Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Қазан 2017

09 Қазан 2017

Жанармайға құлаққағыс

- О, жанармай, жағармай!

Сыртқа құшақ жаясың,

Шикілей сонда тоясың...

Өнесің өсіп өзге елде,

Өзіңді Құдай аясын.

 

Сені өндіріп баптайтын,

Өзімде зауыт аз екен.

Шық түсірмей сақтайтын,

Шіркін-ай, сауыт аз екен.

 

Кемелге келіп ол жақтан,

Келесің шыққан жеріңе.

Сұйылып келіп сол жақтан,

Сыймайсың тіпті теріңе.

 

Ренжітіп адамды,

Көтересің бағаңды...

Тікірейтпей халыққа,

Түсірсейші жағаңды.

 

Read more

06 Қазан 2017

Алаш зиялылары қызметінің зерттелуі

     Егемендік алғаннан кейінгі кезеңдегі мемле­ке­тіміздегі жаңарулар мен тың серпілістер тарихи оқиғаларға жаңа тарихи таным бағытында зерт­теу мен тың деректер негізінде қайта сарап­тап зерт­теу мүмкіндігін әперді. Отандық тарихы­мыздың  "ақтаңдақ" беттерінің орнын толтырып, болған оқиғалар мен құбылыстарды жаңаша көз­қарас тұрғысынан сараптап, тарихи шындықты зерттеп, зерделеп жария етіп отыру ұлттық зиялылар қызметі арқылы жүзеге асатыны мәлім. Егеменді Қазақ мемлекетін құру жолында ұлттық сананың қалыптасуы мен қазақ ұлтының өткен тарихын, жекелеген тұлғалары мен тарихи үрдіс­терін шынайы түрде толық қарастыруды қажет етіп отыр. Қоғамда ұлттық зиялы қауым өкіл­де­рінің, қоғам қайрат­керлерінің, тіпті ел ішінде танымал болған белгілі мемлекет қайрат­керлері мен саясаткерлердің есімдері ХХ ғасыр­дың 20-жылдарының соңынан басталған кеңес­тік жүйе­нің арнайы жүргізген саяси іс-шарала­рының құрбаны болып кете берді. Кеңестік тарих ғылы­мы төңкеріске дейінгі жекелеген ұлттық тұлға­лардың өмір жолдары мен азаттық жо­лындағы кү­ресі мен ұлтына арнаған қоғамдық-саяси қыз­мет­терін өмірге жанаспайтын ұғымдар тұр­ғысы­нан қарастырды, зерттеуге тыйым салды, ал зерт­теле қалғандары сыңаржақ баға­ланып, тарихи шын­дық тұрғысынан бағалауға мүмкіндік бермеді.

ХХ ғасырдың 20-жылдары қазақ зиялыла­рының ұлттық демократиялық көзқарастары мен тәуелсіздік жолындағы күресін бағалау екі бағытқа бөлінді. 1925 жылғы желтоқсан айында өткен V өлкелік партия конференциясында Голощекин "алаштықтардың" әрекеттерін: "Біз ақпан революциясына дейінгі және одан кейін де басында А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов және М.Дулатов сияқты ұлтшыл қазақ интеллиген­циясы құрған ұлттық қозғалысты қалай бағала­уы­мыз керек? Сондай-ақ, бұл ұлтшыл интел­ли­генция тобына біздің партияның қазіргі қатынасы қандай болмақ? Түсінікті ғой, жол­дастар, ақпан революциясына дейінгі буржуа­зиялық азаттық қозғалысы, мәселен, Қытайдағы ұлтшыл-бур­жуа­зиялық элементтер бастаған ұлттық револю­циялық қозғалыс сияқты, объек­тивті революция­шыл болды, ол қазір реакция­шыл, тіптен контр­революцияшыл. Басқа ештеңе емес" деп қорыт­ты. Ұлт-азаттық қозғалыс интел­ли­ген­цияның қызметіне берілген бұл партиялық баға теория жүзінде ұлт-азаттық қозғалыс идеология­сына және практикада оның иесі ұлттық демокра­тияшыл интеллигенцияға қарсы шабуылға көшу­ге негіз болған еді. 20-жылдардың екінші жарты­сын­да партиялық тапсырма бойынша алаш қоз­ғалысы тарихына арналған А.Бочагов­тың очерк­тері және Мартыненконың құжаттар жинағы жарық көрді. А.Бочагов өз еңбегінде қазақ зиялыларын 3 топқа бөліп қарастырды: жоғарғы, орта және төменгі. Мұнда әр топтың мүшеле­рінің саяси ұстанымдары, оларды төңкеріске дейінгі кәсіби деңгейіне, материалдық жағда­йы­на және қоғамдағы иерар­хиялық орнына қарай бөлді. Жалпы, бұл екі автор да ұлт-азаттық қоз­ғалысқа қарабайыр таптық тұрғыдан ғана келіп қоймай, сонымен бірге қазақ тіліндегі құжаттық материалдарды елемеді, сондай-ақ ашықтан-ашық тарихи деректерді бұрмалай жазды.

Read more

Журналистерге арналған жоба тілшілердің тіл білуге деген талпынысын арттырды

Әлемдік қауымдастықта мойындалған тілді меңгеру - жаһандық талапқа жауап берудің бірден бір жолы. Әлбетте, бұл өз ана тілімізді тасада қалдырып, өзге тілге орын беру дегенді білдірмейді. Қалай десек те, ақпарат ағынына ілесіп, көптің көңілі ауған дүниеден құр қалмас үшін ағылшын тілін білу керек-ақ. Мұны өзіңіз де сезініп жүрген боларсыз. Сондықтан да көзі ашық, оқудың соңына түсіп, білімге беттеген азаматтардың бәрі де тіл білудің талабын түсініп, көштен қалмаудың қамына кірісті. Оған дәлел іздеп керек емес. Міне, дәл осы тіл білудің талабы ақпараттың негізгі қайнаркөзімен жұмыс істейтін журналистерге екі есе қажет. Елден бұрын хабар таратып, жаһандық жағдайға үн қатып, өзгерістерді елге жеткізіп жүретін журналистер қауымы тіл білуді тек талап тұрғысынан емес, жаңа ақпарат көзі деп қарау керек. Ақыл айтудан аулақпыз. Әйтсе де, қазіргі ақпараттың 90 пайызы - ағылшын тілінде. Ғылым мен инновация да ағылшын тіліне байлаулы. Демек, ақ параққа жазылған ақпаратқа табан тоздыратын тілші­лердің кәсіби міндетіне енді тіл білу деген талап кіріп отыр. Әрине, ақпарат арнасы кең Астана, Алматы қалаларында ағылшын тілінде ақпарат тарататын журналистердің жұмысын көріп жүрміз. Десе де бұл сұраныстың өзге өңірлерге де аз уақытта жетіп қалатыны белгілі емес пе? Осы себепті өткен жылдан бері журналистерге арнап жоба жасап жүрген "Руханиятты жаңғырту" қоғамдық қоры биыл да журналистердің тіл білу деңгейіне бір қадам жақындай түсуіне жағдай жасапты. Журналистердің құқықтық сауатын көтеріп, интеллектуалдық білім деңгейін арт­тыруға ден қойған қоғамдық қор ендігі мақсатын тіл меңгертудің жолына бағыттапты.

 

"Журналистердің шет тілінде ақпарат алу мүмкіндігі" тақырыбын өзек етіп алған қоғамдық қордың алғашқы қадамы журналистердің үш күндік оқыту курсынан басталды. Қызылорда облысында алғаш болып қолға алынған бас­тамаға өңір журналистерінің қолдауы айқын сезілді. Нарықтық талапты ескере отырып, тілшіге керек амалдың бірі болған оқыту курсына аймақтағы журналистер мен меншікті тілшілер, аудан журналистері мен журналистика маман­дығында білім алып жатқан студенттер шақы­рылды. 

Read more

Құлболды ишан шежіресінің тарихы

Құлболды ишанның кіші ұлы Пазыл ишан екі некелі болған. Бәйбішесі сабылт қожа - Аппақ ишанның немересі, Сейітжанның қызы. Анамыз дін жолына берілген, ораза ұстап, намаз оқитын өте діндар кісі болыпты. Сәждеге бас қойып, үнемі жайнамаз үстінде құбылаға қарап құран оқып отырады екен. Одан Абласан, Әбдіхалық, Әбибулла туған. Кенже бала Абзал Пазыл ишанның екінші әйелі Шоң бидің немересі Самұрат бидің қызы Тоғжан анамыздан туған.

Әбдіхалық ишан ғылымды игеріп, оны халыққа үйреткеннің сауабы мол екенін медреседе оқып жүргенде-ақ түсінген. Ислам дінін ұстануға жас кезінен бастап ден қояды. Қырық жастан асқанда Меккеге барып, қажылық парызын өтеп қайтып келе жатқан жолында Қара теңізде кеменің үстінде қайтыс болады. Кеме басшысы марқұмның жана­засын шығартып мүрдесін теңізге тастатады. Қара теңізге тасталған кебінделген мүрде кеме ізіндегі судың толқынымен ілесіп жүзіп, соңы­нан қалмай қояды. Бұны көрген қажылыққа бірге барған сапарластары кеме басшысына барып: "Мына марқұм болған кісі тегін адам емес болса керек, Тәңірден беріл­ген қасиеті бар кісі-ау, сірә. Мәйіті кеменің соңынан жүзіп, қалмай қойды, не де болса судан шығарып алып, жағаға апарып жерлейік, бұлай істемесек кемеге зиян келіп, біз жағаға жете алмаспыз" дегенді айтып, оны көндіреді.

Тәңірдің жазуымен марқұм болған Әбдіхалық ишанға Қара теңіздің жағасынан топырақ бұйырады, сапарластары оны жер қойнына беріп, басына белгі орнатады. Онымен қажылық сапарда бірге болғандардың бірі елге келген соң Құлболды ишанның ша­ңы­рағына іздеп келіп, болған оқиғаны баян етіп, оның қазасы жайлы естіртеді. Әлгі кісі Әбдіхалық ишанның Қара теңіздің жағасынан мәңгілік жай тапқанын, Меккеден елге тәбәрік етіп алып келе жатқан біраз заттары болғанын, оның ішінде төртінші халиф Әзіреті Әлиден тараған ұрпақтардың шежіресі болғандығын да айтады. Ол заттардың өзі жерленген елде қалғанын жеткізеді.

 

Read more

Ақмешіттің алғашқы мұнайшысы


Туған еліміздің жер асты байлығы бұл күндері тәуелсіз Отанымыздың әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуына ойдағыдай үлес қосып отырғаны белгілі. Әсіресе, «қара алтын» қазынасын өндіруде алдыңғы шепте тұрған мұнайшылар еңбегі ерен. Бұл орайда Сыр бойында тұңғыш рет «қара алтынның» қазығын қаққан осынау ізгілікті іспен өмірінің ақырына дейін шұғылданған Мұрат Ғазизұлы Саламатовтың есімі «Алаш­тың анасы атанған» аймақ үшін де етене таныс. Өзі өмірден озғалы талай жылдың жүзі өтсе де, жақынын жаттай сыйлайтын бауырмал қызылор­далықтар алғашқы мұнайшы азаматтың атын қастерлеп әлі күнге бұл аймақ үшін жасаған істерін аңыз қылып айтып отырады.

Мұрат Ғазизұлы Жамбыл облысы, Бурылбайтал (кейбір деректерде Көктерек) ауылында туып өседі. Орта мектептен соң бірер жыл жұмыс істейді. Сонан соң, Алматыдағы Қазақ политехникалық институтын тәмамдап, еңбек жолын Ақтөбенің Темір, Шұбарқұдық, Соркөлде, Жаңаөзенде мұнайшы, мұнай өндірудің шебері болып бастаған балаң жігіт көп ұзамай өзінің ұйымдастырушылық қабілеті нәтижесінде №2 инженерлік-технологиялық өндірісті басқарып, салалық басшылық тарапына жаңа қырынан танылады. Жер астынан «қара алтын» өндірудің қамымен елге енді ғана таныла бастаған Мұрат Ғазизұлы 1973 жылы Маңғыстау облыстық партия комитетіне нұсқаушы, іле-шала обкомның бірінші хатшысының көмекшісі болып тағайындалады.

Read more

Алаш зиялылары қызметінің зерттелуі

Егемендік алғаннан кейінгі кезеңдегі мемле­ке­тіміздегі жаңарулар мен тың серпілістер тарихи оқиғаларға жаңа тарихи таным бағытында зерт­теу мен тың деректер негізінде қайта сарап­тап зерт­теу мүмкіндігін әперді. Отандық тарихы­мыздың  "ақтаңдақ" беттерінің орнын толтырып, болған оқиғалар мен құбылыстарды жаңаша көз­қарас тұрғысынан сараптап, тарихи шындықты зерттеп, зерделеп жария етіп отыру ұлттық зиялылар қызметі арқылы жүзеге асатыны мәлім. Егеменді Қазақ мемлекетін құру жолында ұлттық сананың қалыптасуы мен қазақ ұлтының өткен тарихын, жекелеген тұлғалары мен тарихи үрдіс­терін шынайы түрде толық қарастыруды қажет етіп отыр. Қоғамда ұлттық зиялы қауым өкіл­де­рінің, қоғам қайрат­керлерінің, тіпті ел ішінде танымал болған белгілі мемлекет қайрат­керлері мен саясаткерлердің есімдері ХХ ғасыр­дың 20-жылдарының соңынан басталған кеңес­тік жүйе­нің арнайы жүргізген саяси іс-шарала­рының құрбаны болып кете берді. Кеңестік тарих ғылы­мы төңкеріске дейінгі жекелеген ұлттық тұлға­лардың өмір жолдары мен азаттық жо­лындағы кү­ресі мен ұлтына арнаған қоғамдық-саяси қыз­мет­терін өмірге жанаспайтын ұғымдар тұр­ғысы­нан қарастырды, зерттеуге тыйым салды, ал зерт­теле қалғандары сыңаржақ баға­ланып, тарихи шын­дық тұрғысынан бағалауға мүмкіндік бермеді.

ХХ ғасырдың 20-жылдары қазақ зиялыла­рының ұлттық демократиялық көзқарастары мен тәуелсіздік жолындағы күресін бағалау екі бағытқа бөлінді. 1925 жылғы желтоқсан айында өткен V өлкелік партия конференциясында Голощекин "алаштықтардың" әрекеттерін: "Біз ақпан революциясына дейінгі және одан кейін де басында А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов және М.Дулатов сияқты ұлтшыл қазақ интеллиген­циясы құрған ұлттық қозғалысты қалай бағала­уы­мыз керек? Сондай-ақ, бұл ұлтшыл интел­ли­генция тобына біздің партияның қазіргі қатынасы қандай болмақ? Түсінікті ғой, жол­дастар, ақпан революциясына дейінгі буржуа­зиялық азаттық қозғалысы, мәселен, Қытайдағы ұлтшыл-бур­жуа­зиялық элементтер бастаған ұлттық револю­циялық қозғалыс сияқты, объек­тивті революция­шыл болды, ол қазір реакция­шыл, тіптен контр­революцияшыл. Басқа ештеңе емес" деп қорыт­ты. Ұлт-азаттық қозғалыс интел­ли­ген­цияның қызметіне берілген бұл партиялық баға теория жүзінде ұлт-азаттық қозғалыс идеология­сына және практикада оның иесі ұлттық демокра­тияшыл интеллигенцияға қарсы шабуылға көшу­ге негіз болған еді. 20-жылдардың екінші жарты­сын­да партиялық тапсырма бойынша алаш қоз­ғалысы тарихына арналған А.Бочагов­тың очерк­тері және Мартыненконың құжаттар жинағы жарық көрді. А.Бочагов өз еңбегінде қазақ зиялыларын 3 топқа бөліп қарастырды: жоғарғы, орта және төменгі. Мұнда әр топтың мүшеле­рінің саяси ұстанымдары, оларды төңкеріске дейінгі кәсіби деңгейіне, материалдық жағда­йы­на және қоғамдағы иерар­хиялық орнына қарай бөлді. Жалпы, бұл екі автор да ұлт-азаттық қоз­ғалысқа қарабайыр таптық тұрғыдан ғана келіп қоймай, сонымен бірге қазақ тіліндегі құжаттық материалдарды елемеді, сондай-ақ ашықтан-ашық тарихи деректерді бұрмалай жазды.

Read more

Арықбалық шайқасы: Жанқожа батыр аңсаған еркіндіктің ұрпаққа аманаттаған тәуелсіздіктің соңғы дүмпуі

Жанқожа - тарихи тұлға. Ол жүріп өткен жол - қазақ тарихының ХІХ ғасырдағы оқиғаларын ой сүзгісінен өткізетін үлкен белес, тарихи кезең. Ел басына күн туған кездерде, батырлық пен батылдықты, ерлiк пен өрлiктi, қайсарлық пен қаталдықты қатар ұстап, туған жерiнiң азаттығын аңсаған, Хиуа мен Қоқан хандықтарына, патшалық Ресейдiң отаршылдық саясатына қас қақпай қаруын сiлтеген, жетпiс жыл бойы аттан түспей, ел бостандығы үшiн күрескен батыр Жанқожа Нұрмұхаммедұлының есiмi халық жадында сақталып, оның тәуелсiздiк жолындағы ұлт-азаттық күресi қазақ тарихында айрықша орын алады. Оның қазақ тарихындағы тұлғасы терең зерттеліп, тарихшылар өз бағасын берсе, қазақ әдебиетінде қаһармандық бейнесі талданып, зерделенді.

Алғаш рет 1992 жылы Қазақстан Респуб­ликасы Премьер-министрінің орынбасары М.Жолдасбековтің өкіміне сәйкес Қазалы ауданында Жанқожа батырды еске түсіру салтанаты өтіп, Алматыда "ХІХ ғасырдағы Сыр бойы шаруаларының отаршылдыққа қарсы күресі және көтеріліс басшысы Жанқожа Нұрмұхаммедұлының қазақ халқының тарихындағы орны" деген тақырыпта батырға арналған ғылыми-теориялық конференция жалғасын тапты. Кезінде "ғылыми-теориялық конференция - ұлтымыздың осындай үлкен перзенттерінің бірінің бейнесін жан-жақты ашып көрсетудегі алғашқы адым" деп бағаланды. 2014 жылы облыс көлемінде батырдың туғанына 240 жылдығына орай ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Қызыл­орда қаласынан еңселі ескерткіш бой көтерді. Енді, міне, биыл Жанқожа батыр бастаған Арықбалық шайқасына 160 жыл толуына орай іс-шаралардың өтуі ұрпақ жадында батыр есімін жаңғырту мақсатын көздеген деп білемін.

Read more

Ұрпақ жадындағы «Арықбалық шайқасы»

"Әрбір өлкенің халқына қорған, ыстығына сая, суығына пана болған баһадүр бабалары бар. Олардың есімін ұрпақтары ұмытпауға тиісті" деген Елбасы лебізі Жанқожа батыр ауы­лында нақты көрініс тапқандай. Бұл күні батыр баба есі­мін иеленген іргелі қоныстың тұрғындарының жүзінен тебіреніс белгісін аңғарғандай болдық. Себебін де түсіну қиын емес. Осынау қасиетті ауыл­да мұнан 160 жыл бұрын Жанқожа батыр­дың бастауымен Ресей патшасының жазалаушы әскерлерімен болған, тарих парағына "Арық­балық шайқасы" атауымен енген шешуші ұрыста мерт болған асылдарды ес­ке алуға арналған шара өтті. Сол бір қанды - қа­сапта арманда кеткен арыс­тарын жоқта­ған­дай ауа райы да қыты­мырланып, салқын ызғар еседі. Күздің нарды құлатар қара суығы сәт санап күшейе түскен. Сұп-суық дымқыл ауа ауыр шайқаста қазаға ұшы­раған боздақтардың ақтық деміндей елестегенде денем түршікті. Жарат­қанға, батыр баба аруа­ғына іштей жалбарынып ондай ғаламат соғыс­тың қайталанбауын тіледім.

Тағылымды шара аудан әкімі Нажмадин Шамұратов бастаған ауыл ағалары, ел азамат­тарының "Тағзым" алаңындағы монументке гүл шоғын қоюдан басталды, Азалы кейіпте сал­мақпен басылған қадамдар бабалар алдын­дағы ұрпақ парызын терең еске салғандай. "Сарқұл қожа" мешітінде Арықбалық шайқасы батыр­ларының рухына құран бағыштаған Қайрат қажы Дәуіржанұлының сазды мақамы ел намысы, азаттығы жолында шейіт кеткен боз­дақтар есімін санада жаңғыртты. Бәлкім, елі үшін құрбан болған жанның рухы мәңгі өл­мейді деген осы шығар. Мұнан соң ауыл орта­лығындағы көрікті саябақта шараның негізі бөлігі мәреге жетті.

Read more

Төрт тұяғын тең басқан

    Cәйгүлігін астына сай қып мінген қазақтар тұлпардай текті, қай жағынан да жылқыға епті болған. Жер дүбіріне құлағын түріп-ақ неше аттылы адам келе жатқанын тұяқтың дүбірінен танитын дала абыздары жылқыны қастер тұтты. Шөлге сусын, адал еңбегі мен мінерге көлік, кисе киім, тіпті тері мен сүйегінен тұр­мыстық жабдықтар жасаған. Жылқы қазақ­қа сонысымен құнды. Бір жылқыдан бірнеше дүние ала алған қазекең атқа мініп, аттан түсті деген сөзі қанға сіңгені сонша, қазіргі заманда да қазақтар көлікке кірді емес, "көліктен түсті", "көлікке мінді" деп сөйлейді. Құдды бір атқа мініп, түсіп жатқандай. Бұның өзі қанға сіңген қасиетті тануда біраз ойдың басын қайырып тұрғандай. Дала философия­сына үңіле берсең, тамыры тереңде екеніне көз жетеді. Жылқыдай жүйрік ойлы ел тұлпарды көзімен шолып, бәйгеде топ жаратыны қайсы екенін тұрпатынан таныған. Көшпенділердің өзгеден көш ілгері болғаны осы қамыс құлақ­та ойнағанында болса керек. Герадоттың өзі сүйсініп кеткен бабаларымыз­дың ат әбзел­деріне де ерекше ықыласпен қарағанын оның бүгінгі күнге дейін жеткен атауларынан аңға­руға болады. Көпшілік ұмыта бастаған, тіпті өмірінде естімеген, көпшілік біле бермейтін ат әбзелдеріне зерттеу жүргіздім. Қай зат қалай қолданатыны жайында аз-кем ақпарат рухани дүниеңізді дамыту үшін керек болып қалуы ғажап емес. Оны тани білу де - тағылым­дылық. Ендеше ауыл баласының әңгімесіне құлақ түріңіз.

Көшпенділер өмірі жылқы малымен тіке­лей байланысты болғандықтан, оның бұйым-жабдықтарын жасап пайдалану да өзіндік өнер саналады. Адамзат өркениетіне үзеңгіні ойлап тауып қосқан, Ұлы Даланың қожайындары жылқы және оның бұйымдарын жасап, пай­далану ісінде жер шарында өзге­лерден артық болмаса, ешкімнен кем емес.

 

Read more

АРАЛ ӘҢГІМЕЛЕРІ

Мұз үстінде

"Бекіре басат", "Сары тереңнің" бойындағы мұздың үсті айнадай жалт-жұлт етеді. Жата қалып қарасаң, мұз астындағы балдыр, шалаң, әрі-бері жүзіп жүрген балықтар алақандағыдай анық көрінеді.

Әкем, шешем, мен және төрт-бес жасар інім бәріміз ат шанамен Бөгеннен ауылға мұз­дың үстімен зулап келе жатырмыз. Мезгіл нау­рыз айының іші. Күртік қардан арылған мұздың үсті жалаңаш көкше мұз. Шанаға жек­кен әкемнің торы аты бізді бұйым құрлы көре­тін емес. Құстай ұшып келеді.

Кенет... "Қамау" ауылының тұсындағы өзек­шеге тап келдік пе, әйтеуір торы аттың тұяғы­ның асты ойылып кетті. Ойлануға мұрша жоқ. Шанадан домалап түсіп қалдық. Божыны ұста­ған әкем де әудем жерге барғанда секіріп түс­ті. Жаны алқымға келген торы аттың шелектей танауы пыр-пыр етіп иесіне шошына қарайды. Құдай сақтағанда жылқы малы есті жануар ғой, алдыңғы екі аяғын сынбаған мұзға тіреп, бір кезде әкемнің демеуімен ойылған жерінен атып шықты. Шешем әкеме ұрысып жатыр. Әкем "бізді Құдай сақтады" дей береді...

Бекіре

Бұл оқиға менің әлі күнге есімде. Онда да демінен ызғар шашқан, қабағынан қар бүріккен қыс болатын.

Бір күні әкем күндегісінше теңізден оралды. Оны мен қырық құрау алақандай тере­зе­ден көріп тұрмын. Ат шанасын доғарып, шанадан есік пен төрдей ораулы нәрсені жерге дүңк еткізді. Атының үстінен ұшқан бу мұржадан шыққан түтіндей будақтап тұр. Қамытын, шілиясын қолына ұстап үйге келе жатқан әкем сыртта тұрған шешеме бірдеңе деді. Сонан екеуі әлгі шанадан түсірген затты сүйрелеп үйге кіргізді.

Жетілік шамның білтесін көтеріп едік, үйдің іші жап-жарық болып кетті. Ошақтың аузына әкелген зат бекіре болып шықты. Әкем есіктің ілмешегін салып, бекірені балталап бұзуға кірісті.

- Үндемеңдер,- деді әкем өз ісін бітірген соң. Себебі, бекіре аулауға тыйым салынған бағалы балық екен. Бекіре бізге талай күн азық болды. Еті балдай тәтті екен. Кеңес үкіметінің қорғалымындағы бекіремен қолға түскен балықшының айыппұлына төбе шашының түгі жетпейді.

"Балалы үйдің ұрлығы жатпас" деген ғой. Міне, сонымен арада талай жыл өткенде айтып отырмын.

 

Read more

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.