Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Тамыз 2015

14 Тамыз 2015

«ҚОРҒАНСЫЗ» АБАЙ ЕСКЕРТКІШІ: қу тілмен қулық сауған заңы құрсын!

 

Қызылорда қаласындағы қазақтың бас ақыны Абайдың ескерткіші турасындағы мәселе әлі күнге дейін шешімін таппай тұр. Қазақтың біртуар тұлғасының тас мүсініне байланысты 2013 жылдан бері қоғамда түрлі пікір қайшылықтары туындаған болатын. Әрі тарт та, бері тарт күйге түскен ақынның мүсіні өзінің атындағы даңғылдан аластатылып, қаладағы Түркістан көшесінде бой көтерген №2 «Мұрагер» мектебінің алдына көшірілді. Жай көшкен жоқ, сол білім ордасына Абайдың есімі берілетін болып, жұрттың аңсарын аудартып қойды. Арада екі жарым жыл өтті. Алайда, ескерткіш орын тепкен Түркістан көшесіндегі білім ұясы А.Құнанбаевтың атына күні бүгінге дейін ауыстырылған жоқ. Биыл ұлы Абайдың туғанына – 170 жыл. Туған күні 10 тамыз да жақындап қалды. Қызылордада қозғалыс байқалмайды.

 

Read more

Орден-медаль берші маған, мен жуамын кейіннен...

 














Бір өзіңе қалай жағам,

Сәлем беріп иілгем.

Орден-медаль берші маған,

Мен жуамын кейіннен.

Тәк! Тамаша болған жоқ па? Осы өлеңімді ана кісінің қолына мына кісілер арқылы тигізсем, мәселенің бәрі шешілмей ме?

Пысықайдың түн жамылып отырып шығарған төрт қатар өлеңі осы болды. Өзімен-өзі сөйлесіп, бөлмеге ешкімді кіргізер емес. Сәлден кейін:

Read more

Сәлемнің сәті

 Күректей диплом терең қалтаның түбіне түскен. Шетелдік шәпкем шекемде оқшырайып, ауылға келдім. "Мұғалімнің айлығы көбейді, біліп оқытқан екенбіз" деп, әке-шешем дәудіреп, бір жасап қалды. Тек Сәмен ағам былқ етпеді. Сірә, менің шәниіп, кеуде керіп жүргенімді ұнатпаған сияқты.

- Бір жапырақ қатырма қағазға ешкім еншісін бөліп бермейді. Қазір иттің итақайы бір емес, екі институтты қалпағымен ұрып алып жүр. Мәселенің көкесі қандай қызметке аяқ тартуда, шыбыным, - деп желдей ескен көңілімді су сепкендей басып тастады.

- Мен үшін кім жылы орнын суытады? - дедім міңгірлеп.

- Бұл енді сенің шөкімдей миың жетер шаруа емес, оны маған қалдыр, - деп, Сәмен қоразданып, мұртын шиыртып-шиыртып қойды. - Қазір Жәкеңе сәлем беріп қайтамыз...

Read more

КӨКЕ

  Көкем жасы сексеннің сеңгіріне көтерілген, ақ сақалы өзіне жарасып сән беріп тұратын, ат жақты, қой көзді, жай жүріп, бар шаруасын асықпай бітіретін адам еді. Өзінің айтқаны болмаса, басқаның айтқанын мойындай қоймайды. Айтыса беруге, өзінікін дұрыстап дауласа беруге шаршамайды. Көкем көбіне газеттен оқығанына, теледидардан көргеніне қалтқысыз сенеді де, солардың сөзін сөйлейді. Оған бәріміз болған жайды түсіндіре бастасақ:

 - Түк те білмейсіздер, - деп қолын бір сілтейді. Сонан соң баяғыда басынан өткен жайды айтып кете барады.

 Әкеміздің балалары тұрмай жастай шетіней беріпті. Жеті бала бірінен соң бірі о дүниелік бола берген соң, әкем көкем өмірге келгенде, ырым етіп кіндігін өзі балтамен кесіпті. Күзді күнгі салқын уақыт болса керек, тоғыз тоғысқан мезгіл екен. Оның аты да соған байланысты қойылыпты.

 

Read more

Құрдастардың қалжыңы

  1980 жылы мектептің сегіз класын бітіріп музыкалық училищеге одан әрі консерватория, оған екі жыл әскерді қосып, 1992 жылы Қызылордама жеттім-ау әйтеуір. Елге келісімен жұмысқа араласып кеттік. Арагідік кластас достарымызбен жүздесіп қалып жүрдік. Сондай кездесулердің бірінде бұрын өзім естімеген бір қызық оқиғаны қағазға түртіп қойып едім, оған да міне, жиырма жылдан асыпты. Мектепте оқуда озат, өнерде алда, бұзықтықтан да алдыңғы қатарда жүретін бірнеше бала сегізінші класты бітіріп, мектептен кеттік. Арамызда ұстаздарымыздың бірі: "Осы бала мектептен кетсе жеті күлше құдайы таратар едім" дей-тұғын, қазір елімізге белгілі әскери полковник шеніндегі полк командирі Аманжол Хамитов та бар.

 "Әупірімдеп жүріп оныншы класқа да жеттік-ау әйтеуір" деп бастады әңгімесін Жұмағазы дос. Са-бақтан кейін күнде үйге бірге қайтатын үш дос Орынбасар, Жұбаныш және мен (Жұмағазы) үшеуі-міз үнсіз келеміз. Бір кезде Жұбаныш: "Достар, бір секрет, айтсам ешкімге айтпайсыңдар ма?" деді. "Әрине айтпаймыз, біз дос емеспіз бе?!" деп жамы-рап жатырмыз. Бір-екі рет жөткірініп алған Жұбаныш: "Мен бір қызға ғашықпын, бірақ ол мені елер емес" деп бізден көмек күткендей екеумізге жалтақ-жалтақ қарады. "Саған қарамай жүрген ол қандай қыз?" деп елеріп шыға келдік. Жұбаныш досымыздың ғашығы өзімізден бір класс жоғары оқитын Несібелі екен. "Қап, мына қыздың күйдіруін-ай!" деп қоямыз.

 

Read more

«Көшпелі өзбектер» мемлекеті тарихының кейбір мәселелері

 XV ғасырдың 20-жылдарының соңы мен осы ғасырдың 60-жылдарының екінші жартысы аралығы Шығыс Дешті Қыпшақ аумағының саяси тарихында өзіндік ерекшелікке толы кезең болды. Осы тарихи кезеңде аумақта XIII ғасырдың 20-жылдарынан бері саяси билікте екі ғасырдай болған жошылық - орда-ежендік әулеттің орнына жаңа әулет - жошылық - шибанилық әулеттің өкілдері келеді. Уақыт жағынан алғанда 20-30 жылдай ғана мерзімге созылған жаңа әулет билігінің Шығыс Дешті Қыпшақ аумағының этно-саяси тарихында алатын өзіндік орны бар. Сая-си жағынан алып қарағанда, Қазақ хандығының негі-зін салған Керей мен Жәнібек хандар осы әулеттің билігіне қарсы күрес барысында Жетісу өңіріне қо-ныс аударып, жаңа мемлекеттің іргетасын қалайды. Сол себепті де Қазақстан аумағында ұлттық сипат-тағы мемлекеттің қалыптасуының саяси алғышарт-тарын анықтауда "көшпелі өзбектер" мемлекетінің тарихын білудің маңызы өте зор. Сондай-ақ, қазақ этносының қалыптасуында да "көшпелі өзбектер" этноқауымдастығының алатын орны да ерекше. Өйткені осы этноқауымдастықтың бір бөлігі болып саналған "ордаежендік" тайпалар Керей мен Жәнібек хандарды қолдап, алғашында "өзбек-қазақ", кейіннен "қазақ" атанады. Міне, осындай этникалық жағынан алып қарағанда да бұл мемлекеттің ел тарихындағы алатын орнының ерекше екендігіне көз жеткіземіз.

Бұл жаңа әулеттің билік құрған саяси құрылымы арнайы ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиеттер-де, сондай-ақ оқулықтар мен оқу құралдарында "Көшпелі өзбектер" мемлекеті, Өзбек ұлысы немесе мемлекеттің негізін қалаған тұлғаның есіміне бай-ланысты - Әбілқайыр хандығы деп аталатындығы белгілі.

Read more

«Мемлекет қорғауындағы ескерткіштер күтімді қажет етеді»

 

Ел егемендігін алып, шекарасын бүтіндеп, өз алдына жеке дара мемлекет болып құрылған жылдары елдің экономикалық әлеуеті һәм халықтың жағдайы тым мәз емес еді. Себебі бодандық құрсауынан шығып, еңсесін енді көтерген жас мемлекеттің даму сатысына қадам басуы үшін көзді жұмып, тәуекелге бел байлау керек болды. Халық үшін маңызы бар ірі-ірі өндіріс ошақтарын ашып, зауыттар салу, сол арқылы бүкіл елді еңбекпен қамту басты назарда еді. Қиындыққа шырмалған кезеңде елдің дамуына теміржол саласының үлесі зор болатын. Әлбетте, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары теміржол саласында да талай қиындықтар болды, бірақ елмен бірге еңбек еткен мамандардың табанды еңбегінің нәтижесінде теміржол саласы ел экономикасының дамуына тыңнан түрен салды.

Еселі еңбек пен төгілген маңдай тердің арқасында сала қайта жанданып, тіпті теміржолдың екінші тынысы ашылғандай әсер қалдырды. Міне, сондықтан да болар, халық арасында теміржол - экономиканың күретамыры деп аталып кетті.

 

Read more

«Менің қай тақырыптағы туындыларым да аралмен сабақтас»

 










Армысың Ақбас Арал асау Арал,

Көк күмбез күн сәулелі әсем Арал.

Қажысам қайрат берген, айбат берген,

Мен сені туған анам десем болар.

 

Қашаннан сырласым ең, мұңдасым ең,

Өнерге сен арқылы жалғасып ем.

Жайыңды білейін деп күнде келем,

Арысым, қам көңілді болғасын сен...

 

Ән салып аймаласқан таң алаңда,

Аққу-қаз көрінбейді жағалауда.

Өзіңнің көркің болған еркелерің,

Япыр-ау, азайған ба шағалаң да?!

Иә, осыдан 40 жыл бұрын, 1975 жылы Арал теңізінің күйі тайып, көпшілік туған жерінен қимастықпен көшіп жатқан кезде, Мұрат Сыдықов "Аралмен мұңдасу" толғауын тебірене отырып шығарған еді. Сол Аралдың Мұраты - арда қазақтың Мұраты Аралынан безіп кеткен жоқ, Аралын жырлап, туған жерінің ыстығына күйіп, суығына тоңып, әлі Аралда тіршілік етіп жатыр. Оның түрлі жанрдағы шығармалары теңізбен үндескен. Бір ғана осы "Аралмен мұң-дасу" атты жыр-толғауы "Арал проблемала-ры", "Жоқтау" деректі телефильмдерінде орындалып, адамзаттың жүрегін тербеп оятқан құнды дүние.

 

Read more

«ЕЛІМ-АЙ» ЖЫР ДАСТАНЫНДА ЖЫРЛАНҒАН ЖАҢАҚОРҒАН ӨҢІРІ

 

"Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,

Қарындастан айырылған қиын екен,

Екі көзден мөлдіреп жас келеді", - деген төрт шумақты бізге мектепте оқығанда "Елім-ай" халық әнінің шумақтары деп түсіндіретін. Осы күнге дейін бұл халық әні, оны кім жазғанын біз білмей келдік. Ал шынында бұл халық әні емес, бұл жыр-дастан, және де оның авторы Қожаберген Толыбайсыншыұлы екен.

Бірнеше жыл бұрын Пекин мұрағатында Бұхар жыраудың 36 жырымен қоса Қожаберген Толыбайсыншыұлының "Елім-ай" жыр-дастанының толық нұсқасы табылды. Бұл маңызды жаңалық, өйткені бұл жыр-дастанды зерттегендер көп болды, алайда толық нұсқасы осы күнге дейін жарық көрмей келген.

"Елім-ай" жыр-дастанының авторы жөнінде айтатын болсақ, 1663 жылы туып, 1763 жылы дүниеден өтті. Ақын, жыршы, шежіреші ғана емес, сонымен қоса қолбасшы болған Қожаберген Толыбайсыншыұлын атақты Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай батырлардың қатарына қосуға болады. Жоңғарлармен шайқаста ол басқарған әскер талай жеңіске жетіп отырған. "Ақтабан шұбырынды - Алқакөл сұлама" ірі апат жылдарының тікелей куәсі болған Қожаберген жырау "Елім-ай" жыр-дастанында жоңғар шапқыншылығы жайлы ғана емес, сонымен қатар Керей мен Жәнібектен бастап Қазақ хандығы қалай құрылды, хандықты қандай хандар билеген, көршілес басқа халықтармен қазақтардың қарым-қатынасы, туыстығы, жоңғар-қалмақтар кімдер, олардың жаулау саясатына кімдер көмек бергені, сол кездегі қазақтардың жағдайы қандай болғаны туралы айтқан. Бұл жыр-дастанды оқығандар Қазақ елінің басынан өткен үлкен қайғылы кезең жайлы толығымен таныса алады.

Read more

КОНТРАБАСТЫҢ КҮЙІН КЕЛТІРГЕН АЛЬБЕРТ

 

Контрабас аспабымен бала кезімнен таныспын. Алғаш музыка мектебіне келгенімде домбыра пішіндес контрабасты көріп кәдімгідей таңғалғаным есімде. "Домбыраның ең үлкені мынадай болады" деп, екі қолымды екі жаққа жайып жіберіп көрсететінмін достарыма. Ал, енді скрипка пішіндес контрабас тіпті қызық көрінетін және оны түрегеліп тұрып тартатыны таңырқататын. Контрабас аспабын көбінесе ансамбльдер мен оркестрлер құрамында ғана көретінбіз. Анда-санда бір түртіп орындалатын осы аспапқа мән бере де қарамайтынбыз, тіпті менсіңкіремейтінбіз. 1980 жылы Қызылорда музыкалық училищесіне қабылдандым. Жаңадан ашылған оқу орны болғасын жыл сайын мұғалімдер көптен келіп жатты, әсіресе Құрманғазы атындағы консерваторияны бітірген жас мамандар легі толастаған емес. Солардың қатарында 1980 жылы консерваторияны контрабас аспабынан бітірген Альберт Алмағанбетов келді. Жас, білімді, жаңғалақ. Келе сала концерт берді. Мына "Үлкен скрипкамен не қатырады?" деп концертке келдік. Мәссаған! Мына контрабастың үні басқаша, "тілі" түсінікті шығып жатыр. Әлем классиктерінің шығармалары әдемі орындалып, көңілге әсем әсер етті. Әсіресе, К.Димитрескудің "Крестьянский танец" шығармасы бәрімізге қатты ұнады. Концерттен соң бірнеше оқушы Альберт ағайымыздан әлгі "Крестьянский танец" шығармасының нотасын сұрадық. Ағайымыз қолындағы смычогін (саздығын) шошаңдатып, "жоқ" деп келте қайырды. "Жақсы музыкант екен, бірақ..." деп, бала көңілмен ренжіп, концерттен тарастық.

 

Read more

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Тамыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.