Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Сәуір 2017

21 Сәуір 2017

АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН

 

ХХ ғасыр басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан игі жақсылар қазақтың идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері болатын. Олардың басым көпшілігі жоғары білім алған зиялы азаматтар еді. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдің еуропалық бөлігі мен Қазан, Омбы, Том қалаларында және Еуропа ЖОО-ында білім алған Алаш қайраткерлері қазақ халқының мемлекеттік құрылымын жасақтауға айрықша тұлғалар болатын.

Ұлт зиялылары Алаш идеологиясын ту ете отырып, азатшыл, ұлттық ұрандармен қазақ жастарын баурап, өздеріне тартып, серік қылды. Ұлттың өзекті деген мәселелерін шешуде Мемле­кеттік думаларға, мұсылмандар съездеріне қаты­сып, жалпықазақтық, облыстық, уездік, болыстық съездер мен басқосулар өткізіп, халқы­мыздың жанын жеген басты зар-мұңы - жер, тіл, дін мәселелерін батыл көтерді. "Қазақ" газеті мен "Айқап" журналының төңірегіне топтаса отырып, өзін-өзі басқарған, ұлттық мүддені қорғай алатын мемлекет жүйесін құруға талпынды.

Read more

АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ТАҒДЫРЫ

 

Әрбір халық үш деңгейде өмір сүреді және үш құрамдасы болады: өткені, бүгіні және болашақ ұрпақтарында. Бұлардың әрқай­сысының маңызды-маңызсыздығын бөле жарып қарауға болмайды. Үшеуі де маңызды және бір-бірімен етене байланысты. Бүгінгі ұрпақ - қазақ тарихының жанды жалғасы.

Осыдан бір жарым жыл бұрын ғана Қазақ хандығының, қазақ мемлекеттілігінің 550 жыл­дығы зор сән-салтанатты аталып өткен болатын. Іргесін Керей мен Жәнібек қалаған қазақ мемлекеттілігінің ғұмырын соңғы ханы Кенеса­ры­ға дейінгі аралықты қамтыр болсақ, 370 жылға жуық мерзімді алады екен. Демек, дербес қазақ хандығы, қазақ мемлекеттілігі ортағасыр­лық типтегі мемлекет ретінде осын­ша­ма уақыт жаңа заман талаптары тартысты жағдайларда өмір сүруге мәжбүр болды. Қазақ­стан­ның Ресейге қосылуымен қазақ мемлекет­тілігі жойылып, халық отарлық жағдай­ға көшті. Дегенмен бостандық сүйгіш халқымыз Ресей отаршылдығына қарсы тәуелсіздігін сақтап қалу үшін 140 жылдай уақыт күрескен екен. Салыс­тыру үшін айта кетейік, бүкіл Орта Азия­ның қуатты мемекеттері саналған Хиуа, Бұхара, Қоқан хандықтары және түркімен тайпаларын бағындыру үшін Ресей патшалы­ғына бар болғаны 20-25 жыл қажет болды.

Read more

МҰСТАФА ШОҚАЙ ҚАҒИДАТТАРЫ ЖӘНЕ БІЗДІҢ ҚОҒАМ

 

Алашорда Үкіметі бағдарламасында жерге ең алдымен қазақтың ие болуы, жердің асты-үстіңгі байлығын қазақтың пайдалану керектігі, өз өнімін өзі өндіретін ұлттық экономика, қазақ тілінің мемлекеттілігі, діні мен ділінің үстемдігі, білімнің дамуы секілді ең өзекті бағыттар қарастырылған. Алаш ардақтысы Мұстафа Шоқайдың: "Дүние жүзінде зиялыларсыз ұлтқа айналған саяси, әлеуметтік халық бұқарасының бірлігі ешқашан болған емес. Сондай-ақ, халық бұқарасынан қолдау көрмеген зиялылар да түк істей алмайды. Халықты ұлт деңгейіне көтеру, өз мемлекетіне ие тәуелсіз тұл­ға­ға айналдыру ұлттық зиялы қауым мен қалың бұқара арасындағы ортақ сананың болуынан. Осы сананы айқындау, сол арқылы мақсатқа жетудің бағыт-бағдарын жасау - зиялылардың міндеті",- деген тұжырымы жоғарыдағы бес бағыттың іске асуын қамтамасыз ететін бірден бір қағидат.

Read more

ТІЛ ДАМЫТУДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ПРОБЛЕМАЛАР

 

(әліпби ауыстыру қажеттігі хақында)

Тіл мен саясат - тіл дамытудың өзара тығыз байланысты категориялары. Тіл - саясаттың әрі нысанасы (обьектісі), әрі құралы. Ал, саясат - тіл тағдырын шешетін мемлекеттің өзіндік ұстанған бағыты, шаралар жүйесі. Демек, қандай да бір мемлекеттегі тілдердің қоғамдық қызмет ауқымын саналы түрде арнайы дамытуға бола­тыны, не болмайтындығы туралы мәселе­нің басын ашып алу қажет.

Жалпы әлемдік тәжірибеге назар аударсақ, тіл екі түрлі жолмен дамиды да, құриды да: оның бірі - өзінен-өзі, арнайы ұйымдастырылмаған (стихиялы) түрде дамиды, не қолданыстан шығып құриды; екіншісі - қоғам, мемлекет тарапынан керекті бағытты жоспарлы түрде арнайы дамыту, не құрту. Ендеше қоғамдағы не белгілі бір мемлекеттегі тіл мәселелерін шешу мақсатында белгіленген лингвистикалық шаралар мен идеологиялық принциптер жиынтығы тіл саясатын құрайды. [Хасанұлы Б. Ана тілі - ата мұра (Қазақ тілінің жер жүзі тілдері жүйесіндегі алатын орны). - Алматы: Жазушы, 1992. -272 б.].

Read more

СМАРТ БЕСІК ПЕН ЭЛЕКТРОНДЫ ЖАЙНАМАЗ ҚАЗАҚТЫҢ БҮГІНГІ ӨМІРІНЕ ӨЗГЕРІС ӘКЕЛЕ АЛА МА?

 

 

 


Қазақ қазақ болғалы қай заман!? Талай жел соқты, талай су ақты. Ғасырлар бойы аттың жалында, атанның қомында Сырдан қырға, қырдан Сырға төрт түлік мал қамымен дала төсін шиырлаған ата-бабаларымыз ұлттық дәстүріне берік ұлт болғанын білеміз.

Расында, аттың жалында, түйенің қомында тал бесігін артып, қыстаудан жайлауға, жайлау­дан қыстауға айлап көшкен қазақ пен жаңа ғасырдың жас қазақтарының айырмашылығы қазір жер мен көктей. Әуелі отарбаға, автокө­лікке ауызын ашып, жағасын ұстап таңданған қазақ келе-келе ұшаққа отырып, онан кейін айға ұшып, жұлдыздарға жол салған ғарыштық зымы­рандарға да бойы үйреніп, көзі қанықты. Таң қалудан қалғалы қай заман?! Жетпісінші жылдары ЭВМ таңсық болған еді. Ол да қолданыстан біртіндеп шығып, қолдан сусып барады.

Read more

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІНІҢ ЕҢБЕГІ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ӨЗЕК БОЛДЫ

 

Қазақ ұлтының тарихы - сан тарау жолдардан өткен, қилы-қилы кезеңдерді бастан кешкен тарих. Ал, Алаш тарихы, Алаш қозғалысы - ұлт тарихының толғақты, тағылымды кезеңі. Биыл ұлтымыздың біртуар тұлғалары негізін салған, ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық "Алаш" қозғалысына 100 жыл толады. Осы орайда Қызылордада қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен "Алаш қозғалысы - тәуелсіздік жаршысы" атты ғылыми-танымдық конференция өтті.

Read more

10 Сәуір 2017

Әмеңгерлік

 

Қыз жүрегін

Жігіт келді табуға.

Махаббаттың

ақ білтесін жағуға.

Ақын кенет

жайып салды бар сырын,

Өлең деген

алтын кіндік аруға.

Read more

ҚР Мәдениет қайраткері, ақын, сценарист, режиссер, Оңталап НҰРМАХАНОВ: «ШЫҒАРМА ШЫРАЙЫ – ШЫНДЫҚТА»

 

Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Театр қайраткерлері одағының мүшесі, ақын, сценарист, режиссер, облыс әкімінің екі мәрте стипендиаты, ҚР Тәуелсіздігінің 10, 15 жылдық мерекелік медальдарының иегері Оңталап Дүйсенәліұлы Нұрмаханов - Сыр бойындағы өрелі өнердің отымен кіріп, күлімен шығып жүрген белгілі тұлға. Режиссерлік қызметтің шыңына шыққан О.Нұрмаханов былтыр талантты жастардың басын қосып, көрерменге жаңа қойылым сыйлап, Сыр өңіріне жастар театрының қажеттігін сездірген.

Биыл облыстық мәдениет басқармасы басшылығы журналистермен кездескен сәтте журнал атынан осы жайтты еске түсіріп, қалаға бір жастар театрының керектігін айтқан болатынбыз. Ұзамай жағымды жаңалық құлағымызға тиді. Оңталаптың жастардың жігерін жаныған еңбегі  текке кетпейтін сыңайлы. Біз осы жайттың анық-қанығын білу мақсатында  жастар театрын құру идеясының авторы Оңталап Нұрмахановты оқырманымызға кеңірек таныстыру мақсатында сұхбатқа шақырып, ой бөліскен болатынбыз.

Read more

БӘРІ «ҚАЗАҚТАН» ШЫҒАДЫ

 

Біреулер "Қазақ" атауының төркінін Қаздан шығарып айтады /Ақ-Қаз/...

Енді біреулер ертеректе өткен "Құмап" атты тайпаны еске түсіреді. /Қу-Аққу, Мап-адам/.

Бұлар "Қазақ" атауының төркінін төтемнен, яғни бір заман жартылай тағы халықтың табын­ған мақұлығының атынан іздеп жүргендердің сөзі.

Бірақ, түркі тілінің сөз тіркесінде "ақ қазды", "Қаз ақ" деп сөйлеу ерсі шыққан болар еді.

Осылай тұйыққа тірелген кезімізде бағы за­ман­да өтіп кеткен "Сақ" тайпасы еске түседі. Ер­теректегі орыс жазбаларында, Қазақты қайсақ атайтындар жиі кездеседі. /Киргиз - кайсакский степи/. Осы Қайсақтың соңғы "сақ" буыны елік­тіретіні де рас. Бәлкім "Қазақтың" төркіні сол тай­паның атауынан шығып жүрмесін /Қас-сақ/.

Read more

М.Әуезов дәстүрі және З.Шүкіровтің «Сыр бойы» тарихи романы

 

Қазақ тарихи романының қалыптасып да­муында М.Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпо­пея­сының дәстүрлік маңызы зор болды. Кең эпикалық тыныс пен ұлт тарихының көркем шежіресін образдар тағдырымен байланыс­тыра шебер суреттеу тарихи тақырыпқа қалам тартқан қай жазушының алдында болмасын, адастырмас Темірқазықтай жөн сілтеп, кім-кімге де ой салып тұрды.

Бұл жөнінде кезінде жазушы Тахауи Ахта­нов: "Абай жолы" қазақ прозасының мерейін асырды. Сонымен бірге қазақ үшін үлкен сын бол­ды. Біз Әуезов қаламынан ұзақ уақыт толғатып, сирек туатын алып шығарма алдық. Бұл қуанышты жағдай жас прозаның алдына аса биік асу, салмағы зор міндет қойып берді. Иә, бұл шығармадан кейін қазақ прозасына қойы­латын критерий оқыс биіктеп кетті де, жас әдебиеттің жотасына аса ауыр жүк артылды. Бі­рақ "Абай жолы" жапан даладағы шоқы емес еді, оған дейін баспалдақтап көтерілген талай асу белдер бар, қазақ әдебиеті атты үлкен жо­таның биік шыңы болатын. "Абай жолынан" кейінгі проза оған дейінгі прозадан талантты жазушыны да, талантты шығарманы да көп туғызды. Ол өзінің алып тұлғасымен қазақ про­за­сының талай өскелі, өнгелі тұрған бүршік бұтақтарын тұншықтырып тастаған жоқ, қайта қазақ прозасының қаулап өсуіне берекелі көктемдей игі әсер етті. Біз дәл бүгін "Абай жо­лымен" тепе-тең түсетін жеке шығарманы атай алмасақ та, қазақ прозасының жалпы табысы - ұлы шығарманың ізін суытпағанын үлкен медет етеміз. Және ол проза көп бағыт­та ізденіп, мәуелі ағаштай бұтақ жайып, кеңейіп келеді", - деп жазды.

Read more

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.