Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Сәуір 2015

25 Сәуір 2015

Көңіл сырын жырмен өрген ақын

 

Қараша айының соңына таман Қызылорда қаласында №6 кітапхананың ұйымдастыруымен белгілі журналист, сыршыл ақын Қаршыға Есімсейітованың "Көңіл сырын жырмен өрдім" атты шығармашылық кеші болды. Кешке Сыр бойында өздерінің өрнекті өлеңдерімен, проза-лық шығармаларымен төл әдебиетімізге лайықты орын алған, кейінгі ұрпаққа сөз құдіретімен асыл мұра қалдырып жүрген қаламгерлер Айжарық Сәдібекұлы, Әскербек Рахымбекұлы, Қатира Жәленова, Нұрлан Көбегенұлы қатысып, Қаршыға Есімсейітованың шығармашылығына тоқталып, жылы лебіздерін білдірді. Шараға Қызылорда көп салалы гуманитарлық-техника-лық колледжінің студенттері мен орта мектеп оқушылары және Ардагерлер үйінің тынығу-шылары қатысты. Кешті кітапханашы Айжан Болатқызы жүргізді.

Read more

Келіңіз не мәселе?

 

Өзімнің жаман ойыммен сұхбаттассам, былай деп көкиді. "Әркімнің ұстай алмай зар еңіреп, қуалап жүрген бір-бір сағымы бар". "Бірде-пірден, бірде-мүриттен" деп ұстай қалса, тағы бірі тұра қашып, анан-мұнан жылт етіп, сандалып, сілеңді қатырады. "Әй, енді қолға түсіресің" деп аласұрып жүріп, тал-қаныңың таусылғанын білмей де қаларсың. Қайсы-ңыз да білетін осы пәлсапамды кері иіріп, сөзімді демдеп, дәмдеп айтсам былай: "Бір мінсең де жорға мін, бүкілдесін бүйірің, бір ұрттасаң да май ұртта, кілкілтесін жүрегің!"

Read more

ИСЛАМ ТАРИХЫНАН: "ХАЛИФАНЫ ЖЫЛАТҚАН ӘКІМ"

 

Қытай медицинасына сүйенсек, адамның бойында 700-ден астам биологиялық белсенді нүктелер бар екен. Ал, бұл нүктелердің 66-сы болса өте күшті әрі әсерлі нүктелер көрінеді. Ең қызығы, бұл нүктелердің 61-і мұсылмандардың дәрет алғанда жуатын дене аймақтарында орналасқан екен. Қалған бес нүктесі аяқтың тобық пен тізенің арасындағы бөлігінде орын тепкен. Демек, мұсыл-ман баласы дәрет алғанда өте әсерлі 61 биологиялық белсенді нүктеге температуралық және физикалық әсер етумен қатар гидромассаж да жасайды екен.

Ал аяқты тізеге дейін жуып дәрет алу сүннет. Егер олай жасайтын болса, тіпті барлық 66 өте белсенді нүктелерді басып өткен болады. Осылайша күніне бес уақыт намазға бес рет дәрет алған адам кешенді массаж процедурасынан өткен болып есептеледі. Бұл массаждар адамның ішек құрылыстарына, асқазанына, зәр шығару жолдары мен қуыққа, жүйке жүйесінің реттелуіне, жүректің қалыпты соғуына, жыныстық қызметтерге, қалқанша бездеріне, тізе берсек, қаншама ағзаға оң әсерін тигізеді екен. Оның үстіне салқын су теріміздегі рецепторларға да жақсы әсер етіп, бетке әжім түсуден сақтайды. Қарап отырсаңыз, дәрет алу арқылы сіз ғибадаттан бөлек денсаулығыңызға да ерекше күтім жасайды екенсіз. Ислам дінінің хикметі де міне, осында. Дін әруақытта ғылыммен сабақтасып жатқандығын осындай жайттардан аңғара аламыз. Ендеше таңертең тұрғанда тек беті-қолымызды жуып, тісімізді ғана ысып шықпай, толықтай дәрет алып шықсақ, сауабынан бөлек кешенді массажымызды бастаған әрі гигиеналық талаптарды сақтаған боламыз. Себебі, Ислам - тазалық діні. Ал тазалық, Пайғамбарымыз айтпақшы, иманнан.

Read more

Дәрет алудың беймәлім сырлары

 

Қытай медицинасына сүйенсек, адамның бойында 700-ден астам биологиялық белсенді нүктелер бар екен. Ал, бұл нүктелердің 66-сы болса өте күшті әрі әсерлі нүктелер көрінеді. Ең қызығы, бұл нүктелердің 61-і мұсылмандардың дәрет алғанда жуатын дене аймақтарында орналасқан екен. Қалған бес нүктесі аяқтың тобық пен тізенің арасындағы бөлігінде орын тепкен. Демек, мұсыл-ман баласы дәрет алғанда өте әсерлі 61 биологиялық белсенді нүктеге температуралық және физикалық әсер етумен қатар гидромассаж да жасайды екен.

Ал аяқты тізеге дейін жуып дәрет алу сүннет. Егер олай жасайтын болса, тіпті барлық 66 өте белсенді нүктелерді басып өткен болады. Осылайша күніне бес уақыт намазға бес рет дәрет алған адам кешенді массаж процедурасынан өткен болып есептеледі. Бұл массаждар адамның ішек құрылыстарына, асқазанына, зәр шығару жолдары мен қуыққа, жүйке жүйесінің реттелуіне, жүректің қалыпты соғуына, жыныстық қызметтерге, қалқанша бездеріне, тізе берсек, қаншама ағзаға оң әсерін тигізеді екен. Оның үстіне салқын су теріміздегі рецепторларға да жақсы әсер етіп, бетке әжім түсуден сақтайды. Қарап отырсаңыз, дәрет алу арқылы сіз ғибадаттан бөлек денсаулығыңызға да ерекше күтім жасайды екенсіз. Ислам дінінің хикметі де міне, осында. Дін әруақытта ғылыммен сабақтасып жатқандығын осындай жайттардан аңғара аламыз. Ендеше таңертең тұрғанда тек беті-қолымызды жуып, тісімізді ғана ысып шықпай, толықтай дәрет алып шықсақ, сауабынан бөлек кешенді массажымызды бастаған әрі гигиеналық талаптарды сақтаған боламыз. Себебі, Ислам - тазалық діні. Ал тазалық, Пайғамбарымыз айтпақшы, иманнан.

Read more

Егемен! Құдіретті сөз не деген!

 

Аллаға жалбарыну

Бұйрығыңа, о, Алла,

Жасамаймын қарсылық.

Өзің барсың

Санамда

Қалғанынша жан суып.

 

Сүйген құлға сыйыңыз -

Ақын деген атым бар,

Қас-қағым сәт қиыңыз

Сізге де айтар датым бар.

 

Еске түсер бүгін де.

Әкем өлер күнінде

Өлмеші деп жалындым,

Анам өлер күні де

Өлмеші деп жалындым,

Досым өлер күні де

Өлмесін деп жалындым,

Қасым өлер күні де

Сақтай көр деп жалындым.

Күллі адамзат баласын

Сақтай көр деп жалындым.

Аспан болып шатынап,

Қара жер боп жарылдым.

Бір өзіңе шағындым,

Бір өзіңе жалындым.

 

Құдіреті күшті, о, Алла,

Иесісің жанымның,

Киесісің жанымның.

Өзің берген жанымды

Өзің сөзсіз аласың

Жоқ қой оған таласым.

Ең соңғы рет,

Соңғы рет

Өтінішім бар менің.

Айтайыншы, о, Алла,

Жеткенінше дәрменім:

Айтарымды еліме

Айтуға сәл мұрсат бер.

Туған жердің төрінде

Шалқуға сәл мұрсат бер.

Тағдырымның арбасын

Тартуға сәл мұрсат бер.

Достаспаған жандармен

Достасуға мұрсат бер.

Қоштаспаған достармен

Қоштасуға мұрсат бер.

Сырласпаған жандармен

Сырласуға мұрсат бер.

Менмендердің кеудесін

Бір басуға мұрсат бер.

Залымдыққа тағы бір

Түршігуге мұрсат бер.

Сүйе алмаған сұлуды

Бір сүюге мұрсат бер.

Шабытымды шалқытып,

Жүректерді балқытып,

Жыр жазуға мұрсат бер.

Құдіретті, о, Алла,

Көріп тұрсың көгімде

Сыйынарым сен менің.

Асықпаймын өлімге

Пендемін ғой

Пендемін...

 

Read more

Үскірік

 

Түнгі сменадан келіп, жастыққа бас қойғаным сол еді, көзім ілініп бара жатыр екен, шар-р-р ете қалған дауыстан шошып ояндым. Біздің үйге тауық қайдан пайда болған, қайдағы балапан қораз деймін ұқылы-ояу. Жастықтан бас көтерсем, балапан қораз емес, өзімнің Кеңесбегім. Менің бас жағыма келіп, ұртын томпайтып, құтақандай үскірігімен әлсін-әлсін шырылдатып қояды.

- Ай, тентек балам-ай! Мыңа әкең ұйықтап жатыр екен-ау, деп ойламайсың-ау. Өзіме де сол керек. Баланы о баста бір еркелеткен соң, оның өкініші осылай кездесе береді. Амалым қанша?

- Кәне, көрейін, қайдан алдың?- дедім ұлыма. Жасымда сиырдың жазғытұрымғы өлі жүнінен жұмбаздалған доппен ойнап өскен басым осы кезде ойыншық көрсем, қатты қызығатын едім.

- Махан достан, -деді балам тағы шырылдатып жіберіп. Аумаған милиционердің үскірігі. Тап соның дауысы. Кәдімгі тәртіп орнайтын, жылыстап бара жатқан транспортты тоқтатқысы келіп тартып жіберсе, тоқтай қалатын кәдімгі үскіріктің дауысы.

Read more

ҚОРҚЫТ-ҚОБЫЗ

 

Қорқыт!...

Бабамыздан қалған,

Қобыз -

Өкініш пен арман.

Тыңдасаң,

сыр айтады,

Мөлтілдеп

мұң айтады.

 

Қорқыт  -

Тәңірімнің тегі.

Қобыз -

дүниенің шегі,

Шежіре,

шер-дастаны

Өнердің

алдаспаны.

 

Оғыз!...

Ұрпақтары тірі,

Қобыз -

тәңірімнің үні.

Бозінген

Боздағаны -

Жүректі қозғағаны.

Қорқыт!..

Read more

Тарихшылар тарих ғылымын зерттеуде кереметтей нәтижеге жете алмай отыр

 

Алматы қаласындағы Ғылым ордасында өткен ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының жалпы сессия жиналы-сы тарихшыларды ойландырып тастағандай. Жиналыс-қа арнайы келген ҚР Президентінің кеңесшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед өз ойын ашық білдірсе, ғалымдар тарапынан өз деңгейінде көңіл бөлінбей отырған кейбір ғылыми салалардың кемшіліктері аталып өтілді.

 ҚР Президентінің кеңесшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед: "Өркениетті, дамыған елдердің қай-қайсысында болмасын, ең алдымен ғылымға, зиялы қауымға арқа сүйейді. Ғылым дамымай, технология дамымайды, технология дамымай, өндіріс өркендемейді. Өндіріс өркендемей экономика алдыға жылжымайды", - деді. Сондай-ақ, ол қазақ ғылымын сала-салаға бөліп, әр сала бойынша алда қалай жұмыс жасауға болатынын, қазіргі ғалымдарымыз қандай мәселеде, қандай тақырыптарда ақсап жатқанын жіпке тізіп берді.

 

Read more

«Ең алғашқы сәт Қызылордада» Танымдық-зияткерлік сайыс жастарды туған өлкесіне ынтықтыра түсті

 

Киелі Сырдың топырағында туып, азат елі мен жері үшін жан алысып, жан беріскен қайраткерлеріміз Мұстафа Шоқай, Сұлтанбек Қожанов, Темірбек Жүргеновтердің басқан ізі, жазылған кесек-кесек туындылары бүгінгі жастарға үлгі-өнеге. Ұлт зиялыларының басын қосқан Сыр елі бұл күндері күннен-күнге өркендеп, құрылысы қарқындай өсіп, еліміздің іргелі қаласының біріне айналды. Тамыры тереңде жатқан Сыр бойының ерте кездегі тарихи ескерткіштері мен аты аңыз болып қалған тұлғалардың кіндік қаны тамған қасиетті өлкенің тарихын білмеу өскелең ұрпаққа сын.

Read more

Қызылордалық маса

 

Тас үйдің тілек-талабы

(әзіл-шыны аралас)

- Алғашқы кезде ірі едім,

Әдемі үйдің бірі едім.

КСК деген қарамай,

Азып-тозды реңім.

 

Бүгінге дейін өкінем,

Боқтарға толы өжірем.

Крышам ұшты дауылда,

Қайтейін, бәрін кешірем.

 

Сыртымның түсіп сылағы,

Шашылып жатты шлагі.

КСК-ға мұң шақсам,

"Керең" боп қалды құлағы.

 

Нәжіс сулар кәрізден,

Шығып жатыр сыртына...

Келер емес ешкімнің,

Қырты менен жыртына.

 

Read more

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Сәуір 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.