Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Желтоқсан 2016

28 Желтоқсан 2016

«АЛАШ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ПӘРМЕНІ

 

XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі "Алаш" партиясының құрылуы еді. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Бірақ патша өкіметінің астыртын жүргізген саясатының нәтижесінде бұл әрекеттері нәтиже бермеді.

Саяси партия құру ісін қолға алуға қажетті алғышарттар тек Ақпан төңкерісінен кейін ғана қалыптасты.

Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды.

Бірінші жалпықазақ съезіне қатысқан М.Шоқаев өзінің естеліктерінде бұл жиынға өзбек және татар елдері өкілдерінің де қатынасып, өздерінің ыстық ықыласын білдіргендігін айтып: "Сөйтіп құрылтай ұлы түркі халықтарының бас қосқан үшеуінің мызғымас бірлігін көрсететін сахнаға айналды" - дейді. Бірінші жалпы қазақ съезін ұйымдастыру бюросы "Қазақ" газетінің 24 маусым күнгі санында съездің тәртібіне қойылатын мәселелерге байланысты ел талқысына өз тұжырымдарын ұсынды. Тезистер түрінде баяндалған бұл мәселелердің бәрі дерлік кейін бірінші жалпықазақ съезінің күн тәртібіне енді. Бұл тезистер, белгілі дәрежеде, сол тарихи кезеңдегі қазақ демократиялық интеллигенциясының күрделі саяси мәселелерге байланысты ұстанған айқындамасынан, көзқарас деңгейінен хабар беретін еді.

Read more

БІР АЛЛАНЫҢ ТЫЙЫМЫ БОЛАДЫ…

 

Қазіргі кезде ресми мәліметтер бойынша бас бостандығынан айырылған экс-премьер-министрден бастап, ауыл әкіміне дейін ұзын саны 1126 экс-шенеуніктер түзету колониясында жазаларын өтеп жатыр. Жыл сайын сотты болған шенеуніктердің саны көбейіп бара жатқан сияқты. Халықаралық «Транспаренси Инернэйшл» ұйымы жүргізген зерттеулер нәтижесі бойынша Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа бейімделген Гватамала, Мадагаскар секілді елдермен бірге 133 орында тұр. «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаға» сәйкес бұл рейтингте Қазақстан 2015 жылға қарай 90-орынға көтерілуге тиіс болатын. Өкінішке қарай, бұл мақсатқа жете алмадық. Сарапшылар түрлі себептерін айтып әлек.

Read more

ҚАЗАҚ ҚАЛАМГЕРЛЕРІНІҢ ҚАРЫМЫН НАРЫҚ БАҒАЛАЙДЫ ӘДЕБИ АГЕНТТЕР МЕН МЕНЕДЖЕРЛЕР ИНСТИТУТЫ ҚАШАН ҚАЛЫПТАСАДЫ?

Қазір бәрін нарыққа тірейтін заман орнады. Себебі экономика соған құрылады. Материалдық құндылық алға шыққан уақытта рухани қажеттілік екінші орынға ысырылып қала берді. Ақыл айтты демеңіздер, қазір көркем шығарманы іздеп оқитын, баспа жағалап, жаңа кітапты қолға қысып бара жатқан жандарды сирек көресің. Уақыттың тапшылығы шығар. Әйтесе де рухани байлықтан қол үзіп бара жатқанымызды байқаймай барамыз. Бұл сауалдың тарқатар түйіні көп. Неге десеңіздер, айтайық. Бүгінде қазақ жазушыларының «наны» жүрмей тұр. Сиясы кеппей, сөрелерде сан мың данамен сайрап тұрған жаңа кітаптардың өтімділігі аз. Амал нешік, жазушылардың қарымын нарық бағалауда. Бұрындары, Жазушылар одағы қаламгерлер кітаптарының шығуына септесіп, тіпті таралымына көмектесетін. Қазір мұндай көмек келмеске кетті деуге болатындай. Тек мемлекеттік тапсырыс негізінде шығатын бірлі-жарым кітаптың нарыққа шығуына мүмкіндігі бар. Шығармашылық саудаға салынған уақытта қаламгерлерге заманауи маркетингтік тәсілдерді меңгеру талабы көлденең тұр. Авторды титықтатып бітетіні осы. Қаламы төселген, айтар ойы ашық азаматтардың бір кітапты шығару жолында жанкешті еңбек ететіні, талай есіктің табанын тоздырып, мекеме жағалап жүргендерін жиі көз шалады. Мұның себебін елімізде әдеби агенттердің жоқтығымен байланыстыруға болады. Қазақ қаламгерлері өз өнімін әлемдік экспортқа шығаруы тиіс. Бірақ әдеби байланыстың жоқтығынан, қаламгерлер қазынадан қағылып жатыр. Әдебиеттегі өзекті мәселеге бізде үңіліп көргенді жөн көрдік. Елдегі кітап бизнесі, маркетинг-менеджмендтік әдіс-тәсілдерді жүргізіп отырған ұйымдардың әлеуетін білмекке ұмтылдық.

Read more

23 Желтоқсан 2016

БІЛЕЗІКТІҢ ТҮРЛЕРІ

 

Қазақтың халықтық зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Археология мен топонимиканың деректеріне қарағанда, Қазақстан территориясында мыс, қалайы, алтын, тағы басқа асыл және түсті металдарға бай кен орындарын игеру ісінің ежелгі замандарда-ақ қолға алынғандығын айғақтайды. Білезіктің, сондай-ақ сақина мен сырғаның киесі мен қасиетіне сену ғұрпы шамамен қола дәуірінде орын алғаны жайлы археологиялық қазба жұмыстары мәлімдейді.

Read more

БАТЫС САЯХАТШЫЛАРЫНЫҢ ҚАРАҚОРЫМҒА САПАРЫ

 

Александрдың 1248-1250 жылдары Қарақорымға баруы мүмкін емес, себебі, біріншіден, Александр Бату ханда «аманатта» болған, Бату хан Гуюкке оны жіберуі мүмкін емес және ол «Елбөрі» қыпшақтарының жиені. Қарақорымға барған жағдайда Александрды өлім күтіп тұрды. Александр Қарақорымға Мөңке Ұлы хан сайланғаннан кейін, 1251 жылдан кейін баруы мүмкін.

Маркиз Кюстинның кітабына қарсы 1927 жылы Н.А.Клепининде: «Святой и благоверный великий князь Александр Невский» атты кітап жазған (Гумилев Л.Н.Черная легенда. – Москва, 2012, стр.492-519). Ал, П.Карпиниден кейін барған У.Рубрук өзінің сапарнамасында, 1247-1250 жылдары Александрдың және Андрейдің Қарақорымда болғанын жазбайды. Соған қарағанда, кейінгі тарихшылардың не шіркеу қызметкерлерінің Александрға «Невский» атағын бергеннен кейін, ойдан қосқан «ерліктерінің» бірі болуы мүмкін. 

Read more

НЕ АРЗАН, НЕ ҚЫМБАТ, НЕ ТЕГІН?

 

- Не арзан?

- АДАМ мен АР арзан

- Ау, ең қымбат осылар емес пе?

- Балалар екі мың мен бес мың доллар аралығында сатылып жатса, жезөкшелер арын екі мың мен бес мың теңгеге дейін саудаға салып жүр емес пе?

- Не қымбат?

- Байларға бүкіл мүлкі қымбат, кедейге қазыр күлкі қымбат.

Read more

КІРМЕ ҚЫЛЫҚТАРДЫҢ КЕСІРІ

 

Бізге батыстан,

Қашқан атыстан,

Келмей-ақ қойсыншы,

Қырғынға қатысқан.

Онсыз да кем-кемнен,

Еліме «өнерлер» енген...

Сәнқойлар да жетерлік,

«Цибилицазияға» сенген...

Read more

КӨЗБОЯУШЫЛЫҚ

 

Әлемде «адал» бір өзі,

Сияқты болып жүр өзі.

Бота тірсек, бұқа көз,

Қарыны бар, ірі өзі.

Бірақ, шіркін құлқыны,

Халал емес, кір өзі.

Read more

БАЛАЛЫҚТЫҢ БАЛҒЫН ДӘМІ

 

Жаз айлары түндері құмды төбелер арасынан айқаймен шыққан дыбыстар таң атқанша түн тыныштығын бұзып, ауылға жетіп жататын. Айқайға қосылып кейде шелек салдырлап, оған қоса атылған мылтық даусы мен қыздардың сыңғырлаған күлкілері, әуелетіп салған әндері естіліп, түн тыныштығын бөліп тұратын. Сырттан қарағанда құм төбелер арасында қызық бір тамаша әлде қызық той болып жатқан тәрізді әсер етіп, еріксіз көңіл ауа беретін. Күн бата кешкі тамақтан соң көпшілік қамданып, сол жаққа бет алып, таң атқанша қайтып келетін. Әлі кішкене сегіз жастай шағымда мені де сол жаққа ертіп баратын. Егін басына масахана тұтып жататынбыз. Кейде мен де қосылып айқай салып, шелек салдырлатып, егінді шошқадан қоритынмын. Түнімен алып аспан әлемі төбеңде төніп, таң атарға дейін қай жұлдыздың қай жаққа айналып, жылжып барғанын айтқаныма ауылда барлық үлкендер күлген еді. Сол егін даласында өмірлік алғашқы жайнаған жұлдызды түнім әлі де ойымнан кетпей көз алдымда елестеп қайталанады.

Read more

ИТ АТУ

 

Бала кезімнен иттерден қатты қорқамын. Жетінші класты бітіріп каникулға шығып, қыдырып жүріп, ағам Мұраттың үйіне келдім. Қорасында, бұрынғы үй иелерінен қалған үлкен қазақы төбет байлаулы тұратын. Қабаған еді. Сол ит босанып кетіп мені талайды ғой. Қаншама жыл байлауда тұрғанын кім білсін, әйтеуір "әкесінің ақысы" кеткендей тістелеп, жұлқылап, қора ішінде сүйрелеп жүрді. Жер тырналап жүрмін. Қолыма шөп-шалаң ба, әйтеуір бір нәрсе ілініп еді, иті құрғыр құтырына түсіп жұлқылап-жұлқылап жібергені. Қолымды босата қойдым. Құлындаған жан дауысым шығып шыңғырғаннан басқа амал жоқ менде. Көшеміздің бас жағында Тұрар есімді кісі тұратын. Бойы тым аласа, өте момын кісі еді. Сол кісі дауысымды естіп келіп, иттің ауызынан жұлып алады. "Жемтігінен" айырылған дәу төбет қайта шауып еді, Тұрар аға қолына түскен темірмен ұрып, итті жуасытып тастады. Сол иттің сояудай-сояудай тістерінің іздері сол оқиғаның куәсіндей сандарымда әлі "сайрап" жатыр. Содан бері иттерден қорқамын. Үлкен ит пе, кішкентай ит пе, бәрібір. Иттің үрген дауысы естілсе, аяқтарым дірілдеп қоя береді.

Read more

Іздеу

Сауалнама

Бүгінгі күні оқушылар мамандықты қалай таңдайды?

Ата-анасының қалауымен - 60%
Өз таңдауына сүйенеді - 0%
Гранты бар мамандықтарға барады - 0%
Көпшілік таңдауына мән береді - 10%
Шет аймақтардағы ұпайы аз мамандықтарға беттейді - 30%

Дауыс саны: 10
The voting for this poll has ended on: 17 Қаң 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.