Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Шілде 2016

07 Шілде 2016

Бексұлтан НҰРЖЕКЕЕВ, жазушы: «РУ-ТАЙПАЛЫҚҚА БӨЛІНУ – БІЗДІҢ БАСТЫ ДЕРТІМІЗ»

 

Қазақ ұлтының ұлттық мүддесін өз өмірінен жоғары қоятын азаматтар жиі кездеседі. Елдің өткені мен бүгініне алаңдап, талай жылдан бері қазақ тарихындағы көрініс алған оқиғаларды қағаз бетін түсіріп, шырмалған шындықты шығармашылығымен танытқан жазушы, қарымды қаламгер Бексұлтан Нұржекеевтің руханият саласында алар орны бөлек. Ардың жүгін арқалаған, болмысы биік жазушы жақында "Мәңгілік Eл" қайраткерлері" циклдық кездесулері аясында Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатында әдебиет әлеміне қызығушылық танытып жүрген жас буын өкілдерімен кездесті. Салмақты басқосу ұрпақтар сабақтастығы, рухани жақындық сыйлағаны рас. Белгілі қайраткердің біз білмейтін қырлары мен сырларын жастар салмақты сұрақтары арқылы біле алды.

Read more

ЕСКЕРТКІШТІҢ ЕҢСЕСІ КӨТЕРІЛЕТІН БОЛДЫ

 

Тарихты білу бар да, оны ұрпақ жадында жаңғырту бар. Ал, өткеннен сабақ алу бір басқа. Қазақ тарихына көз салған адам ата-бабалары­мыздың талай қиын-қыстау кезеңдерді, алапат соғыс пен сұрқия саясатты, зобалаң мен зұлмат жылдарды басынан кешіргенін біледі. Ал, біз өткен күннің батырларына бас иіп, тарихи тұл­ға­ларғы құрмет көрсетіп жүрміз бе?

Көпшілікке таныс, 31 мамыр жақындағаннан Қызылорда қаласындағы "Арай" мөлтек ауда-нында орналасқан саяси қуғын-сүргін және ашар­шылық құрбандарының рухына тағзым ету мақсатында ашылған ескерткіш мемориалына тазалау жұмыстары жүргізіле бастайды. Себебі онда өткенді еске түсіріп, тағзым ету шарасы өтеді. Иә, жылдағы жағдай, әкім келеді.

Read more

КОМИССИЯ КЕЛЕ ЖАТЫР!

 

Ақшұқыр орта мектебінің директоры Жалбағай қарамағындағы барлық мұғалімдерді кабинетіне жинап алды. Қаладан кеше ғана келгендіктен бе, әлдебір басқа дәлелді себебі бар ма, директордың қабағы тым қатулы, түсі тым суық еді.

-Ал,- деді Жалбағай қабағын түйе, орын­дығын сындырып жіберердей шал-қалаңқырай отырып, - барлығы түгел жиналды ма?

Оқу ісінің меңгерушісі Түйгенбай:

-Әлгі Сылқымбикеден басқалары осында, - деді.

-Сол-ақ шұбатылады да жүреді екен. Өзі жиналысты естіген бе еді? - деді Жалба­ғай.

Read more

ШӘКІРТТЕРІМЕН БИІК ҰСТАЗ

 

Үлкен концерттерде, жиын-тойларда кездесіп шүйіркелесіп тұратынымыз болмаса, амандық-сау­лықтан әрі аспай өтіп жатқан күндерімнің бірінде жеке шаруаммен Перуза Арғынбаеваның сыныбына бас сұқтым. Мәссаған! Кішігірім өнер мұражайына тап болғандай болдым. Кластың бір қабырғасы түгелге жуық жүлдегер шәкірттерінің жетістіктері мен суреттері, ал енді бір қабырғада ұстазына деген шәкірттерінің жылы лебіздері мен алғыстары өте әдемі талғаммен безендірілген. Ішім жылып сала берді. Таңданысымды жасыра алмадым.

- Сонда осының бәрі сенің шәкірттерің бе?- деппін сасқанымнан. Ылғи да жымиып жүретін Перуза бұл жолы да әдемі ғана езу тартып:

- Иә,- деді, - сен не, бірінші рет кіріп тұрсың ба бұл сыныпқа?

Read more

ҰЛТТЫҚ ӨНЕРГЕ РУХ БЕРГЕН

 

1983 жылы Құрманғазы атындағы консер-ваторияда Құрманғазы атындағы бірінші респу-бликалық домбырашылар конкурсы өтті. Осы конкурсқа Қызылордадан музыка училищесінің 3-курс студенттері мен және Нұраддин Ахметов екеу­міз қатыстық. Ол кезде бас жүлде деген жоқ, бірінші орынды Абдулхамит Райымбергенов пен Тұяқ Шамелов ағамыз бөлісті. Абдулхамит ағаның сол кездегі орындаушылық шеберлігі менің көкейімде осы күнге дейін сақталған.

Араға бір жыл салып, 1984 жылы кон-серва­то­рияға түсіп, студент атандық. Кураторы-мыз Абдул­хамит аға болды. Атақты "Мұрагер" фольк­лор­лық ансамблінің дүркіреп тұрған кезі, жетек­шісі Абдулхамит аға. Ең үздік студенттерді таңдап алады. Талай студенттердің арманы болған сол "Мұрагер" ансамблінің мүшесі болу бізге де бұйырмады.

Read more

КӨККЕСЕНЕ МЕН БАРШЫНКЕНТТІҢ ҚАНДАЙ САБАҚТАСТЫҒЫ БАР?

 

Өткенге ой салып, оны зердеге тоқу тарихты тірілтумен бір­дей. Кезінде "Мәдени мұра" бағдарламасын қолға алып жат­қанда ел етекте қалмас, әркім тиісінше өз үлесін тигізуге тыры­сып бақты. Кешегісіз бүгін жоқ десек, ұлттық ұстаным ұмытыл­мауы керек. Қара жер қойнында қаншама қазына көмулі жатыр. Ал, зерттеліп, тарихқа енгені қаншама. "Мәдени мұра" ұсынған мол жәдігерді жинақтау уақыт алға жылжыған сайын толысып, құндылығы жағынан байитыны сөзсіз. Ол үшін бүгіннен басталатын қадамдар қажет.

Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби: "Халық өткен өмір тарихын білмесе, өзінің сү­ріп жатқан дәуірінің қадірін бағалай алмайды" десе, Баласағұн бабамыз: "Болашақ өткен тарихты білуден басталады" деген екен. Бү­гінгі қоғам да тарихты құрметтеуге мән беріп келеді. Ата заңымыздың 37-бабында: "Қазақс­тан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғауға міндетті" деп көрсетілген.

Read more

«АТАМНЫҢ САЛҒАН ІЗГІЛІКТІ ІЗІ ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕДІ»

 


Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE

Әнуарбек мақсым ТӘЖІМБЕТТЕГІ

- Тәжімбет мақсым атаның туған жері, өскен ортасы, отбасы туралы айтсаңыз.

-Атам Бөген ауылының "Кеңтүбе" деген же­рінде дүниеге келген. Ислам дінін дәріп­теген, Алланың ақ жолынан тай­маған, шын­дыққа тіке қараған, әділет­тілікті сүйген жан­ның бірі. Арабша сауатты, көкірегі ояу, көзі ашық, ме­шіт ұстаған, молда болған. Әйелі - Айша, ба­лалары - Жұпан, Бадра (Әлімжан), қыздары - Натипа, Нұргүлсім, Әмиша.

Read more

ЗАР ЗАМАН АҚЫНЫ ШОРТАНБАЙ

Бағзы заманнан бері қарай өмір сүрген ақын, жыраулар қазақ жеріндегі замана көшінің бағыт-бағдарын елден бұрын бағамдап, өмір ағымының беталысын, тіршілігінің тынысын тамыршыдай дөп басып танып отырған. Іштен, тыстан келетін қауіп-қатерлерді алын-ала сезіп білген. Бұл өзгелерден артық туған ақын, жырауларға тәңірдің берген тән қасиеті болса керек. Олар қой үстіне бозторғай жұмыр­тқалаған мамыражай заман болса, шаттана, масаттана жырлаған. Ел басына күн туған аласапыранда отты жырларымен қалың қазақтың жігерін жанып, тұтастық пен бірлікке шақырған. Ал туған жеріне жатжұрттықтар сұқ көздерін сүзіп, шеңгелдеп қол сала бастағанда жыландай жылжып келе жатқан қасіреттен халқын сақтандырып жырмен зар жылаған. Жат пиғылдылардың елдің іргесін ірітіп, ырысын шашып, қазынасын қасықтап та, шөміштеп те таситынын елден бұрын аңғарған. Ақындар алмағайып заманда елдің жігерін жанып, төнген қауіптің бетін қайтаруға халықты үндеп отырған.

Read more

05 Шілде 2016

КҮШТЕП КӨШІРГЕНДЕР АРАЛ ӨҢІРІНДЕ

 

Сталиндік режимнің кезінде көптеген халықтарға "саяси сенімсіздік" көрсетіліп, әртүрлі жасанды айыптармен жаппай қуғын-сүргінге ұшыратып, атамекендерінен күштеп жер аударып отырғандығы белгілі. Қарапайым халық тағдыр тауқыметіне көніп, шет аймақ­тарға көшірілді. Тағдыр теперішіне ұшыраған осындай халықтардың тағдыры Арал өңірімен байланысты болған. Осы кезге дейін "Қызыл империяның" кәріне ұшырап жер аударыл­ған­дардың КарЛАГ, СтепЛАГ, АЛЖИР сияқты лагерьлеріне тоғытылып келгені жайлы ғана білетін болсақ, қолымыздағы жаңа деректер ондай лагерьлердің Арал аудандарында орын тепкенін айғақтайды. Мысалы, БКП(б) Қазақ өлкелік комитетінің 18 ақпан 1930 жылғы жиналыс хаттамасында ОГПУ басшысы Валленбергке екі апта уақыт ішінде 2000 бай-құлақтарды Арал теңізінің жағалауына қоныс аудару және олардың орналасу маршрутын дайындау жөнінде тапсырма берілген. Осы тапсырмаға сәйкес ақпан айында Арал қала­сында 9000 адамға 45 барак үй, Көкаралда 10000 адамға 50 барак дайындап, балалар мен қарттарды орналастыру көзделген. Тапсырма­ның қауырт болғандығы соншалық, Көкарал­дағы босқындар үшін тұрғындардан 300 киіз үй жалданып алынған. Бұл қоныстар Орталық Саяси басқарма шешімімен Арал ауданының аумағында, әсіресе темір жолдан қашық, көбінесе теңіз жағалауындағы елді мекендерде орын теуіп, әскери комендатуралардың бақы­лауында катаң режим жағдайында ұсталатын болған. Осы шараларға сәйкес 1930 жылғы 30 наурыздағы берілген ақпарда Арал ауданына кел­ген күштеп көшірілгендер саны - 7535 адам деп көрсетілген. Оның ер адамдары - 1998, әйелдер - 2029, 16 жасқа дейінгі балалар саны - 3108. Санитарлық дәрігер Самойловтың жазбаларында Арал концлагерінің 30 бара­ғында 6340 адамның нарларда орналасқаны, тұрмыс жағдайларының мәз емес екендігі жазылған.

Read more

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТАРЛАНДАРЫ ТАРИХ ТАНЫМЫН ТАРАЗЫЛАДЫ

 

Қазақ халқы тарих сахнасынан біржола жұтылып кетпес үшін талай тартысты күндер мен естен кетпес қилы кезеңдерді, тарихы тасқа қашалатын таңбалы дәуірді бастан өткерді. Үстем тап өкілдерінің озбырлығы, елдік сана, ұлттық мүдде жолындағы күрес қазақ жұртын қиындық құрсауынан құтқарды. Қазір сол өткен күннің белгісіндей болып қалған, ел мен жұрттың тізе қосып таразыға салатын елеулі күндерін тәуелсіз елдің тарландарына таныту, оны насихаттау тек билік басындағылардың ғана емес, ұлтын сүйер әр қазақтың міндетіне айналуы қажет.

Елдік мәселелерге мән беріп, ұлт жүгінің аманатын арқалаған «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры талайлы тарихты қамтып, өткенді ұлықтайтын тағылымды шаралардың ұйытқысы болып жүр. Ұлт жолындағы ілкімді істері арқылы қазақ руханиятына дем беріп жүрген қоғамдық қордың төл жобасы «Үздік жас ғалым» жас ғалымдар конкурсының жыл өткен сайын салмағы артып келеді.

Тарихты таразыға салатын тарихшы емеспіз. Десе де «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қорының бастамасымен болған «Үздік жас ғалым» байқауының биылғы бәйгесі тарихты терең бойлауға тереңнен тартқан секілді. «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қорының «Зияткер» білім беру орталығы және «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен бірлесіп, облыстың колледж студенттері мен лицей, орта мектептің 8-11 сынып оқушылары арасында өткен байқау 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына, Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына және ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жазылған ғылыми мақалаларды сараптады. Жас ғалымдар бәйгесі «Өрлеу» БАҰО АҚ Қызылорда облысындағы филиалы базасында өткізілді.

Баса айта кетерлігі, тарих сахнасында қалған ұлт азаттық көтерілістің 100 жылдығы, Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығын аймақ көлемінде алғаш рет атап өтіп, жаралы жылдардың жаңғырығын жастардың көзқарасымен танытқан ғылыми байқауды ұйымдастыруы қоғамдық қордың бүгінгі тарихқа деген қосқан мол үлесін аңғартады.

Отандық білім мен ғылымның кеңінен қанат жаюына үлес қосып жүрген қоғамдық қордың білім бәйгесіне аймақтағы оқу орындарынан 75 ғылыми мақала келіп түскен. Редакция алқасы жанынан құралған комиссия құрамы тақырып пен талапқа сай 25 мақаланы електеп өткізіп, келесі кезеңге жолдама берді.

Қоғамдық-гуманитарлық бағытта ұйымдастырылған байқаудың ғылыми материалдарын тарихшы-ғалымдар Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Дастан Сәтбай, тарих ғылымдарының кандидаты Сәкен Серікбаев және әдебиетші-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Нұрлан Нұрмаханов таразылады.

- Бұрынғыдай емес, білім мен ғылымның артына шам алып түскен жастарды көргенде отандық білім деңгейінің артқандығын байқайсын, бұл өз кезегінде жастардың тарихқа, ізденіске талпынғандарын білдіреді. Конкурста қорғалған тақырыптардың өзектілігі, қазақ жастарына беретіні мол болғандықтан бұл тақырыптағы материалдарды жастар жан-жақты зерттей білген,- дейді қазылар құрамының мүшесі Сәкен Серікбаев.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай сарапталынып алынған 25 ғылыми мақаланың басым бөлігі ширек ғасырда Қазақстанның қол жеткізген жетістіктеріне арналды. Тығырықтан шығар жолда Қазақстан халқының саяси-экономикалық қадамдарға батыл түрде барып, әлем елдерімен тізе қосып, ықпалдастықтың әлеуетін арттырған маңызды келісімдері мен болашақтың басты жоспарларын зерттеу арқылы жастар ширек ғасырлық тарихты қайта парақтауға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ, Қазалы ауданынан келген оқушылардың Желтоқсан оқиғасына қатысқан, бірақ есімдері беймәлім болған қазақ жастарының сол жылдардағы батыл қадамдарын баяндап, тіпті көзі тірі желтоқсаншылармен жүргізген сұхбаты да қазылар алқасының назарынан тыс қалмады.

- Байқау ұйымдастырушылары ұсынған тақырыптар қазақ тарихындағы өткелді белестерден ой түйіп, әрі жастардың өткенді білуге деген ұмтылысын арттырады. Биылғы байқаудың алдыңғы сындардан өзгешелігі де осында. Нақты тақырып, нақты бағыт. Сонда да жастардың бойында ұлттық тарихқа деген қызығушылықтын барын білдік. Бұл, әрине оқу орындары ұстаздарының бірлескен жұмыстарын байқатады,- деді бізбен әңгімесінде «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қорының директоры Нұрлан Нұрмаханов.

Байқау барысында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Бауыржан Елеусінов мұндай конкурстардың жас ғалымдардың көзқарасын қалыптастырып, бағытын таңдауға септесетіндігін тілге тиек етті.

Үш сағатқа созылған ғылыми байқаудың қорытындысында үздік деп танылған мақалалардың авторлары белгілі болды. Іргелі ізденісі, ұтымды ұсыны арқылы танылған М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Жанерке Дүйсенова әдебиет саласынан, Қармақшы ауданынан келген Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектебінің оқушысы Данияр Рахымжанов тарих бағытынан І орынды иеленіп, 2016 жылдың «Үздік жас ғалымы» атанды.

Байқауға үміт артып келген өзге де ғалымдар және олардың жетекшілері ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар және алғыс хаттарымен марапатталды.

Расында, «Үздік жас ғалым» байқауы – ғалымдардың басын қосып, олардың білім деңгейін анықтайтын ашық алаң, мол мүмкіндіктер кезеңі. Себебі, ғылымға бет бұрып, жаңа қадам басып жүрген жастардың тек есімдері БАҚ құралдарында ғана емес, мақалалары топтастырылған арнайы жинаққа енеді. Осы уақытқа дейінгі шығарылған ғылыми еңбектердің бір арнада тоғысуы жас ғалымдардың білім мен ғылым саласында өз қолтаңбасын қалдыруға айрықша мүмкіндік бермек. Демек, қоғамдық қордың сананы жаңғыртып, қоғамдық саланың қанат жаюына жасаған қарышты қадамдары қанатқақты жобалардың бастау бұлағын білдіреді.

Абай Тағыберген

Read more

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Шілде 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.