Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Қыркүйек 2017

05 Қыркүйек 2017

Суретшілер қолтаңбасы жаңа кітаптың жүгі болды

 

Қазақ бейнелеу өнерін күллі әлемге танытып жүрген арда азаматтарымыз барда өнердің оты өшпейтіні белгілі. Өнер әлеміне өзінше өрнек салған суретшілердің маң-дайалды туындылары бүгінде шетелдің белгілі мұражайларына қойылып, елдік мұраның алыс-жақын шетелдерге насихатталуы бойға қуат, көңілге қуаныш алып келеді. Ширек ғасыр уақыт ішінде әртүрлі жанрда қаншама көркемөнер туындылары бейнеленді. Сурет сырын ұғынатын жандар үшін бұл туындылар шығармашылық жолға қаз-қаз қадам басқан жастарға мұра болмақ. Осы себепті суретшілердің қиялынан туындаған кесек туындылардың басын қосып, бір кітапқа жүк ету көптен бері айтылып келеді. Айтылып қана қоймай, жарыққа шықты. Жақында Қазақ Көркем Академиясының қоры Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан Республикасының Көркем Академиясы» атты жаңа кітапты оқырманға таныстырды.

Read more

Әлімсақ руханият айнасы ақылдастар алқасы 100-нөмірдің жүгін сөз етті

Уақыт – зымыран. Уақыт – таразы. Кеше ғана ақпарат айдынына қосылған «Әлімсақ» журналына биыл - 8 жыл. Ел мен жердің тарихын тереңнен қозғап, әлім-сақтан орағытып, ұлттық мәдениет пен әдебиетке жаңа қырынан келген басылым-ның оқырман алдындағы парызы біреу – ұлттық тарихты тірілтіп, руханиятты насихаттау. Жауапкершілік жүгін арқала-ған журналдың әдепкіде бағытын бағам-дап, ұстанымының қалыптасуына жәрдем беріп, ағалық ақылдарын айтқан тілекші азаматтар аз болмады. Содан бері журнал-дың бас редакторы ақылдастар алқасын құрып, тұрақты авторларын қалыптас-тырып, басылымның салмағын еселеді. Оқырман қолына жеткен алғашқы жур-налға Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов ақ батасын беріп, тілектестігін жеткізген еді. Мұнан бөлек, айтар ойы қалыптасқан, қоғамда ойып тұрып орын алған азаматтар танымал жазушы, ҚР Жа-зушылар одағының мүшесі Қуаныш Жиенбай, белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Те-мірхан Тебегенов, айтулы күйші, сазгер, ҚР Композиторлар одағының мүшесі Төлепберген Тоғжанов сынды есімі  Алаш-қа мәлім азаматтардың журналға оң көзқа-рас танытуы да ақпарат саласына аяқ бас-қан журналға рухани қуат берді.

Read more

Күдеріқожа саяси қайраткерлігі мен шешендік сөздері

 

Қазақтың ел билеу дәстүрінде шешен, ақылды билер, хандар мен сұлтандар, болыстар мен ауылнайларға кеңесші әділ қазылық және дипломатиялық қызметтерді атқарып келген. Ел мен ел, халық пен халық, ұлт пен ұлт,  мемлекет пен мемлекет арасында болған дау-жанжал, соғыс мәселелерін тіл шешендігі, ақыл зеректегі, жүйрік ақындығы, терең заңгерлігі және білімділік қабілеттері арқылы ел тыныштығын сақтап, мәмілеге келтіріп отырған. Ондай билер төрт түрлі дәрежеде болған: ханның биі, ағасұлтан биі, болыстың биі, ауылнайдың биі деген сияқты. Қазақтың осыншама кең байтақ жерге ие болып отыруы тек қана хандар мен аға сұлтандардың және батырлардың күші емес, мұнда ақылды билердің де орасан үлесі бар. 

Read more

Қандыөзек оқиғасы

 

Ұзындығы бірнеше шақырымдай, ені бірнеше қадамдай осы бір еңістеу алапты жергі-лікті халық Қандыөзек дейтін. Ілгеріректе теңіз-ді құрлықтан бөліп тұрған ағысы күшті өзек еді. Енді теңіз тартылғалы бұл жер сәл жел соқса, ақ ұлпа тұзды шаң аспанға көтерілетін сор топыраққа айналды.

«Қандыөзектің» қандыөзек аталуын әркім әртүрлі түсіндіреді. Біреулер: «ертеректе осын-да сүйгеніне қосыла алмаған бір сұлу қыз суға кеткен» десе, екінші біреулер: «осы өлкеге аты-шулы бір бай жазғытұры аралдан жайлауға көшіп бара жатқанда мұз ойылып, бар малы, жанымен теңізге түсіп кеткен» дейді.

«Қандыөзек» дегенде менің бала кезімнен білетінім Дәмелінің аянышты тағдыры еді.

Есімде, жұлдыздар жымыңдасқан, толған ай көкке көтерілген мамыр түні еді. Ғашық жүректердің сырын тыңдайтын тылсым түн.

Өзек бойы тып-тыныш. Сыбдырласқан қа-мыс, қаракөк өзек, ерке толқын – бәрі-бәрі әлде-нені сезгендей, демін ішіне тартып алған тәрізді.

Read more

Туыстас түріктер

 

(1786-1787 жылдары Кіші жүз билері мен батырларына түріктер жазған хат)

Сол 1786-1787 жыл-дарғы орыс-қазақ қарым-қатынасы құ-жаттарына есімі енген Матығұл Нұр-бай би басқа да өзімен терезесі тең, тепсеңі бір Кіші жүз билері мен батырларына қандас бауырла-рымыз түріктер хат бағыш-таған жылы тура 71-72 жаста-ғы ақылы дария ақсақал екен. Сол жылы ғана Кіші жүзді қырық жыл билеп-төстеген Нұралы ханды тақтан тайдыр-ған 50 бидің сапында азулы, ықпалды, білікті би атанған Нұрбай бабамыз түбі бір туыс түріктер жазған үшбу хаттың мазмұнын зердесіне тоқы-ғандар қатарында еді.

Ол түріктердің айдай әлемге айтқаны болып, алдына кесе-көлденең тұрғандарды айда-уына жүргізіп тұрған айтулы кезеңі болатын. Заманында төрткүл әлемнің тұс-тұсында үстемдік құруға ұмтылған тү-ріктердің аты Осман сұлтан-дығы кезінде тіпті асқақтап кетті. Олардың басты жауы – Кавказ бен Қара теңізді сүлік-тей сорып жатқан орыс патша-лары болатын. Екі жақтың бі-тіспес үлкенді-кішілі соғысы, саяси жанжалдары, диплома-тиялық дау-жанжалдарының негізі құрлықтағы жер бай-лығы мен судағы басымдыққа қол жеткізу болатын.

Read more

Тарғыл тауықтың тойы

 

Шіркін-ой, біздің елдің өзгелерден бір артықшылығы – тойы көп. Лайым, торқалы той-дан ес жимай жүрейік. Тойламаған өмір-өмір ме?

Дүбірлетіп тойлай білмеген оңдырып ойлай білмейді. Жағаң жайлауға кетіп тойда жүргенде, тірнектеген ит тірлігіңді ада-күде ұмытып кетесің. Той деген – тоқшылық. Тиын санаған пақыр тірсегіңді дірілдетеп, той істемейді. Иә, аталарымыз жетеге жеткізетіндей етіп айтқан-ақ емес пе?! «Мал – баланың шашуы», «Той – тондынікі», «Той тамағы тәтті» деп. Керемет, балды қымыздай сөздер. Қайта-қайта аузыңды көтеріп тұрып айта бергің келеді.

Жұрттың жағдайы қазір түзелді. Баяғы бір тойлар той ма, бұл күні тойдың саны да, сапасы да, түрі де, түсі де адам айтқысыз өзгерген. Бұрын айына бір-жар күн тойға барып томпиып отырсақ, қазір айына бір-екі-ақ күн тойсыз қалып, абажадай үйге әзер сиямыз.

Read more

Іздеу

Сауалнама

"Рухани жаңғыру" идеясын қалай түсініп жүрсіз?

Ұлттық құндылықтарды қайта жаңғырту - 56.3%
Адамның өзін-өзін жетілдіруі - 6.3%
Тарихты тірілту және өткенді зерттеу - 0%
Ата-тегіңді түгендеу - 6.3%
Тарихи мұраларды шетелге таныту - 31.3%

Дауыс саны: 16
The voting for this poll has ended on: 10 Қаз 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.