Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Сәуір 2018

28 Сәуір 2018

Құмтөбеге құпиясын сіңірген Сіңіртек немесе Ахмет ишан шапағаты

Шілде айында боз дала бозаң тартып, сағым­ға шомылғанда, жап-жасыл боп әрін бермес бұл мекен "Сіңіртек" деп аталады.

Жаз базары тарқап күз келеді. Малды ауыл артынып-тартынып сырға көш басын түзейді. Көш үлкен қаланы басып өтеді. Еру болған малшы ауыл базар базарлап, қорасы  атшап­тырым ағайынның үйінде бірнеше күн болады. Қала өмірі тосындау көрінгенімен бірер күнде үйренісіп кетеміз.

Көше бетте ойнап жүрген біздерге тақап келіп қалған машинадан зәрем ұша қаша жөнелдім. Қорадағы кірпішпен шегендеген құдыққа құлап­пын. Есімді жисам, құдық астауында жатырмын. Бар бала сол жерде. Жаңа машинаның буы көтерген шофер ағайынымыз да осында. Апам басымды кеудесіне басып, бетіме су бүркіп, күбірлеп айтқан сөзінен соң ешқандай қорқу да жоқ, орнымнан атып тұрдым. Құдыққа құлауымнан тұруым тез болды. Бірақ, қор­қыныштан қалған ауруым ұзаққа созылды. Ойнап жүрсем де уақыт, жер таңдамайтын бұл ауру екі-үш жыл әуреге салды. Әуелі бүкіл дүние шыр айналып кетеді де, еш-түсімнен айрылып құлаймын. Апталап нәр сызбай жатамын. Аурудан тұрғанда құр сүлдем ғана қалатын. Аурудан мектепке баратын жылы ғана құтылдым...

Read more

Тарихи мешіт – бабалардан жеткен мұра

     Сыр бойы - талай тарихтың куәсіне айналған қасиетті мекен. Қазақылығы бұзылмаған, имандылығы сарқылмаған құтты жер. Сырдария бойындағы әрбір төмпешіктің тарихынан сыр шертіп, рухани шабыт алуға әбден болады. Сырын ішіне бүккен кең даламыздан талай әулиелер, ахун мен ишандар туылып, елдің руханиятында өшпестей із қалдырғаны сөзсіз.

Міне, биыл - Қызылорда қаласының 200 жылдығы. Қаланың қалыптасып, кемелденуіне айтарлықтай екі ғасыр толыпты. Қаламыздағы рухани мұраларамызды да қайта жаңғыртып, ұрпаққа кең көлемді насихаттау - бүгінгінің еншісі. Өткеніңді еске түсіріп, қарт тарихтан үн қататын қастерлі орындар шүкір, қазірде де бар. Солардың қатарында құрметтеуге де, қадірлеуге де лайықты мекеннің бірі - Қызылорда қалалық "Айтбай" мешіті.

Иә, мешіт салу - күллі пайғамбарлар шұғыл­данған ұлы іс. Құран Кәрімде былай делінген: "Алла Тағаланың мешіттерін тек Аллаға және ақырет күніне иман еткен, намаз оқыған, зекетін берген және Алладан басқа ешкімнен қорық­пайтындар ғана салады" (Тәубә сүресі, 18-аят). Сондай-ақ, мешіт қашаннан мұсылман қауымы­ның ортақ құтханасы. Ол жер жай ғана құлшылық орны емес, сонымен бірге оқу-ағарту, қайырым­дылық, қазылық, ел-халыққа ақыл-кеңес беретін қасиетті мекен. Өйткені, қай жерде мұсылмандар мекендеген болса, бірінші кезекте құлшылық орнын тұрғызуы, рухани орталық ретінде мешіт-медресе салуы үлкен маңызды іс екенін аңғартады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадисінде былай дейді: "Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды".

Read more

Компьютерді жақсы білген адам емес, кітап оқыған адам оны басқаратын болады

        Кітап - рухани азық, адам өміріндегі оның маңызы жайында көптеген мысалдар келтіруге болады. Кітап арқылы дүниені танып, ой-өрісіміз, білім көкжиегіміз, рухани әлеміміз дамиды. Әркімнің ішкі мәдениетін, айналасындағылармен қарым-қатынасын қалыптастыруда да кітаптың пайдасы зор. Дана халқымыздың "Кітап - білім бұлағы" деп айтқаны да бекерден-бекер емес.

Тегінде кітапқа деген құштарлық бала кезден қа­лыптасады. Сонау балалық шағымызда қолға ал­ған кітаптардың өзгеше бір өзіне тән иісі бо­лушы еді, әр бетін парақтаған сайын кейіпкер­ле­рімен жүздесіп, сонымен бірге автормен сыр­ла­сып, соның жетегінде әдемі әлемге кіріп кет­кен­дей болушы едік. Кейінірек кітап оқу сүйікті хоб­биге айналып кетті, қолымыз қалт етсе, соны қол­ға ұстағанды, онымен оңашалықты әдетке айналдырдық.

Ал, қазіргі жастар арасында кітапқа деген көзқарас қандай? Олар кітап оқи ма, қандай та­қырыптарға қызығады, нені таңдайды? Осындай сұрақтар шағын ауылдың кітапханасына же­телеген.

 

Read more

АҚЫН - ХАЛЫҚ ПЕН ТОПЫРАҚ АРАСЫНДАҒЫ КӨПІР

Қай автордың шығармасын оқысаң да, тіліңмен таңдай қақтырып, еріксіз иландыруы өз мекенінің тұрақты мен­та­­литетін шығармасына қосуы деп білеміз. Себебі өзі туып өскен өлкенің диалектикалық және эстетикалық алғышарттары өнер адамының іштей тілдесетін әлемі деп айтуға толық мүмкіндік бар, мысалы, өнер адамы ылғи сананың әрекетінде жүруі. Шы­ғар­машылық адамы саналық тұрғыдан белгілі бір ойдың (идея) жетегінде жүрсе, туған жерінің әдет-ғұрпы, салты секілді дәстүрдің жұрнағы бейсаналық тұрғыдан алдыңғы планға шығып кетуге толық мүмкіндігі бар. Бұл - өз елінің тамырынан айырылмай, керісінше тамырды бойлай тереңдеп бара жатқан адамдардың ғана қолынан келетін іс. Ежелгі антикалық заманның ақындарынан бастау алатын осы бір қулық бүгінгі біздің ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетіміздің өркениетке апарар сара жолы деп алуымыз керек.                                         

Ақын өзі туып өскен мекеннің халқы мен то­пы­рағы арасындағы көпір, поэзияның құді­реттілігіде осында...

Read more

ТАРИХТЫ ТҮГЕНДЕГЕН САПАР

   Тарихын түгендеп, тамырын ұмытпаған елдің ең­сесі биік болары хақ. Сырдың бойын­да өркениет жайған қалалар, өмір сүрген даналар, әруақты бабалар - бүгінгі ұрпақ үшін ашылмаған жұмбақ, ше­шімі та­был­­ма­ған шежіре. Олардың құпиясына қа­нық ар­хе­ология саласының мамандары талай күр­меуі қиын күрделі түйіндерді тарқатып, құм ас­­тындағы тарихты жарыққа шығарып жүр. "Бұ­рынын білмеген елдің болашағы бұлың­ғыр" дейтін данагөй елдің ұрпақтары ғылыми тұрғыдан тари­хи-мәдени ескерткіш­терге мән беріп, олардың ас­та­рында жатқан аңыз-әп­саналардың сырын ашуға бел шеше кіріскен. Сонымен қатар, халық мойын­дап, ғалымдар бас иген тарихи орындар Елбасы­ның бастамасымен түгенделіп, бір жинаққа ен­гізілген болатын. Бұл да бір болашақ үшін жасал­ған игі шаралардың бірі десек артық емес.

Осы мәселелерді қаперіне алған Қызы­лор­да облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкер­лері тың бастама көтерді. Олар Елбасының стра­тегиялық маңызға ие "Бола­шақ­қа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақа­ласындағы "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы аясында облыс бой­ын­­ша жалпыұлттық қасиетті ны­сан­дар тізі­міне енген тарихи-мәдени ескерт­кіштерді наси­хаттау мақсатында телеэкспе­ди­­ция ұйым­дас­тырды. Бұл жоба республи­каның барлық өңірінде қолға алынып жатыр. Ал, Сыр өңірінің сыршыл тари­хын тануға экспедиция өкілдері Жаңақорған ай­мағынан бастағанды жөн санапты. Сапардың келесі кезегі өңірдің батысына қарай ойыспақ. Әуелі Жаңақорғандағы көне ескерткіштер мен тарихи орындарға аяқ бастық.

Read more

Гиннес рекордтар кітабына енген сырбойылық зейнеткер

     Еңбек жолын мем­лекеттік қыз­метке арнап, осы саладан зейнет де­­малысына шық­­­қан сыр­бой­ы­лық Серік Құлмырзаев көпшілікке әдемі қартаюдың үлгі­сін көрсетіп ке­леді. Асқаралы алпыстың асуын­да биік белестерді бағындырған ар­да­гер спортшы гір тасын көтеруді зейнет жасына келгеннен кейін дағдыға айналдыра бастаған. 65 жастағы зейнеткердің спортпен шұғылданатын орны да қарапайым. Табиғат аясында жаттығуды қолға алған жанның осы бір хоббиі оны Әлем чемпионы етті.

Серік Қожанұлы бүгінде Қызылорда облы­сының Қармақшы ауданында тұрады. Ол 2013 жылы төрт дүркін Әлем біріншілігінің, Еуропа, Азия, Еуразия, Белорусь және Ресей чемпио­наттарында, Ф.Ушаков және М.Ломоносов атындағы халықаралық жарыс­тарда жеңімпаз атанып, бір емес, 11 алтын ме­даль­ды иемденді. Ал, үш жарым жыл бұрын Беларусь елінің Витебск қаласында гір триатлоны бойынша өткен екінші дүниежүзілік олимпиадада 16 келілік гір тасын 2 минут ішінде 78 рет жұлқа, 94 рет серпе көтеру арқылы үздік деп танылған бо­латын. Сол жарыс барысында "310 спар­тан­дықтар" жобасы бойынша Гиннес кітабына ену үшін 400-ге жуық спортшы жарты сағат бойы гір көтеру  жаттығуларын жасаған. Нәтижесінде қазақ­с­тандық спортшының есімі Гиннес рекордтар кітабына жазылды. Сонымен қатар, БҰҰ және ЮНЕСКО жанындағы Адам құқығы халықаралық федерациясы мен ғылыми институттары Еуропалық қауымдастығының және халықаралық аттестациялық Кеңесінің халықаралық "Қанатты арыстан" ордені табысталды.

Read more

Жазушы Қалтай Мұхамеджановтың өнегелі ерлігі

Биыл қазақтың Халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов 90 жасқа толады. Сатира жанры­ның шебері атанған Қалтай ағамыздың "Құдағи келіпті", "Қуырдақ дайын" және басқа комеди­я­лық пьесаларын көрмеген қазақ жоқ шығар. Олар еліміздің барлық театрларында қойылды. Көп­шілік жазушының бұл шығармаларын жақсы қа­­­был­дады. Алайда, Қалтай ағамыздың дра­малық пьесаларының жолы ауыр болған секілді. Жа­зушының жұбайы Фатима Бекжанқызы жур­налист Қорғанбек Аманжолға берген сұхбатында бы­лай дейді: "Жалпы, Қалекеңнің қай пьесасы бол­­са да оңай өткен жоқ. Солақай сыншылар, тиіс­ті бақылаушы орындар ылғи да қоймай түр­тінектеп, ана-мына жерлерінен мін тауып отыр­маса ішкен астары бойларына тарамайтын..." дейді. Расында, "Біз періште емеспіз" пьесасы жазу­шының үстелінің тартпасында ұзақ жатып, бірнеше жылдан кейін қойылды. "Бөлтірік бөрік астында" пьесасы премьерасынан кейін қатты сынға алынғаны белгілі. "Қырағы" сыншылар: "Бұл кеңестік өмірге жабылған жала, жағылған күйе, мұндай кейіпкерлер, мұндай жастар шын өмірде жоқ" деп, Қалтай ағамызды жерден алып, жерге салды. Тек, Мұхтар Әуезов пьесаға араша түсіп, Қалтай ағамызды да, пьесасын да аман алып қалды. Бір жылдан кейін пьеса сахнаға әрең шықты.

"Жат елде" атты пьесасының тағдыры одан да ауыр болды. Бұл пьеса 1966 жылы жазылды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік уни­верситетінің аға оқытушысы, филология ғы­лым­­дарының кандидаты Қ.Әжиев "Қалтай Мұхамеджанов драматургиясындағы тартыс" атты мақаласында: "Драматург бұл шығармасын мемлекеттік тапсырыс бойынша шығарғаны бел­гілі. Бірақ ол тапсырыс талабына сәйкес сати­ра­лық комедия емес, саяси-әлеуметтік драма жаз­ған" дейді. Осы университеттің профессоры Қ.Құдайбергенов "Қайсар тұлға еді Қалағаң" ат­ты мақаласында әріптесін қолдайды. "Үкімет тара­пынан комедияға тапсырма алған автордың кенет драмаға ауысуының себебі неде? Ол сол тұста "Голос Америки", "Би-би-си", "Свободная Европа" радиостанцияларының "түймедейді түйедей еткен саяси соқырлығына қайтарылған нақ­ты жауабы еді" дейді Қазыбай Құдайбер­генов.

Read more

«Соңғы рет қабылданған латын алфавитінде де қателіктер толып жатыр»

- Әріп таңдауда тарихта түрлі талас-тартыстар орын алған. Соның аражігін ажыратып айтып берсеңіз.

- Өткен ғасырға көз жүгіртіп, әріп тарихын зерде­­леген дұрыс. Қазақ халқын сауаттандыруды ең бірінші қолға алған Ыбырай Алтынсарин еді.

Ол Ильминскиймен бірігіп, кирилл алфавитін жаса­ған. Содан соң мектеп ашты. Бірақ, Ыбырай­дың ашқан мектептеріне қара қазақтың ұғым тү­сі­ніктері сай келмеді. "Орыстың алфавитімен оқы­­са шоқынып кетеміз" деп ойлаған қазақ елі Ыбырай ашқан мектептерге балаларын бер­ме­ген. Жалпы, Ыбырай ашқан мектептердің идея­сы дұрыс болғанмен, бүкіл қазақстандық си­пат ал­мады. Тек Торғай мен Қостанайдың төңі­ре­гінде екі жыл ғана жұмыс істеген. Екі жылдан соң оның бәрі орыс мектебіне айналып кеткен. Өйт­кені Ильминскийдің жоспары сондай бол­ған. Ол Қазақстанды отарлаудың алпыс жылдық жос­па­рын жасаған адам екен. Соның бір бағыты Ы.Ал­тынсарин секілді қазақ алыптарын жанына тар­тып алып, қазақты мәдени отарлауға күш салған.

 

Осы тарихты біле тұра сол заманда орыс, ла­тын және араб алфавитін ұсынушылар болған. Бі­рақ ол кезде араб графикасының сонау ерте­рек­те қолданылған нұсқасы ұсынылған. Ал, А.Байтұрсынов төте жазу нұсқасын ұсынды. Сон­да барлық адамдарды Байтұрсыновтың сөзі жең­ген. Өйткені оның дәлелдеулері мықты еді. Сол заманда латын әліпбиін ұсынса, халық тағы қа­ша­тын еді. Себебі «латынданып, еуропала­нып, шо­қы­нып кетеміз» деп ойлайтын қазақтар көп болатын. Сонда арабтың жазуы мұсылман­дыққа апаратын жол деп түсінеді. Сауатсыз қазақ бір жаңа сөз жазып, жерге тастай салса, көтеріп биік­ке қояды. Бұл құранның сөзі деп ойлаған­дықтан. Сонда ол қағазда не жазылғанын ұқпаса да, араб әрпі­нің суретін танып, оны құрметтейді. Араб гра­фикасына негізделген Ахмет Байтұрсы­новтың алфа­виті халықтық қолдау тапты. Себебі ел "балам әріп таныса, басыма құран оқиды" деп түсі­ніп, балаларын Ахметтің әрпімен жапа-тармағай оқытты. Ахметтің латын әрпін қолда­нуға қарсы шыққандағы басты себеп осы.

Read more

САУАПҚА ТОЛЫ ҚАСИЕТТІ ҮШ АЙ

 Дінімізде кейбір айлар мен күндер және түндердің өзіндік қасиеттері, ерекшеліктері бар. Өзге айларға қарағанда рухани тұрғыдан шоқтығы биік мы­надай үш ай бар: ере­жеп, шағ­бан, рамазан. Діні­міздегі қасиет­ті күндер мен түндердің көбі де осы аталған айлардың ішінде. Сол себепті өзге айларға қара­ғанда осы үш ай көптеген ар­тық­шылыққа ие. 19 наурызда қа­сиетті үш ай басталды. Ар­дақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: "Ережеп - Алла­ның айы, Шағбан - менің айым, Рамазан - үмметімнің айы".

Әуелі Ережеп айынан бас­тайық. Ислам діні келместен алдын да арабтар үшін ережеп айы қасиетті болатын. Осы ай кірген кезде араб тайпалары өза­ра соғыс пен жанжалдарын тоқтатып, ешкімге тимеуге ты­рысатын. Сондықтан бұл айда араб қауымы өздерін қауіпсіз сезінетін.

Алла тағаланың Құран ая­ты­мен арнайы атап өткен, құр­мет тұтылған айлары діні­мізде "харам айлар"деп атала­ды. Бұл жайында Құран бізге былай дейді: "Алланың көктер мен жерді жаратқан күні жазған үкімі (орнатқан заңдылығы) бойынша айлардың саны - он екі, олардың төртеуі - ха­рам айлар. Міне, ең дұрыс үкім, әрі мінсіз жүйе (есеп) - осы. Ен­деше бұл айларда (яғни қасиетті айларды құрмет тұтпай не­месе ор­нын ауыстыру ар­қылы) өз-өздеріңе қия­нат жаса­маңдар". ("Тәубе" сүресі, 36-аят). Яғни, қа­сиетті айлар - харам істер­дің ты­йым салынатын айлары.

 

Read more

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Сәуір 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.