Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

07 Сәуір 2017

Қамыстыбастың шынайы бет-бейнесі

 

Бүгінгі күні, шынын айтуымыз керек, Сыр өңірін туризм алаңына айналдырып отырған Қамыстыбас көлі. Ең әуелі көлдің география­лық аумағына көз жүгіртетін болсақ, анау айт­қан­дай алып бара жатқан көлемді емес. Ауданы бар-жоғы 178 шаршы шақырым болса, ұзын­дығы 30 шақырым, ал көлдің ең енді жері 5 пен 8 шақырымды құраса, ең терең жері 10 метр. Мамандардың есептеулері бойынша, Қа­мыстыбас теміржол бекетінен 2 шақырым ба­тыс­қа қарай орналасқан. Көлге Сырдариядан бас­тау алатын Тәуіп-жарма каналы су құйып оты­рады. Жағалауының ұзындығы 115,6 км. Теңіз деңгейінен 58,1 метр биіктікте. Шағын ға­на шипалы көл есімі шартарапқа тарап, Арал ау­данының қуысында жатса да, мен мұндалап тұр.

Жаз мезгілінде, үш ай бойы демалушылар қабылдайды. Түйе өркешіндей түр-түрінен ті­гілген киіз үйлер көздің жауын алып, он сегі­зін­ші ғасырдағы хан ордасын көз алдыңа елес­тетеді. Тиісінше заманауи демалу айма­ғына айналдыру үшін жағалауды жағалай орналас­тырып, тез тұрғызылатын мате­риал­дардан 12 тұрғын үй құрылысы толығымен аяқталған. Енді мынаған қараңыз, гүлге қонған көбелек­тің көркіндей керемет жұмыстар тура­лы мына деректер бізді де елең еткізді.

Read more

Жыршылар – тарихтың тірі жәдігерлері

 


Сүйінші ағайын! Тұранның шөлді ойпатында жүріп, жырға шөлеркеген шерменде көңілімізге жыр бұлағы табылды. Өлең жырдың көбесі сө-гіліп, қазақ халқына қалтқысыз жеткен өнер, қою қалпында елге ұсынылып отыр. Талай нәубет шақтарда жаралы жолбарыстай жараланып, жарыққа шықпай жүрген таланттардың туын-дыларына қайта жан бітті. Кеңес үкіметі үркіткен шақта ұрпақтар сабақтастығы үзіліп кете жаздаған еді, міне бүгін тәңір баққан тоқтыны қасқыр тартпайтындығын уақыттың өзі дәлелдеп берді.

Read more

«ШЫҒЫСТАН КЕЛГЕН ШАЙЫР»

 

Мен жатақханада жатамын. Оқу жылының ен­ді басталып, бәрі абыр-сабырда жүрген кез. Сол күндердің бірінде өздерін ұстау мәдениеті ерек­ше, қазақы нақыштағы заманауи киім киген, бір-бірімен шүйіркелесіп жатақханаға бір топ сту­дент жас кіріп келе жатты. Жанымдағы ұшқа­лақтау мінезі бар досымнан: "Мына жастар кім­дер?"- деп сұрадым. Ол да әзілдегісі келді ме, әй­теуір дауыс ырғағына екпін беріп, "оралмандар ғой" деп дүрсе қоя берді. Кенет бәрі маған қарап, осы сөзді мен айтқандай жақтырмағансып, әлгін­дегі студенттер жатақханаға кіріп кетті. Құдды бір төбемнен суық су құйып жібергендей боп абды­рап қалдым, не үшін екенін түсіне алмасам да, өзімді кінәлі сезінгенмін.

Қызығы мен шыжығына шомылдыратын жа­тақ­хана өмірінің қалай зулап өтіп жатқанын біл­мейтін кезіміз. Бір күні алып-ұшып жүріп, бізге ба­руға тыйым салынған қабатқа кіріп кетіппін. Сөйтсем, бұл қабатта аспан асты елінен келген қыз-жігіттер жатады екен. Көз алдымда тұрып қытай тілінде әңгімелесіп тұрған екі жігітті көріп, бұйра шашым тік тұрғандай болды. "Қазақсыздар ма?"- дедім сәл даусым кібіртіктеп.

Read more

ҚАРТТЫҚТЫҢ "ҚҰПИЯСЫ (әзіл)

 

Жасым қазір 70-тен асқан адам,

Жасалмаған қашалып тастан адам.

Шайқалып жүрісім де ширақ емес,

Шыққандай сияқтымын масханадан.

 

Сылтауды көп айтады сасқан адам,

Қалады екен ұйқы мен астан адам.

Таңертең сыртқа тихо шығып кетсең,

Қатыннан сияқтысың қашқан адам.

Read more

Кімнің бұқасы күшті?

 

Бүгін клубта үлкен жиналыс өтеді. Жиналыстың басты тақырыбы: "Қазақтың сиыры неге қысыр қа­лады?" Былай қарағанда, көтерген мәселе өте өзекті. Кім-кімді болса да ойландырары қақ. Әсіресе, жыл сайын сиырлары қысыр қалып, ақтан ауыздары құрғап қалған кемпір-шалдар мәз. Әбден өкіметке сенген олар, енді қорадағы сиырларын ауыл әкімі Талтаңбай қашырып беретіндей үлкен сеніммен келіп отыр.

Рас, ауылда бұқа жоқ. Еркек малды жұрт жазда семіртіп, күзде етке тапсырады.

Соғымға сояды. Болмаса, салмағы ұлғайсын деп, піштіріп тастайды. Ондай бұқалар өмірдің қы­зығы осы екенге салып, ақырдағы шөптен басқа еш­теңе ойламайды. Алдында тұрған танаға да көзін салмай, бас жібін үзбестен, күйісін қайтарып алаң­сыз жата береді.

Былтыр, "қыс қатты болады" дегенді естіп, жем­шөптен жандары қиналған жұрт "жұт келе жатқан шығар" деп, малдың санын азайтқан еді. Онымен қоса ауылдың сиырларын індет жайлап, шошала, қарасаннан қырылғандары қаншама? 

Read more

Таңнан таңға дейін

 

Өңменінен өтер суық ызғардан, ұйтқи соққан бораннан қорғалаумен кесік құлақ көк есек тағы бір түнді өткізді. Түні бойы отын ығында тұрып баялыштың шаясын талғажау етті. Кеше таңертеңнен жауған қар соңы ысқырып, ұлыған боранға ұласқан, сол міне, таң алдында басылды. Көк есектің үстіндегі қар тұла бойының жылуынан еріп, бүйіріндегі қалыңдау жүнінен кішкене сүңгілер байқалады.

Ақпанның ұзақ түні түріліп, шығыс көкжиек бозамықтана бастады. Кешікпей күн шығады. Көк есекке күндізгі уақыт түнге қарағанда жеңілдеу өтеді, әркімнің қорасынан шығарып тастаған сақ-сұқтарын, шөбінің қалдығын жейді, күнделікті тіршілігі осылай жалғасын табады.

Енді бір сәт орнынан қозғалмақ болып тұрған еді, екі бала жанына жүгіріп келді. Өте ерте бұларды жылы үйінен не түлен түрткенін кім білсін, екеуі келе бұған ұмтылды. Адырақ көз, тапалтақ, қара баланы таныды, өз қожайынының баласы, ал екіншісі ұзынтұра, сары, онымен бірге ойнайтын көрші үйдің кенжесі. Балалар дайындықпен келген екен, ноқтасы мен қамшысына дейін ала келіпті.

Read more

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.