Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

11 Желтоқсан 2015

«Қазақ елінің қуанышы үшін неге жырламаймын?!»

 

Күш атасы - жыққанда,

Сөз иесі - ұққанда.

Қолыңа алсаң домбыра,

Халықты бей-жай қалдырма, - деп келетін Нұртуған Кенжеғұлұлының "Жырауларға өсиет" атты жырын жастайынан жадына жаттап өскен Эльмира Жаңабергенова шайырдың сөзіне шаң жуытпай, өнегелі өсиетіне адал боп, қазақтың төл өнерін қызғыштай қорғаған күйі ұрпақ санасына жеткізуде үлкен еңбек сіңіріп келеді. Халықтың сүйіктісіне айналып, Елмұра есімін иеленген Эльмира Манасқызының Мемлекеттік Күзет қызметі Президент оркестрінде жетекші солист болып қызмет атқарғанына 20 жылдай уақыт болды. Бүгінде Қазақ Ұлттық өнер университе-тінің аға оқытушысы, өнертану ғылымының кан-дидаты, жыраулық өнердің заңды мұрагері. Қазақ-стан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері.

Елмұраны жақында Сыр еліне келген сапарында жолықтырдық. 27 жыл бойы қазақтың төл өнерін алыс-жақын шетелге танытып, ұлттық қасиеті-мізді ұлықтап жүрген ол 25 желтоқсанда жеке шығармашылық концертін Астананың төрінде бермекші екен. Әлімсақтан бергі қарайғы ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізді насихаттауды мақсат тұтқан журналдың оқырмандары үшін Эльмира Жаңабергенованы қуанышымен бөлісіп, сұхбат құрғанды жөн санадық.

Read more

Сығанақ – қазақ хандығының тұңғыш астанасы

 

Сыр өңіріндегі мәдени-тарихи ескерткіштердің бірегейі - Қыпшақ хандығының, Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының, кейін Қазақ хандығының астанасы болған, екі мың жылдық тарихы бар Сығанақ (VІ-ХVІІІ ғғ.) қаласы. Сығанақ қаласының орны қазіргі "Сунақата" елді мекенінен солтүстік-батысқа қарай 2 шақырымдай жерде орналасқан бес бұрышты төбе, аумағы 20 гектардай жерді алып жатыр. Тіпті, кейінгі зерттеу мәліметтерінде Хан сарайының маңының өзі 30 гектардан астам екендігі, ал Сығанақ қаласының аумағы 309 га. екендігі анықталып отыр. Қала өмірі VІ ғасырдан ХVІІІ ғасырға дейін созылған.

Сығанақ туралы алғашқы мәлімет 982 жылы жазылған "Худуд ал-Алам мин ал-Машрик ила-л-Магриб" ("Шығыстан батысқа дейінгі әлем шекаралары") атты авторы белгісіз еңбекте "Сунах" атымен кездеседі. Х ғасырда өмір сүрген араб географы аль-Мукаддаси (Макдиси) Сығанақты "Отырармен кіндігі бір егіз қала" деп көрсеткен. Сығанақ пен Отырардың ара қашықтығы 24 фарсах (160 км). Ал, ХІ ғасырда қаланың Сығанақ деген атау атақты ғұлама, түркі тілінің маманы, ғалым Махмут Қашқаридың "Түркі тілінің сөздігі" деген атақты еңбегінде жазылған. ХІ-ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекетінің кезіндегі жазба деректердің барлығында қаланың аты жиі кездесіп отырады.

"Орта ғасырдағы Сығанақтың саяси тіршілігін, мәдениетін, ұлан байтақ базарын, қала құрылысын, үйлерін толығырақ жазған ғалымдар Шараффуддин Иазди, Фазулулла Ибн Рузбихан, - деп жазды ака-демик Әлкей Марғұлан. - Бұлардың баяндауынша, Сығанақ қыр даланың іргесінде әдемілеп салынған шаһар. Ескі дәуірлерде ол өте гүлденіп тұрған үлкен қаланың бірі болған. Бұл өлкенің жер байлығы елінің әдеп, мәдениеті көзге ерекше түскен. Сәулетті салынған шаһардың халқы да көп болған. Қаланың базарында күн сайын 500 түйеге артылған тауар сатылып отырған".

Read more

Сырдың домбырашы Сәулесі

 

1997 жылдың маусым айы болатын. Түс кезінде үйіміздің есігі қағылды. Есік алдында көкшіл көзді бейтаныс әйел, қасында тұлымшағы желбіреген кішкене қыз, қолында домбырасы бар. Төрге оздырып шай бердік.

- Шиелі ауданының Төңкеріс ауылы-нанбыз. Музыкалық колледжге талапкер едік, қалада танысымыз жоқ. Сізді талантты балаларға көмектеседі дегенді естіп келіп едік, - деді.

- Сонда қызыңыз талантты ма?- дедім.

- Иә, талантты,- деді өзін Дәнегүл деп таныстырған, тағдыр тауқыметін көп көрген сабырлы әйел нық сеніммен.

- Ал, кәнекей, талантыңмен тамсандыра ғой,- дедім әзілдеп. Саусақтары жүйрік кішкене ғана қыз, шынында да тәуір домбырашы болатынына сендіріп-ақ тұр. Дереу пианиноның қақпағын ашып жіберіп, есту, есте сақтау қабілетін, ырғақты сезінуін тексердім, жап-жақсы. "Қолымнан келгенінше көмектесемін" деп уәде бердім.

Қыз оқуға түсті. Дәнегүл апамыз рахметін жаудырып кете барды. Тамыз айының соңғы күндерінің бірінде Дәнегүл апамыз әлгі кішкене қызымен есік алдында тұр. Шошып кеттім.

- Апа, қызыңыз оқуға түспей қалды ма?- дедім сасқалақтап.

- Жо-жоқ, түсті ғой, түсті...

- А-а онда үйге кіріңіз,- дедім.

"Мектепте мұғалім едім" деп бастады әңгімесін Дәнегүл апамыз. Бес баланы өсіріп тәрбиелеп келемін, ер-азаматсыз әрине, өте қиын екен. Мына қызым үйден шығып көрмеген еді, жатақханада қиын болатын шығар, сенің үйіңде жатып оқыса, қалай болады?- деді.

- Жарайды апа, тек ескертіп қояйын, осы үйде барды ішіп-жейді, артықша ілтипат көрсете алмаймын,- дедім. Өзімнің үш балам, (ол кезде үш бала болатын) әлгі қызбен төртеуі асыр салып ойнағанда, үйім көшіп кете жаздайтын. Сөйткен кішкене қыз бұл күні Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінде республикаға белгілі бірнеше лауреаттарды тәрбиелеген бірінші санаттағы ұстаз.

Read more

Асанәлі асқан асулар

 

2000 жылы Қазанғап атындағы Қызылорда музы-калық колледжінде алғаш рет гобой класы ашылды. "Құрманғазы атындағы консерваторияны бітіріп кел-ген жас маман қызылордалық екен" деген әңгіме-лерді естіп жаттық. Бір күні "ассалаумалейкум" деп жылы жүзді жас жігіт амандасты. "Інім, танымадым" дегеніме, "мен Бұрханның баласымын ғой",- деді. Сол мезет көз алдыма екі көзі тостақандай, ылғи жымиып жүретін, қолынан кішкене ғана қылқобызын тастамайтын ақсақал келе қалды.

1992 жылдан бері облыстық, республикалық мерекелік іс-шараларда Бұрхан ақсақалмен жиі кездесіп тұрдық. Мені бұрыннан танитындай елпілдеп келіп амандасып, іші-бауырына тарта әңгімелесетін. Үлкеннен мұндай ілтипат көрмеген мен тосырқап қалатынмын. Сөйтсем, мені шыны-мен-ақ сыртымнан жақсы танитын, өнер десе ішкен асын жерге қоятын Бұрхан ақсақал өзі де бесаспап музыкант болып шықты. Домбыра, қобыз, баян, гитара, скрипка, мандолин аспаптарын бір кісідей меңгерген Бұрханның бірнеше әндері мен күйлері де бар екен. Өнерге жан-тәнімен берілгені сонша, алты баласының алтауын да өнерге баулыған. Алты баласы да Құрманғазы атындағы консерваторияны бітірген. Міне, бұдан артық Бұрханның өнерге берілгендігі жайлы не айтуға болады?! Меніңше, бұл балаларының барлығы консерватория бітірген қазақ еліндегі жалғыз шаңырақ сияқты. Ертеңіне кешегі амандасқан жас маманды, Бұрханның баласын іздеп барып қайта танысқанмын.

Read more

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі

 Ұлтымыздың басқыншылыққа, отаршылдыққа қарсы азаттық күресі ХVІІІ ғасырдан бастау алады. Үш жүздің басын біріктірген Абылай хан өлгеннен кейін, патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясаты қарқынды жүзеге асты. Еділ мен Жайық арасын Бөкей ханға беріп, империяға тәуелді Ішкі Орда деп аталатын қуыршақ мемлекеті құрылды. Абылайдың баласы Уәлиханның билігін әлсірету мақсатында Орта жүзде Бөкейді хан сайлады. Патшалық Ресейден шен алған сұлтандар мен төрелердің кейбір тобы орыстармен бірлесе отырып, қазақ халқын талан-таражға ұшыратты. Осы орайда сол дәуірдің билеушілері жайында Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханұлы "қазақтың ханда кеткен ақысы бар" әділ бағасын берді.

ХІХ ғасырдан бастап қазақ жерінің батысынан солтүстігіне қарай орыс бекіністерін салу арқылы қазақ халқының жайылымдық жерлерінің ауқымын тарылта бастайды. Нәтижесінде қазақ рулары арасындағы көшіп-қону дәстүрі бұзылып, мал жайылымдарына күрес басталды. Сондай-ақ, қазақ жеріндегі хандық билікті түпкілікті жоюға кірісті. Ал, елдің оңтүстік үстінде Қоқан, Хиуа хандықтарының шапқыншылықтары салдары-нан жергілікті халық аяусыз қаналды. Бірақ қазақ мемлекетін жоңғарлар да, Орталық Азия хандықтары да толық күйрете алмады. Ел басына төнген осындай қиын-қыстау заманда тарих төріне Абылайдың немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары шықты. Оның өмірі аттан түспей күреспен өткені белгілі. Оған 1908-1915 жылдар аралығында Ташкенде Ресей соғыс істері министрі А.Н.Куропаткиннің тапсыруымен полковник А.Г.Серебреньеков "Туркенстанский край сборник материалов для историй его завоевания" деген атпен шыққан 14 томдық құжаттар жинағының алғашқы бес томында Кенесары хан бастаған қозғалысқа қатысты 176 құжаттың жарық көруі дәлел. Егер алғашқы кезеңде дайын-далған осы еңбектер болмаса бұл азаттық қозғалыстың шынайы ғылыми бейнесін жасау бізге қиынға соққан болар еді (М.Қойгелдиев. "Ұлттық саяси элита, қызметі мен тағдыры (ХVІІІ-ХХ)" зерттеулер. Алматы: Жалын баспасы, 2004 ж. 400, 500 бет).

Read more

Қызылқұм көтерілісі

 1929-1931 жылдар аралығында Қазақстан жерінде ұзын саны екі мыңға жуық халық толқулары болып өткен. Бірқатар толқулар асқына келе Кеңес өкіметіне қарсы қарулы көтерілістерге ұласқан. Бұл көтерілістердің негізгі себептері - ауыл шаруашы-лығын күштеп ұжымдастыру, орташаларды, кейде тіпті кедейлерді де "кулактар" қатарына жатқызу, жұртты мал-мүліктерінен айыру және дінге тыйым салу еді. Кеңес өкіметінің осындай авантюристік шараларына наразылық білдірген ел амалсыздан бас көтере бастаған. Әсіресе, Қызылорда, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында жаппай бас көтерулер мен толқулар орын алды. Қызылорда аймағының өзінде отызыншы жылдардың бас кезінде оннан астам қарулы ірі көтерілістер болған. Бұл көтерілістерге "антикеңестік" деген баға берілген жоқ, Кеңес өкіметі оларды "банда" қатарына жатқызып, қылмыстық кодекстің аясында аяусыз жазалады. Тергеу істерін "Ақмырза бандасы", "Калетов бандасы", "Иімбетов бандасы" деп атаған. (Бұл тізімді әрі қарай жалғастыра беруге болады).

Осындай қара тізімге ілінген көтерілістердің бірі - Қызылқұм көтерілісі. Оның себебі мен сипаттары да сол - халықты зорлық-зомбылыққа ұшыратқан сталиндік ұжымдастыру, күштеу арқылы жүргізілген ет даярлау салығы мен шаруалар арасында өткізілген түрлі науқандар. Оған дәлел, 1931 жылы 6 сәуірде Шымкенттегі Біріккен саяси Бас басқармасының (ОГПУ) қозғаған №474 санды архивтік тергеу ісі. Осы іс бойынша жиналған деректерге қарағанда, көтеріліс 1930 жылы наурыз айының басында басталған. Қызылорда аудандық ВКП(б) ұйымының тапсырмасымен, қаруланған және төтенше шара қолдануға құқылы он уәкіл №29 және №30 ауылдарға келіп, халық мысқылдап "белсенділер" дейтіндермен бірігіп, "байлар мен жартылай феодалдардың" тізімін құрастырған. Сөйтіп, тізімге кірген шаруалардың малдарын еріксіз ала бастаған. Бұл тергеу ісіне байланысты жауап берген Ордабай Шамшенов болған жағдайды былай деп, мәлімдеген: "Сегізінші наурызда ауылымызға ет даярлау уәкілдері келіп, маған отыз бас қой өткізесің" деді. Мен айтқан қойларын өткіздім. Кейіннен олар қайта соғып, "тағы отыз қой өткізесің" деді. Бірақ өткізген қойлардың ақшасын бермеді. Уәкілдердің түсіндіргені "алдымен үкіметке беретініңді анықтап, соған тиесілі ақшаны ұстап қаламыз. Егер де содан артылса береміз, ал артылмаса саған ақша жоқ" деді.

Read more

Ұрпақтар сабақтастығын түзген басқосу қоғамға қозғау салды

 

"Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын. Немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын. Дәмді, дәстүрді білмейтін балалар өсіп келеді".

 Иә, қазақтың біртуар батыр ұлы Бауыржан Момышұлының сүйекке бататын дәл осы семсердей сөзі қоғамға қозғау салатын ашық мәселе болып отырғаны шындық. Келісеміз, қазақ әлімсақтан өрелі тәлімге, отбасы ошақ басындағы тәрбиеге терең мән беретін халық. Оған ата-бабамыздың жүріп өткен сан тараулы тарихы куә. Ақыл айтудан аулақпыз. Дегенмен, бүгінде ұлттық тәрбиенің тамыры ажырап бара жатқан секілді. Неліктен? Себебін білмекке ұмтылған біздерге аға буын өкілдерінің жауабы бір. Жаһанданудың жаңғы-рығымен келген жат дүниелер ұлттық тәрбиеге сызат түсіріп жатыр. Пікірлер алуандылығы дерсіз, алайда сан қилы пікірлер ортақ мақсат, байыпты бастаманы талап ететін секілді. Ұлы дала елінің ұлттық рухын оятып, қазаққа қозғау салып жүрген "Руханиятты жаңғырту" қоғамдық қоры "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институтында аға буын өкілдері мен кейінгі толқын жастардың басын қосып, "Отбасындағы әке институтын дамыту" тақырыбында қоғамдық тыңдау өткізді. Өрнектеп, әспеттегеніміз емес, қоғамдық қордың бұл шарасы темірді қызған кезде жасалған жиын болып отыр. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен Қызылорда облысының "Азаматтық Альянсы" қауымдастығының қолдауымен өткізілген қоғамдық тыңдауға есімі елге белгілі атбел азаматтар жиылды. Жай жиылған жоқ, ұлттық мәселенің мәнісіне үңілді, көкейге түйгендерін жастармен бөлісіп, ұлтты ұйыстыратын ұтымды ұсыныстарын жеткізді. Шараға шақырылған Қазыбай Құдайбергенов, Жұмакүл Құдиярова, Сайлаубай Әбішев, Гүлсайран Жұмашова, Райымбек Шоқатаев, Бақытбек Құлтанов, Бағымкүл Адамбаева, Әмірхан Бәкірұлы, Жұмабай Омарұлы, Қаршыға Есімсейітова, Жүзбай Таңрықбаев, Сәкен Серікбаев, Сәуле Жақанова сынды басқосудың құрметті қонақтары отбасындағы әкенің рөлін дамыту жайында ой бөлісті. Басқосуда "Ақмешіт" институты мен Қызылорда көп сала-лы гуманитарлық-техникалық колледжінің ұстазда-ры мен білім алушылары белсенділік танытты.

 

Read more

Кімді сайлаймыз?

 Екеуі де қысқартуға ұшыраған, жұмыссыз жүргендеріне біраз уақыт болған кісілер еді. Екеуінің де үйдің іргесінде, көлеңке бетте тұрғандарына бірталай уақыт болды. Әуелі халықаралық жағдайлар, әлемдегі саяси оқиғалар айтылды. Бірте-бірте заман қиыншы-лығы, өз мұңдары, бала-шағаның қамы, мал-текесінің жайы сөз болды.

- Ау, естімедің бе? Ауыл мен аудан әкімдерін халық сайлайтын болыпты ғой,-деді қозы қарынды ұзын сары.

- Кім айтты? - деді қысық көз, тапалтақ қара қазан басындағы кепкесін желкесіне қарай ысырып қойып.

- Қалаға барып келгендер айтып жүр ғой. Кеше қаладан келген Бітеубайдың қатынынан естіген жаңалығым бұл, - деді ұзын сары.

- Біздің ауылға кімді әкім сайлайды екен? - деді тапалтақ қара.

- Бұрынғы әкіміміз де жарайды ғой. Осы бала да жақсы жұмыс істеп жүр. Жаңа әкім нені қарық қылады дейсің? - деді анау.

- Жоқ, әкімді жаңадан сайлау керек. Ауылда әкім болатындай кім бар өзі?

- Ана мұғалім бала қалай? Институт бітірген жоғарғы білімді, сауатты, білімі де, білігі де ел басқаруға жетеді.

- Ой, оны қойшы. Ел басқарып әкім болу оңай деймісің, балаларға сабақ бергенмен бірдей көрме оны. Әкім адам ананы-мынаны, алыс-берісті білуі керек. Алдындағы он шақты баланы оқытып жүрген мұғалімнің қолына ондай болу келмейді.

- Ендеше мына қожалықтың төрағасы Қожаш қалай?

- Оның  да жөні келмес, мінезі жаман, іздейтіні төбелес. Өткенде айтқанымды істемедің деп қарамағындағы қарауылды сабап тастапты. Ондай мінезбен төраға әкім бола алмайды.

- Онда ана Нәзош ше?

- Осы заманда қатынға ел басқартып не көрінді? "Қатын басқарған ел оңбас, ешкі бастаған қой оңбас" - деп аталарымыз бекер айтқан деймісің.

- Тап осы әкімдікке Жақып ыңғайлы, бітіргені техникум болғанмен ол бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін алатын пысық. Өзі азғантайдан бастаған кәсібін дөңгелетіп әкетті.

- Оны қой, сен де қайдағыны айтады екенсің. Бүкіл ауылдағы жапал руын жалғыз үй қожбанға билетейін деп пе едің? Оның үстіне Жақып әкім болса, ауылыңды бір күні қытайға сатып жібереді.

Ұзын сары ойланып қалды, айтқан кандидатура-ларының өтпей қалғанына тосылып қалған жайы бар. Бұған қарсы айтқан тапалтақ қараның уәжі мықты, таласуды қажет етіп тұрған жоқ.

- Мына Сейтен қалай? Екеуміздің де туысымыз, бұл әкім болса, жағдайымыз да жаман болмас еді. Не дегенмен ағайынымыз ғой, - деді ұзын сары.

- Сейтеннің бір қисайса, түзелуі қиын. Сонан соң өзінің бас пайдасын білмейді, бір езулеп кетіп орға жығылғанда ғана есін жинайтын ондай ақкөз әкім бола алмайды, - деді тапалтақ қара.

Манағыдан бері ауылға әкім сайлай алмай бастары қатып тұрған екеуді үйден шыққан толық қара қатын көрді де, қолын көтеріп, айқайлады.

- Ей, сен түскі тамақты ішпейтін ба едің, әлде екеуің бір-бірлеріңді бүгін көрдіңдер ме? - деген әйелдің даусы ашулы еді.

- Міне, қазір барамын, - деп тапалтақ қара ұзын сарыны жалғыз қалдырып, әйелдің соңына ерді. Кетіп бара жатып: "Ананы, мынаны айтып бүкіл ауылда адақтағанда менің атым аузыңа түспеді-ау сен сығырдың" деп, тапалтақ қара ұзын сарыға іштей өкпелеп бара жатты.

Қызу әңгімелескен серігін көзімен ұзатып салып тұрып ұзын сары: "Ауыл әкімі болу менің тақияма тар келетін ба еді, мұғалімді, төрағаны тағы басқаларды айтқаннан басқа сенің ойыңа ештеңе келмеді ғой", - деп ойлады ішінен.

Жаңағы екеуі үйлерінде жылытпаларын енді іше бергенде, қыр басынан бір-екі көлік ауылға қарай құлаған. Іле бір қара сирақ: "Әкімнің жиналысына шақырып жатыр" деп үй-үйдің сыртынан тамағы жыртылғанша айқайлап өтті.

Талпаңдаған тапалтақ қара да, сидаңдаған ұзын сары да беттерін сипамастан, шалғайларына сүріне-қабына тұра-тұра жүгірді. Кім бұрын жетсе, соны әкімдікке үміткер етіп ұсынып жіберетіндей ауылдың бүйірі қисайған клубына қарай қансорпа боп жосып барады.

Өтебай СЕРӘЛІ,

Арал ауданы

Read more

Мұстафа Шоқай публицистикасының ерекшеліктері

 

Тәуелсіздікке қол созуда ХІХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының өз халқының болашағы үшін жасаған еңбектері орасан болды. Олар туған халқының көзін ашып, көмескі тартқан рухын оятып, біліммен қаруландырып, тәуелсіз ел болуға жеткізудің қиын да болса, ең сенімді жолын саналылықпен таңдап алды. Ал, халық рухын оятудың басты құралы ел арасында кеңінен тарай алатын, тәуелсіз ел болуға жетелеу басты мұраты болып табылатын газет-журналдар ұйымдастыру еді. Ал, баспасөзді елмен байланыс орнататын, ұлттық идеяны насихаттап, санада жаңғыртатын таптырмас қару деп білді. Бұл мақсатта 1911-1919 жылдар аралығында "Қазақ", "Алаш", "Қазақстан", "Айқап", "Сарыарқа", "Бірлік туы", "Қазақ мұңы", "Жас азамат" сияқты басылымдар жарыққа шықты. Ұлт мүддесін көздеп, ел тәуелсіздігі жолында А.Бай-тұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ә.Бөкейханов, Х.Дос-мұхамедұлы, М.Тынышбайұлы, С.Сәдуақасұлы, Н.Төреқұлұлы, Х.Болғанбай, Т.Шонайұлының публицистикалық мақалалары осы газет-журнал-дарда үзбей жарық көріп тұрды. Солардың арасында Мұстафа Шоқайдың елдік мәселедегі ұлттық ұстанымы, асыл мұраты анық сезілетін. Студент кезінен ұлттық теңсіздікті басынан өткерген Мұстафа Ташкент гимназиясын, Петербор университетін тәмамдағаннан кейін саяси ой-өрісі толысып, тек қазақ халқы емес, түркі жұртын отаршылдық саясаттың тепкісінен айырып, бостандық алып беруді ұлы мақсат тұтты.

М.Шоқай мақалаларының тақырыбы ұлт мұратымен үндеседі, күн тәртібіндегі мәселелерге аса назар аударуымен ерекшеленеді. Оның публицистикасы қазақ халқының азаттыққа қол жеткізіп, еркіндікте өмір сүру идеясын санаға сіңіруге негізделген. Ол бұл мақсат жолында күресе білу жолдарын көрсетеді, жауынгерлік бағытты ұстанады.

Негізінде публицистика - жалынды жанр. Түп төркініне үңілсек, "қоғамдық" деген сөзге тікелей қатысты. Владимир Дальдің "Түсіндірме сөздігінде" публицист сөзіне: "Публицист", писатель более газетный, журнальный, по современным общим вопросам, по народному праву",- деген анықтама берілген. Ал, Ахмет Байтұрсынов өзінің "Әдебиет танытқыш" атты еңбегінде публицистиканы "көсем сөз" деген қазақ сөзіне жақындатады. "Көсем сөз шешен сөз сияқты әлеуметке айтқанын істету мақсатпен шығарылатын сөз. Шешен сөзден мұның айырылатын жері - шешен сөз ауызша айтылады, көсем сөз жазумен айтылады. Көсем сөз әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сөз болғандықтан да көсем сөз деп аталады. Көсем сөз кезіндегі әлеуметке керек іске мұрындық болып істеу ыждағатымен айтылады".

М.Шоқай публицистикасы да дәл сондай: әлеуметтік, қоғамдық, саяси мәні бар бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерін көтеріп, көпшілікке сол кезеңдегі басты міндеттерді аңғартып, саяси-әлеуметтік оқиғалардың сыр-сипатын ашып береді. Кеңес дәуірінің тарихын сол дәуірдің саясатымен, өзіндік көзқарасымен байланыстырып, қоғамдық мәселелерді өмірмен, тәжірибемен ұштастыра отырып баяндайды. Бір сөзбен айтқанда, М.Шоқай заман тарихын, дәуір танысын, өмір шежіресін дөп баса білген.

Read more

Сыр елі қос алыптың рухын асқақтатты

 

Дүниеде замандастарының, халқының алдында өзін мойындатып, жатталып қалған дара да дана тұлғалардың есімі жетерлік. Солардың бірі де бірегейі - Мұстафа Шоқай мен Нартай Бекежанов. Қазақ ұлты үшін жан аямай еңбек еткен ұлы тұлғаларға биыл 125 жыл толды. Түркістан өңірінің, арысы бүкіл түркі халықтарының бостандығы мен асқақ мұратын аңсаған халық жанашыры, қаламы ұшқыр публицист, қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай мен Сыр елінің серісі, тума талант Нартай Бекежановтың мерейлі мерейтойларына орай қандай құрмет көрсетілсе де көптік етпейді.

М.Шоқайұлына құрмет Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студент-тер сарайында "Мұстафа Шоқай - Алаштың алып тұлғасы" тақырыбында өткен республикалық ғылы-ми-тәжірибелік конференцияның пленарлық мәжілі-сінен басталды. Ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы Досмұхамбет Кішібеков, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Көшім Есмағамбет, Халықаралық Түркі академиясының ғалым-хатшысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Амантай Шәріп, Қазақ гуманитарлық заң универси-тетінің профессоры, саяси ғылымдарының докторы Әбдіжәлел Бәкір, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, жазушы Сұлтанәлі Балғабаев, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, жазушы-публицист Әмірхан Бәкірұлы баяндама жасап, М.Шоқайдың бүкіл түркі жұрты-ның ғана емес, әлемдік деңгейдегі зиялылармен терезесі тең қайраткер болғандығын сөз етті. Ғалымдар Алаш ардақтысының біртуар тұлғасы мен асыл қасиеттер ұштасқан бітім-болмысының сан-салалы қырларын зерделеді. Конференция аясында тарихшы, мұстафатанушы К.Есмағамбет-тің құрастыруымен жарық көрген М.Шоқайдың 12 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Конференцияға қатысушылар "Ұлт тәуелсіздігінің жаршысы" тақырыбындағы кітап көрмесін тамаша-лады. Келесі күні Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылында М.Шоқайдың бюсті ашылды.

Read more

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.