Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

25 Желтоқсан 2015

ТАҒДЫР ТАБЫСТЫРҒАН ҚОС ТҰЛҒА (Адамзаттың Айтматовы мен қазақтың Қалтайдың туған күніне орай)

 

Әлемде қанша халық болса, сонша тағдыр бар. Бір қаптан, бір саптан шыққанмен, егіздердің де, үшемдердің де тағдырлары тоқайласа бермейді. Демек, олардың тоғысуы өте сирек кездесетін құбылыс. Әңгіменің арқауына негіз етіп отырғаным, әлем таныған тұлғалар: адамзаттың Айтматовы мен қазақтың Қалтайы. Екеуін тоғыстырған олардың татымды таланттары мен бір-біріне ұқсайтын, бірін-бірі қайталайтын, толықтыратын тағдырлары. М.Әуезов: "Абайдай данышпанды танып білу үшін оның туып-өскен ортасын, ататек, туысын танып білмей болмайды",- деген екен. Жоғарыда аталған қос тұлғаларды танып-білуде ұлы жазушының осы айтқанын бағдаршам ретінде пайдаланғанымды зерделі оқырман түсінер.

Белгілі сыншы, Қазақстан Жазушылар Одағы-ның, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лау-реаты Сайлаубек Естайұлы Жұмабектің "Қалтай Мұха-меджан - Титан драматург" атты кітабында (Алматы: "Өнер" баспасы, 2007.) көрнекті компози-тор, ақын Кенен Әзірбаевтың "екі өркеші түйенің, екі емшегі биенің" дейтін қазақ пен қырғыздың, яғни Қалтай мен Шыңғыстың шығармашылық тығыз байланыстарының себептеріне тоқталады. Автор-дың келтірген уәждері - ұлы Мұхтардың оралымды ойларына саяды.

Сонымен екі тұлғаны: Шыңғыс пен Қалтайды табыстырған себептер, пәлсапа тілімен айтқанда, қажеттіліктен туындаған кездейсоқтықтар қандай? Біздің ойымызша, олар төмендегілер.

Read more

"Тарих қанмен жазылып, қанмен түзетіледі"

 

Дәл осылай артына сөз қалдырған қазақ әдебиетінің классик жазушысы Әбіш Кекілбаев дүниеден озды. Көзі тірісінде қадірін жете білмеген көзіқарақтылар осы күні қабырғасы қайысып, ақтық сапарға шығарып салды. Қадірінен, Фаризасынан айырылған қазақ бұл күні тағы бір арысын жоқтап қалды.

"Арлы адам - ең күшті адам. Өйткені, ол өткінші бақыттың, өткінші қайғының ырқына мойын ұсынбайды. Сондықтан да оның тағдыры қиын болуы, ауыр болуы мүмкін, өкінішті болуы мүмкін емес", - деп ой түйген Ә.Кекілбаев қазақты тағы да ойландырып кетті.

Read more

Бірегей сәулет өнері ескерткіштері

 

Сыр өңірі ежелден түркі өркениетінің алтын бесігі саналады. Сонау ежелгі сақ, ғұн, түркі дәуірінен жеткен қаншама тарихи-мәдени ескерткіштер осы қасиетті өңірде сақталған. Қазіргі таңда солардың бірегейі сәулет өнері ескерткіштері болып табылады. Сырдария ауданының аумағында орналасқан Сырлытам кесенесі және Қалжан ахун мешіт-медресесін ерекше атауға болады.

Сырлытам кесенесі. Кесенені алғаш рет 1960 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (жетекшісі С.П.Толстов) зерттеген. Қазіргі уақытта Сырлытам кесенесі Іңкәрдария ұжымшарынан 29 шақырым жерде орналасқан. Кесене ғимараты жоспарында шаршы пішінді, жақтарының ұзындығы шамамен 10 метр. Қабырғалары күйдірілген кірпіштерден (27х27х4,5 см және 23,5х12,5х4,5 см) қаланған, төбесі күмбезді. Кесененің бұрыштары пилястрлі болып келген кірпіштерден дөңгелек түрінде өрілген, олардың диаметрлері 40 см шамасында. Кіреберісі жебе тәрізді аркамен көмкерілген, қабырғаларында қуыстар сақталып, сылағында өрнектің іздері сақталған. Кесененің ішінде екі қатарға орналастырылған тоғыз бейіт бар. Ескерткіш 1985 жылы Қазақ КСР ҒА шешімімен реставрациядан (қайта жаңғырту) өткізілді. Қазіргі уақытта Құмтөбе басына орнатылған Сырлытамның беті шығысқа қарап тұр. Кесене Х-ХІІІ ғасырлармен мерзімделеді.

Қалжан ахун мешіт-медресесі. ХІХ ғасырда ІІ жартысында Ресей империясының Сыр өңіріндегі отарлау саясаты күшейді. Отарлаудың бір бағыты жасырын православиеге шоқындыру саясаты да жүргізілді. Оның дәлелі ретінде Сырдарияның бойына салынған орыс форттары: №1 форт (Қазалы), №2 форт (Қармақшы), №3 форттарда (Перовск) салын-ған православиелік шіркеулерді айтуға болады. Сол кездегі Орта Азиядағы Ташкент, Бұқара, Хиуа қала-ларындағы медреселерді бітірген қазақтар Ресейдің шоқындыру саясатына қарсы тұрды. Өздері тұрған ауылдарда жергілікті халықтың қаражатымен мешіт-тер мен медреселер көптеп салынды. Алайда, бұлар-дың көбісі сақталған жоқ. Қазіргі таңда Сыр өңірінде қалыпты сақталған Қалжан ахун мешіт-медресесі.

Read more

Өнерді құлай сүйген Әсия

 

1992 жылы Қызылорда музыкалық училищесіне жұмысқа орналастым. Жас маманмын, әлі ешкімді танып үлгірмегенмін. Сұлу да сым-батты, сыпайы бір келіншекті жиі көретінмін. Оқушы екенін, ұстаз екенін айыра алмай жүрдім, біреуден сұрауға өзімнен өзім ұяламын. "Өз әйеліме өзгенің көзі түседі-ау" деген ойдан ғана өзегім өртеніп қоя береді. Сондықтан өзгенің жанын жаралаудан барынша сақтанатынмын. Кейін танысып-білісіп кеттік. Оның да осы ұжымға келгеніне екі-ақ жыл болған екен. Әйел болса да, өсек-аяңмен шаруасы шамалы, баян аспабының ұстазы Әсиямен 2014 жылға дейін бір ұжымда жұмыс жасадық. Өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын, өз отбасының берекесін бәрінен жоғары қоятын осы бір келіншектің мінезі нағыз қазақ әйелдеріне тән қасиет сияқты болатын да тұратын.

Әсия Сейілханқызы Боранғұлова 1963 жылы 6 мамырда Маңғыстау облысы, Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. 1984 жылы Шымкент қаласының музыкалық училищесін баян аспабы бойынша, 1989 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызыл-орда педагогикалық институтының музыкалық факультетін бітіреді. 1988 жылдан мектепте ән-күй сабағынан дәріс берген Әсия 1990 жылы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжіне баян аспабы бойынша ұстаздыққа қабылданады. Қайнаған өнердің ордасына келген Әсияның күні бүгінге дейін қолынан аспабы түскен емес. Үнемі білімін ұштап жүретін ұстаз 2003 жылы кәсіби деңгейін көтеру мақсатында "педагог кадрлардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау" факультетінен өтеді. Бұған да көңілі тола қоймаған Әсия қайткенде де бала күнгі арманы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясына түсуді мақсат етеді. Жасының ұлғайғанына қарамастан қайсар да жігерлі келіншек ақыры арманына қол жеткізеді. Сөйтіп, 2007 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консер-ваторияны үлкен ұлы, талантты баянист Ғалымжан-мен бірге Әсияның өзі де бітірген болатын. Оқуға, білімді ұштап ғылым үйренуге адамның жасы кедергі бола алмайтынын Әсия тағы да бір дәлелдеген еді.

Әсияның консерваторияны бітіруін күткендей-ақ осы жылы Қызылорда қаласында алғаш рет облыстық филармониядан "Тұрмағанбет" атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі ашылады. Оркестрдің баяншылар тобының концертмейстері Әсия болады. Оркестр құрамында бірнеше қалалар мен мемлекеттерде концерттік сапармен болып, бірнеше фестивальдер мен конкурстарда оркестр жүлдегер атанады. Ұстаздық қызметте де Әсияның ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктері жетерлік. 2007 жылдан бері әр жылдарда өтіп тұратын әр түрлі республикалық конкурстардан Әсияның шәкірттері жүлдесіз оралған емес. 2007 жылы ІІІ ұлттық жастар Дельфилік ойындарының лауреаты, қола медаль иегері Перизат Есекеева Астанадағы өнер университетінде оқуын жалғастыруда. 2009 жылғы V ұлттық жастар Дельфилік ойындарының дипломанты Қарлығаш Қазмағанбетова - Әсияның мақтанышы. 2010 жылы VІ ұлттық жастар Дель-филік ойындардың лауреаты атанып, ІІ орынды иеленген Ғазиз Жұбанов 2012 жылы өткен ХХХІІІ жас орындаушылардың республикалық конкурсында үшінші орынды жеңіп, лауреат атанады. Қазіргі таңда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консервато-риясының студенті. Сондай-ақ Нұрлыбек Аманов, Әсет Пірназар да - бірқатар республикалық конкурс-тарда лауреат атанған колледж мақтаныштары, бүгінде Астана Алматы қалаларында оқуларын жалғастыруда. Ұстаз деген ұлық сөзге риясыз еңбек етіп жүрген Әсия сынды әріптесіме толағай табыстар мен зор денсаулық тілеймін.

Төлепберген ТОҚЖАНОВ

Read more

Жазба айтыстың жалаугері

 

2005 жылы облыстық мәдениет басқармасының бастығы Ж.Жонтаева Сыр бойының бірнеше өнерпазын Жетісу өңіріне концерт қоюға жіберді. Құрамында ақын Айдос Рахметов бар, небәрі төрт-ақ адамнан құралған осы "бригадамен" Сарыөзек ауданын түгелге жуық араладық. Алғашқыда "концертті қалай бастап, қалай аяқтаймыз?" деп абыржығанымызбен, киелі сахнада қай-қайсымыз да желпініп шыға келгеніміз рас. Міне, осы сапарда ақын Айдоспен жақынырақ танысудың сәті түсті. Көбіміздің бойымыздан көріне бермейтін көркем мінез, мәрттік, жомарттық сияқты қасиетке бай Айдостың ақындық, шайырлық, жыршылық өнері өз алдына бөлек тақырып. Өнерге кімдер келіп, кімдер кетпей жатқан мына заманда өнердің өз адамы болып қалу қиын-ақ. Өнерге адалдық, дәстүрге құрмет қанмен келетін қасиет қой.

Айдос Рахметов 1976 жылы 15 қыркүйекте Жалағаш ауданында дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің "Дәстүрлі жыр өнері" кафедрасын бітірген Айдос өнер жолын жыршы-термешіліктен бастап 1997 жылы Ш.Төлепова атындағы облыстық байқауда жүлдегер атанады. Ал, айтысқа алғаш рет 1988 жылы "Студенттер көктемі" фестиваліне қатысып, бас жүлде, осы жылы халық ақыны М.Көкеновтың 70 жылдығына арналған студенттердің облыстық айтысында бас жүлде, 1999 жылы Ә.Тәжібаевтың 90 жылдығына арналған "Жыр жүйрігі - Нарекең" атты студенттердің облыстық айтысында бас жүлдені жеңіп алады. 2003 жылы Шиелі ауданында өткен "Мен де ауылда туғанмын..." айтысында ІІ орын, "Жырлаймын мен Махамбеттей ерімді" атты ақындар айтысында І орын, Қазалы қаласының 150 жылдығына арналған "Тамыры терең, тарихы кенен Қазалы" атты ақындар айтысында бас жүлде, Байқоңыр қаласында өткен "Ұшқыр ойлар" атты аймақтық ақындар айтысында ІІІ орынды иеленеді. Осылайша үлкен тәжірибеден өтіп, өнерін ұштай түскен Айдос 2008 жылы "Аламан" айтысына қатысып, "Үздік ақын" номинациясымен марапатталады. Осы жылы Қызылорда облысы әкімінің жүлдесі үшін ұйымдастырылған республикалық "Сыр-Алаштың анасы" атты жекпе-жек айтысының бас жүлдегері атанады. 2009 жылы Сыр сүлейі Дүр Оңғар Дырқайұлының 150 жылдық мерейтойы аясында өткен "Барымды базар етейін" республикалық айтыста бас жүлдніе, 2010 жылы Арал күндеріне арналған республи-калық ақындар айтысында бас жүлдені жеңіп алып, шетел автокөлігін мінді.

2012 жылы Хиссамедин Сығанақи бабаға арналған республикалық және осы жылы өткен Бұқарбай батырдың 200 жылдығына арналған республикалық айтыстарға қатысып, үздік өнер көрсетті. 2015 жылы жеңістің 70 жылдығына арналған республикалық айтыста ІІІ орынды иеленді. Есімінен ат үркетін Ринат Зайытов, Айнұр Тұрсынбаева, Әсем Ережеқызы сынды көптеген айтыс ақтаңгерлерімен Айдостың айтысы Сыр жанкүйерлерінің есінде болар. Айдостың, Сыр бойы ақындарынан ерекшелігі (артықшылығы дер едім) айтысқанда Сырдың мақамдарын, саз-сарындарын пайдалануы. Әрине, ойлануға мүмкіндік беретін жай әуендер, жеңіл әндер немесе созылмалы саздар суырып-салмалыққа ыңғайлы екені түсінікті-ақ. Дегенмен қазақ күйлерінен бір мысқал да кем емес Сырдың мақам-саздарын насихаттауда Айдостың еңбегі зор.

2008 жылы Қазанғап атындағы Қызылорда музыка-лық колледжінде терме сыныбын ашуға мұрындық болғанмын, сонда ұстаздыққа Айдосты ұсынып едім, қателеспегеніме қуанамын. Айдос ақындықпен ұстаздықты ұштастырған азамат. Білімін арттыру мақсатында "Базар жырау шығармаларындағы педагогикалық идеялар" атты ғылыми диссертациясын сәтті қорғап, "Педагогика ғылымының магистрі" ғылыми дәрежесіне ие болды. "Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы" демекші, Айдостан дөреген дарынды шәкірттері облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың басын бермей, Сыр бойының мақтанышына айналуда. Сыр бойының көптеген жыршы-термешілеріне жыр бастаулар мен арнаулар жазып жүрген Айдос ұмыт бола бастаған жазба айтысты жандандыруы - бүгінгі күннің ең үлкен жаңалығы. Қазақтың қарапайым қара баласы, халқының қардарына қылған қызметіне ешкімнен марапат дәметпей-ақ еңбек етуде. Қадірлі дос, Айдос, еңбегің елеусіз қалмайты-нына, Алла ниетіңе беретініне кәміл сенемін.

 Т.ТӨРЕАХМЕТҰЛЫ

Read more

Абырой рухани және азаматтық болмысыңмен қалыптасады

Сәпен Аңсатовты білмейтін қызылордалық жоқтың қасы. Айтатын ойы нық, сөйлейтін сөзі тік келетін азаматпен тілдесе қалсаңыз, терең тұңғиыққа тап боласыз. Онымен әңгіме-дүкен құрғыңыз келсе, дайындықпен баруыңыз керек. Қоғамнан ойып тұрып орын алған, өзін көпке сыйлата білетін арда туған азамат жақында 75 жасқа толды. Әлі ширақ, айтары көп оны (өзі ұната қоймаса да) туған күнімен құттықтай отырып, журнал оқырмандары үшін сұхбатқа шақырдық.

- Сәпен Әбдіқадырұлы, қоғамда да, отба-сында да, сыйлас достар арасында да абыройы биік азаматсыз. Әдемі қартаю деген түсінікке қалай қарайсыз?

 - "Биік" деген мен үшін көтерме сөз. Абыройлы азамат деген атқа лайық болсам да, Аллаға шүкір деймін. Қара есімді сөзі орнықты, Алла сабыр қуатын берген марқұм болған нағашы ағам болған. Асығыстығым, қызбалығым бар. Осы мінезім сезіліп қалса жеңгең Қаншай: "Қара ағайға ұқсап қартайған дұрыс қой", - дейді. Жасы үлкендік те бір сын. Үнемі ел-жұрттың алдындасың. Пікір сұрайды, ой айтуыңа тура келеді. Жақында Астанада "Шалқар" радиосының "Елім менің" бағдарламасы аясында "Қазақ руханиятындағы ақсақалдықтың орны" деген тақырып бойынша Нұрмат Мансұровқа жарты сағаттық сұхбат бердім. "Ақыл-ойыңды тұнық ұстап, алдымдағы жасы үлкендерден не алдым, өмірдің қандай сабақтары болды, өзім кейінгіге не бере аламын?" деген сұрақтан алшақ-таған емеспін. Оқығаннан зердеме түйгендерімді балаларыма, немерелеріме, досыма, жолдасыма, реті келсе көп жиналған отырыстарда, қажеттілік туып жатса айтып жүремін. Зердеңдегі дүниені жиі қайталап айтып жүрсең ұмытылмайды.

 

Read more

БАҒЫТЫ БӨЛЕК, БЕРЕРІ МОЛ БАЙҚАУ ұлттық өнерге рухани дем берді

 

Сахна – киелі, сахна - құдіретті орта дейміз. Шындығында, өнер үнемі күрес, тартысты қажет етеді. Өнердің қазанында қайнап жүрген әншілер мен жыршылар бұл сөзімізді растайтын шығар. Әсіресе, өнер үшін күрес додалы байқауларда жиі кездеседі. Талантты болу Алла берген қасиет, ал талап үздіксіз еңбекпен келетінін ескерер болсақ, жырдың елі атанған Сыр елінде де талабымен төрге озған өнерпаздарымызбен мақтана аламыз. Абай Құнанбаевтың «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» деген тәмсілі қазаққа қасиет қонған ұлттық өнердің шексіз мүмкіндігін білдірсе керек. Дала берген табиғи дарыны мен көпке танылып жүрген жандар жетерлік. Дара өнердің жанашырлары, ұлттық мәдениетке мән беріп, ел рухын асқақтатуды мақсат еткен «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры жақында талабымен талайды таңқалдырып жүрген таланттылардың басын қосып, додалы ән байқауын өткізіп, елге рухани дем берді.

«Болар істің басына жақсы келер қасына» демекші, ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген қоғамдық қордың «Ән-жырым – ғұмыр-дариям» атты ән байқауы Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының қолдауымен өткізілгенін айта кету маңызды.

Мақсат айқын. Міндет белгілі. Бұл жолы да «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры отбасы құндылықтарын өскелең ұрпақтың жадына сіңіру, халқымыздың бай салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптейтін әндерді жаңғырту, жастарды рухани тәрбиелеуге ықпал ету, қоғамның отбасыға деген құрметін нығайтуды негіз етіп қойды. Байқаудың басты ұстанымы осы болды.

Ән додасына облысымыздың жоғары және арнаулы оқу орындарынан, облыс аудандарынан 16 мен 30 жас аралығындағы өнерпаздар қатысты. Орындалған әндер де көпшіліктің көкейінде жүрген туындылар. Әндердің басым бөлігі эстрадалық жанрда Қазақстан, халық композиторларының, жергілікті композиторлар шығармашылығынан орындалды.

Read more

Сығанақ – қазақ хандығының астанасы

 

 Сыр өңіріндегі мәдени-тарихи ескерткіштердің бірегейі - Қыпшақ хандығының, Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының, кейін Қазақ хандығының астанасы болған, екі мың жылдық тарихы бар Сығанақ (VІ-ХVІІІ ғғ.) қаласы. Сығанақ қаласының орны қазіргі "Сунақата" елді мекенінен солтүстік-батысқа қарай 2 шақырымдай жерде орналасқан бес бұрышты төбе, аумағы 20 гектардай жерді алып жатыр. Тіпті, кейінгі зерттеу мәліметтерінде Хан сарайының маңының өзі 30 гектардан астам екендігі, ал Сығанақ қаласының аумағы 309 га. екендігі анықталып отыр. Қала өмірі VІ ғасырдан ХVІІІ ғасырға дейін созылған.

Сығанақ туралы алғашқы мәлімет 982 жылы жазылған "Худуд ал-Алам мин ал-Машрик ила-л-Магриб" ("Шығыстан батысқа дейінгі әлем шекаралары") атты авторы белгісіз еңбекте "Сунах" атымен кездеседі. Х ғасырда өмір сүрген араб географы аль-Мукаддаси (Макдиси) Сығанақты "Отырармен кіндігі бір егіз қала" деп көрсеткен. Сығанақ пен Отырардың ара қашықтығы 24 фарсах (160 км). Ал, ХІ ғасырда қаланың Сығанақ деген атау атақты ғұлама, түркі тілінің маманы, ғалым Махмут Қашқаридың "Түркі тілінің сөздігі" деген атақты еңбегінде жазылған. ХІ-ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекетінің кезіндегі жазба деректердің барлығында қаланың аты жиі кездесіп отырады.

"Орта ғасырдағы Сығанақтың саяси тіршілігін, мәдениетін, ұлан байтақ базарын, қала құрылысын, үйлерін толығырақ жазған ғалымдар Шараффуддин Иазди, Фазулулла Ибн Рузбихан, - деп жазды ака-демик Әлкей Марғұлан. - Бұлардың баяндауынша, Сығанақ қыр даланың іргесінде әдемілеп салынған шаһар. Ескі дәуірлерде ол өте гүлденіп тұрған үлкен қаланың бірі болған. Бұл өлкенің жер байлығы елінің әдеп, мәдениеті көзге ерекше түскен. Сәулетті салынған шаһардың халқы да көп болған. Қаланың базарында күн сайын 500 түйеге артылған тауар сатылып отырған".

Моңғол шапқыншылығы кезінде қала толығымен қирап, тек ХІV ғасырдан бастап қайта қалпына келтіріліп, Сығанақ қаласы Ақ Орда мемлекетінің астанасы болады. Ақ Орда Темір әулетінің ықпалына енгеннен кейін ХV ғасырдың басына дейін Ұлықбек Сығанақты уақытша иеленеді, ал 1446 жылы Сығанақ Ұлықбектің күйеу баласы Әбілхайыр ханның (1428-1468) иелігіне көшіп, оны ол өз билігінде өмірінің соңына дейін ұстады және ХVІ ғасырдың басына дейін Сыр бойындағы қалалар Шайбан әулетінің иелігінде болды.

Read more

Қазақтың хандары мен ханшалары

 


Бүгiнгi күнге жеткен ғажайып аңыздардың бiрi - амазонкалар туралы аңыз. Бұл туралы тарихтың ата-сы Геродот та, Гиппократ та, Эфор да жазған. Олар-дың айтуынша, амазонкалар қазiргi Каспий мен Азау теңiзiнiң арасын мекендеген. Яғни, ертедегi сақтар-дың, әр түрлi түркi тектес тайпалардың мекенi.

Амазонкалар кiмдер? Бұл - әйелдер үстемдiк ететiн қауым. Тұрмыстық, саяси, елдiк мәселелердi де әйелдер шешкен. Елдi жаудан да әйелдер қорғаған. Әйелдер жорыққа кеткенде, еркектер малға, шаруашылыққа қараған. Амазонкалар садақ атқанда кедергi келтiрмес үшiн кiшкентай қыздың төсiн күйдiрiп тастаған. Бұл айғақтар ежелгi гректер, римдiктер, парсы, көне славян, көне түркi әдебиеттерiнде жиi кездеседi.

Еуропа ғажайып амазонкалардың батылдығын, ержүректiгiн насихаттаудан еш жалыққан емес. Кино да түсiрдi, зерттеулер де жүргiздi. Еуропалық салмақты ғалымдардың пiкiрiнше, амазонкалық ханшайымдар - қазiргi түркi тектес халықтардың кезiнде атағы жер жарған әйел-арулары.

Грек тiлiнде "амазонка" деген сөз "төсi жоқ әйел" дегендi бiлдiредi. Сонымен қатар бұл жөнiнде ғалымдардың ортасында мынадай да таласты пiкiр бар. Ұлы түрiк қағаны Елтерiс қаза тапқан соң (450 жыл), оның тағына Елтерiс қағанның әйелi Iлбiлге қатын отырады. Кейiнiрек Iлбiлге қатын "қаған" атанады. Халық Iлбiлгенi үлкен сүйiспеншiлiкпен Айман-Құмай атандырады. Iлбiлгенiң жолын қуған iзбасарларын (жауынгер қыздарды) "айманзатты" деп атайды. "Амазонка ұғымы мен осы "айманзатты" ұғымының түбi де, шығу тегi де бiр" деседi кейбiр ғалымдар.

Не десек те, ежелгi амазонкалардың жұрнағы, батыл да батыр, ержүрек, ақылды, дана, халқы үшiн, халқының мүддесi үшiн өрлiк пен ерлiктiң неше атасын көрсеткен қазақ ханшайымдары да тарихта аз болмаған. Бiз бүгiн соның бiр-екеуiне тоқтала кетелiк.

 

Read more

ҚАЙСАР МІНЕЗ. ҚАДЫМ СУРЕТКЕР

 

91 жастан асқан шақта қазақ әдебиетінің көзі тірі классигі Әбдіжәміл Нұрпейісов туған жеріне келді. Қызылордада кездесу өткізді, Аралда "Соңғы парыз" романының кейіпкерлері Жәдігер мен Бәкизатқа арналған композициялық ескерткіш белігісінің ашылуына қатысты. Ескерткіштің ашылу рәсімінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев "Дүние тұрғанша тұрыңыз, абыз Әбе аға",-деп, тебірене сөйледі.

Әбең туралы қаншама естеліктер жазылды. Шығарма-лары терең талданды, кейіпкерлері талай жанды тебірентті. Мінезі мен болмыс-бітімі жайында талай сыр шертілді. Біз бұл жолы оның шығармашылық характерін беретін қағаз бетіне түскен кей жолдарға кезек беріп отырмыз.

Сырт көзге суық көрінген Нұрпейісов селт ете қалмайтын сабыр мен өзінің ісі, мүддесіне дегенде үлкен жауапкершілікпен қарайтын сарабдал жан. Қайсар мінез иесі. Қадым суреткер.

Нұрпейісов  бүгінгі таңдағы қазақ өнерінің асыл көзі, өнегелі жолы, қым-қуыт, текетірес рухани майданымыз-дың бас жауынгері, кешегі ұлылардың алдын көрген, қолына су құйған, батасын алған соңғы могиканы!

Қаламгер бір құласа - қатты құлайды, бір тіксінсе - өмірі қайырылмайды. Қайсарлығы еменнің қаттылығы. Әуелде, бір көргенде жүзінің жылуы аз, сыздана сөйлегенімен, ішіне еніп, сыр бөлісе білсең, жан дүниесі құлаш жетпес жалпақ әлем. Бәрі де сыяды, бәрін де сыйғызады. Қолына алған шаруасын іс қылмай, жетем деген межесіне жетпей тыныштық таппайды. Өзін де, өзгені де аямайды. Әсіресе, кейіпкер мінезін сомдауда, кейіпкердің жан әлемін қозғауға келгенде  адам төзгісіз, қиямпұрыс тәжірибеге жүгінеді, соныдан із кеседі, көркем сөзден кесте тігеді.

Ә.Нұрпейісов романында ұлттық бояу, жарқын түр, түс жетерлік. Бірақ жазушыны алдымен адам тағдыры, өз халқының тағдыры толғантады. Ол өз кейіпкерлерінен тек қана адамшылық қасиеттер іздейді, ал ұлттық түр сол ортаны суреттеу үстінде өзінен-өзі жарасып шығып жатады. Сондықтан да оның кейіпкерлерінің үстінен дала гүлінің иісі шығады.

Сәбит Мұқанов үлкен бір алқалы жиында Әбдіжәміл Нұрпейісов жайында: "Менің қазақ әдебиетінде 20 жыл бойы күткен адамым енді келді", - деп көпшіліктен сүйінші сұрап, жар салған екен. Әбділда Тәжібаев та жылт етіп көрінген жас ақындарға батасын беріп, бағыт сілтеп жүруші еді. Бүгінде ондай жанашырлық та, бауырмашы-лық та азайып кетті. Биліктің тізгінін ұстаған азаматтар да руханияттан алыстаған. Қалай дегенде де ұлттың тұтқасы да, ұйытқысы да  жазушылар, ақындар, ғалымдар екенін, әрқашан оларға қамқорлық керек екенін мемлекет ұмытпауы керек. Билік пен интеллигенция тізе қосып, ынтымақтаса тірлік еткенде ғана елдің де, ұлттың да, тілдің де бағы жанады.

Read more

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 26 27
28 29 30 31      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.