Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

03 Сәуір 2017

Колоратуралық кең тыныс миллиардтарды мойындатты

 

Бүгінде әлем назары қазақ баласына ауды. Та-биғат берген талант аспан асты еліндегі атақты жобаның жұлдызын жақты.

Ол «өнерде шекара жоқ» деген аксиоманы дәлелдеген әнші. Ол – жаһан жұртын жанына жиған әйгілі ән байқауда көптің көзіне түскен ән-ші. Ол – қазақ ән өнерінің сара жолын жалғастыр-ған орындаушы. Ол – тәңір өзі назарына алған әнші  Димаш Құдайбергенов.

Read more

ТЕҢІЗДЕЙ ТЕБІРЕНГЕН ТАЛАНТ

 

Биыл – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, алымды прозашы, жалынды ақын Зейнолла Шүкіровтың 90 жылдығы. Көзі тірісінде «Құ­рыш қазақ», «Қайсар ақын» атанған З.Шүкіров­тің мерейтойын атап өту Қызылорда қаласында басталып кетті. Алғашқы шара қаладағы А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде өтті. Еске алу кеші Зекеңнің «Сыр сұлуы» әнімен ашылды. Тағ­дырмен тайталасып, барша ғұмырын қазақ әдебиетін өркендетуге үлес қосқан ақынға арналған кешті колледж директоры Орынбай Жантөреұлы сөз сөйлеп ашты. Ол өз сөзінде әдеби кешке жиналған ұстаздар мен колледж оқушыларына Зейнолла Шүкіровке қатысты ойларын жеткізді.

Зейнолла Шүкіров – қазақ тарихында, қазақ әдебиетінде сирек кездесетін тума талант иесі. Ол сегіз жасынан төсекке таңылса да, бар ғұ­мы­рын оқуға, шығармашылыққа арнады. Артына қырыққа жуық прозалық, поэзиялық кітаптарын қалдырды. Тұңғыш кітабы 1955 жылы «Менің достарым» деген атпен жарық көрді. Міне, осы кітаптағы «Шалқар теңіз, шуылдайсың сен неге?» деп басталатын бас-аяғы жұп-жұмыр жырына кезінде министр Ілияс Омаров «Қазақ әдебиеті» газетінің бе­тінде пікір айтқан болатын.

Read more

ХАЛҚЫНА ҚОРҒАН БОЛҒАН, ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН БАТЫР

 

Қаңтардың 23 күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен, «Кездесу» клубы мүше-лерінің қатысуымен «Халқына қорған, ұрпаққа ұран болған батыр – Жанқожа Нұрмұхамедұлы» атты мәдени шара болып өтті. Бұл күнді олар «Даналық күні» деп атапты.

Мәдени шараның мақсаты – жастардың бойына патриотизм дәнін егу, елін, жерін қастерлеуге баулу, Жанқожа батырдың ерлік-терін насихаттау. Кездесуге жазушы Сайлаубай Жұбатырұлы, Қорқыт ата атындағы мемле-кеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Меруерт Аңсатова, университеттің ғылыми қызметкері Бақытбек Ахметбек, республикалық «Әлімсақ» журна-лының бас редакторы, филология ғылым-дарының кандидаты, жанқожатанушы Нұрлан Нұрмаханов, Болашақ медициналық коллед-жінің оқытушысы Алпысбай Шүкіров, кітап-хана оқырманы, соңғы уақытта тарихи тұлғалар жайында қалам сілтеп жүрген Әлібек Сабырбаев, №3 мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімі Еркебұлан Сейітжанов қатысты.

Read more

Тарихи орынды болашаққа аманаттауымыз керек

 

 

 

Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі батыр­ларының бірі, елінің азаттығын аңсап, сол жолда аянбай күрескен, жасы сексеннен асқанша аттан түспеген қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхаммед­ұлының ерлігі еш ұмытылмақ емес. Батыр жайында жазылған тарихи жырлар мен дастандар, ол туралы ел аузында аңызға айналған әңгімелер - сөзіміздің дәлелі. Батырдың көтерілістері туралы тарихи деректер мен жазбалар да жетерлік. Солардың басында И.В.Аничковтың "Қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлы" атты тарихи очеркі тұр. Әуелі Сыр бойында 1856-1857 жылдары бұрқ ете қалған Жанқожа батыр бастаған көтеріліс жайында деректер жинап, кейін очерк 1894 жылдың ақпан айының 18-і күні Қазан қаласынан жарық көреді.

Read more

«Арықбалық шайқасы» неге ескерілмеді?

 

Міне, тағы да бір жаңа жылдың алғашқы ап­тасын өткізіп те үлгердік. Диірменнің тасынша шыр айналған ғұмыр керуеннің әрбір сәті кірпік қаққанша тарих шежіресіне айналып жатыр. Күні кеше Тәуел­сіздігіміздің ширек ғасырлық мерекесін күллі ел бо­лып тойладық. Өлгеніміздің тіріліп, өшкеніміздің қайта жанғаны үшін Жаратқанға мың мәрте риза­шылы­ғымызды білдірдік. Ардақтыларымыздың есімін сескенбей еске алып, рухына құран бағыш­таған еркіндігімізге шүкіршілік жасадық. Бұл тұрғыда Қазалы ауданында да көптеген көңілге қоны­мды тір­ліктер жүзеге асқаны баршаға аян. 2014 жылы әулие әрі батыр Жанқожа Нұрмұхамед­ұлының 240 жыл­ды­ғы республикалық деңгейде аталып өтілді. Кент­тен өткен жылы Тәуелсіздік стелласы, Жалаңтөс баһадүр мавзолейі, Асандар көтерілісі құрбандары, Бегім анамызға сәулетті ескерткіштер бой көтеріп, соңы ұлағатты шараға ұласты.

Read more

Өркениеттің тұрағы - кітапхана

 

Заман көз ілеспес жылдамдықпен дамып, өзгерсе де, білім мен ақыл-ойдың қайнары - кітап мәңгі. Ал, өрке-ниеттің түпкі тұрағы кітапхана – әлемдік деңгейдегі ру-хани, мәдени, тарихи, ғылыми құндылықтардың орда-сы. Бүгінгі таңда ширек ғасырлық мерейтойын сал-танатпен қарсы алған Қазақстан Республикасында түрлі деңгейдегі және әр саладағы кітапханалар жетерлік. Соның бірі - Сыр өңіріндегі іргелі оқу орны Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғы-лыми-техникалық кітапханасы.

Read more

Орны бөлек Орынтаев

 

1979 жылдың көктемі болатын. Нұрадин досым екеуміз облыстық жарыстардан бірінші орындарды жеңіп алып, республикалық жарысқа жолдама алдық. Алматыда А.Жұбанов атындағы музыка мектебінде өтеді екен. Ол кезде гран-при деген жоқ, бірінші орынды Талғат Орынтаев деген өзіммен қатар қара домалақ бала алды, ал маған екінші орын бұйырды. 1983 жылы Қызылорда музыкалық училищесінің 3-курсында оқимын, іріктеуден сүрінбей өтіп, Семей қаласында өтетін республикалық, музыкалық учили­щелер арасындағы конкурсқа жолдама алдым. Семейге келіп, берілген жатақханасына жайғаса бер­генім сол еді, өзіммен шамалас екі жігіт кіріп келді. Заттарын қоя сала дереу шығып кетті. Сәлден соң әлгі жігіттердің бірі қайта келіп:

Read more

Өнердің Сұлтаны

 

 

1980 жылы Қы­зыл­орда музыкалық училищесіне түстім. Жанымда музыка мектебінен бірге келе жатқан достарым Нұраддин, Алмат бар. Сабақты жақсы оқы­дық, жарыса жү­ріп дайында­латын­быз. Училищеміз жаңадан ашылғасын ба, 80-жылдары консерватория бітірген жас мамандар көптеп келе бастады. Студенттік оркестрде Нұраддин досым екеуміз прима аспабын тартамыз, ол екінші, мен бірінші прима. Оркестр репертуары жұтаңдау. Шығармалардың көбісін жатқа тартамыз. Оркестрге келген жас дирижерлардың барлығын сынап көретінбіз. В.А.Моцарттың "Түрік маршы" шығармасының ортасындағы вариацияларды примашылар орындайды, яки біз. Сол вариацияны Нұраддин екеуміз құлақ тұндырар "кіші секунда" интер­валында тартамыз. Дирижерлардың барлығы дерлік ешқандай ескерту жасамайтын. Бірде оркестр дирижерлауға жас мұғалім Сұлтан Қожахметов келді. Ірі денелі, толықтау ұстазы­мызды менсінбей отырмыз. Кезек Моцарттың "Түрік маршына" келді. Нұраддин екеуміз баяғы әдетімізге басып, вариацияны енді бастай бергенде оркестрді кілт тоқтатқан Сұлтан ағай: "Тоқжанов, сенің мықты технарь екеніңді білеміз, бірақ мына вариация до-дан емес, до диезден басталады" деп, менің қай нотадан орындаға­ным­ды анық айтып берді. Шошып кеттім. Ор­нымнан ұшып тұрып: "Ағай, кешіріңіз, енді қайталанбайды",- дедім.

Read more

ҚОМШАБАЙ СҮЙЕНІШТІҢ КӨРКЕМ ПУБЛИЦИСТИКАДАҒЫ ҚОЛТАҢБАСЫ

 

 

Сыр өңірі журналистикасында өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленген, қайрат­керлік бітім-болмысымен жарқырай көрін­ген аға буын жайында сөз қозғағанда, "Сыр бойы" газетінде әр жылдары жемісті қыз­мет атқарған қарымды қаламгерлер Асқар Тоқмағам­бетов­тен бастап Сүлеймен Сейі­тов, Сақтапберген Әлжіков, Сейіл Боран­баев, Зейнулла Жарқын­баев, Жақсылық Түменбаев, Ұзақ Бағаев, Қалқабай Әбе­нов, Мырқы Исаев, Нұрділда Уәлиев, Шәки­зат Дәрмағамбетов, Сақтаған  Есма­ха­нов, Қомшабай Сүйеніш, Ақберген Ержан, Әділхан Бәйменов, Асқар Кіребаев, Құттыбай Сыдықовтар еске оралады. Әр­қай­сысының журналистік жолы көзі қа­рақты оқырманның көз ал­дын­да өтті, бірі журна­листиканың жолын­да тер төксе, бірі жа­зушылыққа бет бұрды, енді бірі ақындықты таңдап, ішкі шерін поэзияға ақтарды.

Read more

Қазақтың Қомшабайы

 

Биыл Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі ақын, жазу­шы, драматург, Халықаралық "Алаш" сыйлығының иегері Қомшабай Есіркепұлы Сүйеніш 80 жасқа толды. Әдебиет табал­дырығынан поэ­зиясы арқылы аттаған қаламгер кейін қара сөздің майталман шебері ретінде танылып, қаламынан прозалық, драма­тур­гиялық шығар­малар туып, оқырманының жүрегінен жол тапты. Артына өшпес рухани мол мұра қалдырған Қомшекең талантты шәкірттер тәр­бие­леп, әдебиет өлкесіне тұсауын кескен ұстаз да еді. Оның қара­пайым­д­­ылығын, жана­шырлығын, ұлтжан­дылығын көзі көргендер Әскер­бек Рахымбекұлы, Айжарық Сәдібекұлы, Махмұтбай Әміреұлы, Қайырбай Зәкірұлы Болашақ университетінде өткен еске алу кешінде айтып берді.

Read more

Іздеу

Сауалнама

Бүгінгі күні оқушылар мамандықты қалай таңдайды?

Ата-анасының қалауымен - 60%
Өз таңдауына сүйенеді - 0%
Гранты бар мамандықтарға барады - 0%
Көпшілік таңдауына мән береді - 10%
Шет аймақтардағы ұпайы аз мамандықтарға беттейді - 30%

Дауыс саны: 10
The voting for this poll has ended on: 17 Қаң 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.