Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Желтоқсан 2016

30 Желтоқсан 2016

«БІЗГЕ ЖҰМҒАН АУЫЗДАРЫҢДЫ АШПАҢДАР ДЕП ТАПСЫРДЫ»

 

Гүлнар Ысқақова, желтоқсаншы.

 

 

Өткен тарихтың бетінде өшпестей орын алған 1986 жылдың желтоқсаны кешегі жастың өміріне балта шабылса, ел­дің бүгіні үшін олар ұмытылмас ерлік жаса­ды. Ұрандатып алаңға бет алып, бейбіт ше­руге шыққан жастар мен жұмысшылар ол күннің тарихта қанды жыл болып қалаты­нын білмеді. Сол жылы әр елге өз басшы­сы­­ның тағайындалуын талап еткен жас­тар­дың қатарында 22 жастағы арманы асқақ ару Гүлнар Ысқақова да бар болатын. Бейбіт шеруге шыққан кезінде, оқиғадан кейінгі өмірін көз алдына елестетіп көрмеген ол қазір барлығын толғаныспен еске алады. Қаралы кезеңге отыз жыл толу қарсаңында көтерілісті көзімен көріп, алаңдағы аласапыранды бастан өткерген желтоқсаншы Гүлнар Сейдуллақызын әңгімеге тарттық.

Read more

ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ТІЛІН БІЛ, ӨЗ ТІЛІҢДЕ ӨМІР СҮР!

 

Қазіргі таңда қазақ қоғамында үштілділік мәселесі қызу талқыланып жатыр. Ұлттың тағдыр шешті мәселесіне немқұрайлы қарамай жанашырлық танытып, пікір білдіріп, үн қосып жатқан азаматтарымыз аз емес. Айтқан-жазғандарын тыңдап, оқып, бірге тыныстап отырмыз. Жер мәселесі сөз болғанда жерге қарап, тіліміздің тағдыры талқыға түсіп жатқанда тілімізді тістеп отыруға болмайтынын кеудесінде жаны бар әр қазақ сезіне бастағандай. Тіл маманы ретінде үштіділікке қатысты пікірімізді білдіруді біз де өзімізге міндет санаймыз. Үштілділіктің бізге не беретіні жөнінде болжам айтпас бұрын, «біртілді болғанда қандай едік?», «қостілді қазақ қандай болып отыр?» деген сұрақтар төңірегінде ой қорытуымызға тура келеді.

 

ҰРПАҚҚА АНА ТІЛІНДЕ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

Тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес. Қарым-қатынасты басқа тілде де, ыммен де жасауға болады. Білімді, ақпаратты өзге тіл арқыы д алуға болады. Әриине, ағылшын, испан, қытай, жапон, француз, неміс тілдерін білген адамның ақпарат алу мүмкіндігі артып, таным көкжиегі кеңейе түсетініне ешкімнің даукы жоқ. Өйткені олар кең тараған, ғылымы мен технологиясы бізге қарағанда жақсы дамыған қуатты мемлекеттердің, іргелі жұрттардың тілдері. Оны әркім түсінеді. Бірақ бұл тілдердің бәрін меңгерсе де, одан ана тілінде тәрбие мен білім алмаған қазақ баласы қазақы, ұлтының бар болмысын сүйетін азамат болып өспейді. Айналасын тануға ұмтылған адам балаы ана тілінде тілі шығып, сөйлеп, ойлау арқылы оның ұлттық мінез-құлқы, таным-түсінігі, ұлттық дүниетанымы, ұлттық санасы, ұлттық болсысы қалыптасады. Бала бір мұшелден асқанша өзінің ана тлінде тәрбие мен білім алса, тіл арқылы халқының бар қасиетін бойына сіңірген сол ұлттың өз баласына айналады.

Read more

ЗИЯЛЫЛЫҒЫМЫЗ, ҚАЙРАТКЕРЛІГІМІЗ ҚАЙДА?

 Жасы келген, самайын ақ шалған өзім қатарлы қарияларға таңым бар. Айналасындағы болып жатқан қолайсыз көріністер жайлы ылғи да әңгіме айтып, пікір білдірген боп жүреді. Бірақ, әңгімелері алқалы жиында емес, тек дастархан басында немесе екеуара, үшеуара пікірлескенде: «Бәрін құртты, тындырды!» деп толғатып жүрген наразылықтарын естіп те, көріп те жүрміз. Толғатқан адам ішіндегі шерді шығарып босануы керек емес пе? Бірақ босанбайды. Әрбір жеке адамның өмірінде қоғамның орны мен рөлі қаншалықты болса, адамдар да қауымдаса келе қоғамның қалыптасуына  ықпал ете алады деп ойлаймын. Олай айтатын себебім, қоғамда өмір сүре отырып, қоғамнан тыс болуың мүмкін емес. Бұл – адамзат жаратылғалы бергі келе жатқан қағида.

 

Read more

28 Желтоқсан 2016

ӨГЕЙ ҰЛ

Таң алдындағы тәтті ұйқысынан ұялы телефонының дауысы оятып жіберді. Алғашында түс көріп жатқандай болып, ұйқысын қимай біраз жатты. Телефонына салынған Ресейдің эстрада жұлдызы Алла Пугачеваның әйгілі әні қайталана беріп, алмасына қоймады.

- Алло, - деген қарлығыңқы дауыспен.

- Мерей аға, ассалаумағалейкум, - деді ар жақтағы дауыс.

- Уағалейкумассалам,бұл кім екен?..

- Мерей аға, папамнан айрылып қалдық...

- Немене?..

- Мен Жасұланмын ғой, Талдыбектің баласы, папам қайтыс болды. Ар жақтағы дауыстың жылап тұрғаны байқалады. Ағасының атын естігенде Мерей төсегінен атып тұрды.

 - Қашан қайтыс болды?

- Қалаға дәрігерге көрінуге кеткен, операцияға дайындап жатқанда қайтыс болды.

- Қай жері ауыратын еді?

- Соңғы кездері өкпем қысылады, алқынып қаламын, терлей беремін деп көп айтушы еді. Сонан соң дәрігерге қалаға әкелгенбіз, операция үстінде кетті.

Жаназасын алдағы жұмаға деп жатырмыз.

- Естідім, бәрін де естідім. Мерей телфонын ажыратып жіберді.

Төсегінде біраз отырып қалды. «Талдыбекті ауырып жүр» дегенді естімеген еді. Естімеген емес, ағасымен көптен бері хабарласқан да жоқ еді. Ара-тұра хабарласып тұрғанда не етер еді. Ойына әрдеңе түсіп, отырғанында әйелі Наталья Петровна ұйқылы-ояу жатып:

- Что было? – деді. Үй ішіндегі бозаң жарықтан әйелінің жүзі көрінбегенімен, әлгіндегі әңгімені естіп жатқаны байқалады.

- Ағам қайтыс болыпты, баласы хабарлады.

Әйелі төсегінен әрі аунап түсіп, үнсіз қалды.

Read more

ӨЛЕҢ ҚОНҒАН ӨҢІР

Табан астында оқыстан ой тауып айтатындар, жанынан өлең-жыр құрап шығаратындар, аталы сөз ұйқастырып, шешен тілмен сөйлейтіндер біздің қазақта бұрын көп болған, әлі де бар, бола береді де. Сондай сөз құндақтаған ордалы жердің бірі әрі бірегейі – Арал өңірі.

Неге оны бірегей дейміз?

Бұл өлкенің денін неше ғасырдан бері қоныс етіп келе жатқан, жыр да қонған, бақ та қонған, батырлық пен билік те жетеді дейтін қалың ел – Жақайым деген кісіден тараған ұрпақтар екен. Әлімнен өрбіген алты атаның Жаманақ ұрқынан Шыңғыс, одан Жақайым туады.

Жақайымның өсіп-өнген, билік құрған атамекені Арал мен Қазалының арасында жатқан ақшағыл төбе – Ақшатау. Айналасын Алашакөл, Сасықкөл, Шөмішкөл, Қаракөл, Қотанкөл, Жалаңашкөл, Сорқақкөл деп аталатын кілкіген көлдер, балығы мол, малға жайлы шұрайлы жерлер алып жатыр. Осылардың төңірегіндегі Құмбазар, Қамбаш, Ескіұра, Аманөткел, Мырзас, Райым, Қызылжар, Дің деген елді мекендерді төрт-бес ғасыр бойы сол Жақайымның ұрпақтары қоныс еткен. Бұл арадағы жұрттың дені – Жақайымның кіндігінен тараған Ағыс, Көгіс, Ақбура, Тоқбураның нәсіл-нәсібі. Ал, Көгістің төрт баласының ұрпағы Арал теңізінің қолтығындағы Көкарал, Ақбасты, Ақеспе, Өндір, Қаратөс, Ақбауыр, Аққұм, Үлкенкөл, Көлқора, Аралқора, Изенді, Көтібақ, Біркөмді, Қарағайлы атты қара орында тамыр таратып отыр.

Read more

ҚЫЗЫЛҚҰМДАҒЫ АҚМЫРЗА КӨТЕРІЛІСІ

Биыл Қазақ елі боп тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейлі мерекесін кеңінен атап өткелі отырмыз. Ұлт тарихына алтын әріппен жазылып қалатын бұл айтулы мереке біздер үшін айрықша қымбат, ерекше қастерлі. Өйткені біздер – тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз. Бейбіт аспан астында бақытты ғұмыр кешудеміз. Осындай бақытты өмір бізге қалай бұйырды? Бізге жеткен тәуелсіздік жолының мәні мен маңызы қандай? Бұл азаттық жолында мың өліп, мың тірілсе де, ұлан-ғайыр жері мен имандай ұйыған елінің тұтастығын көзінің қарашығындай қорғап өткен ата-бабаларымыз осынау жан жадыратарлық шуақты күнді кейінгі ұрпағына мұраға қалдырды.

1465 жылы Жетісу аймағында Қозыбасыда Керей мен Жәнібек сұлтандар шаңырағын көтерген Қазақ хандығы шын мәнінде Қазақ ұлттық мемлекеті болып қалыптасты. Әрине, жаңадан мемлекет құру оңай шаруа емес. Оның қуатын арттырып, саяси және экономикалық жағдайын нығайту үшін жерін кеңейтіп, халқын көбейту керек болды. Бұл орайда Қазақ хандары және олармен қанжығалас қазақ батырларының еңбегі ерекше. Олар шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қанын қиып жүріп, ұлан-байтақ Қазақ жерінің шекарасын бекемдеді және қорғады, бізге мұраға қалдырды. Орталық Азияда Қазақ хандығы деген тәуелсіз де қуатты алып мемлекет тарих сахнасына шықты және бес жарым ғасырдан бері өмір сүріп келеді. Қазақ елінің бүгінгі жер көлемінен әлемде тоғызыншы орын алатын аймаққа иелік етуіне Жәнібек ханның ұлы Қасым ханның зор үлесі бар екендігін баса айтуымыз керек. Ол туралы орта ғасырлық тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати: «Қасым хан бүкіл Дешті Қыпшақ даласына билік жүргізді... Жошыдан кейін бұл жұртта одан ұлы хан болған емес»-дейді. Осыншама жерді қорғап, елдің бірлігін сақтау одан кейінгі ата-бабаларымыздың қанына сіңген қасиетке айналды.

Read more

ЖУРНАЛИСТІҢ АР-НАМЫСЫН ТАРАЗЫЛАҒАН КЕЗДЕСУ

 Ортақ мәселеге келгенде топтасу – қиынның қиыны. Әсіресе, қоғамдағы түйткілді таразыға салып, халық пен биліктің арасынан дәнекер тауып, шырылдап жүретін журналистердің өз мәселесіне келгенде үнсіздік танытып, «мен салар да сен салар, атқа жемді кім салар» болатыны тілшілердің қайнаған ортасында жиі байқалады. Осы жайттан кейін бұқаралық ақпарат құралдарындағы кәсіби жағдайлар мінбелерден мәселе ретінде көтеріле бермейді. Шындыққа тура қарағанымызбен, байланыстың жоқтығынан аға буын мен кейінгі толқынның арасы алшақтап барады. Бұл басы ашық мәселенің бірі ғана.

Read more

ЖАЛПАҚТА ДӘУЛЕТИЯР КЕСЕНЕСІ БОЙ КӨТЕРДІ

Ел азаматтары Досхан Қырымов, Қайырбай Зәкірұлы және мен тамыз айының 5 күні Қызылордадан қазыналы Қазалы топырағына жол тарттық. Үшеумізге жолбасшы Көктем деген жігіт. Жанымдағы ағаларым жол қысқарсын деп әңгіме тиегін ағытты. Мен де қарап қалмай, үлкендерден осы сапарға қатысты тың деректерді тыңдап қалуға тырыстым.

Оқырманның есінде болса, осыдан үш жыл бұрын 2013 жылы «Әлімсақ» журналының қазан айындағы нөмірінен Кіші жүздің Әлімінен тарайтын, Шекті Кішкененің Асан аталығынан дөритін Дәулетияр бабаның сүйегінің Ақтөбе өңірінен табылғаны туралы елден сүйінші сұраған мақала жарық көрген-ді. Дәулетиярдың Қызылорда облысындағы ұрпақтары жылт еткен жаңалықтан кейін Ақтөбе облысына бірнеше рет сапарға шығып, баба есімін болашақ жадында жаңғырту мақсатында жүйелі жұмыстарды қолға алған болатын. Біздің осы жолғы сапарымыз сол жұмыстардың нәтижелі қорытындысы.

Read more

ҚОРҚЫТ ҚОБЫЗЫНЫҢ ҮНІН ЖАЛҒАҒАН

 

1996 жылы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжіне Қалжан ахун ауылынан әдемі қыз келіп құжаттарын тапсырды. Ешқандай, арнайы дайындықсыз прима-қобызды қалаған қыздың оқуға түсетініне күмәнданғандар да болғаны рас. Ауылдың ұяңдығына қоса өзіне ғана тән өжет мінезі алға жетелеп, әдемі қыз оқуға түсті. Әрине, бойындағы табиғи музыкалық қабілетінсіз оқуға түсу «арман» болып қала берер еді, өйткені арнайы дайындықсыз прима-қобызға түсу сирек құбылыс болатын.

Read more

КЕМЕЛІНЕ КЕЛГЕН КЕРІМ КҮЙШІ

 

Әлем жаралғалы адамзат тарихында күні бүгінге дейін ұмытылмай айтылып келе жатқан нәзік жандылардың есімі көп-ақ. Солардың бірегейі – ежелгі сақ ханшасы Томирис. Қазақ хандығы тұсында да ақыл-парасатымен ел басқарған, қолына қару алып жауға шапқан Айғаным, Бопай сынды қазақ қыздары аз болмаған. Кешегі қанды қырғын 1941-1945 жылдары ерліктің үлгісі болған Әлия мен Мәншүкті әлем білді емес пе? Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бүгінгі күні де әр салада қазақ қыздарының есімі үлкен құрметпен аталып жүр. Тек өнер саласында Жания, Айман, Майра, Нұржамал, Айгүл сынды аруларымыздың әлемдік мәдениетке қосқан үлестері, қазақ қыздарының осал еместігін айқындаса керек.

Read more

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.