Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Тамыз 2014

07 Тамыз 2014

ПЕРІШТЕЛЕР ЖЕРГЕ ЖАҚЫНДАЙТЫН ТҮН

Әлі есімде... Бала күнімде үлкендер Қадір түні жайлы еміс-еміс әңгіме қылатын. Біз де ойлаушы едік. Бұл түні тек жақсылықтар жасалуы тиіс деп. Бала санамыздағы сәуле ұшқыны алдамапты. Расында да, бұл мың айдан да қадірлі қасиетті түн екен.  Әлімсақтан қазақ халқы өздерін мұсылман санаған. Шамасы келгенше, тілін кәлимаға келтіріп, Жаратқанға құлшылығын жасап, тәспісін тартып, дүние тіршілігімен қатар о дүниесін де ойлаған. Сол игі жақсылардың жолын жалғаған бүгінгі ұрпақ санасында да «дін жолы» аса қорқынышқа айналмай, Ислами өмір кескін алған жайы бар. Аллаға мың да бір шүкірлік етеміз. Дініміздегі қасиетті күндер тәуелсіздік таңымен қайта жаңғыра түсуде. Мұның айғағы, дәстүрлі дінімізге біршама бетбұрыс жасалғанын байқай түсеміз. Ендеше, Қадір түні қандай түн? Ол күні жасалар құлшылықта қандай құпия бар? Міне, осы сауалдар жөнінде ой тарқатқанды жөн көрдік.  Қасиетті Құранда Қадір түні жайында: «Біз Оны (Құранды) Қадір түні түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Алла тағала білдірмесе) қайдан білесің?

 

Read more

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің айшылық алыс жерлерді шарлататын кең аумағымен, тартымды мәдениеті мен бай табиғи және тарихы терең мұрасымен, көзге көрінер туристік нысандарымен күллі әлемді қызықтырып отыр. Бүгінгі таңда экотуризм мәселесі әлемдік деңгейде айрықша маңызға ие. Сыр өңіріндегі экотуризм дегенде, әуелі есімізге еріксіз Қамбаш көлі түседі. Қамбаш – Қамыстыбас елді мекені тұсындағы ғажайып су айдыны. Суы мөлдір әрі емдік қасиеті мол. Бүгінде жағалай тігілген ақшаңқан киіз үйлер иелері мұнда келген келушілердің емін-еркін демалуына жағдай жасап қойған. Кәуап дейсіз бе, сыра дейсіз бе, не нәрсеге тапсырыс берсеңіз де, қызметіңізге әзір. Бір барғанымызда, елге белгілі Парламент депутаттарының көлдің ортасына стол қойып, аяқтарын суға батырып, ішімдік ішіп отырғанын көзіміз көрген. Қандай демалыс, қандай тәрбие десеңізші! Сол жолы Алматыдан келген бір адамның көл жағасындағы тамақ қалдықтары мен бөтелке сынықтарын көріп, жағасын ұстап: «Не деген жабайылық, осыншама тамаша көлді жергілікті басшылар мәдениетті түрде демалатын орынға айналдырса қайтеді?» - деп, таңдай қағып, сын айтып кеткен-ді. Расында, бүгінде тап-таза көлді өз қолымызбен ластап жатырмыз. Өкінішті.

Read more

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.

 Ауысады күнде саба, толағай.

 Бірі барда бірі болмай, жоқты аңсап,

 Неге пенде болды сонша қомағай!

  – Алтынсың,- деп алдағандар тірімде.

 Көзім жұмсам, көрмес мені қоладай.

 Дүниеге қаланған бір кірпішке,

 Сол дүниенің осындай бір обалы-ай!

 Иә, Қуандық Шаңғытбаевтың өлеңінде толғанғандай, дана қазағымызға дара тұлға болған Абай атамызға қандай құрмет көрсетіп жүрміз? Сыр елінде ұлы тұлғаның атымен аталатын мәдени орындар бар ма? 

 Абай – ұлттың атасы, халықтың рухани әкесі. Қазақ қоғамы, оның болмысы, келешегі туралы соншама толғанған, ұлтының табиғатын, жаратылысын дәл таныған, елі үшін күйіп-піскен, азапқа түсіп, қасірет шеккен, қазақтың кемшілігін жанға батырып, бүкпесіз ашық айтқан Абайдан асқан тұлға бар ма қазақта? Дәл осы ұлы тұлғаға қызылордалықтар қандай құрмет көрсетіп жүр?

Read more

«Халықтың әншісі болғым келеді»

«Күншуақ» конкурсының гран-при иегері, Қызылорданың жас жұлдызы Жанмұхаммед Төлепбергенұлы:  

Елімізде халықаралық байқауларды еңсеріп, ұлттың бет-бейнесін әлемге танытып жүрген жас өнерпаздарымыз жетерлік. Жас таланттыларды демеп, өнерпаздарға есігін айқара ашқан байқаулардың бірі – «Күншуақ» фестивалі. Жыл сайын дәстүрге айналған байқау биыл 12-рет өткізіліп отыр. Сыр елінің абыройын асқақтатуға Оқушылар сарайының өнерпаздары қатысып, бақтарын сынап қайтты. Алты күнге созылған байқауда аймағымыз биік тұғырдан көрінді. Халықаралық «Күншуақ» конкурсының гран при иегері Жанмұхаммед Төлепбергенұлы мен ұстазы Тұрсынкүл Сапарованы «Әлімсақ» журналы жеңістерімен құттықтай отырып, сырласу алаңына шақырып, дидарласты.

 

Read more

Сұрап алған ауру немесе әзіл жазудың әлегі

Асекеңдей атағым жер жарып, Осекеңдей айдарымнан жел есіп, алқа жұртты аузыма қаратпағанмен де, қарап жүрмей әжік-гүжік әзіл-оспақ жазатыным шын. Аһ дегенде ар жағынан жүрегіне дейін көрінетін ақ көңіл ағайын жарылып:

- Күлкіден ішек-сілемізді қатырдың. Сарыағаштың сапалы суын ішкендей қарнымыздың қырындысына дейін тазарып қалды, бәрекелді,- деп, арқамнан қағып, ат мігізбегенмен, атымды аспанға шығарып жатады.

Ал енді күжір желке, кетпен бас, қисық иық біреулер көрген жерде:

- Інім, біздің бастық оңбайтын обыр, тоңмойын тоғышар, алақаны астаудай парақор. Соның құйрығын бір уыс қылу керек,-деп тісті бақадай жабыса кетеді. Сірә, мені пәле қуған пәлеқор, аңыс аңдыған арызқой деп білсе керек.

Read more

Аманат- арман

 Көктемнің шуақты күндерінің бірі. Түндегі шелектеп жауған жауынның иісі тынысыңды ашады. Есік алдындағы бақшаны суғарып жүрген Келдібай ақсақал ара-тұра кемпіріне айғайлап қояды.

- Әй, кемпір, андағы шелекке қол жалғап жіберші,- дейді. Нағима қисалаңдай басып шалының айтқанын дереу орындауға тырысады. Бақша бабын жасап болған соң екеуі қарағаш түбіндегі кең сәкіге отырып, сары қымызды сапырып шүйіркелесе бастады. 

- Әй, кемпір, осы Сырдың топырағында туып, өсіп-өніп, көгеріп, көктегенімізге де 60 жылдан аса уақыт өтті. Осы қаланың құрылғалы бері, бұл жердің әр тасы мен үшін қымбат. 

Read more

Күйші

Кеше кешкісін арнайы шақырумен келген жас жігіт көпіртіп кеткен. "Көрші ауылдағы тойға адам аяғы жететін жердің бәрінен өнерпаздар келмек. Біздің қазақ малды тойға шашу үшін жинайды, сол той арқылы атын шығаруды ойлайды. Атан жарыс, аламан бәйге, палуандар күресі, ақындар айтысы мен күйшілер тартысына арнайы атан бастаған тоғыз, үйір-үйір жылқы тігілмек. Әлі жетсе жығады, бабы болса шабады, бағы қонса алады. Ақсақал, кемпіріңмен керілдесіп киіз үйде жата бергенше дүйім жұртқа өнеріңізді көрсетіп, өзіңіз де, өзгені де сергітіп қайтпайсыз ба, бұйыртса бәйгенің алдын алып, атыңыз аңызға айналып, есіміңіз елге тарап кетер", - деп қоймаған. Қырсық шал қисайып қабақ жылыта қоймады. «Күй тыңдайтын құлақ қалды ма қазір, күйшіден қадір қашқаны қаша-а-ан?» деген де қойған.

- Екі күннен бері ұйқы жоқ. Түнімен дөңбекшіп кірпік қақпай шығады. Тілден қалды. Өзімен өзі. Ауық-ауық екі қолын шайып, жылы сары майға салады. Ескі досы қос шекті домбырасын баптап жүр. Жылжымалы пернесін жаңартып, жаңа шек тағып, жылқы майымен сүртіп қояды. Көкірек шіркін сайрап тұр. Тек соңғы жылдары тіршіліктің тізгіні еңсені езіп, қара жұмысқа араласқасын екі қолы қарабайланып кеткен. Оның үстіне кемпірінің күңкілі де көбейіп кетті. "Сенің тыңқылың тамақ болмайды, кәрі қойдың жасындай өмірің қалды, қойсайшы осыны, тойып тамақ жемей, бүтін киім кимей, өмірден өтіп барамыз, бар өмірдің қызығын бір өзің көрдің ғой, қайда той, қайда сайыс, қайда мереке. Біз бейбақтың не жазығымыз бар?"- деп, мазаны алады. Ондайда бір молдадан "әйелдер тамұқтың тұрғындары ғой" дегенді естігені бар-тын, сол рас шығар дейтін де қоятын. Адамды қажытатын қара жұмыс емес, қара сөздің қамшыдай тиюі шығар. Болмаса ішер асты, киер киімді ешкімге қол жаймай-ақ тауып жүр емес пе?

Read more

Бағы жанған композитор

 

1983 жылы республикалық домбырашылар сайысына іріктеуден өтіп, Семей қаласына жолдама алдым. Музыкалық училищенің студенттерінен жарысқа қатысуға жарарлық домбыра таппадым. Өзімде домбыра екібастан жоқ. Бұл «проблеманы» ұстазым Әбжәлел Бекенбаевқа айттым. Ол өз кезегімен бөлім меңгерушісі Айтберген Жаңбыршиевке айтып үшеуіміз директорға бардық. Директор Тәңірберген Қалауов: «Әй, бір, уақытбар, іздеңдер, табылса келесіңдер», – деп қайтарды. Самолетке билет алып кетуге дайындалып жүрміз. Домбыра жайлы ағайыма айтсам, ол бөлім меңгерушісіне жұмсайды, бөлім меңгерушісіне барсам директорға өзің бар дейді. Сонымен қолыма училищедегі ең нашар домбыраны алып директорға кірдім.

Read more

Бір жұлдыз болып жанам мен

Теңізбен сырласу...

От-өлеңім өртенсе жырақ барам,

Кейде барып теңізге сыр ақтарам.

Тасқа ұрған сыры мен жырларына

Іштегі дертімді айтып жылап та алам.

 

Ойнаған бала кезде балақ түріп,

Ұшырған ақ арманды парақ қылып.

Өмірі өлең болған ақын жайлы

Ойға шомдым теңізге қарап тұрып.

 

Ерікті ме?! Екпіндеп тұра ұмтылды,

Жағасын ойқастаумен жыра қылды.

Туғанынан тулаған шабыт керіп

Теңіз десе көремін бір ақынды.

 

Read more

Сайтанның қытығы

Сайтанның қытығы сұмдық болатын шығар, саусағыңды жыбырлатсаң,  күле беретін күлегеш қыздар сияқтанып, ішек-сілесі қата ма деймін. Өздері қарап жүрмей, билеп, жыртыңдап, жырқылдап, улап-шулап жүреді дейтін еді, сайтаныңды шашынан сүйреп сабаған ілгергі шалдар. Қытығы қай жерінде екен сол албастының? Астапыралла, не деп кеттім? Айт-пақшы сіз сайтынды көріп пе едіңіз? Көре қойған жоқ шығарсыз. Көрмесеңіз, сықылықтағанын естімесеңіз, қытығының қай жерінде екендігін әрине біле қоймассыз. Ал бізде.., бізде, онда жағдай кезікті.

Биссимилла, рахмани-рахим! Бірде түн ішінде сықылықтап күлген қыздың дауысынан шошып ояндым. Әлде, оянбадым ба? Әйтеуір, көл-көсір күлкінің астында қалғандай сезіндім. Сізге өтірік, маған шын, дәл төбемде ішек-сілесі қатып, бір қыз күліп тұрғандай болды. Іле-шала көзімді сығырайта қарасам, таң алдындағы бозамық сәуледен тек масахана ғана бозарып көрінеді. Бұл не пәле?! Ойым айран-асыр. "Тфу, тауықтың түсіне тары кіреді" демекші, жалғыз жатқан жігітке, бойжеткеннің күлкісі естілмегенде, есектің ақырғаны естіледі деп пе едіңіз?".

Қайта маужырап бара жатыр екенмін, әлгі сайқалдың сылқ-сылқ күлкісі дәл төбемнен шықылықтап қоя бермесі бар ма. Зәре құтым қалмады. Сілең қатқыр қояр емес. "Стансыздың түсіне, екі метр кез кірер, сүрбойдақтың түсіне, сылаңдаған қыз кірер". Күзде еккен тарымды аман-есен жинап алсам, үйленбесем болмас. Қыз-қырқын ұйықтасам да жағаласып, бәле болды ғой", -деп бір аунап түсіп қор ете қалмақшы едім,

Read more

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Тамыз 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.