Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

31 Қазан 2017

31 Қазан 2017

«ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ» ФЕСТИВАЛІ БАЛАЛАРҒА ШАТТЫҚ СЫЙЛАДЫ

Әр адамның тағдыры әрқилы. Біреулер Алла бер­ген бақыттың, денсаулықтың қадірін біле бер­мейді. Екінші біреулер мынау шулы дүниені өз құлағымен естуге, өз көзімен көруге өмір бойы зар болып өтеді. Бірақ осы соңғы топқа жататындар әлсіз емес, күй­реуік емес. Көз жанары сау адамнан артық көреді, құлағы күндік жердегі дауысты еститін­дерден әлде­қайда бұрын шалады. Бұлар жайлы "көкірек көзінің саңылауы бар" дейді дана халқымыз. Бұған неміс халқының ұлы композиторы көру қабілетінен мүлде айырылған Моцарт пен қазақ халқының сыршыл композиторы Садық Кәрімбаев­тың тағдырлары мы­сал бола алады.

Жуырда қаладағы А.Тоқмағамбетов атында­ғы мәдениет үйінде облыс әкімдігі мен облыс­тық мәде­ниет архивтер және құжаттама басқар­ма­сының қолдауымен облыстық халық шығар­машылығын дамыту және мәдени-про­дю­серлік орталығының ұйымдастыруымен мүм­кіндігі шектеулі балалардың VII облыстық "Жүрек жылуы" атты өнер фестивалі жоғары деңгейде болып өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назар­баевтың үстіміздегі жылы жарық көр­ген "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақа­ласында "Туған жерге оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу - шынайы патриотизмнің маңызды көріністе­рінің бірі. Бұл кез келген халықты ән­шейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени генетикалық кодының негізі" деп айтылғанын жақсы білеміз. Сондықтан бұған ең әуелі қолдау көрсету мүмкіндігі шектеулі балалар өнерінен басталғаны жөн болған тәрізді. Бұл шараға аймақтың Арал, Жалағаш, Сырдария, Қазалы, Шиелі және басқа ауданда­рынан 200-ге тарта өнерлі балалар қатысты. Олар байқау ере­жесі бойынша қол­өнер, көр­кем­сурет жанрла­рымен қатар ән және халықтық орындау, би, көркем сөз оқу аталым­дары аясында өз өнерлерін ортаға салды. Кезекті фестивальге жиналған мүмкіндігі шек­теулі балалар өнерін тамашалау әуелі олардың қолы­нан шыққан алуан түрлі бұйымдар мен кескін­демелер, суреттерден басталды.

 

Read more

БЕТАШАР ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ НЕГЕ ТӘРБИЕЛЕП ЖАТЫР?

   Елдің ең озық дәстүрлерінің өзі заман өткен сайын тозығы жетіп, ескіріп қалып жатады. Заманына қарай амалын жасайтын жаңа буын өкілдері өз кезегінде келелі дәстүрлерді ыңғай­ларына қарай икемдеп алуда. Құраң-құраң қауым болып жиналып жасайтын тойларды кіші­гі­рім атап өту, ұзақ уақыт алатын шараларды қысқарту жиілеп кетті. Өз тілдерінде айтқанда, "ырымын жасай салсақ болады" деп, ойын-сауық­ты артық көретіндер көненің көзіндей қазақтың дәстүрлерін бастапқы күйінен, әуелгі әлеуетінен айырып бітті. Осындай қатерге ұшы­рап, рухани құндылығынан құлдыраған қазақтың киелі салт-дәстүрлерінің бірі - беташар.

Әлімсақтан бері адамзат өміріне жете сіңісіп кеткен бұл дәстүрдің шығу тарихы хақында әр жерлерде әрқалай айтылады. Әлем елдері ішінде мұсылман халықтарына таныс болып келетін бет ашу салты ислам ілімімен де байланыстырылады. "Әлдиден эпосқа дейін" деген кітапты оқып отырсаңыз, кез келген дүние құбылысын логи­ка­лық тұрғыдан қарап, қалай пайда болғанын ашып айтып береді. Аталған жинақ ішінде беташарды Адам ата пайда болған дәуірден бастап бар деп есептейді. Жинақта жазылған жайттың жалпы мазмұны мынадай: Жаратушы жұмыр жерге жұмыр басты пендесін жібермес бұрын жұмақ ішін мекен етуге рұқсат берген. Тылсым мен таңғажайыпқа толы жұмақта Адам ата жалғызсырағаннан соң жанына жар етіп жұбайын, яғни Хауа ананы жаратып береді. Қалың ұйқыда жатқан Адам атаның сол қабыр­ғасынан жаралған әйел адамды алғаш көрген Адам ата есінен танып қалмас үшін Хауа ананың жүзін жасырып, ақ шілтер жапқан екен. Көз шы­ры­мын алып болған Адам ата Алладан игі тілек тілеп тұрып, ақ шілтерді көтеріп жұбайының ажарына сүйсініп қараған деседі. Солайша әлем­дегі ең алғашқы бет ашушы деп Адам ата болып есептелген. Кейін неке қидырмақ болған кез келген жас жұбайлар бет ашуды дәстүрге айнал­ды­рады. Қазақтың бүгіні бұрынымен біте қайна­сып жатқанын осыдан-ақ толық аңғаруға болады емес пе?

Ал, көшпелі өмірдің көш басында тұратын қазақ дәстүрлері күнделікті тұрмыспен байланысты туындаған деп те айтылады. Енді бір тарихшылар беташар еліміз мұсылмандықты дін ретінде мойындаған тұста пайда болған деп тұжырымдайды. "Біз тарихты өтіп кеткені үшін емес, кетпейтін салдар қалдырғаны үшін зерттейміз" дейтін тарихшылардың топшылау­лары осындай.

Жөн делік. Енді бүгінгі күннің, нақтырақ айтқанда, асабалардың күн көрісіне айналған беташардың шынайы бетпердесін ашып көрейік. Әлқиссаға сүйенсек, шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ет жақын, үлгілі келіндері екі жағы­нан қолтықтап алып шығады. Беташардың тәрбиелік мәні мол болғандықтан, келіншектің екі жағына тұратын әйелдер жесір, жеңілтек, т.б. болмауы қатаң ескеріледі. Абысындар көпті көрген болмаса да көреген қазақ аналары болуы шарт. Сол үшін де келінге үлгі болу үшін екі жанынан сүйеп, демеп тұрады. Бүгінгі заманда осы қатаң қағида қалыпты түрде орындала ма? Келіннің аяғынан дейтін ел жаңа түскен келіннің аяқалысы ибалы болуы мақсатында тәрбиені басты назарда ұстаған. Қазіргі келіндер шымыл­ды­рықтан шықпақ түгілі тойхананың төріне шығып алады. Сосын барып беті ашылады. Онда да жанында сәлем салдырып тұрған абысын­дары шаш үлгіміз бұзылады деп орамал тағудан түбегейлі бас тартқанда қазақтың салтына деген құрмет келіннің аяғында тапталып жатқанын көріп тағы бір күйінесің. Кейде сценарий бойын­ша бет ашылып болғанша орамал таққан ибалы абысыны тойда шашының сән үлгісімен ойқас­тап билеп жүргенін көресің. Бұл көз көріп, көңіл үйренген дүниеге айналып бара жатқаны тағы алаң­датады. Қазақ қоғамы сәл уақыт өткеннен соң "Беташар керек емес" деп те шығуы мүмкін. Мұн­дай сорақылықты болдырмау үшін әулет үлкендері тойдың қалай өтетініне толық назар тоқтатып, ақылға салып отырғаны абзал.

Read more

ҰЛБИКЕ АҚЫН ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Былтыр бір кездескенде журналист Өтеген Жаппарханов: «Қазақтың әйгілі ақын қызы Ұлбикенің 190 жылдығын туған жері Тереңөзек атап өтпеді ғой», - деп, өкініш білдірді. Бұл қазақ халқы сүйіп тыңдайтын айтыстың негізін салушы Ұлбике ақынға көңіл бөлмей жүрген аудан әкім­шілігіне айтқан ағамыздың тілектестік сыны бол­са керек. Дегенмен, Тереңөзектің тумасы болған соң қатты қысылдым. Расын айтқанда, Ұлби­ке­нің ірі айтыс ақыны екенін білетінмін, бірақ өмі­рі мен шығармашылығы туралы терең білмейді екенмін. Кеш болса да Ұлбике ақынның артында қалдырған мұрасымен танысып, жиырма төрт жасында жұлдыздай ағып, мәңгілік мұра қал­дыр­ғанына қатты таңғалдым.

Ұлбике Жанкелдіқызы ХІХ ғасырдағы ірі ай­тыс ақыны. Деректерге қарағанда, 1825 жылы Қы­зылорда облысы, Тереңөзек ауданында дү­ние­ге келген. Әкесі Жанкелді дәулетті, өлең сөз­ге жүйрік ақын кісі болған. Анасы Жаңыл да ой­лы, сөзге шешен ақын болған. Ұлбикенің бо­­йын­дағы туа біткен ақындық ата-анасынан да­рыған болса керек. Ол 12-13 жасында-ақ өзінің өлең-жыр­ларымен көзге түсе бастаған. Бір қызы­ғы, Ұлбике ақын он екі жасқа келгенге дейін сөй­ле­меген. Тек, он екіге келгенде өлеңмен сөй­леген. Мәшһүр Жүсіп Көпеев: "Ұлбике өмі­рінде қа­ра сөз сөйлемеген. Не айтса да, өлеңмен айт­қан" деп, мұны қолдайды. "Ұлби­кенің таң­да­йын­да өлеңнің ұясы болған" дейді аңыздардың бі­рін­­де. Бұл да бекер айтылмаған шығар. Ұлбике ақын 15 жастан бастап жұрт мойын­даған ақын­дар­мен айтыстың додасына түсе бастайды. Кү­дері­­қожа, Майлы­қожа, Мәде­лі­қожа, Таспақожа, Се­рәлі­қожа, Жанкел ақын және басқаларымен ай­­тысқан. Айтыста алдына жан салмаған көрі­неді.

Ұлбике ақын арнайы оқу орнын да оқымаған. Алайда, жастайынан өз бетімен оқу-білімді игер­ген, сауатты, ой-өрісі кең адам болған. Ақындар онымен айтысуға үлкен дайындықпен келеді екен. Оған дәлел Еркөшек қожаның баласы Күде­ріге берген мынадай кеңесі: "Балам, Ұлбикемен айтысамын десең, Бұхараға барып, үш жыл оқып кел. Әйтпесе, онымен айтысуға жара­майсың". Күдеріқожа мен Ұлбике ақын үш мәр­те айтысып, "бірде тең, бірде кем" түскен. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің қолжазба мұрасында былай деп жазылған: "Күдеріқожа әкесіне Ұлбике ақынды тоқтататын бір сөз тауып бер" депті. Сон­да әкесі: "29 ғаріпті бір-ақ ауыз өлеңге сый­ды­рып айт. Екі ғаріпті қалдырып кет. Соның қалғанын Ұлбике ақын білсе, одан әрі айтыспай-ақ қой. Оның өкпесінде өлең жазылған" депті. Айтыс кезінде Күдеріқожа әкесінің кеңесін тың­дап, "шын" мен "жиымды" сөзден аяқсыз қал­дырып өлеңмен айтыпты. Сонда Ұлбике ақын: "Қожеке, өлең айттың, кітап аштың. Жау қуды ма, асығып, неге састың? "Шын" мен "жиымды" қал­дырып қара басып, Құранды аяғыңа қалай бастың?!" деп, сол жолы да Күдеріқожаны жең­ген екен.

 

Read more

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ДІНИ САНА

  Қазақ қоғамында әлі күнге дейін тіл, дін мәселесі бір жүйеге түсіп, тұрақтала қойған жоқ. Жыл сайын мәселеден мәселе туындап, шетін дү­ниелер қазақтың өзін шетқақпай жасап жүргені жасырын емес. Осы түйткілдерді ашып көрсетіп, онымен күресуді мақсат тұтқан "Мәді Диуана қожа" қоғамдық қоры Сырдария ауданы әкімді­гімен бірлесе Тереңөзекте "Рухани жаңғыру және діни сана" атты республикалық ғылыми-тәжіри­белік конференциясы ұйымдастырды. Біз де барып, конференцияда қозғалған мәселелер мен айтылған ойларға құлақ түріп қайттық.

Конференцияға Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу және талдау орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, дінтанушы ғалым Айнұр Әбдірәсілқызы мен орталық директоры­ның орынбасары Тұрар Әбуов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы, ғалым Омар Жәлелұлы ке­ліпті. Басқосуды Қорқыт ата атындағы Қызыл­орда мемлекеттік университетінің профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Қазыбай Құдайбергенов жүргізіп отырды.

- Аудан көлемінде барлығы 48 тарихи және мәдени ескерткіш мемлекеттік тізімге енгізілген. Төрт ескерткіштің республикалық маңызы бар (Мүлкалан мазары ХҮІ ғ., Сырлы­там кесенесі ХІІІ ғ., Асанас қалашығы ҮІІІ -ХІХ ғ.ғ., Қожжан қожа мазары ХҮІІІ ғ.) 15-і  археоло­гиялық ескерткіш, 33-і қала құрылысы және сәу­лет болып бөлінеді. 2012 жылы Елбасы Н.Назар­баевтың "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдар­лама­сы аясында "Қалжан ахун мешіт медресесіне" то­лықтай жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шіркейлі ауылында орналасқан Қос Асар ІІ қалашығына Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің "Археология және этнография" ғылыми-зерттеу орталығы зерттеу жұмыстарын жүр­гізіп, нәтижесінде ежелгі қаланың орны "Шіркейлі Қос Асары" ескерткішінен үлкен және кіші екі бекіністің орны табылды. Сондай-ақ, осы жерден бірнеше бөлмеден тұратын үй-жайлар да анықталды. Қоғалыкөл ауылынан "Қыш төбе" қалашығы табылды. Алдағы уақытта ежелгі қаланың орнын туристік нысанға айналдыруға болады,- деп, сөзінің басын аудандағы тарихи-мәдени ескерткіштер турасында бастады аудан әкімі Ғанибек Қазантаев. - Елбасы өз мақала­сында бүгінге дейін елімізде саяси реформа, эко­но­микалық даму мен өркендеу мәселесі айтыл­ғанын, алдағы уақытта солардың негізгі ұстыны - рух мәселесін көтеру керектігін айтады. Дүниеде көптеген ұлттар осындай ұстынның жоқты­ғы­нан, әркімнің жетегінде кетудің кесірінен, болмаса адами, пенделік адасудан келіп жердің бетінде жо­йылып, тек аттары қалғанын тарихтан білеміз. Не болмаса, олардың бөлшек-бөлшек болып бө­лін­генін де білеміз. Бұл бағдарлама біздің халқы­мызға керек, бұл - рухани дамуымыздың бағ­дар­ламасы. Сондықтан Елбасы айтқандай, рухани мәселелер бәрінен ең бірінші орында тұруға тиіс. Халық рухының бүтіндігі, халықтың жоғын тауып беру - бұл мәңгілік мәселе,- деп түйіндеді  аудан әкімі Ғ.Қонысбекұлы.

 

Read more

ҰРПАҚ ЖАДЫНДА САҚТАЛҒАН ЕСІМ

 Өнер адамы - белгілі бір ережеге бағын­байтын, өз ісіне тиянақтылықпен, ыждағатты­лықпен қарайтын ерекше жан. Оларға халықтың рухани азық алғаны маңызды. Елі үшін еміреніп, халқы үшін қалтқысыз қызмет жасаған сондай нар тұлғалардың бірі  - Әмір Мәжитов.

Ә.Мәжитов саналы ғұмырын қазақ руха­ния­тының өркендеуіне арнаған, сол жолда бо­йын­дағы қарым-қабілетін сарқа жұмсаған. М.Әуе­зовтің "Айман-Шолпан" пьесасында Арыстан, "Қаракөзде" Сырым рөлдерін ойнаған ол кейінгі жылдары Жаңақорған және Бірлік театр­ларының режиссері болып, М.Әуезовтің "Еңлік-Кебек", Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұ­лу", Қ.Мұхамеджановтың "Құдағи ке­ліпті", "Өзі­ме де сол керек", "Бөлтірік бөрік ас­тында", О.Бо­дықовтың "Қарақұм трагедия­сын" сахналаған. Оның  пьесалары, дастан, өлең­дері де ел есінде, жұрт жадында осы күнге дейін сақ­талған.

Есімі ел есінде сақталып, ескірмейтін өнер қал­дырған, халқының жүрегінен жылы орын алған азаматтың еңбегі жақында тағы бір мәрте еленді. Аталып қана қоймай шығармашылығы талқыланды, көпшілікке таныстырылды. Жаңа­қорған ауданында Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақа­ласы аясында театр тарланы, режиссер, дра­матург, әнші, ақын Әмір Мәжитовтің 80 жылдық мерейтойына арналған "Өнерден озған тарлан" атты облыстық мәдени іс-шарасы болып өтті. Шараның шымылдығы Манап Көкенов атын­дағы Жаңақорған аудандық мәдениет үйінде ашылды. Айтулы кеште сахна өнерінің майын ішкен майталмандар бас қосты.

Read more

ОЛ МЕНІҢ АНАМ ЕМЕС...

Әдеттегідей түн қараңғылығы түрілмей орнынан тұрып, елең-алаңда әуежайға жеткен. Тіркеуден өтіп, күту залына келгенде таң енді ғана сібірлеп ата бастап еді. Өмірі азаматтарша ат үстінде өтіп келе жатқан Айсәуле мұндай тағдырға көндіккелі қашан...

Ұшаққа кіріп келе жатып, оң жақ екінші қатар­дағы орамалды егделеу әйелге көзі түскен. Таныс жүз көзіне жылыұшырағандай болды. Мынау Күнзила апа емес пе?! Амандаспаққа ұмсына беріп, әйел­дің үстіндегі қара көйлекке көзі түскенде, жүре­гіне кенет шаншу қадалғандай кілт тоқтады. Жадын­да жаңғырып, санасын тіліп өткен шар еткен дауыс еді шаншудай қадалған: "Ол менің анам емес!".

Көзі тұманданып кетсе де, өзін әрең ұстап, орны­на қарай жылжыды. Жаңғырық дауыс ойынан кетер емес: "Ол менің анам емес!"... Сол бір сәт көз алдына қай­та-қайта елестеп, жол бойы жанарына жас келе берді.

Бұл осыдан екі жыл бұрын болған еді. Шалғай түк­пір­дегі ауданда іссапарда жүрген Айсәуле мұндай оқиғаға куә боламын деп ойламаған. Әдеттегідей ел аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүрген. Ке­зекті бір жиыннан кейін Айсәулеге қабағына кірбің ұялаған қартаң әйел жақын келді.

- Қызым, саған айтайын деген сөзім бар еді...

Кібіртіктеп тұрған ананың оңаша сөйлескісі кел­генін сезіп, Айсәуле көпшіліктен оқшаулана берді.

 - Айтқаныңның бәрі көңіліме қонды, қарағым. Ел ішін жайлаған бір дерт болды ғой бұл дінбұзар­лар. Көзімнің ағы мен қарасындай жалғыз қызым бар еді. Осыларға еріп..

Read more

ЗАМАН ЖӘНДІКТЕРІ

Қандала мен кене,

Бұлар оңбаған, неме!

Осылардан ойпырмай,

Даладай болды дене.

 

Сумаңдап келген сонаға,

Қақпайлап десең "жолама!"

Жасқансаң да жұтынып,

Жаудай тиер сона да...

 

Шыбын да "шырын" тауыпты,

Желпігенді білмейді.

Қапелімдегі қауіпті,

Қаперіне де ілмейді.

 

Read more

Домбыраны бір ай ішінде үйрендім

Ел құндылықтарын, ата-баба мұрасын суырыпсалмалық қасиетімен ауыздан-ауызға жеткізіп келген жыраулардың ғажайып туындылары ғасырдан ғасырға сабақтасып, жалғасын тауып келеді. Жыраулық өнердің бір көрінісі ретінде Сыр бойында өмір сүрген тұлғаларды айтуға болады. Сырдағы жыршылық мектепті қалыптастырған Нұртуған, Жиенбай, Нартайлардың толғау-термелері ел арасында кеңінен танылған. Осындай ұлы өнерді насихаттап жүрген жастар да бар. Сырдың сазды мақамымен жыр-термелерді нақышына келтіріп орындайтын жас жырау Феруза Оңталаппен әңгіме барысында киелі өнердің қыр-сырына қанықтық.

- Феруза Мейрамбекқызы, жыраулық өнерді таңдауыңызға не түрткі болды?

 - Белгілі жырау, ұстазымыз Алмас Алматов шәкірттеріне "Өнерге адам бір күнде және бір күнге келмейді" деп үнемі айтып отырады. Қорқыт ата топырағында дүниеге келген әрбір адамның бойында жыраулық өнерге деген махаббат бар. Сол ынтаны әрі қарай баулып, жыршылық өнерге бейімдесе ғана осы жолға түсуге болады. Менің жыраулық өнерге келуіме ата-анам ықпал етті. Олар жастайымнан үйірмелерге беріп, қабілетімді шыңдауға мүмкіндік жасады. Бір жағынан, түп нағашы­ларымның кезінде жүз шайыр шыққан Тұрма­ғамбет ауылынан болғаны да әсер еткен шығар, бәлкім. Ол ауылда жыр айта білмейтін жан жоқ­тың қасы. Домбыраның үніне, Сырдың мақам-саздарына деген ғашықтық мені жыраулық өнерге әкелмей қоймады.

 

Read more

ҚОРҚЫТ ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛА САЗЫ ФЕСТИВАЛІ – МӘДЕНИЕТТЕГІ РУХАНИ САБАҚТАСТЫҚ

Тағдыры мен тіршілігі қабысқан түркі халықтарымен сабақтастығымыз іргесі әлімсақтан бері қаланған. Содан бергі рухани, мәдени байланыстың жібі үзілген жоқ. Өткен мен бүгіннің арасын жалғайтын «Қорқыт және ұлы дала сазы» халық-аралық музыкалық өнер фестивалі соның дәлелі. Биыл түркі жұртына ортақ фестиваль төртінші мәрте ұйымдас-тырылды. Киелі Сыр топырағында бастау алған фольклорлық музыкалық шараға Түркия, Беларусь, Ұлыбритания, Қырғызстан мен Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия және Қазақстаннан 80-ге жуық өнерпаз қатысып, шараның мәнін ашты.

Өнер әлемінде орны бар өнерпаздардың бір арнаға тоғыстырған Қорқыт мұрасы. Ежелден көне фольклор саналатын жауһар дүниелердің қайта жаңғырып, ұлт жадында сақталуы өнердің өміршеңдігін тағы да бір байқатады.

Үш жылда бір рет аталып өтілетін фестивальдің алғашқы күні ауқымды тақырыпты арқау еткен конференциямен басталды. Алқалы жиында Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының баc хатшысы Дүйсен Қасейінов пен Қазақстанның халық әртісі, Қазақ Ұлттық Өнер универ-ситетінің ректоры Айман Мұсаходжаева мен ғалымдар келелі ой, игі бастама төңірегінде ой өрбітіп, «Қорқыт ата мұрасы: эпикалық мәдениет, халық аңыз-әңгімелері және әуендері» тақырыбын жан-жақты ашты.

Read more

ТАРИХТЫ ПОЭЗИЯ ТІЛІМЕН КӨРКЕМДЕГЕН

Жақында белгілі ақын Толыбай Абылаевтың  “Қыран шайыр” деген атпен кезекті жыр кітабы жарық көрді. Ақынның жаңа жинағына қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, көзі тірісінде «Құрыш қазақ» атанған қайсар қаламгер Зейнолла Шүкіров туралы «Қыран шайыр» лирикалық және «Шектілер» тарихи дастандарымен қатар «Қызыл өгіз», «Ең ыстық жаз», «Зинадин мен Айғанша», «Жанназар мен Ырсалды», «Бригадир Сансызбай», «Көк гармонь», «Рамберді», «Махорка» және басқа жиырмаға жуық балладалары еніп отыр. Автор аталмыш балладаларында өзінің балдәурен балалық шағында көрген-білгенін, басынан өткен оқиғаларын поэзия тілімен өрнектеп оқырман қауымға ұсынған. Кітаптағы әр шығарма өзінің көркемдік сипатымен, жанрлық ерекшелігімен көңіл баурайды.

«Қыран шайыр» кітабы «Қызылорда Қанағаты» баспаханасынан 500 данамен жарық көргелі отыр. Жыр кітабының тілі оралымды, көпшілік оқырман қауымға арналған.

 

 

 

Read more

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30          

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.