Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Желтоқсан 2015

29 Желтоқсан 2015

Құран ғибрат алуға шақырады

 

Қоршаған ортаға көз салатын болсақ, ғибратқа толы талай оқиғаларды жиі кездестіреміз. Тіпті, күнделікті өмірде қаншама оқиғаларға куә болып, сабақ берер көріністердің бел ортасында жүргенімізді өзіміз байқамай жатамыз. Дей тұрғанмен, мұндай құбылыстарға таңқалып, таңдай қағып қана қоюға тағы болмайды. Оған тереңдей бойлап, сырына үңілу тиіс. Жай ғана бал арасына, жерден бүр жарып шыққан әртүрлі алуан гүлге, теңіздер мен мұхиттарға, тау-тастарға, тіпті көзден шыққан бір тамшы жасқа да ғибрат түйсігімен қарауға болады. Өйткені, мұның барлығында ой жүгіртерлік әрі ғибрат аларлық астарлы мағыналары мен берер дәрістері бар. "Құдайдың құдіретін көргің келсе, тауға шық" деген даналықтың арғы жағында осы жатса керек. Алла Тағала Құранда былай бұйырады:

  "Әй, ақыл иелері! Ғибрат алыңдар". ("Хашр" сүресі, 2-аят).

Қасиетті Құран - күллі ғылым атаулының анасы. Құдіретті кәламды парақтап қараған кез келген ақыл иесі оның Алла сөзі екенін айқын сезеді. Өйткені, ғылымның қайнар бұлағы саналған қасиетті Құран діни үкімдерді орындауда және әдептіліктің шыңына көтерілуде пайғамбарлардан үлгі алуға шақырса, сонымен қатар Аллаға қарсы келген дұшпандар жайын да оқиға-қиссалар келтіреді. Мәселен, өзін тәңір көтерген Перғауынның мысалын былай баяндайды: 

 "Расында бұнда қорыққан кісі үшін әлбетте бір ғибрат бар". ("Назиғат" сүресі, 26-аят).

Құран пайғамбар дәуірінде болған Бәдір шайқасында мұсылмандардың саны аздығына қарамастан қатары көп дұшпандарына төтеп беруі жайында айтып өтеді. Тіпті, бірін-бірі қуалаған күн мен түннің алма-кезек ауысуынан және жай жүрген хайуандардан да ғибрат алуға болатыны жайында аяттар келеді. Ал, өзіне Құран түсірілген соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) ғибрат алу мақсатында қабірлерді жиі зиярат етуді сахабаларына өсиет еткен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қабірлерді зиярат еткен әрі былай деп айтқан: "Қабірлерді зиярат етіңдер, өйткені олар сендерге ақыретті еске түсіреді".

Құранда басты деген мынадай екі түрлі ғибрат түрі сөз етіледі:

1. Жер бетін аралап, өткен қауымдардың орындарын көріп, тарихи мекендері мен оқиғаларына көз жүгірте білуге. Құранда былай делінеді:

"Әрине пайғамбарлардың қиссаларында ақыл иелері үшін өнеге бар" ("Юсуф" сүресі, 111-аят).  

2. Жанды-жансыз табиғат құбылыстарына ой жүгіртуге үндеген Құран аяттары заңдылығы мен Алла қойып берген жүйеге бағынуында ақыл иелері үшін ғибрат бар екенін еске салады. Құранда былай делінеді:

"Рас сендер үшін малдарда, әлбетте өнеге бар. Сендерге олардың іштеріндегі (сүтін) ішкіземіз. Сондай-ақ малда сендер үшін көптеген пайда бар. Және олардан жейсіңдер". ("Мүминун" сүресі, 21-аят) Ал келесі аятта:

"Алла күндіз бен түнді ауыстырады. Рас бұнда, қырағылар үшін, әрине ғибрат бар", - делінген. ("Нұр" сүресі, 44-аят).

Құрандағы қиссалардың соңы ғибрат аларлық сөзбен аяқталады. Өйткені, Құранның асыл мақсаты - болған оқиғаны сөз жүзінде қалдыру емес, онан кейінгілерге дәріс беру. Яғни, бұрынғы қауымдардың басына келген пәлекеттер мен азаптарды түсіндіреді, оқиғадан сабақ алмай, олар секілді болғандарға да сондай азаптың келетіндігін оқиғамен жеткізе түседі. Қиссаларда жақсы-жаманды оқиғалардың баян етілуі - шындап келгенде адам баласын адами құндылықтарға тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан Алла әрбір оқиғаны ғибрат көзімен оқуға үндейді.

Дүниеде орын алып жатқан оқиғалар да біздің назарымызды өзіне аудартуда. Бір елдерді соғыс оты жалмаса, тағы бір мемлекеттерді жер сілкінісі мен табиғи апаттар әуре-сарсаңға салуда. Мәселен, 2004 жылдың 26 желтоқсан күні Индонезияның Ачех провинциясында орын алған табиғи апат ел жадында. Осы оқиғада 169 мың адам қайтыс болып, 600 мыңдай жергілікті халық баспанасынан айырылған. Цунами және жер сілкінісінен 141 мыңдай құрылыс қираған екен.

Лампук жағажайы маңындағы апаттан кейінгі фотосуреттерден ол жердегі қирандылар, құлаған ағаштар арасында жалғыз ғана мешіттің аман қалғанын байқай аласыз. Алайда, теңіз толқындары жеті шақырымға дейінгі жердегі барлық ғимараттарды қиратса да, жалғыз мешіттің аман қалуы таңқалатын нәрсе. Жергілікті мұсылмандар бұл оқиғаны Алланың белгісі деп қабылдаған.

Қарап отырсаңыз, жер бетіндегі болып жатқан түрлі құбылыстар ақыл иелері үшін шынында ғибрат, үлкен сабақ. Хазреті Әли (р.ғ.) былай дейді: "Алла Тағала исламды бағыт етті және оған келуді қалағандарға жолдарын жеңіл етіп берді. Ал, дінді құлатқысы келгендерге оның тірегін құламайтындай етті. Бұл дінді ұстағандар құтқарылып, көлеңкесіне саялағандар есендік тапты... Ғибрат іздегендерге оятушы болды...".

Иә, Алла Тағала жер мен көктегі әрбір мақлұқатты жаратып қана қоймай, оған ғибрат көзімен қарауға шақырады. Өйткені, ешнәрсе де босқа жаратылмаған. Жаратылыстың артық не кемі жоқ. Сондықтан әрбір жаратылыстың сырына терең ой жүгіртуіміз керек. Алла Елшісі (с.ғ.с.): "Ойлану секілді қадірлі ғибадат жоқ", - десе, бір хадис шәрифінде: "Ойлану - ғибадаттың жартысы", - деп айтқан.

 "Ей, Алланың пайғамбары! Бізге қандай өсиет айтасыз?" - деп сұраған кісілерге Иса (ғ.с.): "Сөйлеген сөзің зікір, үнсіздігің пікір, қарағаның ғибрат болсын!" - деп жауап қайырған екен. Ислам ғұламалары да ой жүгірту жайында тұщымды сөздер қалдырған. Бірнеше мысалдарына тоқталайық. Шафи мәзһабының негізін қалаушы ғұлама Имам Шафиғи айтады: "Ойлану - зейінді ашады". Тақуа құлдардың бірі Жүнейд Бағдади: "Кімде кім қараған нәрсесінен ғибрат алмаса, оның көрмегені көргенінен әлдеқайда жақсы", - дейді. Ал, Фудайл бин Ияд: "Ойлану - жақсылық пен жамандықты көрсететін айна", - деп айтқан екен.

Ислам ғалымдары ой жүгіртіп, ғибрат алуды мынадай төрт бөлімге бөліп қарастырады.

1. Алла Тағаланың жаратқан мақлұқаттарын-дағы әдемілік пен оның пайдаларына көз жүгірту. Бұл - Аллаға сенуге және Оны шынайы сүюге себеп болады.

2. Алла Тағаланың уәде еткен сауаптарын ойлану. Бұл - Алла Тағалаға құлшылық етуге себеп болады.

3. Алла Тағаланың білдірген азаптарын ойлану. Бұл - Алла Тағаладан қорқуға, жаманшылық жасамауға, күнәдан алыс болуға себеп болады.

4. Алла Тағаланың нығметтеріне, көрсеткен жақсылықтарына қарсы нәпсісіне еріп, жасаған күнәсін еске алу. Бұл - Алла Тағаладан ұялуға себеп болады.

Алладан шын қорыққан құлдардың бірі Бахлул Дана бір күні халифа Харун Рашидпен кездесіп қалады. Халифа оған:

- Сені көргеніме қатты қуаныштымын. Көптен бері сенімен отырып әңгіме құрғанды қалап жүрген едім, - дейді. Бахлул Дана:

- Ал, менің мұндай қалауым жоқ еді, - дейді күлімсіреп. Сосын Харун Рашид бір насихат айтуын сұрайды.

- Менен қандай насихат қалайсың? Мына отырған хан сарайыңа қара, сосын андағы қабірге де қара! Бұларға қарап ғибрат, насихат алмаған адам оны қайдан алсын?! Халің не болады, ей, мүміндердің әміршісі! Ертең Алланың құзырына барасың. Жасаған үлкен-кіші істеріңнің әрбірінен сұраласың. Бұларға қалай жауап бересің, осыны жақсылап ойлан. Есеп күнінде аш-сусыз қаласың, ешнәрсең болмайды. Ол жерде тұрғандар саған қарап күлетін болады. Ақылдан алжасып, естен тану сонда болады. Бұдан басқа насихатты қайтесің?! - деген екен сонда Бахлул Дана. 

Қасиетті аятта былай делінеді: "Олар тіке тұрып, отырып, жамбасынан жатып (әр халде) Алланы еске алады. Сондай-ақ, олар көктер мен жердің жаратылуы жайында ойланады да: "Раббымыз! Сен мұны босқа жаратпадың, Сен пәксің, бізді от азабынан сақта!" ("Әл-Имран" сүресі, 191-аят).

Иә, әрбір нәрсеге ой жүгірту, ақылмен қарау, терең түсіну - иманның көрінісі. Мұсылман адам ешнәрсенің тіпті, өзінің де босқа жаратылмағанын ойлайды. Сол арқылы Алланы еске алып, күнәдан тыйылып, сауап іске ұмтыла түседі. Олай болса, ақыл иесі етіп жаратқан Аллаға шүкірімізді білдіріп, айналаға әрдайым ғибрат көзбен қараудан шаршамайық.

Қайырбек ОТЫЗБАЕВ,

дінтанушы

Астана

Read more

ТАРИХИ ЖЫРЛАРДАҒЫ ЖАНҚОЖА мен АҚТАН - ХАЛЫҚ ЖҮРЕГІНДЕ МӘҢГІЛІК ЖЫРЛАНАТЫН ТҰЛҒАЛАР

 

Әр кезеңнің тарихи оқиғаларының сол дәуір әдебиетімен де астасып жататыны заңдылық. Ел басына түскен ауыртпалықтарды өлеңмен өрнектеп, халық қайғысына үн қосқан ақындар батырлық эпостар мен ерлікті насихаттайтын тарихи жырларды дүниеге әкелді. Осылайша күресшіл, халықшыл поэзияның туын тікті. Ел еңсесін көтеруге ұмтылып, жалынды жырлармен рухтандырды. Халықтың бақыты үшін күрескен батырларды жырға қосқан ақындардың тарихи жырларынан сол батырлардың бейнесімен қатар қоғамның шынайы көрінісі, елдің саяси-әлеуметтік жағдайы, тіпті автордың өзіндік ой пікірі де ашып айтылды.

Қазақ тарихында ел тәуелсіздігі жолында бірге атқа қонған қаһармандар, үзеңгілес батырлар Жанқожа Нұрмұхаммедұлы мен Ақтан Ақайұлының ерлік жолдары тарих беттерінде өшпестей жазылса, халық ақындары жырлаған дастандарда, тарихи өлең-жырларда олардың кесек тұлғалары өлең өрнегімен өрнектелді.

Қазірде Ақтан батыр туралы бірнеше өлең-жырлар мен толғаулар, дастандар бар. Солардың ішінде Файзолла Омаровтың толғауында қос батырдың ерлігі, достығы жырланады.

"Елің үшін еңіредің, күйіндің,

Дұшпаныңа тас түйін боп түйілдің.

Көп жорықта Жанқожаға серік боп,

Жақау бабам әруағына сиындың.

Жау көрінсе назбедеуді ойнаттың,

Түріне ендің арыстандай айбаттың.

Алып ұрар алысқанды табанда,

Егесісің жолбарыстай қайраттың.

 

"Қай күн келсе Ақтан менің қасыма,

Нақ сол күні ақ күн туар басыма" -

Деген батыр Жанқожадай асылға,

Қай жерден де жеттің серік, досыңа", - деп толғайды Файзолла ақын.

Ал, Басықара Алпамысовтың батыр бабасының ерлігін тебірене жырға қосқан толғауы кейінгі ұрпаққа үлгі-насихат:

Қайтардыңдар еліңнің намыс-өшін,

Қираттыңдар ақ әскер шабыс көшін.

Жанқожа бас болғанда, Ақтан - мойын,

Болса да аңыз ақиқат біздер үшін.

Қазақ тарихи жырларының ішінде халықтың шынайы ықыласына бөленіп, жырға көп қосылған, Абылай ханнан кейін орын алатын Жанқожа батыр туралы жыр-дастандарда бұлты бар батыр атанған Ақтан батырдың да көркем бейнесіне ерекше мән берілген. Солардың кейбіріне тоқталып өтелік.

Тарихта Сыр елінің халқына Бабажанның зорлық көрсеткені туралы анық жазылған. ХІХ ғасырдың орта тұсына таман хиуалықтар өз үстемдігін Сыр бойына берік орнату ниетімен, 1839 жылы Сырдың сол жағасынан 14 шақырым, ортағасырлық Жанкент қаласының орнынан оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерден бекініс салады. "Бесқала" немесе Бабажанның атымен аталған бұл бекіністің салыну мақсаты - Сырдың екі жағында көшіп жүрген Хиуа хандығына зекет төлеуден бас тартқан Кішкене-Шектілерді әскер күшімен бағындыру еді. Бірақ бұған Жанқожа батыр шыдап отыра алмаған. Бұдан артық төзудің мүмкін еместігін біліп, батыр Бабажанның бекінісі Бесқаланы қоршап жатқан 2000-нан астам қазақтарға 1842 жылдың күзінде Қаракесек руының қолбасшысы Ақтан батыр 500 сарбазымен келіп, көтерілісшілермен бірге бекініске шабуыл жасаған. Көтерілісшілер Хиуа бекінісінің күл-талқанын шығарады.

Бабажанның бекінісін алып, Сыр халқына бостандық сыйлаған Жанқожа, Ақтан, Дабыл батырлардың ерлік істері Лұқпан Кенжеевтің "Жанқожа батыр" дастанында көркемдікпен, бейнелі түрде жеткізілген. Ақтан батырдың бекіністі алған тұсын Л.Кенжеев:

"Бос тайлақ атын ойнатып,

Күреуке сауыт жайнатып,

Қаһарланып ер Ақтан:

"Бабажан, шық!" деп ақырды.

Қара әруағы Ақтанның,

Қара түнек бұлт болып,

Қара боран дауыл боп"

Айқай сүрен салыпты", - деп, Жанқожаға серік Ақтанның ер жүректілігін, батырлық қасиетін көркемдік бояумен береді. Оның қаһарын "қара түнек бұлтпен", "қара боран дауылмен" салыстырып берген. Ал, қазаққа зәбір көрсеткен Бабажанның өлімін сипаттауы да әсерлі шыққан:

"Сол арада бір тентек,

Жидеден алды қазықты.

Құлаш жарым қу жи

Табан тіреп тепкенде

Тар алқымға жеткенде,

"Қизың, қизың...,"- деп жатып,

Өзі-ақ өліп қалыпты".

Бабажанға қатысты оқиғаны Ф.Омаров өзінше толғайды:

"Әруағың досқа сәуле түсірді,

Бұлтың ойнап жауға салды кесірді.

Отырғыздың Бабажанды қазыққа,

Қамал бұзып, болдырмай-ақ бесінді.

Жасамадың үстірт дара шешімді,

Тұтқындардан ала салмай өшіңді.

Сабыр сақтап ертеңгіге қараттың,

"Жанқожа айтсын оларға деп кесімді".

Бабажанмен соғысты Жанқожа батыр туралы жырлардың ішінде тек Л.Кенжеев ғана емес, Ж.Шаңғытбаев, Қ.Сұлтанұлы, Ы.Тілеуұлы, О.Сұлтанов та жырлаған. Ә.Нарымбетов жинаған авторы белгісіз дастанда да бұл оқиға назардан тыс қалмаған. Әрбір ақын өзінше толғап, өзіндік өлең өрнегін өрген. Ал, Ақтан батырдың ерлігі туралы Құрманәлі жырау, ақын Байназар Өтепов, кейінгі жылдары, атап өткендей, Файзулла Омаров, Басықара Алпамысов және Құдайберген Смағұловтар дастан-толғауларын арнаған.

Бабажанның Сыр еліне салған лаңы, жергі-лікті халыққа көрсеткен зәбірі, одан қалды оның өлімі туралы егжей-тегжейлі баяндаған бірден-бір тарихи шығарма - Жөкей Шаңғытбаевтың "Жанқожа батыр мен Бабажан сарт" поэмасы. Автор Бабажан сарттың Сыр еліне келуін, қазақтардың халін, шектен тыс алым-салық салумен қоймай, қыздардың арын аяққа таптап әбден басынған Хиуа бектерінің зорлығына шыдамаған жергілікті халықтың сол хандық өкілдеріне қарсы Жанқожа мен Ақтан батыр бастаған соғысын, олардың жеңісі жырланады.

Ж.Шаңғытбаев өз шығармасында қазақ батыры Жанқожа мен Хиуа бегі Бабажанды қарама-қарсы кейіпкер ретінде алып, екеуінің де халық алдындағы іс-әрекетін оқырман алдына жайып салады. Жанқожаны елін қорғаған ер, ұлтының алдындағы мақтан тұтар батыр, ал Бабажанды елге тізесін батырып зорлық көрсеткен зорлықшыл адам етіп көрсетеді.

Бабажан бейнесін ашуда Жанқожа батырмен қатар Ақтан батыр есімі айрықша аталады.

"Қадірлісі бастасы -

Қаракесек Ақтан-ды

Белгілі ердің бірі еді.

Атағы мыңнан мақтаулы.

Қайратпенен әр жерде

Халықтың туын ақтаулы", - деп беріледі батыр туралы. Бабажан болса, төбесінде бұлты бар Ақтаннан қорыққаннан қашуға бел байлайды. Суық хабарды естіп, алақтаған Хиуа бегінің әрекеті жырда былайша берілген:

"Бізді алатын дұшпанның

Бұлты шығып келеді.

Ол келсе ортаң ойран боп,

Елі-жұртың өледі.

Астындағы алтын тақ

Тартып алып мінеді.

Қойнындағы қатынын,

Суырып алып сүйеді.

 

Бабажан батыр мұны естіп,

Қорқыныш кірді қойнына

Салбырап кетті иығы

Су кеткендей мойнына.

Көзі тосып сыртынан,

Қазақтың қалың қолына.

Қауіп етіп батыр қалайда,

Қашқысы келді қамалдан".

Бабажанға берілген өлім үкімі арқылы тарихи жырлар бір қорытындыға келеді. Ол түйін - жауыздықтың тамырына балта шабу, қазақ жеріндегі зорлық-зомбылықтың атын өшіру, осы арқылы елге қалқан, жерге қамқор бола алатын батырларды дәріптеу. Тақырыбы мен идеясы қабысқан жырларда ер айбыны болған батырлар қолымен жасалған әрбір іс-әрекет елеусіз қал-майды. Ел мен жерді қорғаудағы батырлардың тұлғасын сомдау әр жырда өзінше жырланады. Солардың ішінде Жанқожа мен Ақтан батыр-лардың бейнелері - халық жадында мәңгілік сақ-талатын, халық жүрегінде мәңгілік жырланатын тұлғалар.

Нұрлан НҰРМАХАНОВ,

филология ғылымдарының кандидаты

Read more

Тарихта аты қалған тау тұлғалар

 

Егер де түп-тамырымызды түгендеп, оның сан ғасырға жүк болатын тарихтағы орнын зерделеп қарайтын болсақ, қазақ халқының тарихы тым тереңде жатқанын байқаймыз. Шындығында тарихымыз аппақ парақ бетіне өздігінен түсе қалған жоқ. Ел ел боламын дегенге дейін қазақтың тарихы бұрмаланып келгені де жасырын емес. Азаттық алған жылдары ұлттық тарихқа зер салынды, тарихшылар белді бекем буып, өткенді ұрпаққа боямасыз жеткізуге тырысты. Содан бері міне, тарих жүйеленді, ұрпақ бабалар тарихына құрметпен қарай білді. Ата тегімізді тарихшылардан артық айта алмасымыз анық. Тек қазіргі тарихқа деген құрмет өлшемінің отын өшірмей, оны ұрпақ жадына жалау ету басты парызымыз деп ұқтық.

Иә, тарих - өткен күннің өшпес ізі. Биылғы жыл - соның айқын дәлелі. Себебі хандықтың 550 жылдығы тарихи сабақтастыққа толы жыл екенін айғақтап тұр. Иісі мұсылман қауымына ортақ мерекемен бірге батыр бабаларымыздың мерейлі жылдары тұспа-тұс келіп отыр. Осындайда дана қазақтың "Екі дүниең абат, қос тойын қабат келсін" дейтін тәмсілі ойға оралады. Биыл бір өзі бүтін бір рулы елге қорған болған Бекарыстан би Амалдықұлының 250 жылдығы, Ақтан батырдың 245 жылдығы Қазалы өңірінде тойланбақ.

Read more

25 Желтоқсан 2015

ТАҒДЫР ТАБЫСТЫРҒАН ҚОС ТҰЛҒА (Адамзаттың Айтматовы мен қазақтың Қалтайдың туған күніне орай)

 

Әлемде қанша халық болса, сонша тағдыр бар. Бір қаптан, бір саптан шыққанмен, егіздердің де, үшемдердің де тағдырлары тоқайласа бермейді. Демек, олардың тоғысуы өте сирек кездесетін құбылыс. Әңгіменің арқауына негіз етіп отырғаным, әлем таныған тұлғалар: адамзаттың Айтматовы мен қазақтың Қалтайы. Екеуін тоғыстырған олардың татымды таланттары мен бір-біріне ұқсайтын, бірін-бірі қайталайтын, толықтыратын тағдырлары. М.Әуезов: "Абайдай данышпанды танып білу үшін оның туып-өскен ортасын, ататек, туысын танып білмей болмайды",- деген екен. Жоғарыда аталған қос тұлғаларды танып-білуде ұлы жазушының осы айтқанын бағдаршам ретінде пайдаланғанымды зерделі оқырман түсінер.

Белгілі сыншы, Қазақстан Жазушылар Одағы-ның, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лау-реаты Сайлаубек Естайұлы Жұмабектің "Қалтай Мұха-меджан - Титан драматург" атты кітабында (Алматы: "Өнер" баспасы, 2007.) көрнекті компози-тор, ақын Кенен Әзірбаевтың "екі өркеші түйенің, екі емшегі биенің" дейтін қазақ пен қырғыздың, яғни Қалтай мен Шыңғыстың шығармашылық тығыз байланыстарының себептеріне тоқталады. Автор-дың келтірген уәждері - ұлы Мұхтардың оралымды ойларына саяды.

Сонымен екі тұлғаны: Шыңғыс пен Қалтайды табыстырған себептер, пәлсапа тілімен айтқанда, қажеттіліктен туындаған кездейсоқтықтар қандай? Біздің ойымызша, олар төмендегілер.

Read more

"Тарих қанмен жазылып, қанмен түзетіледі"

 

Дәл осылай артына сөз қалдырған қазақ әдебиетінің классик жазушысы Әбіш Кекілбаев дүниеден озды. Көзі тірісінде қадірін жете білмеген көзіқарақтылар осы күні қабырғасы қайысып, ақтық сапарға шығарып салды. Қадірінен, Фаризасынан айырылған қазақ бұл күні тағы бір арысын жоқтап қалды.

"Арлы адам - ең күшті адам. Өйткені, ол өткінші бақыттың, өткінші қайғының ырқына мойын ұсынбайды. Сондықтан да оның тағдыры қиын болуы, ауыр болуы мүмкін, өкінішті болуы мүмкін емес", - деп ой түйген Ә.Кекілбаев қазақты тағы да ойландырып кетті.

Read more

Бірегей сәулет өнері ескерткіштері

 

Сыр өңірі ежелден түркі өркениетінің алтын бесігі саналады. Сонау ежелгі сақ, ғұн, түркі дәуірінен жеткен қаншама тарихи-мәдени ескерткіштер осы қасиетті өңірде сақталған. Қазіргі таңда солардың бірегейі сәулет өнері ескерткіштері болып табылады. Сырдария ауданының аумағында орналасқан Сырлытам кесенесі және Қалжан ахун мешіт-медресесін ерекше атауға болады.

Сырлытам кесенесі. Кесенені алғаш рет 1960 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (жетекшісі С.П.Толстов) зерттеген. Қазіргі уақытта Сырлытам кесенесі Іңкәрдария ұжымшарынан 29 шақырым жерде орналасқан. Кесене ғимараты жоспарында шаршы пішінді, жақтарының ұзындығы шамамен 10 метр. Қабырғалары күйдірілген кірпіштерден (27х27х4,5 см және 23,5х12,5х4,5 см) қаланған, төбесі күмбезді. Кесененің бұрыштары пилястрлі болып келген кірпіштерден дөңгелек түрінде өрілген, олардың диаметрлері 40 см шамасында. Кіреберісі жебе тәрізді аркамен көмкерілген, қабырғаларында қуыстар сақталып, сылағында өрнектің іздері сақталған. Кесененің ішінде екі қатарға орналастырылған тоғыз бейіт бар. Ескерткіш 1985 жылы Қазақ КСР ҒА шешімімен реставрациядан (қайта жаңғырту) өткізілді. Қазіргі уақытта Құмтөбе басына орнатылған Сырлытамның беті шығысқа қарап тұр. Кесене Х-ХІІІ ғасырлармен мерзімделеді.

Қалжан ахун мешіт-медресесі. ХІХ ғасырда ІІ жартысында Ресей империясының Сыр өңіріндегі отарлау саясаты күшейді. Отарлаудың бір бағыты жасырын православиеге шоқындыру саясаты да жүргізілді. Оның дәлелі ретінде Сырдарияның бойына салынған орыс форттары: №1 форт (Қазалы), №2 форт (Қармақшы), №3 форттарда (Перовск) салын-ған православиелік шіркеулерді айтуға болады. Сол кездегі Орта Азиядағы Ташкент, Бұқара, Хиуа қала-ларындағы медреселерді бітірген қазақтар Ресейдің шоқындыру саясатына қарсы тұрды. Өздері тұрған ауылдарда жергілікті халықтың қаражатымен мешіт-тер мен медреселер көптеп салынды. Алайда, бұлар-дың көбісі сақталған жоқ. Қазіргі таңда Сыр өңірінде қалыпты сақталған Қалжан ахун мешіт-медресесі.

Read more

Өнерді құлай сүйген Әсия

 

1992 жылы Қызылорда музыкалық училищесіне жұмысқа орналастым. Жас маманмын, әлі ешкімді танып үлгірмегенмін. Сұлу да сым-батты, сыпайы бір келіншекті жиі көретінмін. Оқушы екенін, ұстаз екенін айыра алмай жүрдім, біреуден сұрауға өзімнен өзім ұяламын. "Өз әйеліме өзгенің көзі түседі-ау" деген ойдан ғана өзегім өртеніп қоя береді. Сондықтан өзгенің жанын жаралаудан барынша сақтанатынмын. Кейін танысып-білісіп кеттік. Оның да осы ұжымға келгеніне екі-ақ жыл болған екен. Әйел болса да, өсек-аяңмен шаруасы шамалы, баян аспабының ұстазы Әсиямен 2014 жылға дейін бір ұжымда жұмыс жасадық. Өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын, өз отбасының берекесін бәрінен жоғары қоятын осы бір келіншектің мінезі нағыз қазақ әйелдеріне тән қасиет сияқты болатын да тұратын.

Әсия Сейілханқызы Боранғұлова 1963 жылы 6 мамырда Маңғыстау облысы, Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. 1984 жылы Шымкент қаласының музыкалық училищесін баян аспабы бойынша, 1989 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызыл-орда педагогикалық институтының музыкалық факультетін бітіреді. 1988 жылдан мектепте ән-күй сабағынан дәріс берген Әсия 1990 жылы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжіне баян аспабы бойынша ұстаздыққа қабылданады. Қайнаған өнердің ордасына келген Әсияның күні бүгінге дейін қолынан аспабы түскен емес. Үнемі білімін ұштап жүретін ұстаз 2003 жылы кәсіби деңгейін көтеру мақсатында "педагог кадрлардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау" факультетінен өтеді. Бұған да көңілі тола қоймаған Әсия қайткенде де бала күнгі арманы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясына түсуді мақсат етеді. Жасының ұлғайғанына қарамастан қайсар да жігерлі келіншек ақыры арманына қол жеткізеді. Сөйтіп, 2007 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консер-ваторияны үлкен ұлы, талантты баянист Ғалымжан-мен бірге Әсияның өзі де бітірген болатын. Оқуға, білімді ұштап ғылым үйренуге адамның жасы кедергі бола алмайтынын Әсия тағы да бір дәлелдеген еді.

Әсияның консерваторияны бітіруін күткендей-ақ осы жылы Қызылорда қаласында алғаш рет облыстық филармониядан "Тұрмағанбет" атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі ашылады. Оркестрдің баяншылар тобының концертмейстері Әсия болады. Оркестр құрамында бірнеше қалалар мен мемлекеттерде концерттік сапармен болып, бірнеше фестивальдер мен конкурстарда оркестр жүлдегер атанады. Ұстаздық қызметте де Әсияның ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктері жетерлік. 2007 жылдан бері әр жылдарда өтіп тұратын әр түрлі республикалық конкурстардан Әсияның шәкірттері жүлдесіз оралған емес. 2007 жылы ІІІ ұлттық жастар Дельфилік ойындарының лауреаты, қола медаль иегері Перизат Есекеева Астанадағы өнер университетінде оқуын жалғастыруда. 2009 жылғы V ұлттық жастар Дельфилік ойындарының дипломанты Қарлығаш Қазмағанбетова - Әсияның мақтанышы. 2010 жылы VІ ұлттық жастар Дель-филік ойындардың лауреаты атанып, ІІ орынды иеленген Ғазиз Жұбанов 2012 жылы өткен ХХХІІІ жас орындаушылардың республикалық конкурсында үшінші орынды жеңіп, лауреат атанады. Қазіргі таңда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консервато-риясының студенті. Сондай-ақ Нұрлыбек Аманов, Әсет Пірназар да - бірқатар республикалық конкурс-тарда лауреат атанған колледж мақтаныштары, бүгінде Астана Алматы қалаларында оқуларын жалғастыруда. Ұстаз деген ұлық сөзге риясыз еңбек етіп жүрген Әсия сынды әріптесіме толағай табыстар мен зор денсаулық тілеймін.

Төлепберген ТОҚЖАНОВ

Read more

Жазба айтыстың жалаугері

 

2005 жылы облыстық мәдениет басқармасының бастығы Ж.Жонтаева Сыр бойының бірнеше өнерпазын Жетісу өңіріне концерт қоюға жіберді. Құрамында ақын Айдос Рахметов бар, небәрі төрт-ақ адамнан құралған осы "бригадамен" Сарыөзек ауданын түгелге жуық араладық. Алғашқыда "концертті қалай бастап, қалай аяқтаймыз?" деп абыржығанымызбен, киелі сахнада қай-қайсымыз да желпініп шыға келгеніміз рас. Міне, осы сапарда ақын Айдоспен жақынырақ танысудың сәті түсті. Көбіміздің бойымыздан көріне бермейтін көркем мінез, мәрттік, жомарттық сияқты қасиетке бай Айдостың ақындық, шайырлық, жыршылық өнері өз алдына бөлек тақырып. Өнерге кімдер келіп, кімдер кетпей жатқан мына заманда өнердің өз адамы болып қалу қиын-ақ. Өнерге адалдық, дәстүрге құрмет қанмен келетін қасиет қой.

Айдос Рахметов 1976 жылы 15 қыркүйекте Жалағаш ауданында дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің "Дәстүрлі жыр өнері" кафедрасын бітірген Айдос өнер жолын жыршы-термешіліктен бастап 1997 жылы Ш.Төлепова атындағы облыстық байқауда жүлдегер атанады. Ал, айтысқа алғаш рет 1988 жылы "Студенттер көктемі" фестиваліне қатысып, бас жүлде, осы жылы халық ақыны М.Көкеновтың 70 жылдығына арналған студенттердің облыстық айтысында бас жүлде, 1999 жылы Ә.Тәжібаевтың 90 жылдығына арналған "Жыр жүйрігі - Нарекең" атты студенттердің облыстық айтысында бас жүлдені жеңіп алады. 2003 жылы Шиелі ауданында өткен "Мен де ауылда туғанмын..." айтысында ІІ орын, "Жырлаймын мен Махамбеттей ерімді" атты ақындар айтысында І орын, Қазалы қаласының 150 жылдығына арналған "Тамыры терең, тарихы кенен Қазалы" атты ақындар айтысында бас жүлде, Байқоңыр қаласында өткен "Ұшқыр ойлар" атты аймақтық ақындар айтысында ІІІ орынды иеленеді. Осылайша үлкен тәжірибеден өтіп, өнерін ұштай түскен Айдос 2008 жылы "Аламан" айтысына қатысып, "Үздік ақын" номинациясымен марапатталады. Осы жылы Қызылорда облысы әкімінің жүлдесі үшін ұйымдастырылған республикалық "Сыр-Алаштың анасы" атты жекпе-жек айтысының бас жүлдегері атанады. 2009 жылы Сыр сүлейі Дүр Оңғар Дырқайұлының 150 жылдық мерейтойы аясында өткен "Барымды базар етейін" республикалық айтыста бас жүлдніе, 2010 жылы Арал күндеріне арналған республи-калық ақындар айтысында бас жүлдені жеңіп алып, шетел автокөлігін мінді.

2012 жылы Хиссамедин Сығанақи бабаға арналған республикалық және осы жылы өткен Бұқарбай батырдың 200 жылдығына арналған республикалық айтыстарға қатысып, үздік өнер көрсетті. 2015 жылы жеңістің 70 жылдығына арналған республикалық айтыста ІІІ орынды иеленді. Есімінен ат үркетін Ринат Зайытов, Айнұр Тұрсынбаева, Әсем Ережеқызы сынды көптеген айтыс ақтаңгерлерімен Айдостың айтысы Сыр жанкүйерлерінің есінде болар. Айдостың, Сыр бойы ақындарынан ерекшелігі (артықшылығы дер едім) айтысқанда Сырдың мақамдарын, саз-сарындарын пайдалануы. Әрине, ойлануға мүмкіндік беретін жай әуендер, жеңіл әндер немесе созылмалы саздар суырып-салмалыққа ыңғайлы екені түсінікті-ақ. Дегенмен қазақ күйлерінен бір мысқал да кем емес Сырдың мақам-саздарын насихаттауда Айдостың еңбегі зор.

2008 жылы Қазанғап атындағы Қызылорда музыка-лық колледжінде терме сыныбын ашуға мұрындық болғанмын, сонда ұстаздыққа Айдосты ұсынып едім, қателеспегеніме қуанамын. Айдос ақындықпен ұстаздықты ұштастырған азамат. Білімін арттыру мақсатында "Базар жырау шығармаларындағы педагогикалық идеялар" атты ғылыми диссертациясын сәтті қорғап, "Педагогика ғылымының магистрі" ғылыми дәрежесіне ие болды. "Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы" демекші, Айдостан дөреген дарынды шәкірттері облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың басын бермей, Сыр бойының мақтанышына айналуда. Сыр бойының көптеген жыршы-термешілеріне жыр бастаулар мен арнаулар жазып жүрген Айдос ұмыт бола бастаған жазба айтысты жандандыруы - бүгінгі күннің ең үлкен жаңалығы. Қазақтың қарапайым қара баласы, халқының қардарына қылған қызметіне ешкімнен марапат дәметпей-ақ еңбек етуде. Қадірлі дос, Айдос, еңбегің елеусіз қалмайты-нына, Алла ниетіңе беретініне кәміл сенемін.

 Т.ТӨРЕАХМЕТҰЛЫ

Read more

Абырой рухани және азаматтық болмысыңмен қалыптасады

Сәпен Аңсатовты білмейтін қызылордалық жоқтың қасы. Айтатын ойы нық, сөйлейтін сөзі тік келетін азаматпен тілдесе қалсаңыз, терең тұңғиыққа тап боласыз. Онымен әңгіме-дүкен құрғыңыз келсе, дайындықпен баруыңыз керек. Қоғамнан ойып тұрып орын алған, өзін көпке сыйлата білетін арда туған азамат жақында 75 жасқа толды. Әлі ширақ, айтары көп оны (өзі ұната қоймаса да) туған күнімен құттықтай отырып, журнал оқырмандары үшін сұхбатқа шақырдық.

- Сәпен Әбдіқадырұлы, қоғамда да, отба-сында да, сыйлас достар арасында да абыройы биік азаматсыз. Әдемі қартаю деген түсінікке қалай қарайсыз?

 - "Биік" деген мен үшін көтерме сөз. Абыройлы азамат деген атқа лайық болсам да, Аллаға шүкір деймін. Қара есімді сөзі орнықты, Алла сабыр қуатын берген марқұм болған нағашы ағам болған. Асығыстығым, қызбалығым бар. Осы мінезім сезіліп қалса жеңгең Қаншай: "Қара ағайға ұқсап қартайған дұрыс қой", - дейді. Жасы үлкендік те бір сын. Үнемі ел-жұрттың алдындасың. Пікір сұрайды, ой айтуыңа тура келеді. Жақында Астанада "Шалқар" радиосының "Елім менің" бағдарламасы аясында "Қазақ руханиятындағы ақсақалдықтың орны" деген тақырып бойынша Нұрмат Мансұровқа жарты сағаттық сұхбат бердім. "Ақыл-ойыңды тұнық ұстап, алдымдағы жасы үлкендерден не алдым, өмірдің қандай сабақтары болды, өзім кейінгіге не бере аламын?" деген сұрақтан алшақ-таған емеспін. Оқығаннан зердеме түйгендерімді балаларыма, немерелеріме, досыма, жолдасыма, реті келсе көп жиналған отырыстарда, қажеттілік туып жатса айтып жүремін. Зердеңдегі дүниені жиі қайталап айтып жүрсең ұмытылмайды.

 

Read more

БАҒЫТЫ БӨЛЕК, БЕРЕРІ МОЛ БАЙҚАУ ұлттық өнерге рухани дем берді

 

Сахна – киелі, сахна - құдіретті орта дейміз. Шындығында, өнер үнемі күрес, тартысты қажет етеді. Өнердің қазанында қайнап жүрген әншілер мен жыршылар бұл сөзімізді растайтын шығар. Әсіресе, өнер үшін күрес додалы байқауларда жиі кездеседі. Талантты болу Алла берген қасиет, ал талап үздіксіз еңбекпен келетінін ескерер болсақ, жырдың елі атанған Сыр елінде де талабымен төрге озған өнерпаздарымызбен мақтана аламыз. Абай Құнанбаевтың «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» деген тәмсілі қазаққа қасиет қонған ұлттық өнердің шексіз мүмкіндігін білдірсе керек. Дала берген табиғи дарыны мен көпке танылып жүрген жандар жетерлік. Дара өнердің жанашырлары, ұлттық мәдениетке мән беріп, ел рухын асқақтатуды мақсат еткен «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры жақында талабымен талайды таңқалдырып жүрген таланттылардың басын қосып, додалы ән байқауын өткізіп, елге рухани дем берді.

«Болар істің басына жақсы келер қасына» демекші, ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген қоғамдық қордың «Ән-жырым – ғұмыр-дариям» атты ән байқауы Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының қолдауымен өткізілгенін айта кету маңызды.

Мақсат айқын. Міндет белгілі. Бұл жолы да «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры отбасы құндылықтарын өскелең ұрпақтың жадына сіңіру, халқымыздың бай салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптейтін әндерді жаңғырту, жастарды рухани тәрбиелеуге ықпал ету, қоғамның отбасыға деген құрметін нығайтуды негіз етіп қойды. Байқаудың басты ұстанымы осы болды.

Ән додасына облысымыздың жоғары және арнаулы оқу орындарынан, облыс аудандарынан 16 мен 30 жас аралығындағы өнерпаздар қатысты. Орындалған әндер де көпшіліктің көкейінде жүрген туындылар. Әндердің басым бөлігі эстрадалық жанрда Қазақстан, халық композиторларының, жергілікті композиторлар шығармашылығынан орындалды.

Read more

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.