Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Маусым 2017

28 Маусым 2017

Дарындыларды демеу – басқосудың басты тақырыбы

 

Микажла Фудолинг, Акрит Ясвал, Тейлор Уилсон, Камерон Томпсон, Джейкоб Барнетт, Итан Бортник, Таниш Мэттью. Бүгінде бұл есімдер жер шарын мекендеген жұмыр басты пенденің есінде сақталып қалды. Көптің ішінен көрініп, ел назарына түскен ерекше қабілетке ие бұл балаларды мыңның ішінен даралайтын бір ғана қасиет бар. Ол – дарындылық. Ойлауы өзгеше да-рындылардың үзеңгілестерінен оқ бойы озып, алдына қамшы салдырмай жү-руінде табиғи сыр бар. Бұл бойға біткен туа бітті талантқа тіреледі. Әрине, ел аузында жүрген қазақтың қара домалақ балаларының ішінде де дарындылары аз емес. Талантымен талайды тамсан-дырып төрткүл дүниенің назарын өзіне аударған тума таланттылардың өз ішімізден шығып жатқаны көңіл қуан-тып, жан семіртеді.

Read more

Арыс азамат ардақталды

 

 

А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана және №20 кітапхананың ұйымдастыруымен өнегелі өмір иесі, көрнекті ғалым Мүсілім Базарбаевтың ғибратты ғұмырын өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге ету, ұлттық ғылымға қосқан өлшеусіз үлесін насихаттау мақсатында «Айтулы азамат, қайраткер ғалым» атты әдеби-танымдық кеш өтті.

Read more

01 Маусым 2017

Балалар конкурсы таланттылардың бағын ашты

 

Жақында Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қызылорда қаласының құрметті азаматы, колледж оқытушысы, күміс көмей әнші Қаракөз Ақдаулетова мен Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының профессоры, ҚР Мәдениет қайраткері, колледж түлегі, дәулескер күйші, композитор Төлепберген Тоқжанов атындағы І облыстық балалар конкурсы болды. Конкурстың мақсаты айқын, балалар музыка мектептері, музыкалық студия, өнер мектептеріндегі халық аспап­тары, ән салу бөлімдерінде білім алушы­лардың шығармашылық тұлғасын дамыту, дарынды балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету және шығармашылықтарын көтеру. Конкурс негізінде домбырамен халық әнін орындау, академиялық және эстрадалық ән салу номинациялары бойынша жас талант­тылардың өнері сарапқа салынды.

Read more

Жақсы жыр – жан азығы (жас ақындар шығармашылығына шолу)

 

Қазақ жыры дегенде алдымен тілімізге ұлы Абай есімі оралады. Оның да себебі жоқ емес. Данышпан ақын өлең туралы төмендегіше өрнектеп, кейінгі буынға өрелі сөз қалдырған болатын:

Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы...

Read more

Сыр тарихынан тамыр тартқан түн

 

Рухану толысудың кезеңі жетті. Бұл өткеннен өнеге алып, ұлттық тарих пен мәдениетті қазақ санасына қайта жаңғыртудың қажеттігін қаперімізге салып тұр. Мұны жақында жария етілген Елбасы мақаласынан да оқып, көз тоқтатуға болады. Демек, бұл өткен-кеткенімізге қайта көз жіберіп, барымызды бағалауға белдеп кірісу деген сөз. Руханият әлемінің отын қайта жағуда музейге мойын бұратынымыз анық.

Музей – іс-шаралардың орталығы емес. Музей – ұлттық байлықтың ордасы. Музей – туризм мен ғылымның қазаны қайнайтын жер. Себебі ел болып ірге қадаған сәттен бастап арғы-бергі тарихты, ұлттық жәдігерлерді бір арнаға тоғыстырдық. Содан бері елімізде музейлердің екінші бір тынысы ашылды. Тарихшылардың табаны тимеген жерлерге зерттеу жүргізіліп, алыс-жақын жерлерден эскпонаттар келді. Қысқасы, тарих толысты.

Read more

Адамды адам еткен кітап, адамзат еткен кітапхана

 

Облысымызда биыл бесінші рет Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Кітапханадағы түн-2017" акциясы өткізілді. Шараның басы "Рухани жаңғыру - ұлттың жаңғыруы" атты кітап көрмесінен басталды. Көрмеге Елбасының жариялаған мақаласы аясында түрлі мате­риалдар қойылған. Қоғамның рухани жаңғы­руына халықтың дәстүрі мен ұлттық мәдениеті негіз болу керек екені айтылған мақаланы түпкілікті түсіндіріліп өтті. Бұл бағытты бағдар ету - кешегі күн мен бүгінді, осы шақ пен бола­шақты ұштастырар айтулы дүние. Осыған байланысты кітапхана ұжымы бұл көрмеде Елбасы мақаласындағы тапсырмаларды орындай отырып, ондағы көрсетілген жобаларға басты назар аударыпты.

Read more

Сырлы бояу шеберлері Сыр елінде

 

Сурет өнері - ең күрделі және кез келгеннің қолынан келе бермейтін өнер саласының бір бөлігі. Қылқаламмен жазушылар сөз өнерінің айшығын бейнелеу арқылы өмір шындығын суреттесе, суретшілер көз көретін заттарды бояудың сиқырымен керемет етіп бейнелейді. Тылсым табиғаттың түрін, сұлу әлемнің сырын тартымды етіп көрсете алатын да осы - суретшілер қауымы.

Сурет әлемін жыға тану үшін ішіне сәл еніп көрейік. Дүниені көзбен көріп, тану негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы бейнелеу өнері бір атағанда сізге мәлім дүние. Негізінен бұған кескіндеме, мүсін, графика жатады. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарас­тыру жатыр. Бейнелеу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде әлемнің көркем бейнесін жасайды. Әрбір ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болған бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайтыны, құны да әжептәуір болғаны тарихтан белгілі. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қыз­метімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен айрықшаланады.

Read more

Құран оқудың құдіреті

 

Алла Тағаланың адам баласына қасиетті Құран Кәрімді түсіруі - өз пенделеріне көрсеткен шексіз мейірімі. Құран Кәрім - мұсылман баласының тура жолдан таймай, өмір бағытын дұрыс тауып жүруіне арналған басшы кітап. Құран Кәрім - сіз бен бізді жаратқан, бүкіл ғаламдардың иесі, ақырғы есеп-қисап күнінің жалғыз қожайыны Алла Тағаланың сөзі.

Құран - тілмен оқылатын, жүрекпен қабылданатын, құлақпен тыңдалатын кітап. Онымен байланыста болу - ең абзал ғибадаттардың бірі әрі Аллаға жақындаудың бір жолы. Бұл кітаптың әрбір әрпінде он жақсылық бар. Жай оқығанның да, мағыналарына ой жүгіртіп оқығанның да бұл жақсылықтардан несібелері болмақ. Алла Тағала Құран мазмұнына бүкіл ғылым атаулының негіздерін сыйғызды. Онда үкімдер, шариғат талаптары, мысалдар, өнегелер, аспан әлемінің жүйесі тағы басқа көптеген мәселелер керемет дәлдікпен берілген.

Read more

Қазалы уезінің құрылу тарихы

 

Қазалы бекетінен оңтүстікке қарай 12 шақырым жерде Сырдарияның оң жағына орналасқан Қазалы қаласы ең алғаш рет 1847 жылы Қазалы форты болып негізін қалады. 1853 жылы №1 форт деп аталатын әскери бекініс құрылды. Патшалық Ресейдің шенеуніктері жергілікті халықтың арасынан шыққан өте беделді, артынан елді ерте алатын, сауатты, оқыған адамдарды осы бекініс-қалалардың құрылысына кеңінен қатыстырған. Жергілікті оқығандар қала салуға қай жердің ыңғайлы екенін, патша шенеуніктеріне қарағанда жақсы білген. Орыс тілін терең меңгерген, суретші, зауряд-хорунжий Сердалы Бекшоринді, би Рахмет Айтов, би, әрі хорунжий Үмбет Молдағалиұлы, Жақайым руының биі Жетес Қыстаубаевтарды Қазалы қаласының құрылысына пайдаланған. №1 форттың жобасы әскери құрылыс инженері Богдановтың жобасы бойынша жасалып, 1853 жылдың күзінде құрылыс жұмыстары жүргізіле бастайды. Форттағы әскери горнизонды, башқұрт жұмысшыларын, инженерлерді азық-түлікпен қамтамасыз етуді патша үкіметі арнайы реттеп отырған. Қазалы №1 форт болып құрылғаннан кейiн оның алғашқы тұрғындары Райым бекiнiсiнен қоныс аударғандар, Орынбор казактары, Арал флотының матростары, солдаттары болды. Кейiннен мұнда Орал казактары, қырғыздар, өзбектер, татарлар қоныстанды. Ресейдің Бұқара, Ташкент, Хиуа қалаларымен сауда байланысының дамуынан керуен жолы өтедi. Бiрте-бiрте Қазалы 1867 жылы iрi уездік қала болды. Орал казактарының көшiп келуiнен балықшылық пен қолөнер кәсiбi дами бастайды. Қалада 650-дей күйдiрiлген кiрпiштен салынған үй, уездік мекеме, почта-телеграф, қалалық училище, бастауыш мектептер, қоғамдық кiтапхана, монша, шiркеу, мешiт болған. Қала тұрғындары 12 мың адам. Өнеркәсiптiк өндiрiстен iрi сыра дайындайтын зауыт жылына 60 мың кiрiс әкелдi. Қалада жел диiрмен, ұсақ сабын қайнататын зауыт болды. Қала маңына бау-бақша егiлдi. Кейін келе аядай Қазалы үлкейе бастаған. Көптеген әдемі үйлер, мешіттер салынған. Шаһар Сырдарияға өте жақын болғандықтан бау-бақшаға бөленіп, сол төңіректегі көрікті жерлердің біріне айналған. Қаланың шет жағында патша ұлықтарының демалатын орны, жергілікті халықтың айтуынша, Ояз бағы болған көрінеді. Онда діңіне құшақ жетпес қара ағаштар, теректер бой сылаған. [Шерекенов Т., Алдамжаров Б. Қазалы көріністері//Лениншіл жас. - 1968. - 1 қазан.].

Read more

Райым бекінісі

 


Ежелгі Сырдың Райымға таяу екі жағын бір заманда орыстар келіп орам (халық, мал-мүлік санағы) алғанша Кіші жүз руларымен бірге Қызылдың қиясынан қоныс аударған кәдімгі қарақалпақ ағайындар қатар жайлаған көрінеді. Әрине, қарақалпақтардың да масалы-соналы Сыр бойына өз жұртындағы жаугершілік дүмпуінен ат жалында, атан қомында арып-ашып жеткені белгілі.

Бір кездері Райымның төңірегі телегей су болған. Осы күнгі елді мекеннің арқа тұсындағы биік жар қабақты сол заманда ақ күміс жалды тау толқындар арқырай соғып жатқан. Қазір де оның белгісін, кезіндегі мол судың орнын ауылдың кез келген жеріндегі бір кездегі теңіз таңбаларынан көруге болады. Ал, жарқабақ жел-құзда кеме паналайтын айлақ үшін аса қолайлы болған. Ол Сыр өзенінен бар болғаны үш шақырым жерде. Райым үстіртінің екі жағы қадым заманнан үйрек ұшып, қаз қонып жатқан ірілі-уақты балықты көлдер. Жап-жазық үстірттің бір жағы Қамыс­тыбас темір жол бекетіне жалғасады.

Read more

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.