Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Мамыр 2014

27 Мамыр 2014

Кешірімге барған едік

Қағынған бір балдызым ауыл-үй арасынан шошынғандай, туу-у Қаратаудың арғы бетінен ақ маралдай бір қызды алып келді. Топырлатып тойын өткіздік. Енді қыздың ата-анасының алдынан өтіп, кешірім алу керек. Сонан ағайынның ақсақалдары әрі ойласып, бері ойласып, ішінен сұрыптап-сұрыптап, Қопаңбай екеуімізді жолға қолайлады. Сосын сықиған қос кәрзеңкені қолымызға ұстатып, «Қаратау қайдасың?» деп қоя берді.

Бұрын дәл осындай шаруамен сол жоққа барған құрдасым Бәлтөн:

- Қыздың әке-шешесі де, аға-інісі де ештеңе емес, ал енді көресі ит-ақыретті көк долы жеңгелерінен көресіңдер, - деп басынан өткендерін айтқан.

 

Read more

Ана туралы толғаныс

Ата-анамыз Сарының зиратында жатыр. Қайтқан күні міндетті түрде басына барып құран оқытып, еске аламыз. Бала кезімде әкемнен: "Сары деген кім?" - деп сұраған едім. Әкем аңызға айналған мына бір әңгімені айып берді. Байғозы атамыздың Тансықбай, Өтеп, Аманжол, Аяп және Топаш деген бес баласы болған. Сары - Топаш атамыздың жалғыз ұлы болса керек. Өте ақылды адам болғанға ұқсайды. Өкінішке қарай, тым ерте қайтыс болған екен. Ажал алдында жақын ағайындарына: "Бұл жалған дүниеге кім келіп, кім кетпеді. Соңынан ұрпағы қалған адамдар бақытты ғой. Маған ондай бақыт бұйырмады. Отау құрып, балалы-шағалы болғаным жоқ. Міне, енді соңғы сапарға аттанып бара жатырмын. Мені руымыздың бейітіне жерле-меңіздер. Онда абырой, атағы бар небір ағайында-рымыз жатыр. Солардың көлеңкесінде қалып, атым шықпай қалады. Сондықтан да, руымыздың бейітінен бөлек, басқа жерде жалғыз-жалқы жатайын. Мүмкін, жатқан жерім "Сарының бейітіне" айналып, кейінгі ағайын-жұрттың есінде қалармын", - деп, ақырғы өтінішін айтқан көрінеді. Расында, Сарының жерленген жері кейін үлкен зиратқа айналып,  қазір "Сарының бейіті" деп аталады.

Күлдарай анамыз 1926 жылы дүниеге келген. Әкесі мен бауырлары наубайшылар болған. Әжеміз қатаңдау болды ма, әйтеуір, анамыздың төркіндері-мен алыстан сыйласып, қоян-қолтық қатыса алма-дық. Дегенмен, Күләш апамыз екеуміз анда-санда барып, нағашы әжемізге сәлем беретін едік. Әжеміз жақсы адам еді. Өкінішке қарай, жасы ұлғайған шағында екі көзі көрмей қалды. Біз барғанда қалтасына жасырып қойған кәмпит-пешенейін беріп, маңдайымыздан сүйіп, басымыздан сипап, жылы сөздерін айтып отыратын, жарықтық. Ол кезде кәмпит-пешеней деген жеңсік еді ғой. Әжеміздің берген сыйлығына риза болып, үйге мәзденіп қай-татынбыз.  Кейде әжеміз қалтасын қарап, ештеңе таба алмай қалады. Ондай кезде жан-жағын сипалай отырып, қолына түскен кез келген затты беретін. Бірде мектепке баратын немересінің қызыл галстүгі қолына ілігіп, Күләш апамызға сыйлаған көрінеді.

Анамыздың руы - Сарықасқа. Алайда, түп-тұ-қиянын білетіндер арғы ата-бабалары - Қарақалпақ дейді. Кезінде анамыздан сұрап едік, анықтап ештеме айта алмады. Дегенмен, Өтеп атамыздың: "Күлдарай келінім үлкен анамызбен төркіндес", - деп, кейде әзілдеп отыратын еді.

 

Read more

Алла жолындағы адалдықтың сыры

Ақпанайының 9-күні бұрын-соңды бола бермейтін бір шараның куәсі болдық. Кітап-тың тұсаукесері. Бұған дейін талай кітаптың тұсаукесеріне қатысқанбыз. Бұл жолғы шара мүлдем бөлек. Қазақша киінген қыздар жаңа кітапты ортаға алып шыққанда қошеметтің өзі әсерлі. Фольклорлық-этнографиялық оркестрдің өнер көрсетуі кітаптың құнын арт-тыра түсті. Рухани қазынаға деген шексіз құр-мет, кітап кейіпкеріне деген алғаусыз алғыс-тар осы күні ақтарылды.

"Мен таныған тылсым". Кітап осылай аталады. Ең алғаш көргенімде кітап атауының ерекшелігі көз-ге оттай басылған. "Кім туралы екен?" дегенше бі-рінші бетінде Сыр өңіріне есімі белгілі емші Қызыл-гүл апаның, Қызылгүл Бәкібайқызы Әлменованың суреті басылғаннан түсінікті болды. "Бұл тақырыпқа кім жүрегі дауалап барды екен?" деген екінші сауал-дың да жауабы дайын. Сыр өңіріне белгілі ақын, журналист Елубай Әуезов екен. Көп ұзамай кітап қолға тиген соң бір күннің ішінде оқып шықтым. Кейіпкердің басынан кешкен оқиғалары, емшілік жолдың қиындығы мен жауапкершілігі жайлы қоз-ғалған, түсінікті тілмен жүйелі түрде жазылған кітап ә дегеннен өзіне тартып ала жөнелді. Кітап кейіпкері Қызылгүл апа туралы білмейтініміз көп екен, тере-ңірек тани түстік. Ал, тұсаукесердің жөні бөлек.

Кітаптың беташар сөзін тарих ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мем-лекеттік университетінің профессоры Меруерт Нағыметқызы Аңсатова алып, кітаптың басынан аяғына дейін шолу жасап, кейіпкердің басынан өткен кейбір сәттерге тоқталып, аудиторияны өзіне қарат-ты. Одан кейін сөз алғандар кәсіби халық емшіле-рінің республикалық Ассоциациясының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Есенқұл қажы Сәбиев, Қызылорда облысының Дін істері басқармасының басшысы Бақытжан Камалов, Қазақстан Республикасының Құрметті кәсіби ха-лық емшісі, Қызылгүлдің ұстазы Раушан қажы Прмағанбетова, денсаулық сақтау саласының ардагерлері, ССРО және ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздіктері Рыскүл Серғазиева мен Жеміскүл Өмірәлі-қызы жүрек тебірентер сөздерін арнады. Кітаптың авторы Елубай Әуезов пен кітап кейіпкері әрі кештің иесі Қызылгүл Әлменова кітаптың жазылу барысына тоқталып, алдағы уақытта тағы бір кітаптың жазыла-тынын айтып қалды.

Тұсаукесерге адам көп жиналды. Кәсіби халық емшілерінің республикалық Ассоциациясының Қы-зылорда облысы бойынша филиалының директоры Гүләйім Алданқызынан бастап  Шымкент, Ақтөбе, Құлсарыдан келген қонақтар жылы лебіздерін білді-ріп жатты. Қызылордаға есімдері белгілі азамат-тарды да осы кештен көрдік.

Әлбетте, кітап себепсіз дүниеге келмейді. Әрі емшілік қасиет туралы жазылған кітапқа әр адамның пікірі әрқалай. Халық медицинасының қоғамдағы алар орны, адамға тигізер пайдасы, емшілік қасиетке діннің көзқарасы қандай? Оның үстіне бұл кітапқа аса мән беріп, тұсаукесер жасаудың қаншалықты қажеттілігі бар еді? Міне, осындай сауалдардың жауабын білмекке кеш соңында Қызылгүл Әлмено-ваға жолықтық. Ол біздің сұрақтарымызға тұшым-ды жауап беріп, өзіндік ой-пікірін білдірді.

Read more

Арындаған арыстан

 Жиырма бесінші желтоқсан 2013 жылы А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде Қазалы ауданының концертін тамашалауға барғанмын. Концерт ортасында конферансье Арыстан Айтбаев. "Қазалының қыздары-ай!", - деп саңқ ете қалды. Шап-шағын, әп-әдемі ән бір деммен орындалды. Халықтың қол соғуы әннің бағасын беріп жатқандай. Әннің кіріспесі терция интервалымен вариация формасында басталды. Маған осы вариацияны Арыстан ағай өзі сыр-наймен орындап жатқандай сезімде болдым. Қап-қара бұйра шаштары, өңменіңнен өтетін сұсты көздері, мұрттары едірейіп сахна сырты-нан қарап тұрғандай.

Ертеңіне жұмысқа келіп бұрын-соңды есті-меген Арыстан ағайдың әнін тыңдағанымды достарыммен бөлісіп тұрғанмын.

- Ә, бала, сен білмейтін тағы бір қызықты ай-тайын,- деп, әңгімеге Әлихан Баймаханов ағайымыз араласты.

- 1990 жылдар шамасында болуы керек, жи-налыс болады деп кіші залға жиналып жатыр-мыз. Ол заманда барлық класта бір-бір радио саңқылдап тұратын. Бір уақытта радиодан халық әні "Қазалының қыздары-ай" деп бір әдемі әнді құйқылжыта жөнелді. Арекең (Арыстан ағай): "Ту, мыналар менің әнімді халық әні деуді қоймады-ау", - деп, ренішін білдіріп жатты. Оған ешкім мән берген жоқ.

Read more

26 Мамыр 2014

Қазіргі жас шенеуніктер арасында ақын-жазушылардың бір шығармасын оқымағандар жетерлік

Қаршыға ЕСІМСЕЙІТОВА, 

Қазақстан Жазушылар одағының  

Қызылорда облыстық филиалының директоры: 

"Сыр елі - жыр елі" деген жанымызға жақын тіркес біздің облыстың даңқын көкке көтеріп жүргенін ешкім жоққа шығара алмайды. Қазірдің өзінде үлкен сахналарда ән шырқап жүргендердің өмірбаянына көз жүгіртсеңіз, Қызылордаға келіп тіреледі. Республикалық ән додаларында Сыр елінен шыққан жас өрендер топ жарып, маңдайымызды жарқыратып тұр. Ал "ақын-жазушылардан кімдерді айтар едіңіз?" деген сауалға тағы сол сырт жерлерде жүрген жерлестерімізбен мақтанамыз. Осы жерде өмір сүріп жатқандар туралы жастар, жастар дейміз-ау орта буынның өздері біле бермейді. Себебі неде? Республикалық "Қазақ әдебиеті", "Ана тілі" секілді басылымдардан өзге облыстардың қаламгерлерінің туындылары, ой-пікірлері жарық көріп жатқанда ішін қыз-қыз қайнап, "бізде де бар еді ғой" деп, тілімізді тістеп қалатын жайлар кездеседі. Әлде жергілікті биліктен тасада қалып, өз күндерін өздері күйттеп, уақыт оздырып жүр ме? Айтпақшы, Қазақстан Жазушылар одағы бар емес пе еді? Неге олар елдегі санаулы ақын-жазушылардың үніне дем берер орталыққа айнала алмай отыр? Сан сұрақтың шешімі облысымызға әкім болып қоғам қайраткері, танымал тұлға Қырымбек Елеуұлы Көшербаев келгенде шешіліп қалар деген үміт қылаң берген. Айтса айтқандай, осы жылдың қаңтар айының аяғында облыс басшысы Сыр бойы қаламгерлерін жинап, әңгіме-дүкен құрғанда елең еттік. Өздері санаулы-ақ, облыстағы Жазушылар одағының 22 мүшесі ғана бар. Басшысы былтыр ғана сайланған. Өткен жылдың күз айында Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалиннің жарлығымен облыстық филиалдың директоры болып Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, "Қазақстан-Қызылорда" телеарнасының редактор-жүргізушісі Қаршыға Есімсейітова тағайындалған-ды. Осы басқосуға одақтың өңірдегі мүшелерін апарып, өзі сөз сөйлеп, қордаланып қалған мәселелерді әкімнің алдына қоя білген Қаршыға Құрмашқызын біз де әңгімеге тартып, сыр суыртпақтағанбыз. Байқағанымыздай, біраз жайттардың тиегі ағытылған секілді.

- Қаршыға Құрмашқызы, әуелі өзіңізді фи-лиалға директор болып келгенімізбен құттық-тап алайын, жұмысыңызға толағай табыс, шығармашы-лығыңызға шабыт тілеймін. Бұрын жергілікті ақын-жазушылардың даусы қоғамда, биік мінберлерде жиі шығып тұрушы еді, бүгінгі нарық заманының әсері ме, облыстағы қаламгерлердің үні осы күні естіле бермейді, белсенділік танытып жүргендері шамалы. Сыр жазушыларының бүгінгі қоғамдағы  ролі қандай? 

- Тілегіңізге рахмет. Бұған дейін ақын-жазушылар өз шығармалары арқылы әдеби өмірдегі белсенді-ліктерін көрсетіп келді. Енді жаңа бір серпіліс, жаңа тың ойлар керек. Сондықтан да қаламгерлердің басын қосып, біршама ойларымызды жүзеге асыруды ойлап жүрген болатынбыз. Ойдың баста-масы одақтың секретариат мүшесі, драматург-жазушы Сұлтанәлі Балғабаев келіп, Сыр өңірі ақын-жазушылардың арнайы басын қосып, мені филиалдың директорлығына отырғызып, ұйымның атқаратын жұмысына бағыт-бағдар беріп кеткеннен кейін басталды. Бұрын-соңды басы қосылмай жүрген қаламгерлер жиі-жиі бас қосып, түрлі іс-шараларға қатысуда белсенділігі байқалды. Рас, олар - өз шығармаларын әдебиеттің мәйегіне айнал-дырып жүрген әлемі бөлек тұлғалар. Қаламгерлердің шығармашылығы, жүріп-өткен өмірі қоғамы-мыздың, еліміздің даму тарихымен қатар жүріп келе жатыр. Олар - өз шығармалары арқылы ұрпақ тәр-биелеп, қоғамның бет-бейнесі, айнасы бола білген жандар. Сондықтан олардың әдебиетте де, қоғамда да өз орындары бар деп айта аламын. Біздегі ақын-жазушылардың алды сексенді алқымдап жатса, соңы елуді еңсеріп қалған әбден толысқан, елдің алдыңғы легінде жүрген зиялы қауым өкілдері. Қазақтың болмысындай кең тынысты, ойлы, өмір философиясын жырлаған Қадыр Мырзалиевтей сыршыл, сырбаз ақындарымыз - Махмұтбай Әміреев пен Дүйсенбек Аяшұлы, жырларында сырлы сезім мөлдіреп тұратын Тұманбай Молдаға-лиевтен ыстық ықылас көрген Әскербек Рахымбек-ұлы, Фариза Оңғарсыновадан бата алған Қатира Жәленова... Айта берсем, Сыр елінің өз Мұқағалиы, өз Оралханы, өз Фаризасы бар. "Қолда барда алтын-ның қадірі жоқ" демекші, руханият жолында жүрген сөз зергерлерін қадірлей білсек деймін.

- Сіз қадап-қадап айтып отырсыз, бірақ осы сөз зергерлеріне жергілікті билік тарапынан қошемет көрсету қай деңгейде? Басшысы төбесіне көтеріп, шығармаларын жарыққа шығарып, оқырмандарына қауыштыруда қандай келелі жұмыстар жасап жатыр?

Read more

Бойына Сырдың бос жатқан, қала салсақ деп едік

Бұл - облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың биылғы ел алдында есеп беруге келгенде Махамбетше өрілген арманы. Өткен жылды қорытындылап, алға тың жоспарларын халықпен бөліскен әкім "Сыр мәдениеті саласында қандай тың өзгерістер әкелер екен, тарихқа тұнған өңірдің қадірін қаншалықты қастерлер екен?" деп құлақ тосқанымыз рас. Жауабымызды алғандай болдық. Соған сай өз ой-пікірімізді, ұсынысымызды айтқымыз келді.

- Бабалардан қалған мәдени мұраны көзіміздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманат ету - біздің ұлт алдындағы парызымыз. Биыл Сығанақ, Жанкент, Шірік-Рабат секілді ежелгі қалалардың орнында археологиялық қазба жұмыстарын жалғастыруға арнайы қаржы қарастырдық,- деді облыс басшысы. Құп делік. Алайда осы тұста қазба жұмыстарының сапасына да мән берілсе, қадағаланса екен дейміз. Біз осы аталған тарихи орындарда болғанымызда кей жерлердің, әсіресе Жанкенттің орнындағы қазба жұмыстарының жауапсыз атқарылғанын көрдік. Сондықтан жұмыстар жанашырлықпен жасалып, болашақ ұрпақ алдында ұятқа қалмау қамын осы кезден ойға алғанымыз дұрыс болар.

Read more

05 Мамыр 2014

Қазыбек Әшірбекұлы


"Қызылордалық масаның" бүгінгі қонағы - Қазыбек Әшірбекұлы. Мінезі ақжарқын арқыраған, кеудесі жұлдызға жарқыраған, он саусағынан сатира тамған Қазекеңді білмейтін жан жоқ бүгінде. Жемқорлар мен парақорлардан бастап жалқаулар мен тоғышарларға дейін жазбай таниды. Себебі оның басты кейіпкерлері - солар. Ал бүгін Мөңке бише толғанып, басын "тау-тасқа соққан" Қазекеңнің Марсқа деген "мінсіз махаббатына" куә болыңыз, оқырман.






Бидің айтқан болжамы

"Ішіне шынтақ айналмайтын Ежірей деген ұлың болады. Ақыл айтсаң ауырып қалатын Бежірей деген қызың болады. Алдыннан кес-кестеп өтетін Кекірей деген келінің болады... Алашұбар тілің болады, дүдәмал дінің болады. Әйелің базаршы болады. Еркегің қазаншы болады... Кебір - жерге теңеледі. Әйел - ерге теңеледі...".

Мөңке би

Би болжамының бүгінгі жалғасы

Заманың жаңаша болады,

Шеккенің анаша болады...

Ақша ардан биік болады,

Кредит деген күйік болады...

Аяқ бассаң алдау болады,

Адамды - адам арбау болады...

Алатының аз айлық болады,

Айлығың тек шайлық болады.

Алуан түрлі алым болады,

Қайырымдылық хәлің болады...

Жаннан безген жәлеп болады,

Арын сатып әлек болады...

Арамның ойлағаны айла болады,

Алаяқтық пайда болады...

Алаяқтар аса көп болады,

Ақынды солар жеп болады...

Байға кедей құл болады,

Сапасыз дүние пұл болады...

Шындық емес - шын болады,

Таза шындық жым болады.

Мешкейлік деген "мұра" болады,

Сусынын арақ-сыра болады...

Би-болыстар мақтаншақ болады,

Жанындағылар жасқаншақ болады.

Read more

Нартайдың бір кеші және үш арманы

Бұдан отыз жылдай бұрын, яғни 1957 жылдары Қазалы қаласындағы бухгалтерлер даярлайтын техникумда оқып жүрген кезіміз болатын. Бізбен бірге сол кездің өзінде ел ағасы жасқа келіп қалған Әбіш Шоқыбаев деген ағамыз бірге оқитын. Ол кісі естігенін есіне ұзақ сақтайтын, құйма құлақ, сөзге шешен, ділмар кісі еді. Өмірге жаңа ғана талаптанған біздерге көргендерін, естіп білгендерін айтып беріп отырушы еді. Енді бірде әзіл-қалжыңын араластырып, қызықты әңгімелер, анекдоттар айтып, езуімізді бір жидырмайтын. Өзі де мәз бола рахаттана күліп алып: - Нан жауғыр, тағы қандай әңгіме айтайын? - деп сұрап қоятын.

- Әбеке, тағы да бір күлдіргі әңгіме айтыңыз, - дейтінбіз бәріміз шуласып. Ол ақжарқын, жайдары қалпынан аумастан: - Күлдіргі әңгіме дейсіңдер ме? - деп өзімізге қайыра сұрақ қоюшы еді де, әңгімесін бастап кететін.

- Ия, е, е.. Күлген деген жақсы-ау балалар,- дейтін ол. Өмір деген қарбаласы мен қалтарысы көп дүние ғой. Сендер өмірді енді ғана бастап келесіңдер. Өздерің ойлағандай, бұл өмір тек күлкіден ғана тұрмайды. Бір Құдайдан басқаның барлығы да екі-екіден, жұп-жұбымен жаратыл-ған. Ақылға салып көріңдерші, мысалы, күн мен түн, бар мен жоқ, аш пен тоқ, ащы мен тұщы, жұмсақ пен қатты, жақсы мен жаман, өмір мен өлім, тағы-тағы осы секілді өмірдегі кез келген заттар мен құбылыстардың барлығы да жұп-жұптан тұрады екен. Олай болса сендер айтқан күлкінің де өз жұбы бар. Ол не? Ол-қайғы, көңілсіз шақ. Күле білген адам, қайғыра да білуі керек. Міне, сонда ғана нағыз адам, нағыз азамат боласыңдар. Сондықтан өне бойы күле бергеннен гөрі, бір уақыт салдарлы, салмақты сөз тыңдаған да жақсы. Тыңдап қана қоймай, оны көңілге түйіп, одан  қорытынды шығарған одан да жақсы. Келешекте өмірге пайдалана білген жөн, - дейтін. Дейтін де, балалық балдәурен шағын ойша есіне алып кетуші еді.

- Е, е..., балалық балдәурен мен жігіттік желең шақты біз де өткергенбіз. Бірақ бізде балалық дейтіндей, балалық шақ болды ма? - деп өз-өзіне сұрақ қойып алып, жауабын да өзі беретін.  - Ел басына күн туып, ер етігімен, ат ауыздығымен су ішкен кезең еді ғой ол. Ұлы Отан соғысының әбден қайнап жатқан кезі. Бас көтерер азаматтар-дың барлығы майданда. Соғыста қаза тапқандар-дан "қаралы қағаздар" қардай жауып тұрған  кез. Екі үйдің бірінде, екі күннің бірінде жалғызынан айрылған ананың, жарынан айрылған жас жесір-лердің ащы айқайы мен зарлы үні төбе шашыңды тұрғызып, құйқаңды шымырлатады. Ауылда тек қана кәрі-құртаң қариялар мен жас балалар, кілең бойжеткендер мен отызға жетпеген өрімдей жас жесірлер ғана қалған. Бар ауыртпашылық солар-да. Ел басқарусыз, егесіз қалған кез. Міне, сол кезде "Көзі қарауытқан жар сүзеді" дегендей, ауылдағы үлкен-кіші 7 класты енді ғана бітірген мені 1942 жылы колхозға басқарма бастығы етіп сайлағанда, мен 17-де ғана едім. "Басқарма"-деген атағым ғана болмаса, балалығым басым-дау. Көзсіз көбелектей қай жұмыстан бастарым-ды білмей, дал болатынмын. Әр нәрсеге бір ұрынамын. Ретсіз қателіктер жіберіп жүрген кездерім де болып жүрді. Жасыратыны жоқ, мұндайда көз көрмеске шығып алып, көз жасыма да ерік беріп алушы едім. Осындай қиналған кезде көмекке көнекөз қариялар келетін. Олар ақылын айтып күні бұрын күнге, жұлдызға, айдың тууына зер салып, алдағы кезді, өмірді, өмір тәжірибесіне қарап отырып болжайтын. Қай жұмысты қандай уақытта бастау керек екендігін айтып беріп отырушы еді, жарықтықтар.

Read more

Сағымдай ұйыған сағыныш

Алтын досым, алтын басыңнан, алтын қолыңнан айналдым. Өзіңе ерекше тәнтімін, Қайрош!

Р.Жанаев.

4.04.2004

I

Рекең, Рүстем Жанаевпен 1970 жылдардың орта тұсында Қызылордадағы "Қызылорда" қонақүйінің алдында кездейсоқ жолығып қалып, алғашқы танысқанымыз әлі күнге дейін есімнен кетпейді.

Көптен таныс жандардай ту сыртымнан "Қайрош" деп соншалықты биязы естілген дауысқа бұрылып қарағанымда, қарсы алдымда қызыл шырайлы, тарақтың ырқына ыңғай таныта қоймайтын "мінезді" шаштары маңдай тұсынан жоғары көтеріліп барып желке тұсына құлай жығылған, жүзі жылы, келісті жігітке көзім түсті. 

Сұлу Сырдың жан адамға ұқсамайтын ойлы да сойлы (текті) ақыны, табиғаты тым ерекше Қомшабай Сүйінішев мені тап осылай атап, інілік назыма, ағалық мейірін мейлінше сіңіріп, бауырына тарта сөйлеуші еді...

Рекеңмен таныса келе білгенім: мына жалғанда жалпылықтан оқшаулау сара ой-түйсікке құлағы тү-рік, атасы азан айтып қойған атына заты сай, дүниенің датын жаламаған, от ауызды, орақ тілді Ер, бар ғұмырында, өресі мәз емес өтірік ұғымының ұйығына өкшесін малмаған, Күләш жеңгеме құлаш-құлаш өлең арнаған, көзінің қарашығындай асылы - Элочкасының аймаңдай папасы, ұлтанды ұлдары мен өрімдей немерелерінің сүйікті атасы, ақын әм азамат Рүстем Жанаевпен сол жолғы танысуымыз, ажырамас Достық отауында табысуымызға ұласып бара жатты!

"Қайрош", "Аққайрошқа" ығысып орын берді. Кейінірек өзім де екі буын есімді жаныма жақын інілеріме "Ақ"-ты қосып айтуды әдетке айналдырдым. Рекеңнің арқасында, ақын Сейіл Боранбаев ағамызбен етене араласып кеттім. Сейіл аға, Қомшекең, Рекең және өзім болып, қаншама жылдарға созылған жұбымыз жазылмастай жұмбақ жақындығымыздың мәні-мағынасы күн санап өсе берді, өсе берді...

Ағалы-інілі төртеуміз бас қоса қалсақ болды, төрт құбыламыз түгелдей көрінуші еді маған.

Арамыздағы әжептәуір жас айырмашылығы өзіміз өткен бірнеше белестердің қай қолтығында қалып қойғаны бізге белгісіз.

Қазалыға бара қалсақ болды, біз түсетін "кіші орда" сол баяғы Рүстем мен Ақ Күләш жеңгемнің отауы болатын. Осы екі есім, жұптасып, ажырамас егіздердей бірге айтылғанда ғана отырыстың сәні кіріп, дастарханның пәрі ашылып, тұтастықтың туы ылғи да жоғарыда желбіреп тұрар еді.

Ғасырда дүниеге бір келетін жерлесіміз бұлбұл әнші Роза апайымыз: "Рүстем, твоя супруга настоящая аристократка" - дегенде Күлекеңнің қонақ күтудегі қимыл-қызметіне, ақжарқын келбетіне қарап айтқан боямасыз ырзалығы болса керрек. Рекеңнің осындайда қарап қалмасы анық:

- Роза апай, қырық қыздың ішінен шертіп жүріп таңдап алған келініңіз ғой, - деп, әзілмен жауап қайтарыпты.

Әлі күнге дейін Күләш жеңгемнің ақ маңдайында қылаудай қыртыс атаулының ізі болмауы - қонақтарына қабақ шытып, қысыр сөйлеу әдеті туа бітті тал бойына үйір болмай-ақ кеткендігінен болар бәлкім. Қазалы-Арал топырағында өткен жиын, той, мерекелерге Қомшекең, Сейіл ағамен бірге бара қалсақ болды, "великолепная тройка" деген атауды үшеумізге лайықты деп тауып, сол аймақтағы тілекші қаламдас достарымыз, басы Рүстем болып бізге меншіктеп-ақ қойыпты.

Read more

Қаһарман батырына халықтың ықыласы зор болды

Тәуелсiздiк ұғымы қайбiр ел болмасын аса қым-бат. Ғасырлар бойы жасалған қазақ мемлекетiнiң арғы-бергi тарихына көз жүгiртсеңiз, ел тәуелсiздiгi жолында талай қырғынды басынан кешiрген қанды оқиғалардың қақ ортасында жан алып, жан берiскен батырлардың жүрiп өткен жолына кезiгесiз. Олардың әрбiр қадамы кейiнгiге шерлi шежiре, тағылымды тарих екенiн бүгiнгi тәуелсiздiкке қолы жеткен ұрпағы бiлуi керек.

"Батыр - әлеуметтік категория, батырлық - адам-ның бойындағы қасиет. Бұл екеуіне де қажеттілік тарихта әрқашан жоғары болған. Әсіресе, халықара-лық қатынастар құқықтық тұрғыдан реттелмеген, бір мемлекеттің екіншісін жаулап алуы, отарлауы қа-лыпты іс саналған замандарда батырлар қауымы қо-ғамдағы толыққанды институтты құрағаны обьек-тивті заңдылық еді",- дейді тарихшы Көшім Есма-ғамбетов. Рас, батырлар институтының етегімізді жиып, ел болудың, бірліктің, елдіктің ұйытқысына айналып, болашақты отаншылдыққа, патриоттыққа тәрбиелеудің алғышарттарын жасады деп сенімді түрде айтуға болады. Әсіресе, ХVІІІ-ХІХ ғасырлардың жан-жақтан жау анталаған аласапыран кезеңінде қазақ тарихындағы батырлар рөлі жоғары деңгейге көтерілді.

Жанқожа - қазақтың тәуелсіздігі жолында күрес-кен батыры, ХІХ ғасырдың қаһарманы, Хиуа мен Қоқан хандықтарына, отаршыл Ресей империясына қарсы шыққан ұлт-азаттық көтерілістің басшысы, 17 жасында батыр атанып, сексеннен асқанша қолы-нан қаруы түспей, ел тәуелсіздігі жолында күресіп өткен халық қаһарманы. Қарапайым халықтың арасынан шыққан Жанқожа батыр өзі өсіп-өнген ортамен бірге болды, сол ортаның арын арлап, мұ-ңын жоқтады. Содан болар, сырттан келгендер тізе-сін батырса да, ауыл шетіне жау келсе де, руаралық тартыс, жер не жесір дауы болса да, Жанқожаға жүгінді. Халқының бостандығы жолында бес қаруын асынып, қол бастап, жауымен текетіресіп, елінің тентіреп кетуінен сақтады.

Read more

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Мамыр 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.