Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Тамыз 2018

28 Тамыз 2018

«Қазақстанда мұғалім еңбегі тым арзанға бағаланатын дәстүр сақталған»

 

 

Қазір озық дүниені сараптау үшін салыстырмалы анализ жүргізу керек. Әлемнің "білім құндылық көзі" деп қарайтын мемлекеттеріндегі білім жүйесіне терең бойлай отырып, саланың қай деңгейде дамып жатқанын бағдарлау сол білім саясатын тереңірек зерттеп жүрген мамандарға анық көрінеді. Қазақстанның барлық білім сатыларын бакалавр, магистратура, аспирантураны бітіріп, бүгінде "Болашақ" бағдарламасымен білімін жетілдіріп жүрген, филология ғылымдарының кандидаты Гүлшат Түсіпованың жоғары оқу орнындағы білім саясаты, менеджментті дамыту ісінде өз айтары бар. Англияның Лидс қаласында білім жиып, тәжірибе жинақтаған білім экспертін сұхбат алаңына шақырып, телефон арқылы тілдестік.

 

- Гүлшат Бақытжанқызы, білуімізше білім сала­сын­дағы көшбас­шы­лық және саясат маман­­дығында білім алып жатыр екенсіз. Неліктен осы бағытқа мойын бұрдыңыз?

- Менің бұл мамандыққа келуіме мына жағдай әсер етті. 2010-2011 оқу жылында мен жұмыс істейтін Екібастұз инженерлік-техникалық институты бірінші рет жоғары оқу орындары арасында рейтингке қатыстым. Сонда түсінген дүниеміз - министрлік студенттер мен ұстаздардың академиялық мобильділігін талап ететіндігі. Академиялық мобильділік - Болон процесінің бір элементі. Шетелде акаде­миялық еркіндік бағытында студенттерге бір жыл ішінде өзге елде білім алуына мүмкіндік жасайды. Ал, бұл біздің елде әлі қолға алына қоймаған мәселе еді. Мұғалімдердің және студенттердің академиялық еркіндігі бар. Осы кезеңдерде көп университеттер қаржылық қиын­дықтардан шыға алмай, талапты орындай алмады. Қазір бұлар­дың барлығы тек рейтинг үшін ғана емес, ішкі және сыртқы аккреди­тациядан өту үшін де міндетті параметрлерге айналды. Дегенмен, талап ету бір басқа да, оған жағдай жасау бір басқа. Мысалы, Ұлттық университеттерде бюджеттен ақша бөлінеді, олар сол үшін де рейтингте алда тұрады. Ал, жекеменшік универ­ситет студенттері өз қалталарынан баруға тиіс болғандықтан қалыс қалып отыр.

Өңірлік ЖОО-ларда үлкен қалаларға барып оқуға жағдайы келіңкіремейтін балалар оқиды. Олар өз қалталарынан шетелге шыға алмайды. Мұғалімдерде де сол жағдай, қаржыдан қысы­лады. Бұл мұғалімнің ішкі рейтингіне әсер етеді. Содан барып мұғалімнің айлығы қысқарады. Қарап тұрсаңыз, механизм мұғалімдерді қыспақ­қа алып отыр. Көбінесе шенділер ұстаздарға ар­найы шетелдік гранттармен неге бармасқа деп талап қояды. Бірақ, гранттардың басым бөлігі тех­никамен байланысты. Әлеуметтік ғылымдар, тіл біліміне қатысты мамандықтарды табу өте қиын.

Read more

27 Тамыз 2018

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ «Сөз құны» журналистері мәселені төтесінен қойды

Ақпарат алу, оны халыққа ұсыну ұстарадай өткір мәселе. Себебі бір деректің шынайылығына көз жеткізу не жалған ақпараттың жетегінде кету сөз ұстаған қауымның өзін кейде тығырыққа тірейді. Әсіресе, ақпараттың қаулап тұрған сәтінде сәт сайын құбылып тұратын деректердің анық-қанығына көз жеткізу журналистердің кәсіби жауапкершілігін талап етеді. Оның үстіне ырыққа көнбейтін уақыттың талабы бүгін бар мәселенің ертең маңызы болмай қалатынына дабыл қағып тұрғандай. Дегенмен, қаламды қару еткен, оқырманның ой таразысына сапалы дүние ұсынуды кәсіби парыз санайтын ақпарат саласының майдангерлері қоғамның бел орта­сынан еш алыстаған емес. Тек соңғы кезде БАҚ өкілдері ақпараттың ашықтығына қол жеткізуде ішкі тәртіп пен заңның орындалуы мәселесіне бетпе-бет келіп қалады. Әсіресе, құқық тақы­рыбындағы кейбір өзекті мәселелерге зерттеу жүргізу бір заңның бір-біріне қайшы келетін тұстарының барын аңғартып қояды. Мұнан қалды ақпараттың рас-өтірігін тексермей жатып, әлеуметтік желіге салып, оқырман ойын сан-саққа жүгіртетін белсенді блогерлер де қоғам пікірін екіге жарып жатыр. Содан барып БАҚ туралы заң талаптарына бағынып, ресми хат жазып, ақпараттың нақ қайнаркөзіне көз жеткізетін журналистердің ішкі проблемалары айтылмай қалады. Дегенмен журналистер де бір ортаға бағынып, ортақ проблемаларды бірлесе шешуге кірісіп кетті. "Сөз құны" атты журнали­с­тер клубына топтасқан қызылордалық БАҚ өкілдері де соңғы мезетте осы ақпарат алудың проблемаларын талқылауға белсене білек түрді.

Соның бір дәлелі, құрылғанына екі жылдай уақыт өткен "Сөз құны" журналистер клу­бының мүшелері құқық қорғау өкілдерімен бейресми кездесу ұйымдастырды. Облыстық сот ғимара­тында өткен ашық әңгіме алаңына сот билі­гінің өкілдері, қылмыстық атқару жүйесі депар­таменті, ішкі істер департаментінің маман­дары мен баспасөз хатшылары жиылды. Мақсат - ақ­па­рат алудың жолын жеңілдету, әрі журналистің кәсіби міндетін, жауапкершілігін таразылау.

Read more

«Дербес жазусыз егеменді тіл болмайды»

 Ғалымдардың әліпби тағдырына, бүгіні мен ертеңіне алаңдаушылығы, шынын айтқанда, еліміз тәуелсіздік алғаннан бері байқалып келеді. Әсіресе, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты шұбарланған қазақ тілі мәселесін көтеруден танған емес. 1992 жылы институттың бөлім меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Әлімхан Жүнісбеков сол кезде-ақ тіліміздегі өткір проблемаларды жіпке тізіп айтқан-ды. Расында, ол қандай толғақты мәселе еді? Ғалымның айтқаны Тіл туралы заңды қабылдау барысында ескерілді ме? Ширек ғасырдың ішінде ол мәселелер неге шешімін таппады? Жазу әліпбиіміз сол мезетте ұлттық ерекшелігімізге сәйкес неге өзгеріске ұшырамады? Толып жатқан көкейдегі сұрақтарға жауап іздеу үшін өткенге бір сәт көңіл аударайық.

Рас, жазу әліпбиі әрбір халықтың рухани және мәдени өсуінде үлкен роль атқарады. Қоғамның даму заңдылықтарына сәйкес өзгерістерге де ұшырайды. Қазақ жазуы да көштен қалған емес, дамып отырды. Алайда саясаттың шырмауында қалған сәттері де аз болмаған.

Read more

АРЗАН ОЙЫНШЫҚ – ҚЫМБАТ ДЕРТ бала болашағын бұлыңғыр етпей ме?

Ойын баласы көзін сатып қарардай ойыншықтардың не құдіреті бар? Ойыннан ойылы шықса да, ала таңнан қара кешке дейін қуыршағын тастамайтын қыз, тұлымшағы желбіреген ұл көп. Бағзы дәуірге бет бұрсақ, әр кезеңнің өз құрал-жабдығы, соған сай ойыншықтары болған. Ауыздығымен алысқан асау тайды көрген бала тұлпарға, қыштан жасалған құмыраға қызыққан қыз ыдыс-аяқ ойыншықтарға құмартқан-ды. Осыған қарап-ақ тәрбие тамырының тым тереңде екенін түйсіну қиын емес. Қос қолына имек ағаштан жасалған қылышты ұстаған баланың арманы "елім-ай" деп боздаған жұртына қорған болу. Сол үшін соғыс өнерін ерте жастан меңгеру еді. Бұғанасы қатпай жатып, етек-жеңін жиған жігіттер он үшінде отау иесі атанып, жиырмасында жауға қарсы айбат шеккен. Енді мына заманда сырға тағып сырланған, мұрынын тесіп мырыңдаған жігіттерге қарап, көңіл терезесінің кірлейтіні белгілі. Ойынпаз балалар бір-біріне оқ атып, ойыншық көліктерімен көрікті болып жүргенде не үйреніп, қандай тәлім алып жатыр? Қырық үйден тыйылған қыздарымыз шет елдің ойдан құрастырылған батырларына ғашық болып, өзіміздің шынайы тарихи тұлғаларды танымайтыны да талайдың көңіліне қаяу салады. Қазақ батырларының бейнесіндегі ойыншықтар жоқ болғанымен ертегі кейіпкерлерінің ойыншық нұсқалары нарыққа ептеп еніп келеді. Оның өзі қалтасы көтере қоймайтын қара халық үшін қолайсыз. Айтпағымыз, ұлттық ойыншықтар дегенде танымал әнші Қыдырәлі Болмановтың "Бал бала" жобасы ғана айтылады. Қ.Болманов шығара бастаған қазақы ойыншықтар қазақша ән айтып, би де билейді. Бірқатар ойыншық­тарының прототипі қазақ ертегілерінің кейіп­керлері болса, енді бірі әйелі Қарақат Әбілдинаның бейнесінде. Иә, мұндай қуыршақтар ұлттық тәрбиені санаға сіңіруде орасан күш емес пе? Бөрікті батырлар мен көрікті сұлуларға еліктеп өскен бала "ұлтым" деп еміреніп, "жұртым" деп жауға шабар батыр болары хақ. Қазақ ертегілерінің бәрі тәрбиенің тал бесігін тербететінін ескерсек, Болмановтың жобасы қолдауға тұрарлық. Бірақ, ұлттық ойыншық бағасының қымбат болуы халық үшін тиімсіз екені де жасырын емес. Саудадан ұлттық сана маңыздырақ дейміз. Әйткенмен арзанның сорпасы татымайтыны тағы бар.

Read more

Мырқы Исаев – Текей батыр мұрасын алғашқы зерттеуші

Қазақ журналистикасында Мырқы Исаев­тың орны бөлек. Оның публицис­тикалық дүниелері, өткір мақалалары, шыншыл сатирасы, тыңғылықты зерттеу­лері өз заманында-ақ құны жоғары болатын. Қазақ әдебиетінің дамуына да қосқан еңбегі сүбелі. Қазақ тарихында да оның есімі тарихи тұлғаларды тірілткенімен есте қалады. Текей батыр мұрасын алғашқы зерттеуші ретінде танылғаны оның тынымсыздығы, еңбекқор­лығы өз алдына, тарихқа жаңаша көз­қараспен қарап, қоғамдық сананы өз­гертудегі еңбегін айрықша айтуымыз керек. Ал, өмірінің ақсақалдық кезеңінде "Боздақ­тар" кітабының шығуына бар шығарма­шылық қуатын арнауы оның азаматтық ұстанымының беріктігін таныта түсті. Оның артындағы өшпес мұралары бүгінде қайта зерделеп, ғылыми айналымға қосуға сұранып тұр.

Биыл Мырқы Исаевтың еске алу шаралары Қызылорда облысында аталып өтті. 1926 жылы 5 мамырда Қармақшы ауда­ны, бұрынғы Ленин атындағы кеңшарда, қазіргі Тұрмағам­бет ауылында туған ол 1998 жылы 31 тамызда 72 жастан асқанда дүниеден озған. Саналы ғұ­мырында М.Исаев баспасөз саласында жарты ғасырға жуық еңбек етті. Журналис­тикасы бір төбе, көркем әдебиетте қалдырған дүниесі қомақты. "Бір үзім нан", "Қарақұм", "Тың тағылымы" поэмалары оқырманда­ры­ның ықыласына ие болды. "Әбжылан құрсанған қылмыскер" атты деректі повесі Қазақ ССР Ішкі істер министрлігінің сый­лы­ғына ие болған. "Иса Тоқтыбаев" деректі-пуб­лицистикалық, "Әз Тәукенің Текей ба­тыры" тарихи-деректі повестерінің және "Жүрек лүпілі" поэзиялық әрі сатиралық кітабы көзі ашық оқырман үшін салмақ­тайтын дүниелер.

Біз қазақ журналистикасының майталманы, ақын, жазушы Мырқы Исаевты еске ала отырып, тарихшы Бақытжан Ахметбектің мақаласын жария етіп отырмыз 

Read more

ШӨМІШКӨЛДЕ ҚОНЖАР БАБАҒА АС БЕРІЛДІ

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы қазақтың рухын оятуда үлкен серпіліс бергенін мойындауымыз керек. Жер-жерлерде жасалып жатқан шаралардың түп негізі тегімізді түгендеп, ұлттық кодты қозғауға қызмет етіп келеді. Мақаладағы: "Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс" дегені өлгенімізді тірілтіп, өшкенімізді қайта жандыруға сеп болып отыр.

Сондай шаралардың бірі тамыз айының 11-12-сінде Арал ауданы, Шөмішкөл ауылында өтті. Кіші жүздің Әлімінен таралатын Ардана аталығы Қонжар бабасының туғанына 200 жылдығына орай ағайынның басын қосып, ас берді. Осы күнге дейін Шөмішкөл елді мекені Қонжар ауылы атанып, ауызбіршіліктің үлгісін көрсетіп, бір-бірімен ынтымақты қарым-қатынас жасап, баба ұрпақтары ата-баба жолын жалғастырып келеді.

- Бұ дүниеден өткен ата-бабаларымыздың рухын еске алып, ұлықтап, ас беру салты ерте заманнан атадан балаға жалғасып келе жатқан қасиетті дәстүр. Өлгендерді, әруақтарды құрметтеп ас беру дәстүрі еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қайта жаңғырды. Халқымызда: "Өлі риза болмай, тірі байымайды" деген ұлағатты сөз бар.

Read more

Сыр өңірінің қасиетті орындары

Шыр етіп дүниеге келген әрбір нәрестеге өсе келе ең бірінші жүрегіне иман құю керек, екінші кезекте білім, ғылым үйрету ләзім. Имансыз берілген білім мен ғылымда қайыр жоқ. Біз әлхамдулиллах мұсылманбыз, оның ішінде қазақ болғанымызға Аллаһқа шүкіршілік қылып, мақтана жар салып айта саламыз. Өйткені, біз қазақтар, жеті атамызды жатқа айтып, тілімізбен, дінімізбен, ділімізбен оқшаулана аламыз. Біздің ғасырлар бойы жазылған тарихымыз тасқа қашалып басылған. Қазақ жерінде дүниеге келген әрбір перзент жеті жасқа келгенше туған жерінде тәрбиеленіп, тілін, дінін, табиғатын, ауасын, суын, тау мен тасын, қыр мен сайын жүрегімен сүйсініп, бойына сіңіріп өсу қажет. Қарт Қаратау етегімен сұлу Сырдың бойы - тұнып тұрған тарих. Өз тарихын білмеген, жерінің, табиғатының сұлулығын сезінбей, басқа елден жанына тыныштық іздеп еліктеген кісіден қайыр жоқ. Өйткені, білген кісіге жеріміздің табиғи байлығы мен сұлулығына баға жетпейді, тарихы өте бай.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында жазылғандай, қазақ жеріндегі ұлттық бірегейлікті қалыптас­тырудың тәсілі ретінде қасиетті орындарға деген қызығушылық 90-жылдың аяғында Елбасының "біздің жолымыз - Қожа Ахмет Яссауи жолы", сонымен қатар "біздің өзіміздің толерантты, дәстүрлі қазақ исламымыз" бар деген сөздерінен бастау алады. Демек, қасиетті орындар мен киелі жерлер тек діни наным-сенімдерге ғана емес, мемлекеттің ұлттық бірегейлік көзқарасын қалыптастырып, қазақтың салт-дәстүрін дәріптейтін, мәдениетін көрсететіндігін түсінеміз.

Read more

ҚИЯНАТ ЖОЛЫ ОСЫЛАЙ БАСТАЛАР...

Көтібарды ояту

Көкірекке бір запыран ұялап,

Сезімдерін таппай қойды тиянақ.

Қаншама жыл жанымды жеп келеді,

Босағада байсыз туған Қиянат!..

 

Сөзін айтты демеңіздер күпірдің,

Тіл сыйлаған Жаратқанға шүкірмін!

Мен -

Тек ғана жалғаншыға жағынған

Шайырлардың шатпағына түкірдім!

 

Қалдырсаң да дауыл-даудың өтіне,

Тура айтамын һәм қоймаймын өкіне:

"Айман Шолпан" -

Жұрт тамсантқан жыр емес,

Жаққан күйе ол - батырлықтың бетіне!..

 

Read more

БЕЙТАНЫС

Тас қала тұмауынан емделіп жатыр екен. Мені таңмен қарсы алды. Салқын, әлсіз сәуле тұман арасынан там-тұмдап көрініп, үйлердің шатырына қол соза бастапты. Қала әлі ұйқыда. Неге екенін, мені түсінде көріп жатқандай сезіндім. Солай болуы мүмкін ғой? Мүмкін. Әр қаланың өз жаны болады. Бұл мекен де жағасына өзгеше ойлар мен сөздердің иісі сіңген әлдебір жолаушыны асыға күткен шығар... Енді міне, таңғы түстің тәп-тәтті шағында мен келдім. Ұйқыдағы қаланы шарлап жүрген ойларымның анықтығы сонша, қолыммен ұстап көре алатын сияқтымын. Бұған дейін қандай ойлардың ағыны кезді екен?

Не де болса, дәл осы уақытта қала мінсіз көрінеді. Салқын ауа, сайраған құстар. Көшесінде жан адам жоқ. Күнделікті бірсарынды күйкі тірлік басталғанға дейін біраз уақыт бар еді. Ал менің барар жерім жоқ. Қалалардың барлығы бір-біріне ұқсайды. Содан ба, ондаған қаланы аралаған маған бұл жер де бұрыннан таныс секілді көрінді.

Бір жағына қисайған темір бағанадағы көше шамының көгжілтім сәулесіне қарап қалыппын. Өлімсіреген жарық үрлеп қалсаң, түннің соңғы деміне ұқсап, ауаға тарап кететіндей. Жанына таяп, көзімді жұмдым да, бар деміммен үрледім. Сол сәтте...

Мырс етіп күлген дауыс естілді.

Мен таңырқағам жоқ. Тағы да бар демімді ішке тартып, шамды үрледім.

- Сізге не болған? - деді дауыс.

Біртүрлі, бала күнгі қылықтары есіне түскен адамша ыңғайсыздандым. Артыма қайырылмастан шамды жеңіммен сүрте бастадым.

- Көрмей тұрсың ба? Шамды тазалап жатырмын.

 

Read more

10 Тамыз 2018

Шыңға ұмтылған қайсар мінез

Өмірге өзгеше көзбен қарайтын жазушы. Ол пенденің жүрек түкпірінде жатқан жан сырын, құйынды ашуын, сырлы сезімін сөзбен сұлу суреттейді. Қысқасы, қылқалам арқылы тағдыр-лардың өмірдегі бет-бейнесін көркем шығармаға арқау қылады. Осы бір таланттардың туынды-сына тұздық себетін тағы бір өнер иелері бар. Олар – актерлер.

Қағаз бетіндегі өмір көрінісіне жан бітіріп, көрермен көңіліне ой салатын осындай шығар-машыл азаматтар Сыр елінде де жетерлік. Ал, жастар арасында алдыңғы арба дөңгелегіндей, өздерінің сара жолдарын салып келе жатқан «Жастар театрының» өңірімізде орны ерек. Өзге өңірлер «бағындырмаған белесі, алмаған асуы жоқ» деп, жас актерлерімен мақтанғанда алда-рына жан салмай жатады. Бұл ретте, сыр-бойылық жастардың да ауыз толтырып айтар-лықтай жетістіктері бар. 2016 жылы Оңталап Нұрмахановтың жетекшілігімен қаз басқан жастар бүгінде жалынды. Тіпті, шабыттарын шыңға шығарып үлгерген. Анау-мынауға ша-мырқана қоймайтын Шымкент қаласының тұрғындары дәл осы жастардан қошеметін аямапты. Қызылордалық жастар Шым қалада өткен «Ашық алаң» театрлар фестивалінде арнайы жүлдеге ие болып, бір белесті бағындыра білген.

Read more

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.