Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

15 Желтоқсан 2016

АЙҚОЖА ИШАН МЕН КӨКЕН БАТЫР

 

Елі мен жерін қорғап, құрметті атаққа ие болғандардың бірі – Көкен батыр Назарұлы. Ол қазіргі Қызылорда облысының Жаңақорған атырабында 1775 жылы туып, 1863 жылы сексен сегіз жасында қайтыс болған. ХІХ ғасырдың ортасында Сыр бойындағы Бұхар, Қоқан хандықтарының езгісіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысқа белсене араласқан тарихи тұлға. Оның осы жауынгерлік ерлігінің ең үлкен маңызы - Қоқан хандығына қарсы Қазақстанның оңтүстігінде барынша шиеленісті сипат алған 1853-1861 жылдардағы көтерілісте Түркістан төңірегіндегі ру-тайпалардың батырлары мен билерінің, рубасы ақсақалдарының ұйғарымымен Қарабас сұлтанның кіші ұлы Көшек ханның шөбересі Әликенді хан сайлауға ықпал жасауы еді. Осы кездегі өзі шау тартқанымен елдің бірлігіне ұйытқы болған Көкен батырдың бұл әрекеті «бас-басына би болған» сеператистік пиғылдан туған жоқ, берекесі қашқан елге басшы іздегендік болатын.

Әлікеннің хан сайлануы Түркістан төңірегінде өрбіген көтеріліске ұйымдық сипат береді. Оның қарамағындағы елдің және әскерінің негізін құраған ру болғандықтан Әликенді кейбір деректерде қоңыраттардың ханы деп те атайды. Ханның кейінгі тағдыры әзірге белгісіз. Мүрдесі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерленген.

Read more

ҮБІС БИ

 

Сыр өңірі, Арал аймағы – қазақ даласына қашанда құтты қоныс, шырайлы мекен бола білген жер. Тарихтың қай бетін парақтасақ та, Сыр өңірі Қазақ даласында құрылған хандықтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлес қосты. Ежелгі кезеңде-ақ қала салу ісі қолға алынып, көшпелі мал шаруашылығымен қатар егін егу ісі дамыған өлке болатын. Орта ғасырларда Ұлы жібек жолының «Дала жолы» бағытында қалалардың жандануы көрініс тапса, Сырдың сол қанатында антикалық кезеңдерде дамыған «Шірік рабат мәдениеті», «Жеті асар мәдениеті» өз кезегінде мыңжылдықтарға созылып, айрықша мәдениет үлгісін қалап кетті. Оған себепші тіршілік нәрі – су көзі болатын.

Read more

ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ТҰҒЫРЫ

 

Журналистік өмір мені қай қиырға, қай ортаға апармады дейсіз. Мен баламен бала болдым. Жасөспірімдердің сырымен бөлістім. Есейдім, үлкендермен иық тіресіп өмір, қоғам жайлы ой бөлістім. Әскер қатарындағы сарбазбен бірге жаттығу алаңдарында болдым, ел асып, сырт мемлекеттерге сапар шектім. Ел басшыларымен сұхбаттастым. Қысқасы, қоғамдық өмірдің барлық саласында қалам тарттым. Солармен бірге өмір сүрдім. Екі қоғамның ортасындағы өліара шақты да бастан кештім. Санама сіңген қоғамдық формациядан өтіп, екінші бір тәуелсіз елдің алғашқы тәй-тәй басқан қадамдарына куә болдым. Жан дүниеңді, сеніміңді өзгерту қиын екен. Өң мен түстің ортасында жүріп, мен үшін өмірімнің мәні болған журналистік мамандығымды жалғастыра бердім. Өзім де мәнді түсіне алмай жүріп, өзгеге нақты түсіндіре алу үшін барымды салдым, іздендім. Міне, осылай жан дүнием қайта жаңарып түледі. Ата-бабадан қалған асыл қасиет - сөзі мен жолын бағдаршамдай ұстандым. Алматыдан туған жерге Сыр еліне оралдым. Кеуде сарайым ашылып жүре берді… Ел тарихы, адамдар тағдыры, туған жердің ашылмаған сырлары мені елітіп, өзіне тарта түсті. Мен тарих тұңғиығына ендім де кеттім.

Read more

АРМАНЫ АСҚАҚ АЙНҰР

 

1993 жылы Қызылорда музыкалық училищесіне, қобыз-примаға биязы мінезді, әдеміше қыз оқуға түсті. Сабақ үлгірімі өте жақсы, барлық іс-шараларға атсалысатын, облыстық, республикалық сайыстарда жүлдегер атанып жүрген әлгі қыздың болашағынан үлкен үміт күтетінбіз.

Айнұр Әбжәмиқызы Тілеулиева 1977 жылы 26 ақпанда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аманөткел елді мекенінде дүниеге келген. Барлық балаға тән ән салып, би билеуді ұнататын Айнұр 1993 жылы Қызылорда музыкалық училищесіне қобыз-прима класына оқуға түсті. 1995 жылы Алматы қаласында өткен Абай Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойына арналған жас орындаушылардың ХVІІ республикалық конкурсында дипломант атанды.

Read more

БЕДЕЛІ БИІК БЕКАЙДАР ЕДІ

 

1981 жыл. Музыкалық училищенің екінші курсын бастағалы жатырмыз. Әдеттегідей бірінші қыркүйек үлкен жиналыспен басталып жаңа оқуға түскендер мен жаңадан келген оқытушыларды таныстырады. Кеудесіне консерваторияны бітірген белгіні таққан, орта бойлы мұртты кісіні «Бекайдар ағайларың» деп таныстырды. Бізге сұсты көрінді. Оркестр сабағын жүргізді, жаңа репертуар, жаңаша тәсіл. Бойымыз үйрене бастады. Жақсы кісі болып шықты. Кейін консерваторияны бітіріп келген жылдары ағамызбен жақын араластық. Қазақы мінезді, көңілі дархан даладай ақкөңіл ағамызға «аңызға» бергісіз әңгімелер еріп жүретін.

Read more

ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАЗАЛАНҒАН ЖАРҚЫН ҒҰМЫР

 

 

Жазықсыз жазаланған Нұрмағанбет Қосжанов шайырлар мен жыраулардың шығармаларымен қатар туыстас ағайын, дүлдүл шайыр Нұртуған Кенжеғұлұлының өлеңдерін оқып, даналығына ден қойып, әрқашанда өзіне аға, ақылшы-ұстаз тұтты. Оның науқастанып, төсек тартып жатқанына қынжылып, көңілін сұрап, өлеңмен сәлем хаттар жазып тұрған. Сол өлеңдерінің бірінде:

Нұртуған, сәлем жаздым саған бүгін,

Болмайды пенде санап өткен күнін.

Науқас деп есіткесін көптен бері,

Екі рет сәлем жаздым бұдан бұрын...

Бұл өлеңмен жазған сәлем хатында ауруыңнан жазыларсың, талай Пайғамбарлардың да қайғы-қасіретке ұшырап, Алла тағаланың рақымы тиіп, аман қалғанын мысалға келтіріп, ағаның көңілін демейді.

Read more

МҰСТАФА ШОҚАЙ ЖӘНЕ 1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСІ

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі басталған кезде Мұстафа Шоқай Ресей Мемлекеттік Думадағы мұсылман фракция жанындағы бюроға мүше болып, онда хатшылық қызмет атқарып жүрген еді. Сол күндері Түркістан өлкесінде болып жатқан төтенше оқиғаға байланысты патша жарлығын жүзеге асырудың заңдылығы мен мүмкіндігі және зардаптары туралы мәселе Мемлекет Думасының отырысында бірнеше рет қаралып, талқыланды. Ақырында көтерілістің себеп-салдарын тексеруге депутаттардан құралған арнайы комиссия құрылып, құрамына А.Ф.Керенский, К.М.Тевкелеев, аудармашы ретінде Мұстафа Шоқай және басқалары кірді. Олар Ташкентке, Самарқандқа, Андижанға және басқа қалаларға барып, халық көтерілісіне байланысты материалдар жинайды. Кейін А.Ф.Керенский Мемлекеттік Думаның мінбелерінен Түркістан өлкесінде болып жатқан оқиғаларды «орыс тарихының масқара беттері» деп сипаттады. Сөйтіп, патшалық Ресейге қарсы ой-пікірлер мен қозғалыстарды қолдап, бүкіл түріктілдес халықтарының арасында ерекше құрметке бөленеді.

Read more

Іздеу

Сауалнама

Бүгінгі күні оқушылар мамандықты қалай таңдайды?

Ата-анасының қалауымен - 60%
Өз таңдауына сүйенеді - 0%
Гранты бар мамандықтарға барады - 0%
Көпшілік таңдауына мән береді - 10%
Шет аймақтардағы ұпайы аз мамандықтарға беттейді - 30%

Дауыс саны: 10
The voting for this poll has ended on: 17 Қаң 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.