Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Қараша 2015

26 Қараша 2015

Сырлы да, қилы дүние...

 Нағашыларым - Бидалы Наймандар. Олар да Телікөлде жайлаған. Құрымбайдың баласы Молдабекпен атамыз Есімсейіт үзеңгілес дос-жаран жандар болыпты. Молдабектің Рсалды, Рсбек, Дүйсенбек, Базаркүл деген балалары болған. Молдабек пен Есімсейіт бесік құда болған. Анамыз Рсалды мен әкеміз Құрмашты атастырып, қазақтың салт-дәстүрімен үйлендірген. 12 баланың ата-анасына айналды.

Балғара нағашы әжеміз де Сапақтың ішінде Жайпаң-ның Тай деген баласының 7 ұл-қызының бірі. Бауырлары - Төлеген, Бөлеген, Құрманбай, Айша, Айшарық, Бақ-тыбаланың да ұрпақтары Шиелі ауданын жайлап жатыр.

Анам Рсалды ашық мінезді, жомарт, өте мейірбан жан болатын. Мал шаруашылығындағы ауыр жұмысты қатар атқара жүріп, 12 ұл-қызды дүниеге әкеліп, өсіріп, бағу, тәрбиелеу оңайға соқпады. Күн ұзаққа үйге келіп-кетіп жататын қонақтарды күтіп, асын әзірлеп, оның арасында мал сауып үлгеру жұмыстары тыным таптырмайтын. Күні бойғы қым-қуыт тіршілік титықтатып шаршатса да, кешкілік қара қазаннан піскен етті түсіріп, ортаға қояды да, әкеміздің шерткен қоңыр домбыра-сының үніне елітіп, жадырап, ерекше күйге бөленіп отыратыны көз алдымда. Анам қан қысымы ауруына шалдығып, сол жақ қолы мен аяғы жансызданды. Алты жыл төсек азабын тартқан анамыздан 2001 жылдың желтоқсан айының 24 жұлдызында мәңгілікке айырылып қалдық...

Бұл да бір өмірдің бір парасы.

Көкем әңгіме арасында Бесбаладан, Бидалыдан шыққан би-болыстарды, олардың мекендеген жерлерін айтып отырады...

Әңгіме желісі әріге тартады...

... Бидалыдан - Түменбай би, Сапақтың Жайпаңынан - Жәкей би шыққан. Сондай-ақ, Бидалыдан Алшынбайұлы Ақтай, Сапақтың Сармалағынан - Өтеулі Әжіні баласы Қайып, Сармалақтан шыққан Ағымның баласы - Әжібектер болыс болған адамдар. Сараман бесбаладан Шамайдың баласы Ақтай да болыс болып, ел билеген. Шоштаннан - Құланбайдың баласы - Жаппархан болыс болса, Шәуіпкелдің баласы - Жәрімбет Ақтай болыстың ауылнайы болған. Бұлардың бәрі "Телікөлді" жағалай жайлаған қалың елден шыққандар Кеңес Үкіметі келгенде - кәмпескеге ұшырап, жан-жаққа бытырап кеткен. Бұрындары - Пәтеш - Қызылжыңғыл, Байғана, Ақши Апақай, Сіңіртек деген жерлерде қалың қазақ мамыражай мал бағып, табиғатпен етене араласып, тіршілік еткен. Қазір сол жерлерде ескі қорымдар мен тас обалар ғана қалған.

Бәшпен бабамыздың інісі Ахмет көрік қыздырған айтулы ұста болыпты. Шиті мылтық істеп, дүкен құрған. Сол бір қасиетті орынның жер бетінде бүгінде ізі де жоқ. Заман көшеді, із-түссіз жоғалады деген осы екен ғой... Адам аз ғана ғұмырында дүниені өзгертемін деп жанталасады, ағыстарға қарсы жүзеді, бірақ, алып толқындар оларды жағаға итеріп тастайды. Ізіңді су шаяды. Құм басады, жел мен аяз, аптап ыстық тоздырады... Лег-легімен келген ұрпақ көші кезегімен осылайша жер бетінен жоғалады... Өмір заңы солай... Алла тағаланың бұл құдіретіне ешкім шек келтіре алмайды.

Көкемнің де жасы ұлғайды. Сана айқын, көңілі ояу. Бірақ, көз жанарынан айырылып, бағыт-бағдарсыз баланың күйін кешуде. Өз бетінше ешқайда бара алмаған соң, баласы Батырбектің ұлы Қаһарманға жаутаңдап арқа сүйейді. Ойын баласы ол да қасынан көп табыла бермейді. Үйге келгендерге әңгіме айтып, іштегі шерін ақтарғысы келеді. Қазіргі уақытқа бағынған заманда оның жанында байыз тауып отыратындар да аз. Мен де там-тұмдап әңгімелерін тыңдап қоямын. Жазып жатуға уақыт шіркін ырық бермейді.

Бидалыдан - Бекбау деген ықпалды кісі өтіпті. Өз замандастарының алдында сөзі өтімді, беделді екен. Бекбаудан бауырларының өзі қаймығады. Бірде інісі Алшынбай ағасы жоқта Қоямәден деген кісінің қыстауын Шоштандарға сатып жіберіпті. Жаз жайлаудан оралған Қоямәден қыстауына көшіп келсе, біреулер отыр. Олар "біз бұл қыстауды сатып алғанбыз", - деп бермейді. Әбден ызаланып, қорланған Қоямәден Бекбаудың ауылына келіп, шағым айтады. Мұны естіген Бекбау іні-сінің бұл қылығына шамданып, қыстауда отырғандарды түн ортасында көшіріп жібереді. Ағасының қаһарынан қорыққан Алшынбай ауылынан қашып кетеді.

Read more

«ҚОЖАЛАРДЫҢ МӘРТЕБЕСІН ДЕ ҚАСІРЕТІН ДЕ ДІНІМІЗГЕ ДЕГЕН АДАЛДЫҒЫНАН ІЗДЕУ КЕРЕК»

 Қаншама ғасырдан бері қалың қазақтың ортасында жалғыз үй отырып, жеті атасынан бері өз жолынан айнымай, қарасының ислами иманына қалқан болып, алты алашқа қызмет етіп келе жатқандардың қожалар екеніне ешкімнің дауы жоқ. Бұл - қазақ қожаларының биік мәртебесі. Қасіреті де осы. Олай дейтінім, күні кешегі арада өткен жетпіс жылдың ылаңы, ақ патшаның боданы қазақ даласының әлеуметтік құрылымына түбегейлі өзгеріс алып келді. Қожалардың басына түскен нәубеттің беті ерекше болып, қуғын-сүргінге ұшырады. Егемендігімізді алып ел болған бүгінгі күні де оның салқыны арқамызды аяздай қарып, салқыны сезіліп тұр. Өткен замандардағы Тәуке ханның "Жеті жарғысындағы" қожа баласы қатысындағы үкімі қолданыстан қалуы - уақыттың заңдылығы. Бірақ, дәстүр сақталды. Халықтың жадында жолы қалды. Қазіргі күнде қожалардың қоғамдағы орны өзгерсе де, халық алдындағы міндетін қал-қадірінше жалғастырып келе жатқандар көптеп саналады. Оларға деген құрметке сызат түскен жоқ. Қасіретінен мәртебесі биік болатыны да сондықтан.

- Сейт-Омар Саттарұлы, жиырма жылдан астам уақыт көлемінде белгілі тұлғалардың ата-тегін зерттеп, қожалардың шежіресін жи-нақтауда еңбек етіп келе жатырсыз. Ізденісіңіз ондаған жылдарға созылып, өзінің иіріміне батырып әкететінін білдіңіз бе?

- Шежіре - арабша "шаджарат" деген сөзден шыққан ағаштың бұтағы, тармақ, деген сөз. Үрімбұтақ тізбесін түгендеу жасы үлкен аталарының міндеті болып, жасы кіші жалғастырып отырған. Бұл да халықтың қасиетті мұрасы, рухани мәдениетінің маңызды бір бөлігі. Адамның тегіне қатысты қазақтың даналық сөздері дөп айтылған. Ата дәстүріне сай, бұғанасы қатпаған баланы "руымыздың қожасы болсын" деп, ірі рубасылары атасынан ажыратып, еліне алып кетіп отырғаны аян. Осы күні ажырап қалған қожа баласының бүгінгі ұрпақтарының түп қазығын іздеуіне түрткі болған көп нәрсе бар. Соның бірі, егемендік алып әр ру өз шежіресін жаза бастағанда сол рудың ішінде өскен аз қожа шеттеп қалды. Сол кезде "біз кімбіз?" деген сұраққа жауап іздеу басталды. Жақында Керекуде керемет кездесу болды. Профессор інім Амангелді Апушевпен біраз жыл бұрын танысқан едім. Оның арғы аталары ертеректе Арғынның бәсентині ішіне сіңіп кеткен болса керек. Жөн жобасын айтатын қарттар дүниеден өткен, кейінгі жас шыққан тегі жайында ойланбапты да. Содан бәсентиндердің шежіресі шыққанда, өзін тізімнен көрмей "менің руым бәсентин емес пе еді?" демей ме? Шежірешілері "қай буынға қосарымызды білмедік" деп төмен қарапты. Содан іздестіре келе, олардың Диуана қожаның ұрпақтары екенін анықтадық. Қожалардың біразы Қытайда, Моңғұлда, Түркменстанда, қырғыздар мен қарақалпақтардың арасында да жүр. Осы жиында Омбыдан екі қандасымыз келді. Олар да әкелерінің айтып кеткен бір сөзінің арқасында өзінің тегін тапты. Бір жылда үш-төрт топты қазығына қайта байлап, бірін-бірін табыстырып, сауабын алып жүрмін деуге болады. Ал, түп қазығын табудың түрлі әдісі бар. Осыдан бірнеше жыл бұрын, Ертіс өңірінен Советқазы Жанкелдіұлы деген бауырыммен танысқанымда, "бұлтқа мініп ұшатын қожалармыз" деген бір ғана мәліметті айтты. Сөйтіп Сәкеңнің "сабұлт" Шахбұзұрұқ қожалардан екенін анық-тадым. Алайда, еш ілмегі жоқ, қараның қатарында да жоқ ағайындар да жеткілікті.

- Арқауынан ажырап қалғандар сөз болғанда, Байқара бидің баласы Ақтайлақ бидің тұсында Арқаға келген қожалардың ұрпақтары жайын-да ғой...

- Бірде Семейден қырық шақырым жерде тұратын Қайырғали деген азаматтың еліне келдім. Ағайындар жиналып күтіп отыр екен. Қойға бата беріп, қазанға түсті. Үй иесі жан-жағымен хабарласып, "қожалар іздеп келді" деп мәз-мейрам. Қарасам, ақсақалдары көкірегі ашық адам екен. Осы өңірде көп жылдар бойына зоотехник болып жұмыс істепті. Ұл-қызын жетілдіріпті. "Жасым біразға келді, мен қатарлы ешкім қалмады, әке-шешемнің мазары карьердің астында қалды" деді. "Көзімінің тірісінде негізімізді таппасам, келер ұрпағыма не деймін?" деген ойы көңілге қонды. Ол да Орта жүздің мекені Семей өңірінде Ақтабан шұбырындыға дейін, әр тайпаның бір-бір қожасы болғанын айтты, алайда "қайын сауып, ши шайнап, бақа-шаян қақтап жеген" заманда барынан айырылып қалғаны да рас. Менің ойым 1699-1775 жылдары өмір сүрген Найманның сыбан руынан шыққан атақты Байғара бидің оңтүстіктен қожаларды алдыруына қатысты мәліметті анықтау еді. Ол "Шайханның кемпірі бар. Оның жайын бір білсе, сол біледі" деп, бір кейуанаға ертіп барды. Аягөздегі апамыз үйінде екен. Татар тақылеттес ақсары келген жеңгемізге жағдайымызды айттық. Содан әңгімесін бастады. "Осы отанға келгеніме алпыс жылдан асып кетті. Келін болып түскен күнімнен бастап өзгеріссіз келе жатқан дәстүр бар. Ол жыл сайын наурызда Байғара бидің басына үй тігіліп, құран түсіріп, зікір салып, ертесіне Ақтайлақтан бастап басқа да би-шешендердің басын аралаймыз" деді. "Мен түскенде қайын атам жас еді, баласымен құрдасындай әзілдесетін" деді кемпір жас күндерін еске алып. "Сонда бұл қожаларды Байғара бидің әкелгенінің дәлелі ме?" деп едім, "түсініп отырсың ғой" деді. Демек, бұл жердегі қожалар үшін Байғара бидің орны ерекше, бірнеше ғасырдан бері ұрпақтарының құрметі қалыптасқан. Қолда бар деректерді салыстырғанда, Арқадағы ел қазақтың қайратының арқасында қалмақтан босаған заматтан бастап, Аягөз, Арқат, Шыңғыстау маңына Байқара бидің бастауымен Түркістан, Шаян маңынан 40 үйге жақын қожалар көшіп барады. Оларды ру-руға бөліп, реттеп отырған Байғара би. Демек, Арқаға алдыртқан қожалардың "құлпы мен кілті" биде болған.

Read more

ЖЕТІ АТАСЫН БІЛМЕГЕН...

 

Көліксіз қалған кедейге,

Кездессе есек атпен тең.

Креслосыз кедей де,

Табуретка тақпен тең.

Ақсақал болса ауылда,

Басыңдағы бақпен тең.

Қариялар болса қауымда,

Қалайда олар хатпен тең.

Жеті атасын білмеген,

Жақын емес, жатпен тең.

Санаға оны ілмеген,

Қуарған құр жақпен тең.

Тату болса ағайын,

Түп-түзу тұрған саппен тең.

Алауыз болса ағайын,

Бөлек-салақ қаппен тең.

 

Жеті атаңды жаттап алшы, ерінбе!

Сергектерге "түн қысқарып", таң атты,

Шын "оянса" солар қазір сауатты...

Ата-анасы ұрпақтары алдында,

Жеті атасын білуіне жауапты!

 

Біреу: жіктеу деуі мүмкін немене?

"Неге сонша құмармыз біз көнеге?"

Жеті атасын білу деген жастарға,

Жетесіз боп өспеу үшін ӨНЕГЕ!

 

Қалай десе, олай десін басқалар,

Бірлік деген білуден сол басталар...

Туған-туыс, ағайынын білмеген,

Бос тақырда боздап қалар қасқалар.

 

Бөлінгенді бөрі жейді,

Бөлінбе!

Бөлінейік дегендерге берілме!

Ал, туыстың орны бөлек, қарағым,

Жеті атаңды жаттап алшы, ерінбе!

Сөйтші!

 

Жеті атасын сұрап отыр балаңнан!

Бұл қоғамда болсаң егер қаналған,

Тіршілікте қорқауларға таланған...

Көрме бұны бас қатырып біреуден,

Бұның бәрі пейілі тар адамнан!

 

Адам қазір жерімеген арамнан,

Бұны ешбір көретін жоқ заманнан!

Алаяқтық, алдау, арбау, зомбылық,

Жерімейтін болды пенде жаманнан...

 

Адам - Алла әмірімен жаралған,

Адам Ата - Хауа анадан таралған...

Келешекте кәпір болып кетпесін,

Жеті атасын сұрап отыр балаңнан!

 

Жалғыз ағаш орман боп та оңбайды,

Бұрын ешкім көргені жоқ ондайды.

Бала білмей жеті атасын жат болса,

Бәрінен де бұл заманда сол қайғы...

 

Ондайлардың өрісі де болмайды,

Өскеннен соң оны кімдер қолдайды?!

Қазір тура туыстарын білмесе,

Өкініштің орны кейін толмайды.

Қазыбек Әшірбекұлы

Read more

ҚҰРБАНДЫҚ - ЖАРАТҚАННЫҢ РАЗЫЛЫҒЫНА ЖЕТЕЛЕЙДІ

 Дінімізде орны ерекше мерекенің бірі ол - Құрбан айт мейрамы. Құрбан сөзі "Аллаға жақындау, Алланың разылығын табу" деген мағынаны білдіреді. Бұл күндері шамасы келген әрбір мұсылман баласы құрбан малын шалып, Алла алдындағы міндетін өтеп, сауап іс жасауға асығады.  Құранда Алла Тағала былай бұйырады: "Раббың үшін намаз оқы, құрбан шал" ("Кәусар" сүресі, 2-аят).

Иә, құрбандық шалу шариғатымызда мал-мүлік арқылы атқарылатын ғибадат түріне жатады. Алла разылығы үшін құрбандық шалған кісілерге көптеген сауап уәде етілгендігі жөнінде ардақты пайғамба-рымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) былай дейді: "Ешбір құл құрбан күні Алланың құзырында құрбандық қанын ағызғаннан артық жақсы амал жасай алмайды. Өйткені, шалынған мал қиямет күні мүйіздерімен, қылдарымен және тұяқтарымен келеді. Шалынған құрбандықтың қаны жерге ақпастан бұрын Алланың құзырында жоғары мәртебеге жетеді. Олай болса, шын көңілмен құрбан шалыңыз".

Құрбандық шалудың сауабын сұраған сахабаға Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Құрбанның әрбір қылы үшін бір сауап бар", - деп жауап берген. Сахаба тағы да: "Уа, Алланың елшісі, шалынған құрбандық мал жүнді (қой, қозы сияқты) болса, сауабы қандай болады?" - деп сұрағанда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Жүннің әрбір тал қылы үшін де бір сауап бар", - деп жауап қайырған екен.

Read more

Сыр бойының сандуғашы

2007 жылы бірінші қыркүйекте, әдеттегідей салтанат-ты жиында бірінші курстар мен жаңадан келген ұстаз-дарды таныстыру өтті. Директор: "Өзіміздің түлегіміз, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын үздік бітіріп келіп қатарымызды толтырып жатқан Самал Байсейтова" деп таныстырды. Есімі есімде қалмапты. Мойнымызды созып көруге асықтық. Ортаға жып-жинақы, талдырмаш келген әп-әдемі қыз шығып ән салды. Дауысының тазалығы мен ән орындау шеберлігі тыңдаушыларды тәнті етті. Ол кездері "облыс әкімінің ансамблі" деген болатын, дереу ансамблімізге әнші қылып алдық. Жетекшіміз Төлеген Каденов бір күні ансамблді жинап, "жігіттер дайындық жасайық" деді. Мәссаған! Он бес жыл бойы дайындық жасамаған біз бір-бірімізге қарадық. Шыдай алмай, күліп жібердім.

 - Оу, аға, не көрінді, дайындығы несі, біреу келе жатыр ма? - дедім. Әдетте Елбасы, министрлер, қоғам қайраткерлері келгенде ғана бас қосып, бір-екі сағат дайындалатынбыз. Төкең қызырақтап "әлгі Самал деген әнші қыз күнде келіп, дайындық қашан болады деп жүр?" деді ағынан жарылып. "Шақыр оны, көрсетейік дайындық қалай болатынын" деп әзілдеп жатырмыз. Сөйтіп, Самал алты жігіттің арасында "қырға шыққан қызғалдақтай" жайқалып жүріп ән салды. Көз алдымызда өсті, шеберлігін ұштады, шыңдалды. Үлкен сахналар мен биік белестерді бағындырды. Марапаттан да кенде болған жоқ. Бір ғажабы, үнемі күлімсіреп жүретін Самал кішіге ізетпен, үлкенге құрметпен қарайтын қарапайым қалпын жоғалтпады.

 Самал Жанасылқызы Байсейітова 1978 жылы 28 қыркүйекте Қызылорда облысында дүниеге келді. 1995-1999 жылдары Қызылорда музыкалық училищесінің "Ән салу" бөлімінде ҚР Еңбегі сіңген әртіс Қ.Ақдәулетовадан дәріс алып, оқуды үздік дипломмен бітірді. 2000 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясына "Жеке ән салу" кафедрасына түсті.

 

Read more

Қазақтың Қаракөзі

Есімі бір аймақтың өнерпаз жастарына үлгі болатын абыз ұстаздар, батагөй даналар халқымызда аз болмаған. Әсіресе, Қорқыт бабаның ізі қалған "жыраулар мекені" атанған Сыр елінде даналық дәстүр, ұстаздық үрдіс ертеде-ақ дамыған. Осынау киелі жер ән әлеміне Роза Бағланова, Мәдина Ералиевадай жезтаңдай әнші-лерді сыйлаған Сыр бойы бүгінде күміс көмей әншілер-ден құр алақан емес. Тек аттарын атай бастағанның өзінде жүлдегер шәкірттерінің есімінен көз сүрінетін, балаларды балапандай мәпелеп, бірінен соң бірін өнер көгіне қанат қақтырып жатқан қадірлі Қаракөз апайы-мыздың есімі бұл күнде Сыр бойынан асып әлем аралап кеткені қашан. Шамасы 2000 жылдар болуы керек. Москваға "Утренняя звезда" бағдарламасына әнші Ал-мас Тілеулесовты домбырамен сүйемелдеуге Қаракөз апай мені ертіп кетті. Апайымыздың қамқорлығы мен мейірбандығына іштей сүйсініп, "әрбір ата-ана балала-рын Қаракөз апайымыздай мәпелеп тәрбиелесе, әлемде жамандық атаулы жойылып кетер еді" деп түйгенмін.

 Бүгінде кәсіби шеберлігі шыңдалып кемеліне келген, өнерін өмірінен артық көретін Қаракөз апайымыз Сыр бойының жас таланттарын жазбай танып, өнер төріне шығарып, әлем сахналарында шырқатып, қазақ деген ұлт барын, Сыр елі деген жұрт барын төрткүл дүниеге танытып жүрген ардақты ұстаз, абзал ана.

 

Read more

Мұстафа Шоқайдың тас мүсіні Алаш азаматтарының рухын асқақтатып тұруы тиіс

 

"Мәдениет - ұлттың өлшемі" дейтін болсақ, бүгінде мәдениеттің мәйегі саналатын тарихи орындардың, мәдениет ошақтарының жағдайы жиі сынға ілініп жүр. Бұған дейін Абай Құнанбаев пен Зейнолла Шүкіровтің Қызылордадағы тас мүсіндері жайында өз пікірімізді білдіріп, оқырман санасына қозғау салған болатынбыз. Енді Алаш азаматтарының бірі Мұстафа Шоқайдың құрметіне орнатылатын ескерткіш пен бюст туралы көпшіліктің назарын аударғымыз келеді.

 Әуелі М.Шоқайдың туған жері Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылдық округінде орналасқан бюст туралы әңгіме қозғайық. Бүгінде тас мүсін ауыл орталығындағы құрылысы бір тоқтап, бір жүріп жатқан мәдениет үйінің алдында тұр. Білгеніміз, бюст тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қойылыпты. Содан күні бүгінге дейін жергілікті жұртшылықтың көз алдында. Тарихи ескерткіштердің келер ұрпаққа берер тағылымы зор екенін ескерсек, оның сапасына да көңіл аударуымыз қажет екендігі бесенеден белгілі. Оның үстіне, "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" заң тағы бар. Сондай-ақ, жастарға өткенді зерделеп, ұлт үшін еңбек еткен ерлерді ұлықтауға үйретеді, яғни ескерткіш елдіктің белгісі ұғымын жоғалтқан жоқ.

 Бір таңқаларлығы, облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мекеменің директоры Сапар Көзейбаев Сұлутөбе ауылындағы М.Шоқайдың қазіргі бюсті мемлекеттік тізімде жоқ екенін айтады. Тас бейне мемлекет тарапынан қорғауға алынбаған. Ол туралы осы күнге дейін бірде бір адам жақ ашпаған. Осыдан 5 жыл бұрын Қызылордада Алаш қайраткерінің 120 жылдығын тойлап, мәре-сәре болған едік. Шамасы, сонда жан-жағымызға қарамай, ішіп-жеп жүре бергенбіз-ау...

 

Read more

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қараша 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.