Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Мамыр 2016

26 Мамыр 2016

КІТАПХАНА МЕН КИНОНЫҢ СИҚЫРЛЫ ӘЛЕМІ

 

Биыл төртінші рет Қызылордада Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «Кітапханадағы түн» акциясы өтті.

- Оқу мәдениетін арттыру, оқырманға қолдау көрсету, жастар арасында кітап оқуды жандандыру, қоғам мен кітапхана байланысының жаңа формаларын қалыптастыру мақсатында өткізілген бұл шара биыл кино тақырыбына арналды,- дейді кітапхана директоры Нұржамал Мырзамұратова.

Read more

ТҮҢІЛДІРГЕН ТҮС

 

Мектептің сегіз класын бітіріп, Қызылорда музы­калық училищесіне оқуға түстім. Достарым көп болатын. Мектептегі достар, музыкант достар, көше­міздегі достар, әйтеуір үйімізге бірі кіріп, бірі шығып жататын. Бір күні кешкісін бірнеше достарым келіп кетті, артынша тағы бірнешеуі келді. Әкем үйде еді,"мыналар кімдер?" деді.

- Достарым.

- Ал мыналар ше?

- Бұлар да достарым.

- Балам, достар мұндай көп болмайды ғой,- деді. Мен есіме бірдеңе түскендей тұрып қалдым. Сәлден соң көкейімді тесіп жүрген, көптен бері сұрауға батылым жетпей жүрген сұрағымды қойдым.

Read more

ҚИЛЫ-ҚИЛЫ ЗАМАН-АЙ

 

ТАҢДАУ ҚАСІРЕТІ

Отызыншы жылдары қолдан жасаған ашар­шылық талай отбасыға қайғы-қасірет алып келгені жалпыға мәлім. Өкінішке қарай, осы уақытқа дейін ашаршылыққа байланысты көп жағдайлар зерт­телмей келеді. Бұл тақырыпқа тарихшылар мен мамандар онша жолай бермейді. Тек, оқта-текте баспа беттерінде жарияланған жекеленген мақала­лардан небір сұмдық оқиғаларды оқып, білесің...

Сонау қиын-қыстау жылдары анасы туралы қайғылы оқиғаны белгілі ғалым, филология ғылым­дарының докторы Мекемтас Мырзахметұлы баспа беттерінде жария етті. "Біздің заман рухани қасірет­терге толы болды. Отбасында он жеті адам едік, со­дан үшеуміз-ақ қалдық",- дейді ғалым өткен күн­дерді өкінішпен еске алып.

Read more

КӨПКЕ ҮЛГІ, ЕЛГЕ СЫЙЛЫ

 

"Соғыс" деген сөзді естігенде адамзат баласының жүрегі дір ете қалады. Неге? Өйткені, соңғы 5 мың жыл ішінде 15583 соғыс (ірі-майдасын қосқанда) өткен екен. Онда 4 миллард адам қаза тапқан. 5 мың жыл ішінде тек 292 жыл ғана соғыссыз тыныш өткен. Осы-нау жойқын соғыстар-дын ішіндегі ең ірісі - 72 мемлекет қатысқан екінші дүниежүзілік соғыс болған. 110 миллион адам қолына қару алып қанды шайқасқа кірген.

1941 жылы маусымның 22-сі күні, жексенбіде, таң қылаң бере гитлерлік Германия Кеңес Одағын жойқын соққы астына алды. Дұшпан авиациясы шекара аймағында орналасқан аэродромдарды, темір тораптары мен Кеңес әскерлерінің шоғыр­ланған жерлерін, сондай-ақ Мурманск, Минск, Каунас, Киев, Одесса және Севастополь қалаларын бастырмалата бомбылай бастады. Шекара түбін­дегі бекіністерді аяусыз артиллериялық атқылаудан кейін Вермахтың құрлықтағы әскерінің қуатты топтары шекараны басып өтті.

Read more

«АҚМЕШІТТЕН» АСУ АСҚАН АБЫЛАЙХАН

 

1980 жыл. №1 қалалық музыка мектебін бітіретін жылым. Ұстазым Тасболат ағай сабаққа ұлын ертіп келетін. Төрт-бес жасар балаға қарап: "Ә, мынау ізіңізді қуатын керемет домбырашы болайын деп тұр ғой" дегенімізге ұстазым шорт кесіп, "жоқ, музыка­ның жолы өте ауыр, өсек-өтірік, бірін-бірі көре алмау, қызғаныш, мойындамау, жамандау - бәрі-бәрі осы өнердің айналасында жүреді. Баламды спортсмен қыламын. Жеңгені де, жеңілгені де анық білінетін таза дүние ғой",- дейтін.

1991 жылы Тасболат ағайымыз баласын музыка­лық училищеге, домбыра класына әкеліп құжат­тарын тапсырып жатты.

- Оу ағай, баламды спортшы қылам деп едіңіз, мұныңыз қалай?- деп әзілдеп жатырмын.

Read more

СИҚЫРЛЫ САУСАҚТЫ ЫСҚАҚОВ

 

Бір тойға ұлым Жанмұхаммедті ертіп апардым. Достарым балама қояр да қоймай ән айтқызды. Халық қошеметтеп, тағы бірнеше ән айтты. Кешкісін балам мазасыздана баста­ды. Таң-ертең қатты ауы­рып тұрды. Дереу емханаға апардым. Біраз тексерген дәрігер: "Аға, мешітке не молдаға апарып, "дем" салғызып алсаңызшы",- деді. Жұрт-тан сұрастыра жүріп бір молданың мекен-жайын алдым. Келсем, он шақты адам кезекте тұр. Бір кісі әңгіме бастады, біздің ауылда қарасуды теріс ағызатын Алпан деген молда болатын. Ауыл адамдары сол кісі өмірден өткенше дәрігердің кім екенін білмейтін. Есігінің алдында күні-түні ауру-сырқаулар, әсіресе жаз айларынды көрші Ресейден де келетін,- деді.

Read more

ҚҰЛБОЛДЫ ИШАННЫҢ БАТАСЫ

 

Досан Қыпшақ Тілеубекұлы Әнуарбекпен бір сәтті күні дидарласудың орайы келіп, онымен жөн сұрасып, азды-көпті әңгіме-дүкен кұрдық. Сөз арасында менің Құлболды ишанның ұрпағы екендігімді білген соң ол өзінің көнекөз қариялардан естіген Құлболды ишан мен Тұрсынбай датқаның бір кездесуі туралы мына бір оқиғаны айтып беріп еді...

Тұрсынбай датқа азанымен ақбоз атына қонды. Жанында бес жылғы ту байталды жетекке алған атқосшысы. Бұл көптен бері ойына алған бір шаруаны тындыруға алған беті еді. Осыдан екі айдай уақыт бұрын Датқаның әкесі қайтыс болып, марқұмның жаназасын шығаруға Құлболды ишанға хабар жіберген-ді. Ишан ауылында болмай, намазға келе алмады. Бүгінгі сапарының мақсаты - Хан ауылындағы өзі пірім деп қол берген Құлболды ишанға әкесіне құран хатым етіп, құран аударту. Атқосшының жетегіндегі жылқыны хатым жасаған ишанның босағасына байлау. Осы мақсатты орындауға бет алған Тұрсынбай "Я, пірім" деп, атқа қонған еді.

Read more

«ҚАРАҚҰМ КӨТЕРІЛІСІ» ҚАЛАЙ БОЛҒАН ЕДІ?

 

Қазақтың дәстүрлі ауыл шаруашылылығын түбірімен күйретіп, соңын алапат ашаршы-лыққа ұшыратқан Кеңес үкіметінің күшпен жүргізілген ұжымдастыру саясаты қалың бұқа-раның большевиктер билігіне деген сенімін жоғалтып, оларды ашық көтеріліске шығуға итермеледі. Тарихи құжаттарда "1929-1931 жылдары ел көлемінде 372 шаруалар көтерілісі болып, оған 80 мыңдай адам қатысқан" деген мәліметтер айтылса, соның ішінде Арал өңірін қамтыған "Қарақұм көтерілісі" ауқымы жағынан Кеңес өкіметінің қатыгез саясатына қарсы бас көтерулердің ішінде әйгілі Созақ көтерілісінен кейінгі ең ірісі болған еді.

Read more

ТҰРСЫН ЖҰРТБАЙ: «ҚАЗІР ТАРИХШЫ, ӘДЕБИЕТШІЛЕРДІҢ ӨЗДЕРІ БҰЛ ДЕРЕКТЕРДІ БІЛМЕЙДІ»

 

Қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмір дерегін зерт­теген филология ғылымдарының докторы, абай­та­нушы, алаштанушы ғалым, жазушы Тұрсын Құдагелдіұлы Жұртбай жуырда Сыр еліне келді. Қазақ халқының әдебиет әлеміндегі белгілі тұлға­лардың тарихи шындығын зерттеген, тынымсыз еңбек пен ұзақ ізденістің нәтижесінде бүгінгі биік дәрежеге жете білген дара тұлғамен кездесу кеші түске дейін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында өтті. Дүйсенбідегі басқосуға Т.Жұртбайдың жанында әншейінде белгілі азаматтардың атқосшысы болып жүретін әкім-қаралар бола қойған жоқ. Қаз-қатар тізіліп отыратын жергілікті ақын-жазушыларды да бұл жолы көре алмадық. Жиынға сол кітапхана қызметкерлері, өңір-дегі қос университеттің оқытушылары мен студент-тері қатысты. Алдымен алдыңғы қатарға тізе бүк-кен жазушы артына қарап, жиналғандарды көзімен бір шолып өткеннен кейін ішіне қандай ой түйгенін білмедік, бірақ бетін аямай бір сипап алды. Кеш тізгі-нін ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының директоры Қаршыға Есімсейітова ұстады.

Read more

ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ ТУРИСТІК САЯХАТ ЖАСТАРДЫҢ ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМІН ОЯТТЫ

 

Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді екен. Осыған байланысты Елбасы ел экономикасын арттырудағы басым бағыттардың бірі туризмнің дамуына айрықша мән беріп келеді. Осы орайда Қызылорда облысында туризм индустриясын дамытуға арнайы жағдай жасалғанымен, іске асырылу деңгейі жеткіліксіз күйде қалуда.

Read more

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Мамыр 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.