өз сұрқылтайы болатыны бесенеден белгілі. Әрине, олардың баршасы бүгінгі күнге түп-түгел тұяқ іліктірген жоқ. Тарих шаң-тозаңында көбісінің есімі жоғалып кетті. Біздегі халық әндерінің бір заманда авторлары болғаны ақиқат. Бірақ уақыт өте келе олардың аты жаппай ұмытылып, шығармалары халықтың өлмес, өшпес меншігіне айналды. Шынында, тарих әділ таразы. Уақыт шөміші тарих қазанын сапырғанда көбіктері басылып, саф алтындары түбінде қалады. Енді соны тәуелсіздік кезеңі алашқа әйгілеп жатқан жайы бар. Соның бірі - жерлесіміз, Құланды түбегінде қамшының сабындай, қысқы ғұмыр кешкен, әйгілі, бірақ есімі ел арасында белгісіздеу өнер иесі Батақтың Сарысы. Кешегі кеңестік, бүгінгі тәуелсіз қоғамның тұсында да осынау айтулы өнер иесі туралы әрі сарас, әрі сараң айтылып жүргені аян. Біз осы олқылықтың оялы орнын аз да болса түгендеу мақсатында қалам тербеп отырмыз.

Бұрын да, қазір де оқта-текте Қазақ радиосы арқылы Сарының сағынышқа, мұңға толы ғұмырбаяндық әйгілі әні шырқалып жүр. Әзірге ғана қанағат. Осыдан 77 жыл бұрын "әйгілі академик, композитор Ахмет Жұбанов "Сары" атты көлемді музыкалық шығарма жазыпты" дегенді ілгеріде баспасөзден оқығанымыз бар еді. Соған қарағанда, шын алтынды замана шаң-тозаңы қаншама уақыт өтсе де бүркей алмайды екен. Осындайда ғой қазақтың: "Су түбінде жатқан тас жел толқытса шығады, ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады" дейтіні. Соның кезеңі енді келе жатқан сыңайлы.

 

Read more

БАЙҒАРА БАТЫР

Талай ға­сыр­ды басы­нан өткерген қазақ хал­қы­ның өмірі, тір­шілігі, ұлт­тық батыр­лары жөнінде орыс зерттеу­ші­лерінің ма­те­риал­да­рына сүйен­сек, келе­шек ұр­паққа үлгі бе­рерлік­тей жү­йе­лі жаз­ба жоқ. Сон­да да бол­са, ел үшін ерлік жасаған батырлардың есімі ұр­пақ­тан-ұрпаққа ауызша жетіп отыр. Сондай тарихи тұлғаның бірі - Байғара батыр Қожасұлы. Ендігі әңгіме осы Байғара батырға қатысты болмақ.

Байғараның арғы тегі Кіші жүздің Жақайым руынан Бердіңқұл болып тарайды. Ел іші емес пе, барлық уақытта Кіші жүздің балалары өзіне тартып, тарихи үлкен мәселелерді ауызбір­шілік­пен шешіп отырды деуге болмайды. Руішілік келіс­пеушілік өзара көп болғаны тарихи роман­дардың өзінде бой көрсетіп жүр. Әсіресе, Байғара батырдың болмысын анықтауда жазушы Ә.Кекіл­баевтің "Үркер" мен А.Сергеевтің "Петер­бор елшісі" атты шығармаларында айтулы мысал­дар көзге түседі. Байғара батырдың өзі 1701 жылы дүниеге келіп, әкесі жастайынан қайтыс болған соң бауырлары Баби мен Сырлыбайдың тәрбиесін алып өскен. Ал қалмақ­тарға қарсы Аңырақай шайқасында Бөгенбай, Ақша, Есет, Мойнақ, Баби, Сырлыбай, Байғара­лардың қатысқаны тарихи деректерден белгілі. Байғара батыр Сартай бастаған "Мың бала" қолының белсенді қатысушысы.

Read more

ОБЛЫС ЖАСТАРЫНА ЖІГЕР БЕРГЕН ФОРУМ

   Болашақ – жастардың қолында. Қоғамның басты қозғаушы күші де осы жастар. Осыны қатаң түрде ескеретін билік басындағылар жас-тар мәселесіне немқұрайлы қараған емес. Керек жерінде қол созып, шалынған тұсында демеу де беріп келеді. Айтылған сөздің дәлелдемесі ретінде Қызылордада 18-19 қараша аралығында өткен «QYZYLORDA: БІЛІМ. БОЛАШАҚ. ЖАҢҒЫРУ» атты облыс жастарының дәстүрлі ХІІI форумын көрсетуге толықтай негіз бар.

Форумға басқарма, аумақтық департамент басшылары, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, жастар ресурстық орталығы-ның қызметкерлері, жастар ұйымдарының өкілдері, ІТ саласының үздік мамандары, оқу орындарындағы және кәсіпорындарындағы жастар комитетінің жетекшілері, әрбір ауылдық округтегі жастармен жұмыс жасайтын ма-мандар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің барлығы дерлік шақырылған.

 

Read more

АБЫРОЙ БИІГІНДЕГІ АЗАМАТ

   Әдетте, отбасы төңірегінде сөз қозғағанда, от­­басындағы әке мен ана рөлін әңгіме өзегіне ай­нал­дырғанда қазақтың қастерлі шаңырағы үшін әке­нің орны ерекше екені айтылады. Оның үс­тіне, Сыр елі - ұлттық тәрбиеге, қаза­қы тәлімге бай өңір. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған от­­басылардың өнегесін көріп өскен кейінгі ұрпақ сол тәрбиені өз өміріне де өзек етіп жүрері даусыз. Ал, тәрбиелі отбасының тізгіні әке болса, ұйыт­қы­­сы - ана. Біз білетін, отбасында өнегелі әке, қыз­­­метте білікті басшы, қоғамда қайраткер Данияр Сұлтанбекұлы биыл жетпістің төріне шық­ты. Ағамыз жетпіс жасқа азаматтық тұлға­сымен, асқақ абыроймен, зор табыспен жетті.

Сырбаз мінезді, байсалдылық пен қара­па­йым­­дылықтың үлгісі, жан-жағына жақсы­лық­тың нұрын шашып жүретін жаны жомарт, өз ісіне мығым ағамыздың ғибратты ғұмыры тек із­де­нумен, адал еңбекпен, алға ізгі қадам басу­мен, ұла­ғатты ұрпақ тәрбиелеумен көпке үлгі болып келеді. Оның жүріп өткен өмір­баян­­дық жолы мақтануға, үлгі етуге қашанда тұрарлық.

Read more

ӨНЕРЛІ ХАЛЫҚТЫҢ ӨРКЕНІ ЕДІ

Елбасы Н.Назарбаев "Ұлы Дала ұлағаттары" ең­бе­гінде: "Мемлекеттің дамуы рухани әлемнің дамуы­мен тікелей сабақтас. Адамның эстетикалық және эти­калық талғамы қатар өс­кен жағдайда ғана, елдің де зерде зейіні толы­ғып, қоғамның моральдық келбе­ті кемелдене тү­седі. Мәдениет қайраткерлерінің ар таза­лығы мен жан тазалығы алдыңғы орынға шы­ғады. Өнер сонда ғана қанатын кеңге жаяды" деген бо­ла­тын. Өнер - халықтың сарқылмайтын рухани қа­зы­насы. Қайбір өнердің болмасын өзе­гінде ұлттық рух жатпаса, ол ұлтымыздың ұлы қазынасына қосы­ла алмайды. Өнерлінің еңсе­сі биік, бәсі жоғары екені дау­сыз. Сыр өңі­рінде әлемдік көрмелерде Ұлы Дала­ның ғажа­йып сырларын өрнектеп, ұлттық рухани қазы­намызды байытып өз табынушыларын тапқан бей­нелеу және кескіндеме өнерінің өкіл­дері, тасқа жан бітіріп, темірден түйін түй­ген саңлақ сәулет­ші­лердің шынайы шығарма­лары жетерлік.

2015 жылдың қоңыр күзі. Республика­мыз­дың жер-жерінен жоғары оқу орындары оқы­тушылары білікті арттыру мақсатында Алматы қаласына бар­дық. Өскеменнен екі жігіт ағасы біздермен бірге бол­ды. Жөн сұрастық. Мен қызылордалық екенімді, олар өр Алтайдан келгендерін айтты. Алғашқы сұра­ған­дары "Мамақова Өркенді білесіз бе?"-деді. Мен ол кісі­ні жақсы білетінімді, тіпті меншіктеп Сыр елі­нің өнер қайраткері суретші ағайым Айтбаев Бақыт­бек­тің досы болғандығын және жуық арада Өркеннің өмір­ден озғандығын айттым. Екі жігіттің бірі: "Ол та­лантты суретші болатын, оң қолынан өнері тамған өнер­дің иесі еді. Өскеменімнің өнерлі Өркені еді",- деп кө­зі­не жас алды. Туған жеріне, ол жігіт ағасының өн­ер иелеріне деген тағзымын, құрметін көріп, "көк түр­кі­лер кіндігінен тараған барша ұл-оғ­лан­дар осы­лар­дай болсайшы" дедім.

Read more

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.