Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Маусым 2016

29 Маусым 2016

САЛАЛЫҚ БАСЫЛЫМДАР СҰРАНЫСТЫҢ БОЛМАУЫНАН КҮНІН КӨРЕ АЛМАЙ КЕЛЕДІ

"Біздің басты кемшілігіміз - кез келген салада жазылған мақалалар журналистің ішкі ойымен, көзқарасымен жазылады". Қазақ журналистикасында төбе көрсетіп жүрген тіс қаққан мамандардың бүгінгі журналистикаға деген көзқарасы осылай өріледі. Бұл қазір ғана айтылып жатқан мәселе емес шығар, бірақ кемшілік қазсаң шыға береді. Бір анығы, қазіргі журналистика маманданған журналистке иек артады, бірақ арық айтып семіз шығатын, нақты саланың нанын жеп жүрген журналистер аз бүгінде. Экономика һәм экология, құқық пен медицина саласының қалтарыстарын білетін кәнігі мамандардың жоқтығы айқын сезілуде. Дегенмен сұраныстың барын біліп, салалық тақырыптарға бет бұрып жатырмыз, бірақ баяу. Ақпарат және байланыс күніне орай осы мәселелердің мәніне үңілдік.

Бірнеше жылдан бері экология тақырыбына тереңірек тамыр тартып, бүгінде Еуразия ұлттық университетінде жас қаламгерлерге дәріс беріп жүрген, маман-журналист Алма Сайлауқызынан салалық журналистиканың жай-күйін сұраған едік.

- Алма Сайлауқызы, төл мереке құтты болсын. "Хабар" агенттігінде әр түрлі тақырыптарды қамтитын авторлық бағдарламаларды халыққа ұсындыңыз. Кейінгі уақытта интернет басылымдарына жаһан елдерінің жай-күйін баяндайтын жолсапар жазбаларды жазып, бүгінде жас толқынға білген-түйгеніңізді үйретіп жүрсіз. Қазіргі нарық ақпарат саласының дамуына жаңа бағыт берді. Біз осы талапты қаншалықты орындай алдық? Салалық журналистиканың салмағы қандай?

- Рахмет! Негізінде, қазаққа нарықтық қатынастардың келгеніне 20 жылдан асты деп айта аламыз. Алғашында нарық дегенді жұрт "базарға" шығып кету деп түсінді. Қап арқалап, сауда жасады. Мүмкін ол халықтың әлеуметтік жағдайын сақтап қалуға қажет болған шығар. Журналистика халық өмірімен тығыз байланысты. "Көппен бірге көрген ұлы той" дегендей, журналистер де на­рықтың алғашқы жылдары бағытынан адасып қалғандай күй кешті. Мем­лекеттік мекемелерден қаржыландыру көздері азайған уақытта түрлі жеке меншік газеттер ашылып, салаға қан жүгіре бастады. Қалың бұқараның талғамын таразылайтын салалық газеттер мен журналдар шыға бастады. Жекеленген журналистің оқырманға сапалы контентпен тауарын ұсынуы салалық басылымдарға жол ашып берді. Бүгінде жағдай басқаша. Қазақ журналистері нарық талабын толыққанды меңгерді деп айта алмаймын, алайда қозғалыс бар. Осы уақытқа дейін салалық басылымдарға тәуекел еткен бірнеше басылымдар болды. Бірақ олар сұраныстың болмауынан күнін көре алмады. Бір ғана мысал, оқушыларға арналған "Ойла" ғылыми-қоғамдық журналына Қазақстан бойынша 13 адам жазылған. Бұл - менеджменттік-маркетингтік қателіктердің, құлықсыздықтың салдары да болуы мүмкін. Енді ойлана беріңіз. Қолдау мен сенім жоқ болғасын, басылым болашағын болжау қиын. Дегенмен, ақпарат нарығын үздіксіз зерттеп, тиімді жолдар арқылы салалық журна­листиканы дамытуға тырыса беру керекпіз деп ойлаймын.

- Сенсациялық мақалалар мен шоу-бизнестен шаршаған көзі қарақты халық салмақты дүниелерді іздейді. Ал, салмақты дүние сауаттылықты қажет етеді. Жақында Сыр еліне келіп, өңір журналистеріне экология тақырыбында семинар өткіздіңіз. Экология тақырыбына көпшіліктің бара бермейтіні рас. Неліктен бұл бағытты таңдаңыз?

- Өздеріңізге белгілі,елімізде Семей мен Қызылорда аймақтарына эко­логиялық статус берілген. "Журналист жортса табады, жазса шабады" дей ме, көзбен көріп, көкейге түйгенім, Қазақстанның көптеген облыстары экологиялық проблемалармен бетпе-бет келіп отыр. Тіпті, Орта Азияның бірқатар аймақтарын "экологиялық қаупі бар" деп айтуға болады. Біле білсеңіз, екінің бірі әңгіме ететін саясат, болжамы көп экономика, тартысы мол әлеуметтік са­лалардың бәрі де экологияны айналып өте алмайды. Халықты алаңдатқан жер мәселесі де экологиямен тікелей қабысып жатыр. Елбасы жеріміздің құнарсызданып бара жатқанына алаңдап, оны игеру арқылы экологияға әрі экономикаға үлес қосатынымызды айтып қалды. "Қайда барсаң - Қорқыттың көрі" дегендей, экология тақырыбында көтеретін мәселе көп. Осы мақсатта БҰҰ "Даму" бағдарламасы негізінде журналистердің экологиялық сауаттылы­ғын арттыру бағытында семинар жүргізіп келемін. Жас журналистерді осы бағытқа қалам тербесе, экологиямызға пайдамызды тигіземіз деп ойлаймын.

 

Read more

ТАМЫР-ТАНЫСТЫҚ ЖҮРГЕН ЖЕРДЕ ЖУРНАЛИСТИКА ДАМЫМАЙДЫ

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмахан,

«Әлімсақ» журналы мен «Ұстаз мәртебесі» газетінің бас редакторы,

филология ғылымдарының кандидаты

     Қызылорда облысынан жарық көріп жатқан бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдарын қарап отырып, Сыр бойы журналистикасының тарихында тұлғалық қасиетімен жадымыздан кетпейтін есімдер ойға оралады. Ауыл шаруашылығына қалам тербеген Ақберген Ержан, құқық саласын бес саусақтай білетін Әбдібай Уәлиұлы, білім саласын шемішкедей шағатын Қази Данабаев, облыс экономикасының жүрек соғысын сезетін Жолдасбек Ақсақалұлы, бұлардың бәрі маманданған, кейінгі толқынға үлгі-өнегесімен биік журналистер болды. Мырқы Исаев секілді «Мен әкемді де аямаймын, жазатын адамды жазамын» дейтін табанды журналист жоқ қазір. Әр кез жастардың қолтығынан демеп жүретін Әділхан Бәйменовтей жылы жүректі қазір сезіне алмай жүрміз. Бүгінгі журналистикаға, міне, осындай кәсібилік пен адами қасиет, сонымен қатар шығармашылық еркіндік жетіспейді.

Бір қарағанда, бүгінде ақпараттық технология қарыштаған қоғамда жас журналистердің көпшілігі сауатты секілді көрінеді. Бірақ ол сыртқы қалпы ғана. Әлеуметтік желілерде жыртыңдап көрініп, көрінген суреттерді жүктеп, пайымы төмен пікір айтуға құштар, ал елдік мәселелерге қатысты көтерілген ойларға келгенде жұмған ауыздарын ашпайтын журналистердің барын жасыра алмаймыз. Себебі, олардың сөздік қоры жұтаң, фондық білімі таяз, құқықтық сауаты төмен. Келелі мәселені талқылауда табандап қалады, қорқа соғады. Өздігінен ізденіп, білімін жетілдіргісі келмейді. Тіпті, кітаптан ат тонын ала қашатын жас журналистер арамызда жүр. Әрине, олар материал мәтіндерінің семантикалық құрылымына, тілдік әдіс-тәсілдерінің қолданылуына, әр жанрдың стилистикалық ерекшеліктеріне мән бермейді. Өкінішке орай, бүгінде өңірлік журналистердің «пресс-релиздік деңгейге» түсіп кеткені сондықтан.

Қазіргі БАҚ-тарда барлық тақырыптар атүсті жазылып жүр. Себебі мен салдарына бірдей үңілмейді. Мәселен, экологиялық аймақта өмір сүріп жатса да, қызылордалық журналистер үшін экологиялық тақырып тасада қалып тұр. Туризм тақырыбына да тереңдей ене қойған жоқ. Әрине, бәріне бірдей журналистерді жауапты етуге болмас. Бір жағынан, кей мемлекеттік мекемелер сұратылып отырған мәліметтерге толыққанды жауап бермегендіктен толыққанды мақала шыға қоймайды. Оның үстіне, алақандай Қызылорда үшін тамыр-таныстық деген тағы бар. Тамыр-таныстық жүрген жерде журналистика дамымайды.

Біз бүгінде салалық журналистикаға бет бұра бастадық. «Әлімсақ» журналы әдеби-мәдени және тарихи тың тақырыптарды оқырманға ұсынып жатса, «Ұстаз мәртебесі» газеті педагогикалық, ағартушылық бағытта ұстаз қауымының жанына табылып жүр. Ғылыммен айналысып, студенттерге дәріс бергеннен кейін, бұл салаға дендеп ендім. Орта, арнаулы және жоғары білім беру стандарттарына сәйкес жасалып жатқан жұмыстар көз алдымызда. Қазірде мұғалімдерге артылып отырған жүк өте ауыр. Сондықтан бүгінгі ұстаздардың қызметі туралы жазу үшін әуелі осы саланы терең білуің міндетті. Сондықтан салалық журналистиканы дамытуға күш салыну керек деп есептеймін. Әр салаға маманданған журналист сол саланы жете біліп, тыныс-тіршілігін ой елегінен өткізіп, бұқараға сауатты материал ұсына алады. Себебі, әр саланың өзінің ішкі ережесі, заңдылығы бар, оны көпшілік біле бермейді, тек сол сала мамандарына таныс, бірақ олар айтарын жеткізе алмайды. Ал, маманданған журналист публицистикалық тілмен аудиторияны бағындырады. Салалық журналистиканың салмағы осында жатыр.

Қолынан ұялы телефонын тастамайтын көпшілік көбіне әлеуметтік желілерге үңіліп жатады, ал олардағы мәліметтердің жартысы шындыққа жанаспайтынын бірі білсе, бірі білмейді. Әр сала бойынша жария етіліп жатқан деректердің қайдан алынғаны да белгісіз. Маманданған салалық журналистиканың керек жері осы, оқырманды нақты деректі, сауатты ақпаратқа қол жеткізе алады. 

Read more

28 Маусым 2016

Кәсібилік өлшемі: журналистер қоғам жүгін көтеріп жүр ме?

Әдетте, маусым айының аяғында журналистер қауымы бір серпіліп қалады. Төл мерекесінде бас қосып, марапатқа ие болғандар төбелері көкке жетіп, бірі қуанышымен бөлісіп жатса, бірі өзгені күндеп, іштей қынжылыс білдіріп жүргені. Бүгінгі көз көрген жағдай осы. Ал, "неге марапатқа іліктім, керісінше, неге мен биіктіктен көріне алмадым, бізге не жетіспейді?" деген секілді сұрақтармен бас қатырып жүрген журналистерді кезіктіру қиын. Өткен жылдың аяғында облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы аймақ жур­на­листерінің ой-пікірін білмекке басын қосқанда да жиналғандардың аузынан жергілікті журна­листиканы дамытуда тұшымды ой, пайымды пікір ести алмадық.

Енді не істемек керек? Үлкендер жастарды жалқау деп сөгуден танбайды. Жастар болса, кінәні үлкендерден іздейді, "үлгі бола алмай жүр" деп қынжылады.

- Талай брифинг пен жиналыстарда, түрлі басқармалар мен департаменттердің есеп беруінде журналистер жиі бас қосады. Осындай сәтте керек ақпаратты алудың, бір-бірімен тәжірибе алмасудың орнына "бәрі түсінікті, сұрақ жоқ" деп келте қайыратыны жасырын емес. Сұрақ қоймай, өзге әріптесі қойса кекететін кей журналистердің өз деңгейлерінің қаншалықты төмен екендігін жиі байқатып қояды,- дейді жас журналист Шапағат Бекетбаева. - Баспасөз жиынында түрлі лауазымды тұлғалар тарапынан "сырбойылық журналистер сұрақ қоюдан қашады, бұларға брифинг өткізген жеңіл. Егер журналистер сауатты болса, халық та сауатты болар еді" деген секілді сындар жиі айтылады.

Өткір пікір. Жас болса да, өз-өзін қамшылап тұр. Ал, тіс қаққан журналистер не айтады екен? Біз осы тұста талай жасты қанатының астына алып тәрбиелеген "Халық" газеті мен бүгінгі жасқа жол көрсетіп жүрген жастардың басы­лымы "Ақмешт жастары" газеті бас редакторла­рының пікірлеріне құлақ тосып көрдік. Сіз де оқып, ой тоқтатыңыз.

 

Read more

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.