Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

25 Маусым 2015

«Әлімсақ» журналы құрметке ие болды

Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласында «Қанатты қалам – 2015» фестивалі болып өтті. Сыр өңірінің БАҚ саласында еңбек етіп жүрген үздіктер марапатталды. Халыққа сенімді ақпарат таратып, еліміздің әдебиетіне, мәдениетіне, тарихына үлкен үлес қосып, оқырманның көңілінен шығып жүрген республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы да елеусіз қалмады. Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев журналдың бас редакторы Нұрлан Көбегенұлы Нұрмахановқа Қызылорда облысының «Құрмет грамотасын» табыстаса, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Тарихи таным» номинациясымен марапаттады.

 

Read more

ЖЕЛІЛІ ЖЕТІ ЖЫР

 

Мұхамеджан Нұрханов 1947 жылдың 6 қыркүйегінде Тәжік ССР-нің Ленинабад облысындағы (қазіргі Ходжент) Канибадом ауылында дүниеге келген. Балалық шағын тәжік тауларының етегінде, Сырдария өзенінің бойында, Соркөл, Сарықамыс деген жерлерде өткізген. Туған ауылы Кеңес үкіметінен теперіш көріп, отыз жылдай уақыт жер ауып жүріп, 1957 жылы Мақтарал өңіріне қоныстанады. 1963 жылы атамекеніне, Созақ ауданы, Қаратау совхозына қайта оралған. Осыған байланысты шығармаларын әл-Созақи деген атпен жазып жүреді.

1979 жылғы республикалық "Жалын" баспасынан "Бастау" атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарыққа шыққан. Мұнан соң осы баспадан "Аңсар" (1984 ж.), "Көкемарал" (1994 ж.) атты жыр кітаптары, Оңтүстік Қазақстан баспасынан "Бөрінің жүрегі" (2002 ж.), "Тораңғылдың көз жасы" (2004 ж.), ал Алматы, Астана баспаларынан "Жүрегімнің ұясы" (2007 ж.), "Дарияның арғы жағы, бергі жағы" (2009 ж.) деп аталатын өлең, поэма, балладалар жинағы жарыққа шықты. "Дария жыры", "Жүректегі жауһарлар" атты ұжымдық жинақтарда өлеңдері жарияланды.

Биыл Абылай ханның хас батырларының бірі Жиенбет туралы "Жиенбет батыр" атты жыр жинағы Оңтүстік Қазақстан баспаларының бірінен басылып шықты.

Read more

Әуежайдағы жағдай

 

Америка Құрама Штаттарынан ұшқан "Боинг-747" ұшағы Нидерланд астанасы Амстердамда орналасқан халықаралық әуежайға дер кезінде келіп қонды. Бұл - әлемде көп жолаушылар қабылдайтын әуежайлардың бірі. Сондықтан да халық көп, бірі келіп, бірі кетіп жатыр. Ұнағаны, жолаушыларға бар жағдай жасалған. Қонақжай, мейрамхана, ойын-сауық орталығы, дүкендер, тіпті кітапханаға дейін бар. Әлібек анықтама бюросына барып, ауысып мінетін рейс қай мезгілде болатынын анықтады. Алматы бағыты бойынша "Эйр-Астана" ұшағы бес сағаттан кейін ұшады екен. Бос уақытты қалай да өткізу керек. Әлібек "жылжитын тротуарға" мініп, әуежай вокзалын асықпай аралады. Бір байқағаны, халыққа қызмет ететін орындар мейлінше ойланып істелген. Артық ештеңе жоқ. Барлығы жолаушылардың ыңғайына қарай орналастырылған. Әлібек әрі-бері жүріп, шаршады. Жақын жердегі орындықтардың біріне отырып, аздап демалғанды жөн көрді. Ығы-жығы халық. Кім, қандай ұлттың уәкілі екенін болжап білу қиын. Еуропалықтар бір-біріне ұқсайды, ажыратып алу мүмкін емес. Африкалықтар, азиялықтар да сондай. Әлібек өткен-кеткен адамдарға қарап отыр еді, жанынан өтіп бара жатқан бір топ жастар, кенеттен тоқталып, амандасты. Ұзақ жылдар бойы Испанияда жұмыс істеп жүрген өзбек ағайындар екен. "Сіз қазақ болған соң ат басын бұрып, амандасып жатырмыз. Расын айтқанда, сізді көргенде бауырымызды көргендей қуандық",- деп, ағынан жарылды. Әлібек кәсіптеріне сәттілік тілеп, туған жерін, елін сағынып жүрген өзбек жігіттермен жылы қоштасты. Көп ұзамай жанындағы орындыққа жасы ұлғайған қазақ әйел келіп отырды. Өзі мазасызданып отырғандай болып көрінді. Әлібек ниет білдіріп, жағдайын сұрады.

- Шырағым-ай, жетпіс беске келген адамның жағдайы қалай болушы еді?! Үйдегі балаларым мен немерелеріме базарлық сатып алайын деп, вокзал ішіндегі "бутиктерді" аралап едім, шаршап қалдым,- деп, бейтаныс әйел демін зордан алды. - Шамасы, бұл менің шетелге соңғы шығуым шығар.

- Сіз бұрын шетелдерде болдыңыз ба? - деп, Әлібек сұрады.

- Е-е, мен қай елде болмадым? Египет, Израиль, Турция, Сауд Арабиясы, Франция, Чехия және тағы басқа мемлекеттерде болдым. Міне, Алманияда екі апта болып, үйге қайтып барамын.

- Сіз бақытты адам екенсіз! - деп, Әділбек таңданды.

Read more

Алаш айбыны - Бұқарбай

 

ХІХ ғасыр Алаштың қайраты қайтып, бодандықтың қамытын киген ұлт тарихындағы сұрапыл кезең болып табылады. Екі жүз жылға созылған Қазақ - Жоңғар қақтығысынан кейін, бірі мәңгілік жоғалса, екіншісі Ресей империя-сының темір қамытын киюге мәжбүр болды. Ресей империя-сына жүз жылға қалқан болған Кіші жүз толықтай еркіндігінен айрыл-ғаннан кейін, аюдай ақырған Ресей империясы бар жоғы 20-30 жылда Орта Азияны толықтай бағын-дырды.

ХVІІІ ғасырда түрлі диплома-тиялық келіссөздер жүргізсе де, Ресей Қазақстанды Азияға шығатын қақпаның кілті ретінде пайдаланды. Негізгі мақсаты - қазақтың хандық билігін жойып, өз басқару тетіктерін орнатып, бір орталықтан қадағалап отырғысы келді. Әрине, ол мақсатына да жетті. Қазақ даласын отар елге айналдырып, хандық билікті жойып, біртұтас елді әр аймаққа бөліп тастады. Тарихи деректерге жүгінсек ХІХ-ХХ ғ.ғ. қазақ даласында 300-ден астам көтеріліс болған.

Read more

Мақпалкөл майдангері

 

Өткен ғасырлардың қазақ қоғамында рулық қауымдастық принциптері негізінде ағайыншылық аясында отырған қазақ рулары ешқашанда әлеуметтік шиеліністерге бармаған. Әсіресе, Сыр бойында "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған" мамыражай тірлік ұзақ уақыт сақталған. Көшпенді ретінде үнемі кең далада өмір сүрген халық барлық әдеп-ғұрыптар мен салт-сананы ғасырлар бойы қалыптастырған. Ата-ана, қайын аға, абысын, келін, іні т.б. өздеріне тиесілі міндеттері мен мақсаттары белгіленген. Осы дәстүрдің ықпалы болса керек, Есмахан жас кезінен бастап, жеңгелерінің қойған атымен "Құлтабан" деп атанып кетеді. Оған себеп бала кезінде табаны құмға күйіп, тілініп жүрген екен. Күні бойы ауыл іргесіндегі көлдің жанында жалаңаяқ жүгіргенді ұнататын қасиеті болыпты. Өсе келе Құлтабан бүкіл елдің мұңын жоқтап, әділдіктің ақ туын желбіреткен атпал азаматқа айналды. Құлтабан 1850-1907 жылдары өмір сүрген. Төрт түлік малдың ішінде сиыр күтімін ерекше білетін шаруаға қыры бар еді. Жаңадария бойындағы Тұрақ тамының жанындағы сайда сиырға арнап, томардан үлкен қора салған, өте қарулы кісі болған. Құлтабаннан өрген балалары Серікбай, Құрманбай, Қуандық ойын балалары болса да болашағынан үміт күтетін тұлғалар болып қалыптасты. Отбасының үлкен ұлы Серікбай (1880-1942) Жаңадария алқабында өмірдің есігін ашқан, әжеміз Күнбибі екеуі өмірге екі ұл, екі қыз әкелген. (Күләш, Балаш, Өмірзақ, Карбоз).

Read more

Қазақтың тойы тұсаулануы мүмкін бе?

Асабаларша айтатын болсақ, қырда қой баққан, жүйрік жаратып, қымызға бие байлатқан, дәм-тұзды ақтай білген, достықты сақтай білген қазақ халқын тойсыз елестету әсте мүмкін емес. Тәтті-дәмдісін бала-шағасының аузынан жырып, қонағының алдына тосатын халқымыз тойды қазынаға балайды. Иә, тіпті ішерге асы болмай қиналған кешегі ашаршылық заманында да көз қуанышына ортақтасып келген меймандарға даладай дастархан жайып, арқа-жарқа болып жататын да қазақ. Бұл біздің қанымызға сіңген қасиет, һәм өзімізге тән менталитет.

 Ақ тілегін ала келген ағайын-туыстармен бәсекеге түсіп, тіпті бірінен бірі асып, шет елдің әртістерін шақырып, тойды бәсекелестік ортаға айналдырып жүргендерді де көз көріп, құлақ естіп жүр. Әйтсе де, қазірде байыптап қарайтын болсаңыз, той жасаймын деп дарақылыққа салынып, ысырапшылдыққа жол беріп жатқандаймыз. Шоу бизнестегілер той бизнесті жандандырып, тіпті үй жағалап, тойды шоуға айналдырып жүргені де жалған емес.

 Иә, жайма шуақ мамыражай күндер де келіп жетті. Тойдың көркі қызатын шақ. Домбырасын арқасына асып, сөзін сайлаған асбалардың түнделетіп дүбірлі тойдан қайтатын той маусымы да басталды. Жақсы күндерде бас қосып жүрген тойшыл қазақтың ендігі той-думаны қадағалануы мүмкін. Әрбір күнді тойға айналдырған жұртшылық қазақ тойының жаңа талабын қалайша қабылдайды екен? Көпшілікті күпті еткен осынау сауалдарға жауап іздегенді жөн көрдік.

Read more

Қазақ халқының ұлттық трагедиясы

Сталиндік қуғын-сүргін жылдары Кеңес Одағы бойынша "контрреволюциялық қылмыстары" үшін 3 778 254 адам қамауға алынып, 786098-і ату жазасына кесілді. Сонымен қатар, "Отанға опасыздық" жасағандарға арналған лагерьлерде 1 317 195 адам отырды. Солардың қатарында 830 491 орыс, 181 905 украин, 44 785 беларус және 17 123 қазақ болды. Әрине, қазақтарға байланысты бұл болжамды цифрлар. Расын айтқанда, отызыншы жылдары құрбан болып кеткен қазақ азаматтарының дәл санын айту қиын. Себебі, осы уақытқа дейін репрессияға байланысты көп жағдайлар терең зерттелмей келеді. Әсіресе, Орта Азия республика-ларына қарағанда жазалау саясаты Қазақстанда айрықша қатігездікпен жүргізілді. Тек, 1937-1938 жылдары Қазақстанда 103 мың адам қамауға алынып, 25 мыңы ату жазасына кесілді. Қазақтың зиялы азаматтарымен қатар мыңдаған қарапайым, шаруа адамдары да жазықсыз жазаланды. Атап айтқанда, жазаланған адамның 40%-ы шаруа адам-дары болған. Басым көпшілігі атылып немесе Сібірге жер аударылғандар. Алайда, сол кездегі республика басшысы Левон Мирзоянға бұл жеткіліксіз болған секілді. Оған куә жазалануға жататын адамдардың санын көбейтуге лимит сұрап, Мәскеуге шұғыл жолдаған оның мынадай құпия хаты бар:

Read more

Қасқа жолды Қасым хан салған сүрлеу бүгінгі соттарға сабақ болған сыңайлы

 

Бодандық бұғауынан босап шығып, азаттық алған қазақ елінің өткеніне көз жүгірту арқылы одан сабақ алып, тарихына тереңінен үңілуі заңды құбылыс. Биылғы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейлі күнін атап өтіп, тарих қойнауына ой жүгіртуді Қызылорда облыстық соты республикалық деңгейде ұйымдастырды. Оның да өзіндік себебі бар. Қазақ билері жүргізген әділ сот тәжірибесін қазіргі сот жүйесімен сабақтастыруды мақсат тұтқан қызылор-далық соттар тарихтан тағылым алуды жөн санапты.

Read more

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 26 27 28
29 30          

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.