Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

10 Сәуір 2017

Әмеңгерлік

 

Қыз жүрегін

Жігіт келді табуға.

Махаббаттың

ақ білтесін жағуға.

Ақын кенет

жайып салды бар сырын,

Өлең деген

алтын кіндік аруға.

Read more

ҚР Мәдениет қайраткері, ақын, сценарист, режиссер, Оңталап НҰРМАХАНОВ: «ШЫҒАРМА ШЫРАЙЫ – ШЫНДЫҚТА»

 

Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Театр қайраткерлері одағының мүшесі, ақын, сценарист, режиссер, облыс әкімінің екі мәрте стипендиаты, ҚР Тәуелсіздігінің 10, 15 жылдық мерекелік медальдарының иегері Оңталап Дүйсенәліұлы Нұрмаханов - Сыр бойындағы өрелі өнердің отымен кіріп, күлімен шығып жүрген белгілі тұлға. Режиссерлік қызметтің шыңына шыққан О.Нұрмаханов былтыр талантты жастардың басын қосып, көрерменге жаңа қойылым сыйлап, Сыр өңіріне жастар театрының қажеттігін сездірген.

Биыл облыстық мәдениет басқармасы басшылығы журналистермен кездескен сәтте журнал атынан осы жайтты еске түсіріп, қалаға бір жастар театрының керектігін айтқан болатынбыз. Ұзамай жағымды жаңалық құлағымызға тиді. Оңталаптың жастардың жігерін жаныған еңбегі  текке кетпейтін сыңайлы. Біз осы жайттың анық-қанығын білу мақсатында  жастар театрын құру идеясының авторы Оңталап Нұрмахановты оқырманымызға кеңірек таныстыру мақсатында сұхбатқа шақырып, ой бөліскен болатынбыз.

Read more

БӘРІ «ҚАЗАҚТАН» ШЫҒАДЫ

 

Біреулер "Қазақ" атауының төркінін Қаздан шығарып айтады /Ақ-Қаз/...

Енді біреулер ертеректе өткен "Құмап" атты тайпаны еске түсіреді. /Қу-Аққу, Мап-адам/.

Бұлар "Қазақ" атауының төркінін төтемнен, яғни бір заман жартылай тағы халықтың табын­ған мақұлығының атынан іздеп жүргендердің сөзі.

Бірақ, түркі тілінің сөз тіркесінде "ақ қазды", "Қаз ақ" деп сөйлеу ерсі шыққан болар еді.

Осылай тұйыққа тірелген кезімізде бағы за­ман­да өтіп кеткен "Сақ" тайпасы еске түседі. Ер­теректегі орыс жазбаларында, Қазақты қайсақ атайтындар жиі кездеседі. /Киргиз - кайсакский степи/. Осы Қайсақтың соңғы "сақ" буыны елік­тіретіні де рас. Бәлкім "Қазақтың" төркіні сол тай­паның атауынан шығып жүрмесін /Қас-сақ/.

Read more

М.Әуезов дәстүрі және З.Шүкіровтің «Сыр бойы» тарихи романы

 

Қазақ тарихи романының қалыптасып да­муында М.Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпо­пея­сының дәстүрлік маңызы зор болды. Кең эпикалық тыныс пен ұлт тарихының көркем шежіресін образдар тағдырымен байланыс­тыра шебер суреттеу тарихи тақырыпқа қалам тартқан қай жазушының алдында болмасын, адастырмас Темірқазықтай жөн сілтеп, кім-кімге де ой салып тұрды.

Бұл жөнінде кезінде жазушы Тахауи Ахта­нов: "Абай жолы" қазақ прозасының мерейін асырды. Сонымен бірге қазақ үшін үлкен сын бол­ды. Біз Әуезов қаламынан ұзақ уақыт толғатып, сирек туатын алып шығарма алдық. Бұл қуанышты жағдай жас прозаның алдына аса биік асу, салмағы зор міндет қойып берді. Иә, бұл шығармадан кейін қазақ прозасына қойы­латын критерий оқыс биіктеп кетті де, жас әдебиеттің жотасына аса ауыр жүк артылды. Бі­рақ "Абай жолы" жапан даладағы шоқы емес еді, оған дейін баспалдақтап көтерілген талай асу белдер бар, қазақ әдебиеті атты үлкен жо­таның биік шыңы болатын. "Абай жолынан" кейінгі проза оған дейінгі прозадан талантты жазушыны да, талантты шығарманы да көп туғызды. Ол өзінің алып тұлғасымен қазақ про­за­сының талай өскелі, өнгелі тұрған бүршік бұтақтарын тұншықтырып тастаған жоқ, қайта қазақ прозасының қаулап өсуіне берекелі көктемдей игі әсер етті. Біз дәл бүгін "Абай жо­лымен" тепе-тең түсетін жеке шығарманы атай алмасақ та, қазақ прозасының жалпы табысы - ұлы шығарманың ізін суытпағанын үлкен медет етеміз. Және ол проза көп бағыт­та ізденіп, мәуелі ағаштай бұтақ жайып, кеңейіп келеді", - деп жазды.

Read more

Қажығали МҰХАНБЕТҚАЛИҰЛЫ: «Қазір әдеби өмір тоқырап қалған сияқты»

 

Қарап отырсаңыз, бүгінде жарыққа шы­ғып жатқан кітаптар жетерлік. Бірақ оқыр­манның қолына тиюі қиын. Астана, Алматы­дан шығатын кітаптар облыс орталықта­рына жете бермейді. Керісінше, аймақтарда жарық көретін кітаптармен астаналық оқыр­мандардың қауышуы қиын. Бар-жоғы 1000 данадан әрі аса алмайтын ақын-жазу­шылардың туындылары нағыз оқырманға жетпейді. Мемлекеттік тапсырыспен шы­ғатын кітаптардың өзі 2000 таралымнан аспайды. Екінші түйткіл, әр түрлі баспадан жа­рық көретін кітаптардың мазмұнына қа­рап жатқан адам жоқ. Біз білетін бір баспа­дан жылына 70-80 ірілі-ұсақты кітап шыға­ды. Бірақ іліп аларлығы он шақты ғана. Осы­дан кейін "кітап оқымайсың" деп, оқырман­ды да кінәлай алмайсың.

Read more

Келіннің бетіне орамалды неге жабады?

 

Жер бетінде ата-бабаларынан мұраланған дәс­түрлі мәдениетінің зәредей жерін өзгертпеу жолында басын бәйгеге тігетін ұлттар қаншама? Керісінше, ұлт мүлкіне жауапсыз, барынша салақ қарайтын екі халық болса, бірі біздің жұрт екенін жасыра алмаймыз. Әрине, бұл - жүре келе жол­дан тапқан торай тобық "қасиетіміз", әйтпесе қа­зақ деген - қаны таза, жылқы мінезді жайсаң ха­лық болған. "Аттың жалы, атанның қомы" деп жүр­ген дәуір-дәуренді надандық деп санаудан туған сана ақаулығының зардапты салдарының бірі - осы.

Дәстүр - қатып-семіп қалған догма емес, да­мып отыратын жанды құбылыс. Десе де, орын­сыз өзгертулерді көтере алмайтын барынша шам­шыл, тым кінәмшіл құбылыс. Сондықтан көне­нің кез келген дүниесін өз ыңғайымызға, бүгінгі жеткен білім-парасатымызға лайықтап, зорлап иіп аламыз деп жүріп, қиратып алуымыз ғажап емес. Рас, соңғы уақытта халқымыздың ғасырлар бойы жасаған төл мәдениеті - тұтынған наным-сенімдері мен дәстүрлі дүниетанымына жүрдім-бардым қараушылар қатары өлшеусіз өсіп отыр. Қазақта: "Алдырған анасының қойнын ашады",- деген ұлағат болған. Бабалар тәлімі мен ғазиз ана­лар тәрбиесін жете білмейтіндер, қасақана білгісі келмейтіндер болашақта осының кебін киіп жүрмесін деңіз.

Read more

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.