Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Қыркүйек 2017

05 Қыркүйек 2017

АСТАНА АСПАНЫН СЫР ӘУЕНІ ТОЛҚЫТТЫ

 

Тәуелсіз қазақ елін төрткүл әлемге таны­тып, болашақтың қуатын Сарыарқа төрінде паш еткен, әлем назарын Астанаға аударған ауқымды жаһандық оқиға "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қызылорда облысының мәдениет күндері өткені белгілі. Алты алаштың анасы атанған Сыр елінің өнерін Елорда тұрғындары 10-14 тамыз аралағында тамашалады. Соның бірі - орталық саябақта өткен "Сыр самалы" вокальды аспапты ансамблінің "Сырдан ескен саз самал" атты концерті.

Айта кету керек, Сыр күндерінде Қызыл­орда облыстық филармониясы түрлі іс-шара­ларды жоғары деңгейде ұйымдастырды. Марлен Баймбетов жетекшілік жасайтын ансамбль өнерпаздарының концерті Р.Үсенов орындауындағы "Отан Ана" әнімен ашылды. "Тұран" триосы "Тұран далам" әнін Сарыарқа көгінде әуелетті.

Read more

ХАЛҚЫ СҮЙГЕН ҚАЛАМГЕР ЕДІ

 

Бағзы заманнан айдынды Арал топырағы көкірегіне сәулелі ой салған маңдайы кере қарыс майталман таланттардан әсте кенде болған емес. Соның бірі де бірегейі бойына біткен, бүкіл қабілет-қарымын туған халқының рухани қажетіне сарқа жұмсаған сарас таланттың бірі Зейнолла Шүкіров болатын.

Ол 1927 жылы 16 ақпанда Қызылорда облысы, Арал ауданының бұрынғы Қаратүп колхозындағы (қазіргі Ескібөген елді мекені) балықшы жанұясында дүниеге келді. Бастауыш сыныпта оқып жүргенде жазатайым түйеден құлаған жас баланың қалған өмірі науқас торына шырмалып өткен еді.

...Дәл қазір менің есімде жоқ. Табанды тікенге тілдірген, боз көйлектің етегін бұтаға ілдірген қара сирақ кезім болса керек. Қолыма тау халықтары жазушысының бірінің кітабы түскен.

Read more

ӨЛЕҢ МЕНІКІ... ӨЗГЕНІКІ НЕ?

 

Ен далада емін-еркін аунап-қунап жыл­қы­сы мен түйесіне ен салып, ойша санап ой­дан-қырдан түгендеп жүрген елдің бала­сы емеспіз бе? Мұны неге айтып отыр деп аңырып отырған боларсыз, ойлы оқырман.

Жақында белгілі айтыскер ақын інім, марқұм Бекұзақ Тәңірбергеновтің 2016 жы­лы "Аралдың табанынан су кеткенмен, хал­қының жүрегінен жыр кеткен жоқ" атты мың таралыммен жарық көрген он төрт баспаға жуық өлеңдер кітабы қолыма тиді. Ой­ымда ештеңе жоқ, көзі тірісінде ағалы-інілі сыйласып жүрген марқұмның кітабын парақтап отырып, 125-бетіне келгенде ас­тым­нан су шыққандай атып тұрдым. Се­бе­бі, осы 125-беттегі "Балдызға" атты өлең ме­­нің бұрынырақта жазылған өлеңім бола­тын. Міне, сөзбе сөз келтірейін:

Read more

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЕЖЕЛДЕН КЕЛЕ ЖАТҚАН ЕМШІЛІК ЖОЛЫ халық игілігіне қызмет етуге қашан кең жол ашылады?

 

Жаратушы иемiздiң ерекше ықыласының арқасында ықылым заманнан берi қазақ хал­қында аттары аңызға айналып, ел аузында қал­ған атақты емшілер өте көп болған. Қазірде елі­міз емшіге кенде емес. Қаншама ауруларды емдеп жүрген, еңбегі сiңген емшілер де аз емес. Ауырған жандар қандай да болмасын, қиын жағдайға душар болғандарымен, нағыз емшілердiң көмегімен толық емделіп, ауруы­нан құлан-таза жазылып кетіп жатқандары бәрі­мізге белгілі жайт.

Емшілердің озық ойлары мен өткір әрі шап­шаң емдейтін тәсілдерін медицина саласы­на неге қолданысқа енгізбеске? Қашанғы кер­тартпалыққа салынып, бюрократизмге жол бере­міз, нағыз емшілерге деген жақсы пікір мен көзқарас құзіретті адамдардың арасында қашан қалыптасады? Емдеу тәсіліндегі қанша­ма келеңсіздікті көріп, қарапайым тәсілді пай­да­лану арқылы (өкпе, жүрек, асқазан, ұлтабар, бауыр, өт, ішектер, тік ішек, бүйрек, қуық, жатыр, жыныс жолдары, буындар, баста қандай мүше бар) он екі мүше толық өзіміздің тәсіл­мен емделеді. Егер алаңсыз істен шығып қалмаса. Біздің жан айқайымызды енді кім түсі­не­ді? Неге сонша шеттете береді? Бойға жина­ған барлық іліміңді көзіңнің тірісінде хал­­қымның игілігіне жаратып, іске асырмаған соң өлгеннен кейін не керегі бар? Мемлекеттің қазынасына қанша пайда әкеледі түсінгенге. Көрші Қытай елінде адамның денсаулығына пайдасы тиетін емшілерді мемлекетіміздің байлығы деп есептейді. Біздегі мықты емші­лер ше? Терең ойланып қарауға мезгіл жеткен сияқ­ты. Негізінен кітаби мамандардан қабіле­тіміз кем емес. Қазіргі таңда мықты емшілердің деңгейі айтарлықтай өсті. Мық­ты да сирек кездесетін емшілерді Жарату­шы иемiздiң қара халыққа жасаған сыйы деп түсіну керек.

Read more

КӨШІМ ХАН

 

Атам заманнан Арал - жеті жұрт қонып, жеті жұрт көшкен атышулы аймақ. Тіпті, бұл жердің қатпар-қатпар тарихын ғұндар мен сақ тайпаларынан көп бұрын мекен еткен Мезезой дәуіріне меңзейтіндер де жоқ емес. Айтпақшы, осы ауданның батысындағы Ақеспе елді мекенінің іргесінен ілгеріде акула мен киттің омыртқа, жақ сүйектерін тауып алған антрополог ғалымдар кезінде батыс баспасөздерін дүр сілкінтті. Осынау қасиет­ті жерді ілгері-кейінгі дәуірлерде армансыз шарлаған араб, еуропа жиһанкездерін де Арал атырабы еріксіз таң қалдырғаны кәміл. Әйтеуір, көзі ашық, көкірегі ояу былайғы ел "Арал теңізінің айналасындағы әр төбенің басы бір-бір тарих" деп ауыздарын ашып, көздерін жұмады...

Басқа басқа, заманында орыс патшала­рының зәре-құтын қашырған әйгілі Көшім хан Арал өңірінде туып-өскен деген тағы бір тың дерек алдымыздан аңдыздап шыға келгенде... жағамызды ұстадық. Апыр-ау, сонда бұл баяғы біздер мектеп қабырғасында оқып жүргенде тарихи оқулықтарда кездесетін, жаулаушы­ларының ойранын шығаратын Көшім хан болғаны ма? О кездері Көшім ханды бірыңғай бізге дұшпан етіп оқытып, әзірейіліден әрі теріс түсінік қалып­тас­тырған болатын. Тіпті, оны "Сібірді тонау­шы", "қанішер", "зұлым" деп суреттеп, нағыз қанішер Ермакты бұқараның жақтаушысы, ұлттық батыр ретінде дәріптеп, оған кешегі кеңестік кезеңде бүтіндей бір қаланы, мектеп, көше, тағы басққаларды лайық­таған еді.

Read more

ТЕКТІ ТҰЛҒАНЫҢ ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫРЫ

Біз естіп-біл­ген, көзі тірі­сін­де адам бала­сына жақсылық жасауды жаны қалайтын жарқын бейнені көзі көр­гендер қа­діріне жетіп ба­ғалап қойған. Ғиб­ратты ғұмы­рында елім деп өткен ердің ел игілігі үшін ең­бек еткенін қа­тарластары мен қызмет­тес­тері жиі еске алып, өнеге етіп айтып отыратыны жанға қуат береді. Ал, достары мен отбасында оның орны тіпті бөлек болыпты.

Қызылорда қаласына қарасты Талсуат ауы­лындағы шаңыраққа алғаш бас сұққанда, ал­дын ала ол туралы білген бейнені ойша елес­теттік. Алып тұлғалы, кесек келбетті, батыр мінезді, жаны жайсаң, ақжарқын ағаның дәл осы ауылда, осы шаңырақта отбасымен бірге бақытты ғұмыр кешкені күні кеше ғана. Ақадал азаматқа деген құрметіміз болар, бір шумақ өлең көмейге тығылды:

Қызметінде Құлагердей қазанат,

Ғибрат-ғұмыр ғазалындай ғажап-ақ.

Қара судан қара алтын жасаған,

Қазақ үшін еңбек еткен азамат.

Read more

СЫР БОЙЫНДАҒЫ ОТЫРЫҚШЫЛЫҚ-ЕГІНШІЛІК МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫ БӘБІШ МОЛЛА ҚАЛАШЫҒЫ

Сырдария бойы - сонау тас ғасырынан бері үзіл­мей ел қоныстанған құтты өлке. Сырдария­ны біздің заманымызға дейінгі антикалық грек-рим тарихшылары мен саяхатшылардың еңбек­терінде Яксарт, арабша жазбаларда Сейхун деп аталған. Тарихқа толы бұл өлкеде қазіргі кезеңде 300-ге тарта археологиялық ескерткіштер­дің ор­ны белгілі. Алайда, археологтар толық­қанды зерт­теу жұмыстарын жүргізбеген­дік­тен бұл тізім қатары көбеюі тиіс. Сонымен қатар құм басып, уа­қыт тезіне төзе алмай, жермен-жексен болып тегістеліп кеткендері қанша.

Алыстан менмұндалап көрініп тұрған Сыр бойындағы ескі қалалар орны көне және орта ғасырлық жазбаларда, карталарда кездескенімен шын мәніндегі ғылыми зерттеу жұмыстары ХVIII ғасырдың орта кезінен басталды. Солардың бірі Сырдың сағасына таяу орналасқан Жанкент т.б. қалалар жөнінде И.Гладышев, Д.В.Муравин, С.Ремезов, П.Рычков, А.И. Левшин т.б. еңбекте­рін­­де тұнғыш мәлімет береді. Ал, Аралдың шы­ғыс жағалауындағы Амудария мен Сырдария бойындағы ескерткіштерді тұрақты қазып, зерт­теуді 1946 жылы профессор С.П.Толстов бас­қар­ған Хорезм археология-этнографиялық экспе­ди­циясы бастады.

1991 жылға дейінгі жұмыстар кезінде 200-ден аса адамзат тарихының әр кезеңінен қалған ескерткіштер ашылып, олардың бір қатары зерттелініп, өмір сүрген уақыттары анық­талды.

Read more

СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНІҢ ТӨМЕНГІ АҒЫСЫНДАҒЫ МҰНАРАЛЫ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ТИПОЛОГИЯСЫ

Орта ғасырларда Азия мен Еуропаның бекіністі қалаларының қабырғаларына қорға­ныс­тық мұнаралар жапсарласа салынды. Олардың басты мақсаты - қала қабырғаларының беріктігін ны­ғайту және сол арқылы қорғаныста қамал­дардың қабырғаларынан оқ атуға мүмкіндіктері болды. Қала қамалының бұрышында орналасқан мұнаралары арқылы қабырғалардың екі жақ бөлігін күзетумен қатар қорғануға да мүмкіндік туындады. Сыр бойының ортағасырлық қала­ларында да осындай қорғаныс мұнараларының іздері айқын байқалады. 2015 жылы Сығанақ қалашығындағы археологиялық қазба жұмыс­тарында қалашықтың оңтүстік-шығыс қақпасы ашылып, қақпаның сол жақ бөлігінде қарауыл­хананың болғандығы анықталды. Қарауылхана жобасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай бағытталған. Қарауылхананың солтүстік-шығыс қабырғасының сыртқы бөлігі біршама сақталған. Яғни, қарауылхана құрылысы қала қабырғасынан кейінірек тұрғызылған. Мұның өзі қала құрылысында қорғаныстық мақсатта мұна­ралар жанама негізде қала қабырғаларына кейін де кіріктіріліп, қорғаныстық қызмет атқар­ғандығын айқындады. Сонымен қатар, мұнара­лардың қалалардың қорғаныс қызметі мен қара­уыл жасақтарының күзетінде және жаулап алын­ған жерлерді бақылаушылық мақсатта пайдалан­ғанын көрсетіп отыр. Сонымен қатар, Сығанақ қа­ла­сының солтүстік-шығыс қақпасын ашу ке­зінде қазылған ордың төменгі бөлігінен 2 мұна­ралы құрылыстың іргетасы табылған, яғни қала­ға кіру үшін салынған қақпа ашылып-жабылып отыратын болған. Қақпа ашылған кезеңде төменгі бөлігіндегі екі мұнаралы діңгекке тіреледі.

Read more

АҢШЫНЫҢ ӘҢГІМЕСІ

Әр адамның өзінің сүйікті ісі болады. Біреу өлең жазуға, тағы бірі спортпен шұғылдануға дағдыланады. Ал, біздің бүгінгі кейіпкеріміз - бір кездері Қуаңдария балық зауыты кәсіподақ комитетінің төрағасы, ауылдық кеңес төрағасы, директоры болып, зейнет жасына шыққанша абыройлы еңбек еткен марқұм Толыбай Ұйқасов. Ақсақалдың сүйікті ісі жүйрік ат баптап, тұқымы жақсы иттерді ұстап, сөйтіп саятшылықпен айналысу болатын. Төкеңнің әңгімесіне қарағанда, оның Ықылас атты көкесі әйгілі Қазан төңкерісіне дейін де, кейін де ауыл-аймаққа белгілі атбегілікті, бүркітшілікті кәсіп қылған кісі екен. Тіпті, 75 жасқа келгенше тазы жүгіртіп, аң аулауға аңсары ауғаны соншалық, басқа тіршілікке көбінесе мойын бұра бермепті. Ал, Толыбай ағамыз саятшылықты орда бұзар отыз жасынан бастаған екен.

Назарларыңызға халқымыздың ежелден сүйікті машығына айналған саятшылық туралы тірі кезінде айтқан Толыбай ақсақалдың әңгімелерін ұсынып отырмыз.

БІРІНШІ ӘҢГІМЕ

- Менің ау аулап, тортөбел, сарқасқа сияқты екі жүйрік ат ұстағанымды алыс-жақын, ауыл-аймақ жақсы біледі. Әсіресе, түз аңы - қасқыр аулауға дегенде ықыласым бөлек. 1987-1992 жылдары ауыл маңайын қасқыр дегенің торып, әбден басынып алғаны соншылық, үйдегі биені, азынаған айғырды да жеп кетіп жүреді. Бірде Бекмырзаның көк айғырын жемтік­те­ріне айналдырған соң, шыдамай ауылдағы жі­гіт­термен ақылдасып-кеңесіп, 20-30 атты адам қасқыр аулауға шықтық. Мезгіл қазан айы болатын. Бағытымыз - Қаратөбе. Аттылы адам­дардың арасының қашықтығы шамамен бір шақырымдай. Алдын-ала  уәдеміз бойын­ша, егер қалың қамыстан қасқыр шыға келіп қашса бас киімдерімізді бұлғап бір-бірі­міз­ге белгі беретін болып келіскенбіз.

Read more

НАМАЗ – ДІННІҢ ТІРЕГІ

 

Намаз - ислами ғибадаттардың алғашқы сатысы, діннің діңгегі, иманның нұры, мүміндердің миғражы болған ерекше құлшылық.

Намаздың терминдік мағынасы - "тәкбір­мен" басталып, сәлеммен аяқтала­тын арнайы әрекет пен сөздерден тұратын құлшылық.

Намаз - құлды Раббысының разылы­ғына бөлейтін ғибадат көздерінің ең үлкені және ең маңыздысы. Өйткені, намаз қамтыған мазмұны мен дәрежесі тұрғы­сынан бүкіл ғибадаттардың шыңы, асылы.

Құран мен Сүннеттің аясында бүкіл Ислам үмметі бір күнде бес уақыт намаздың парыз болғаны турасында ижма жасаған. Яғни, бәрі бір пікірде.

Алла Тағала Құран Кәрімде: "Адамзат­ты, жындарды тек Маған құл болсын деп қана жараттым", - деп Зәрият сүресінің 56-аятында баяндап, адамның Аллаға құл бола алатындай жаратылыс пен қабілетке ие екендігін, сондай-ақ оның құл болуға аса мұқтаж екендігін білдіреді.

Read more

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.