Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Маусым 2015

26 Маусым 2015

Қауіптің кей түрлері

 

  Аңқаулардан жоқ қауіп,

 Алаяқтан көп қауіп.

 Ар-ұяттан безгендер,

 Ақшаны жүр көп тауып...

 

Жанармайға от қауіп,

 Тұйықталса тоқ қауіп.

 Жалмауыз емес жемқордан,

 Жарлы адамнан жоқ қауіп.

 

Табанда деме жоқ қауіп,

 Тасадан атқан оқ қауіп.

 Тиісуге түк таппай,

 Түнде жүрген топ қауіп.

  

Түннен қалған ас қауіп,

 Түк ұқпайтын бас қауіп.

 Миды "мүтіл" ететін,

 Мінезі бар мас қауіп.

  

Өңі өзгерген өмір

  Ақша - бақ болуға айналды,

 Ар-ұят - сап болуға айналды.

 Еркек - әйел болуға айналды,

 Әйел - еркек болуға айналды.

 Мейірім, шағапат,

 Имандылық, қанағат,

 "Ескіріп" ертек болуға айналды.

 Мешкейлік - мұра болды,

 Сусын - сыра болды.

 Шындық - қысырады,

 Сырқатқа ұшырады.

 Бақ - жемқордың басына қонды,

 Жағымпаздар қасына қонды.

 Қысқасы,

 Бал - ашуға айналды,

 Тұз - сасуға айналды.

 Қазыбек Әшірбекұлы

 

 

Read more

ҚОҒАМНЫҢ "ҚАРА ӨЛЕҢДЕРІ" немесе талапкерге "біртүрлі" кеңестер

 

Ақыл айтып көрейін балаларға,

Қалтаңды сайлап жүргін, пара барда.

Сатып алса бағаны класс болып,

Оқушының ішінде дара қалма.

 

Болғанда оқу - күміс, баға - алтын,

Мұғаліммен ешқашан болма салқын.

Ұстазыңмен егер де болсаң салқын,

Білмейсің оқушының ешбір парқын.

 

Емтиханда білмей қап, шалыс болса,

Сөйлескен ұстаз жақсы, таныс болса.

Жұқа қалта оқушыны жарға жығар,

Одан да ақша бергін "шанс" болса.

 

Аласыз кілең бестік ептесеңіз,

Келмейді баға өзі жетпесеңіз.

Көнбейтін жан болмайды бітірерде,

Таныспен емтиханда септесеңіз.

 

Тесік қалта баланың пұлы болмас,

Пұлы жоқтың ешқашан жолы болмас.

Пара беріп, оқуға түсе қойсаң,

Ақша алғанның оңы мен солы болмас.

 

Бүгінде қалталымен бәрі сырлас.

Білсе егер таныспай қарап тұрмас.

Баласы үшін жинаған сыйы болса,

Оқуға құр тапсырып, талас қылмас.

 

"Жарайсың" деп, қолды алып қысқанменен,

Ойнамайды парақор "тышқанменен".

Аттестатты беспенен толтырып ап,

Мектептен қанат байлап ұшқанменен.

 

Кітап жастап үйінде жатқанменен,

Көз ілдірмей, әр таңды атқанменен.

Бәрібір талап қылсаң дорба керек,

Жетпейді бір-екі қой баққанменен.

 

Оқуға кім шақырса құлақ салам,

Келіссең ақшасына, құлатпаған.

Есі бар ата-ана болса егер,

Баласын мүсәпірдей жылатпаған.

Н.ҚИТАРТЕГІ

 

Read more

Түсіме ішкі саясат кірді

 

Түсімде орман аралап келе жатсам, (қай жақтағы орман екенін кім білген?) біреу селфи жасап тұр екен. Қарасам, өзім жақсы көріп, құрметтейтін інім Берік Уәли екен. Әйтеуір түсіме рұқсатсыз кіріп кетіпті... Қанша дегенмен, бастық қой енді... Шұрқырасып, шұжық жейтіндей, амандасып жатырмыз. "Облыстық ішкі саясат пен дін істері басқармасының бастығы орманда неғып жүр?"деп ойлап қоямын өзімше... Өзім орманда неғып жүрмін десеңші? Бір кезде алып емен бұтағында қонақтап отырған қарғаны көрдім. Ірімшіктің орнына тілдей хат тістеп алыпты... Түшкіріп қалып едім, ұша жөнелді де, хат жерге қалықтай түсті. Жүгіріп барып, хатты ашып оқысам, былай деп жазылыпты: "ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының бастығы Берік Уәли мырзаға! Облыстық ""Жанубий Қозоғис-тон" газеті Рейхстагқа ту тіккен қаһарман Рахым-жан Қошқарбаевты "қазақстандық өзбек" деп жа-зыпты. ("Жанубий Қозоғистон" газеті, 14 наурыз 2015 жыл, №28) Уақтысында өзағамдар Сабыр Рақымовты да өзбек деп, өзбектен шыққан тұң-ғыш генералымыз деп дәріптеп келген еді. Қош-қарбаев шынымен өзбек пе? Осының жауабын беріңізші? Әлде ішкі саясат ""Жанубий Қозоғис-тонды"" қадағалай алмайды ма?" Өз көзіме өзім сенбедім! Түсімнен ояна салайын десем, Берік інімді қимаймын. Оның да хатты оқығысы келіп тұрғаны. "Мұнысы несі?- деймін ғой ішімнен,- ұлт араздықты қоздыру мақсатында жазылмаған шығар? Қателесіп кетті-ау...". Берік Уәли қолымнан хатты жұлып алды. Асығыс оқып жатыр. Сыпайы болып, жай сұраса да беремін ғой... Кенет басын шайқады.

Read more

Қарүлек

 

Күркіреген кезінде салбырап қып-қызыл болып шыққан өңешін қайтадан ішіне тартып, жинап алды. Тісін тісіне тигізіп сақылдатып, жағын қозғағанда ернінен аппақ көбік шұбатыла үзіліп, жерге жетпей бірнеше шарға айналып, шыңылтыр аязды ақпанның ауасына сіңіп жойылып кетеді. Көбік шарлардың осыншама көптеп ұшқанын қызықтағандай тағы да күркірегенінде әдеттегісінен де жиі ұшқан дөңгелектер қалықтап ұшып, біразға дейін көрініп барып, жоқ болады. Әлгіндей шарға айнала алмаған ақ көбік салбыраңқы астыңғы еріннен үзіліп түсіп келеді. Жалпақ табанымен қалың қарды сықырлата, ашық аязды айналаға құмарлана, еркіндігіне, ешкімге тәуелді еместігін сезініп келе жатқан мұның оң жақ алдыңғы аяғының тұсарлығында жарты құлаштай арқан сүйретіліп, қардағы ізінен аздаған қан білінеді. Ұшы қиырсыз, шегі мен шеті көрінбейтін шалқар сахараның сағым қуған байтақ даласының алып кемесі атанған, бір замандарда  тү-ү-у сонау алыста-ғы жат елдерге жолында жүк қалдырмай, сіңір со-зып, жанын қинап, ұзақ сусыз шөлге де шыдап баға-тын Ойсылқараның бүгінгі ұрпағы Қарүлек басын иығына үйкеп-үйкеп алды да, өңешін екі қарыстай шығарып, жан-жағын тітіркендіре тағы да күркіреді. Төсін желге қақтырып, ашық аязға рахаттана, құмарлана әлденеге ызаланғандай үлек шабынуын үдете берді, үдете берді. Осы қалпында біраз уақыт тұрған ол елсіз сайын далаға, сон-о-оу алыс көкжиек-ке тесіле қарап, тағы біршама мезгіл тұрып алды.

Жыңғылдының дәл қазір басындағы дәні төгіліп, әбден сарғыш тартқан, кейбірі қап-қара болып қауланған қалың жантағы, дүзгіні мен көкбұтасы, селеуі мен сиырқұйрығын қалың қар тұмшалап тастаған, жалдана созылып өскен жыңғылының басы ғана аштықта талғажау болатын қыстың қысқа күнінде Қарүлек кішкентай ашық алаңқайдан шығып бұйратқа бет алды. Бағыты - Айтұяқтың биігі. Маңайдан ешқандай тіршілік иесі байқалмайды. Екі күндікте жауған жұқа қардан кейін бұл жаққа адам да, мал да табан ізін салмапты. Таң атқалы, жан-жақтағылар көрінетіндей жарық болғалы осы қалыңшылықтың ішінде өріп жүретін ұзын құлақ қоянды да, ақ құйрық айлакер түлкіні де кездестірмеді.

Read more

Қазақ хандығы лайықты тойлануы тиіс

 

Қазақ халқының тарихи құжаттарында нақты таңбаланған азаматтық тарихы соңғы мың жарым жылды қамтиды. Егер арғы тамырымыз, Орталық Азияны мекендеген көне тайпалар шежіресінен сөз қозғасақ, 4-5 мың жыл тереңге кетер едік. Таза қазақ атымен аталған ұлттық мемлекет шаңырақ көтерген дәуірдің өзін әңгімелеу, ұзақ та күрделі - хикаят. Жетпіс жыл бойғы коммунистік билік заманында жекелеген ұлттардың тарихын жазудағы ең басты мақсат - сол халықтардың тарихы болмағанын дәлелдеу еді. Жетпіс жыл бойы жүргізілген саясат-тың, соған сәйкес жазылған том-том тарихтың, жекелеген кезеңдерге арналған ресми жинақ, зерт-теулердің ең басты тұрғысы, өзекті арқауы - қазақта тарих болмады деген қағида. "Қазақ - тарихсыз халық, бұл халық еуропалық жұрттар сияқты таңбалауға жарайтын, шежіреге жарайтын, хатқа түсіруге татитын тарих жасамаған" дегенді меңзеді коммунистер. "Мемлекет болмаған, мемлекеттік құрлыстың кейбір элементтері ғана ұшырасқан, оның өзінде бұл - біртұтас құрылым емес; әрбір аймақ өз басына би болған, бұл қазақ басы біріккен хандық құрып көрген жоқ" дейді. Осыған орай "қазақ жұрты Ресейге қосылған соңғы жерде ғана қатарға ілініп, ел бола бастады" деген қағида қалыптасты. Тәубе, "коммунистік программа" жүзеге аспады, қызыл империализм келмеске кетті. Тәуелсіздік алдық, дербес ел болдық. Бірақ, еңсемізді толық қайта көтеру үшін, рухани қайта жаңарып, санамызға сіңіріп, тарихымызды көп айтып, көп еңбектенуіміз керек-ақ. Тарихи даталарымызды кең көлемде ұлықтауға тиіспіз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев "Қазақ хандығының 550 жылдығын" текке қозғап жатқан жоқ. Бұл - біздің мемлекетіміздің бес ғасырлық тарихын, елдігін әлемге танытады. Одан арыдағы даңқты тарихымызды айтпағанда, бергі, Қазақ атымен аталатын дәуірдің өзі біздің ұлы халық екендігімізге айғақ. ХV ғасырдың орта шенінде қазіргі еліміздің шегінде Қазақ Ордасы аталатын айбынды мемлекет құрылды. Бұл қуатты ұлыс төрт жүз жыл бойы кең даланы еркін жайлап, өзгеше тұрпатты озық мәдениет жасады. Елімізді, жерімізді еркін сақтап тұрды, ешкімге кеудесін бастырған жоқ. Нәтижесінде осыншама бай, ұлан-байтақ жерді иемденді, өзіне лайық ұрпақ өсірді.

Read more

Сарайшықта жерленген қай Жәнібек?

 Бұл сауалдың жауабын, Әбілғазының "Түрік шежіресіне" иек артып, Сарайшықта жерленген Алтын Орда ханы Өзбекұлы Жәнібек деп қысқа қайыруға болар еді (Әбілғазы. Түрік шежіресі.А., 2006.114-115-бб.). Бірақ, тарихи әдебиетте орнықты түрде қалып-тасқан қазақ ханы Жәнібек Барақұлы Сарайшықта жерленді деген пікір зерттеушілерді, ғылыми-көпшілікті, оқырманды әлі күнге екіұдай күйде қалдырып отыр. Қолда бар ортағасырлық дерек-темелерде Қазақ хандығының негізін салған Керей мен Жәнібек хандардың қай жерде жерленгендігі туралы еш мәлімет жоқ.

 

Read more

Қайта жаңғырған шопандар слеті қаймағы бұзылмаған қазақ халқын қуанышқа бөледі

 

Төскейде малы, төсекте басы қосылатын қазақ халқының ертедегі негізгі тіршілік көзі - мал шаруашылығы саласы. Ес білген баладан еңбектеген қарияға дейін ата кәсіпті тіршілігінің өзегіне айналдырып, небір ашаршылық, аты айтып келмейтін зұлмат жылдары бүтін бір елді осы кәсіп арқылы асырап қалғаны рас.

Иә, жаз жайлауда, қыс қыстауда жүрген қазақ халқының мал шаруашылығына ден қойып, оны ата-дан балаға мирас етіп келе жатқаны қазақ халқының қазыналы дәстүрін көрсетеді, бір жағынан қаны таза тектілігімізді де айшықтайды. Күндіз аяқ бүкпей, түнді кірпік қақпай еңбек еткен қазақ халқы төрт түлік мал үшін қыр асып, жазда жайлауға, қыста қыс-тауда тіршілік етіп келді. Ауыл аймақта "Сауың ішсең мың күндік, сойып ішсең бір күндік" деп төрт түлікті түлетіп, баба кәсіпті жандандырып отырған малшы-лардың аузы аққа тиіп, мамыражай күнде басы қосылып отырғанын көзімізбен көріп те жүрміз.

"Маңдайы терлемегеннің қазаны қайнамайды" деген аталы сөзге басымдық берген дәстүрлі қазақ қоғамы ата кәсіпті өмірлік несібеге балайды. Шындығында, қай қоғамда болмасын ертеден желісі үзілмей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан малшылар қауымының еңбегі ұшан-теңіз.

Өткен күн қайтып келмесі анық, дегенмен де ескілікті есімізге түсіргенімізден есеміз кетпейді. Бұрындары қазақ қоғамында, ауыл ақсақалдарының жиынында "шопандар слеті" деген тіркес жиі айтылатын. Қойы қоралас ауыл тіршілігіндегі қазақ жұртының көптеген күткен ұлы тойы да осы шопандардың мерекесі еді. Қарбалас тірлікпен бірге қыс пен көктемнің құрсауынан шығып, арқаны кеңге салатын мезгілде бас қосатын малшылардың слеті соңғы кездері ұмыт қалды.

"Мал баққанға ғана бітеді" демекші, ата кәсіпті тіршілігінің тамырына айналдырған малшылардың төл мерекесі, өткен күндерден сыр шерткен, ұмыт болған шопандар слеті, яғни малшылар мерекесі араға 19 жыл салып қайта оралды. Елдің байлығы мен берекесі саналған еңбек мерекесінің кешегісінен ұлағат алып, бүгінгісін бағадамдайтын сәт келді. Себебі Сырдың елі алғаш рет республика аймақта-рының алдын орап, ескі дәстүрлі мейрамды тірілтіп, Сыр малшыларының слетін өткізді. Жаңақорған ау-даны, Қақпа жайлауында өткен облыстық малшылар слетін журналымыздың өткен санында қысқа қайырып едік. Енді, міне, ұланасыр той думаннан алған әсеріміз, көрген түйгенімізбен бөліспекпіз.

 

Read more

Құрманбай қалдырған қолтаңба

 

Құлтабанұлы Құрманбай (1902-1989) елге еңбегі сіңген, шежірені жақ-сы білетін абыз ақсақалдардың бірі болып бергі уақытта өмірден озды. Біз кейінгі ұрпақ ол кісіні "тірі аңыз" ретінде қабылдап өстік, өсиетін тыңдап, қылышынан қан тамған Кеңес дәуірі кезінде жанын шүберекке түйіп жүріп, "жаным арымның садақасы" дегендей, бір сәтте намаз, оразасын қаза қылма-ғанының куәсі болдық. Бүкіл саналы ғұмыры Мақпалкөл ауылының өркендеуіне арналып, артында игі істерімен мол мұра қалдырған аяулы жан. 1931-1933 жылдардағы қазақ халқының басына келген зобалаң жылдарда жергілікті тұрғындарды ұйымдастырып, аштықтан ауылды аман алып қалған іскер азамат еді. Сол нәубет жылдары қаздырған "Бозарық" каналы қанша уақыт өтсе де, халқына қалтқысыз еңбек етіп тұр. Енді Құрманбай атаның өмір жолдарының кейбір тұстарына шолу жасайық.

Read more

Алла тағала өз көлеңкесіне алатын жеті кісі

 

Жақсы амалдар - қыл көпірден алып өтер,

Мақұрым қалған тозаққа құлап кетер.

Жалғанда нәпсіңді тый, ақылға кел,

Қиямет, махшар майдан емес бекер.

 Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисінде: "Жеті түрлі адамға Алла тағала ешбір сая жоқ күні аршының көлеңкесінен жай береді. Олар: әділ имам (басшы); Аллаға бойұсынып, ғұмырын құлшылықпен өткізген жас жігіт; мешітке жүрегі байланған кісі; бірін-бірі Алла жолында жақсы көріп, Алла разылығы үшін бас қосып, Алла разылығы үшін мәжілістерінен айырылатын екі адам; мансапты да көрікті әйел шақырғанда: "мен Алладан қорқамын" деп харамнан қашқан ер кісі; оң қолы бергенін сол қолы білмейтіндей жасырын садақа еткен кісі; жалғыз қалғанда Алла тағаланы еске алып, егіліп көзіне жас алған адам", - деп баян етілген.

Махшар - адамзаттың ақыретте қайта тіріліп, жақсылығы мен жамандығы таразыға тартылып есеп беретін жері. Міне, осы жерде пенде өз басымен қайғы болады. Әркім сол жерде өзінің аман қалуынан басқа еш нәрсе ойламайды. Сүлеймен ибн Муқатил (р.а.) былай дейді: "Қиямет күні адам алғаш тірілген кезде, тіл қата алмай, жүз жыл тұрады. Жүз жыл қатты сасып, әбігерге түсіп, қараңғылықта қалады. Жүз жыл Құдай тағаланың құзырында жауапқа тартылады. Бұл кезде бір-бірлерімен дауласады. Қиямет күнінің ұзақтығы біздің жылымызбен елу мың жылға жуық".

Міне, осындай ауыр күні біреу азап шегіп, енді бірі күннің ыстығына күйіп, әркім өзімен-өзі әлек болып жатқанда, жоғарыда айтылған жеті топ Алла тағаланың "Аршысының" көлеңкесін паналап, қиямет үрейінен қашық болмақ. Өйткені сол жандардың бұл өмірдегі амалдары өзгелерден үстем әрі ерекше болған еді. Енді соларға жеке-жеке тоқтала кетейік.

Read more

Рамазан – тозақ отының қалқаны

 

"Рамазан - адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам бірден ораза ұстайтын болсын. Егер біреулер ауру болып, әйтпесе жолсапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесін. Алла сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді".

("Бақара" сүресі, 185-аят)

Мұсылман пенде үшін барлығының да өзіндік өрнегі, сара жолы айқындалған. Яғни әр іс ниеттен болады, тек жан-тәніңмен берілсең, адамгершілік хақында іздегеніңді табасың, оны ойыңа тоқып, іске асыруға тырыса білу керек. Парыз дегеніміз - Алла Тағаланың Құранда "біржолата қыл" деп бұйырған бұйрығы. Мұсылман қауымының орындауға міндетті қырық парызы бар. Айтылған қырық парыздың бесеуі исламда, жетеуі иманда, 12-сі намазда, 3-уі ғұсылда, 4-уі дәретте, 4-уі тәйәмда (кей жағдайларда топыраққа тәйәм соғудағы парыз), 2-уі әмір мағруф наһи мүңкерде, екеуі хайыз нифаста екен. Ал, отыз тоғыз парызды білу ол қырқыншы парыз саналады делінген. Осы аталған қырық парыздың исламдағы бес парызы ол әуелі иман келтіру, одан соң бес уақыт қаза етілмеген намазын оқу, ораза ұстап, зекет беру және де қажылыққа бару.

Read more

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.