Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

11 Мамыр 2015

Тіфу

 

Үйіне құрдасы келіп, саясаттан біраз сапырып, аузы көпіріп кеткеннен кейін Тапаш шынымен ойланайын деді. Әсіресе "Президент-тікке түсу түк те қиын емес. Сенің не оқу оқығаныңды сұрамайды. Тек беделің болса болды. Өзіңді ауылда бәрі сыйлайды. Жұмыссыздар, зейнеткерлер талаптанып жатқанда, сенікі не отырыс? Ауылда білдей шопырсың. Жұрт пішенін, отынын әкелу үшін де, қалаға бару үшін де саған келеді бас ұрып. Наның жүріп тұрған осы кез. Тепсе темір үзетін жігітсің. Төрт-ақ мүшелге келдің. Қамшыны басу керек ғой, құрдас. Біз де қуанып отырамыз. "Ой, құрдасымыз, ауылдасымыз Прези-денттікке түсіп жатыр" деп, үйде отырып тақымымызды қысамыз. Басқасын қайтеміз, саған дауыс береміз. Басқалардан қай жерің кем? Қайта артықсың. Сен олардың қасында елдің алдында адалсың. Кейбір кандидаттар секілді ақшаны асап, долларды шетелге тасып жатқан жоқсың, сыртынан ешкім әңгіме айтпайды. Ақша тапсаң маңдай терің. Кейде тіпті жылап келген адамға тегін-ақ шөп-суын әкеп беріп жүрген жоқсың ба? Сен ауылымыз-дың қамқоры, мақтанышы екеніңді ұмытпа. Қадіріңді өзің білмейсің, мы-на біз, ел білеміз. Біз сені қолдаймыз. Құдай да, әруақ та сенің жағыңда!"

Read more

Партия қайда болса, саясаткер де сонда!

 

- Біз Компартияның шекпенінен шықтық. Тәлім-тәрбиесін көрдік. Өсіп-өндік. Ол кезде "Партия қайда болса, жеңіс сонда" болатын. Солай әндеттік те. Енді, міне, сол партия құлағалы бізден маза қашты. Қазір екінің бірінің жеке-жеке партиясы бар. Қазіргі партия қайда болса, саясаткер біткен шуылдасып сонда жүреді.

Жетпістің желкесіне шығып алған Ақкөз қария тоқтайтын емес. Жетпіске дейінгі "тарихты" әріден қозғап, "кіммен жүріп, кіммен қойғанына" дейін тәптіштеп айтқанда аузының суы құрып бітті. "Осымен болған шығар" деп, орнымыздан қозғала бергеніміз сол-ақ, ағамыз осы заманға ауысты:

Read more

Періштелердің түрлері һәм міндеттері

 

Алла Тағала періштелерге әртүрлі міндет-тер жүктеген. Алла Тағаланың оларға міндет жүктеуі - олардың көмегіне мұқтаждығынан емес, керісінше, олар өз міндеттерін орындау-лары арқылы Ұлы Жаратушыларының құдіре-тін, ұлылығын және шексіздігін күллі әлемдерге паш етіп, теңдессіз патшалығының сән-салта-натын жалпы жаратылысқа жар салып, куәлік етеді. Алла Тағала ешнәрсеге, ешкімге мұқтаж емес. Періштелер өздеріне жүктелген міндет-терін орындау арқылы өздеріне тән ғибадат-тарын жасап, Ұлы Жаратушыларының рақымына бөленеді.

Періште түрлері

 

Read more

АДАЛ АДАМДАР БАР МА?

 

 

Қонақта отырған бір ақсақал: "Осы мемлекеттік қызметте адал адамдар бар ма?" - деп сұрады. "Бар, бірақ кемде-кем, - деп, Әділбек мойындауға мәжбүр болды. - Олар өздерінің жүріс-тұрысымен басқалардан бөлініп, ерекшелеу болып көзге түседі. Ары таза, адал адамдардың тұрмыс-тіршілігі де айрықша. Кеңес дәуірінде облыстық прокуратурада Дүйсенбек Сәулебеков деген кісі жұмыс істеді. Соғыстан кейінгі жылдары кадрлар тапшы болған кезде жұмысқа "набор" бойынша алынған болуы керек. Арнайы заңгерлік мамандығы болмаса да, өзінің ісіне мығым болатын. Әуелде тергеуші, кейін аудан прокуроры болып жұмыс жасады. Кейінгі жылдары облыстық прокуратурада тергеу бөлімінің бастығы болды. Қажырлы еңбегі үшін "Ленин орденімен" марапатталған. Өзі еңбекқор, орнықты, бас көтермей жұмыс істейтін еді. Облыстық прокуратурада жалғыз қалып, жеті қараңғы түнге шейін тергеушіледің қолындағы қылмыстық істерді тексеріп, жіберген кемшіліктерін жөндеп отыратын. Көптеген жас тергеушілерді тәрбиеледі. "Туып-өскен жерлеріңе барып жұмыс істемеңдер, ағайын-туыстардың арасында жұмыс істеу қиын болады", - деп, ақыл-кеңес беретін еді. Өзі Жаңақорған ауданының тумасы. Сол ауданда прокурор болып жүрген кезінде бірге тұрған әкесін кеңсеге шақырып, жауап алған көрінеді. Міне, осы Сәулебековті адал, таза деп айтуға болады. Өзінің  қызметін теріс пайдаланған жоқ. Ақшаға қызығып, пара алған жоқ. Соңына түсіп, дүние-мүлік жинаған жоқ. Әйелі, бала-шағасымен бірге тозығы жеткен прокуратураның қызметтік үйінде жұпыны тұрды. Кейін жасы келіп, зейнетке шықты. Алайда, прокуратурамен байланысын үзбеді. Әбден қартайғанша жинаған тәжірибесін жас тергеушілерге беріп, қолынан келгенінше көмектесіп жүрді.

Read more

Олжастың «Аз и я»-сы менің тарихи қызығушылығымды оятты

 1975 жылы "Жазушы" баспасынан Олжас Сүлейменовтың "АЗ и Я" кітабының шыққанына биыл 40 жыл толады. Кезінде Кеңестер Одағында үлкен дау тудырған "антирусский", "пантюркизм" идеясы бар деп атап, айдар тағып, кітап дүкендерінің сөрелерінен, кітапханалардан жинап алып, КСРО кеңістігінде оқылмасын деп "қаһарға" ұшыраған кітап болғанын кейінге жастар біле бермейді.

 Бұл Мәскеудің тапсырысымен Қазақстан ОК-нің Бюро отырысында арнайы талқыланған кітап. Бюроның қаулысымен (1976 жылы 17 шілде) О.Сүлейменовке өз қателіктері үшін баспасөз бетінде кешірім сұрауы жүктелді. "АЗ и Я" кітабы үшін Олжас Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевқа және Орталық Комитетінің Бюро мүшелеріне Ашық хат жазды. Олжастың "АЗ и Я" кітабын айыптау КСРО-ның XXV съезіне баяндамада айтылмақ болатын. Бірақ та Д.А.Қонаевтың араласуымен А.Сусловтың жоспары іске аспай қалды.

 КСРО-ның бірінші хатшысы Н.С.Хрущевтың (14.10. 1964 ж. орнынан алынған) 1956 жылдың 14-25 ақпанында XX съезде сөйлеген "жеке басқа табынушылық және оның зардаптары" туралы баяндамасынан кейін елде "жылылық" пайда болды. Осы кездерде жазушыларды, ақындарды, суретшілерді "шестидесяники" деп атағаны белгілі. Олар қоғамда болып жатқан құбылыс-тарға жаңаша көзқарас, жаңаша ойлау, өз ой-пікірлерін еркін айта бастады. Солардың қата-рында ақын Олжас Сүлейменов те өзінің атақты "АЗ и Я" кітабын жазды. Орыстардың көне ескерткіші деп санайтын "Игорь жасағы туралы жырды" зерттеп, "жартылай түркі тілінде жазылған" деп ойын ашық білдіреді.

 "Игорь жасағы туралы жырдың" егізі "За-донщина" немесе "Куликово поле" шығармасын-дағы жағымсыз кейіпкер Мамай туралы зерттеу (Мамай: аңыз бен ақиқат. - Тұмар, 2014 ж)  кітабымның кіріспесінде және сөз соңында О.Сүлейменовтың "АЗ и Я" кітабы туралы жазған болатынмын. Енді сол жазғандарымды оқырманмен бөліссем деймін.

Read more

Болашақтың жастары жалындап келеді

"Болашақ" университетінің ғылыми жетекшісі Бақберген Сәрсенұлы Досманбетовтың қолдау көрсетуімен оқу ордасында өткен жылы тұңғыш рет жастар театры құрылған болатын. Жаңа театр көпшілік қауымға қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді қамтуға және қоғамда орын алып жатқан келеңсіз оқиғаларды сахна арқылы жаңа қырынан танытуды мақсат еткен-ді. Театрдағы талантты жастардың жаңа қырын ашу жолында кәсіби әртістер Қанат Архабаев пен Әсел Баймұханова жұмыс жасайды. Аталмыш театр ең алғаш 2014 жылдың 5 маусымында Исраил Сапарбайдың қаламынан туындаған "Ауылдан келген ару" пьесасымен тұсауын кесті. Мұнан соң, аз уақыт ішінде көпшілік жүрегіне жол тауып, өз көрермендерін жинап үлгерген жаңа театр Лидия Егембердиеваның "Қалталы күйеу қайдасың?" атты пьесасы мен Жұмагүл Солтиеваның "Адамды шайтан азғыр-са..." мистикасын театр сүйер қауымға тарту етті.

 

Read more

Амангелді Имановты өлтірген Міржақып Дулатов па?

Жасыратын ештеңе де жоқ, бұл "қазақы ерегес" ХХІ ғасырдың да табалдырығын аман-сау аттады. "Алашордашылар" ақталатын тұста Байтұрсынов пен Дулатовтың басын тағы да қатерге тігіп, сол Торғайда "халықтық сот" жүргізілгені шындық. Онда-ғы "билердің" көзі әлі тірі. Осы ретте "Алаш-тың" ісін" архивтен қарап, көшіріп жүрген кезімде танысқан, бірақ қолжазбасы тосын-нан қолыма түскен бір "халықтық пікірді" назарға ұсына кеткім келеді. Сәл әдепсіздік екенін білемін. Алайда маған да сол сексенін-ші жылдардың аяғында бұл хатты ресми мекемелер оқытып, пікір сұрағанын ескере келіп, сондағы сұраққа енді реті келіп тұрған кезде жауап бере кеткім келеді. Мен Қазақ-стан Орталық партия комитетіне, партия тарихын зерттеу институтына, тарих институтына жазылған бір адамның бірнеше хатының ішінен мазмұнын өзіме таныстырған марқұм М.Қозыбаевқа жолданған нұсқаны және сол кезде маған таныстырған ғалымның жауабын пайдалануды жөн көрдім. Бұл тосын хатқа қайта оралуыма досым, республикалық Бас прокуратураның жауапты қызметкері Сәулебек Жәмкенұлының да себепкерлігі тигенін ескерте кетемін.

 

Read more

Қазақ хандығы тарихының өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызы зор

 

Қазақ хандығының құрылуы және оның мемлекет болып қалыптасып дамуы қазақ жерінде 14-15 ғасырда болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Тарих ғылымында әрбір тақырыптың, өзекті мәселенің зерттелу тарихының болатындығы көпке мәлім. Кейінгі орта ғасырлық Қазақстан тарихындағы осындай мәселелердің біріне қазақ хандығының құрылуы мәселесі жатқызуға болады. Қазақ мемлекеті кенеттен және ешқайдан пайда болған жоқ. Ол көне түріктік және моңғолдық ұлыстық жүйелердің жаңаруы мен өзгеруі арқылы қазақ даласындағы жетілдірілген мемлекеттің түрі болып саналады. Ол, біріншіден, сақтардың, үйсіндердің, қаңлылардың, Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ қағанаттарының, Қарахандар мемлекетінің, Наймандар мен Керейлердің ертефеодалдық ұлыстарының мемлекеттік құрылымдары элементтерінің жиынтығы негізінде, екіншіден, Қыпшақтың Жошы Ұлысы атанған Қыпшақ одағындағы қазақ тайпаларының, ең бастысы, оның сол қанаты болған Орда Ежен Ұлысы немесе Ақ орда мемлекетінің негізінде қалыптасты.

Ұлы тарихшы Мұхамед Хайдар Дулатидің "Тарихи Рашиди" деген кітабында Керей мен Жәнібек ханның Шу бойына көшкен уақыты хижра жыл санауымен есептегенде 1465 жылға тура келеді. Бұл бекер емес, себебі мемлекеттің құрылуы, қалыптасуы бір жылда жүзеге аса қоймайды, ол кемінде 15-20 жылға созылады. Осы мерзім ішінде хандық билікті, таңба мөрді, саяси орталықты, әкімшілік-басқару жүйені, елдің жалауын, ортақ заңды қабылдады. Көшпелі қоғамның дамуындағы ішкі қажеттіліктер оларда мемлекеттілікті туғызады. Көшпелілердің өзін-өзі қорғау мен ішкі қоғамдық тыныштықты сақтау үшін күрестері, отырықшылармен терезелес болуға ұмтылысы оларда мемлекеттің пайда болуына алып келді.  Көшпелілердің ежелгі және орта ғасырлардағы мемлекеттік құрылымының ең басты белгісі хандық билік болып саналады.

Read more

БҰЛ ҚАЗАҚ АСАН ҚАЙҒЫНЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ БІЛЕДІ?

 

Аштархан деген үлкен шәр,

Әз-Жәнібек ханыңның.

Өз қолынан салдырған,

Қаласын салған жерлерде,

Сан бұлағы көрінген.

Ақ Еділдің жағасы,

Асан Қайғы, Жиренше,

Әз-Жәнібек ханыңның

Тұсында болған данасы.

(Шынияз Шанайұлы, ХІХ ғ.)

Асан Қайғы қай

Жәнібектің замандасы?

Әз-Жәнібектің қай Жәнібек екендігі жөнінде тарихшылар бірыңғай ортақ пікірге келгенімен, Асан Қайғының қай Жәнібектің замандасы екендігі тарихи әдебиетте әлі күнге басы ашылмаған мәселе күйінде қалып отыр. Бұл екі мәселе шындығында бір-бірінен еш ажырағысыз. Әйгілі жыраудың өмір сүрген мерзімі туралы нақты тарихи деректердің жоқтығынан көп нәрселер ауыздан-ауызға бұрмаланып жетіп, Асан Қайғы бейнесі бүгінде мейлінше аңызға айналған. Асан Қайғы жөніндегі тарихи деректерде бірізділіктің жоқтығы да осы жағдайлармен байланысты.

Халық аузындағы аңыздарда Әз-Жәнібекпен қатар айтылатын данагөй абыз, өз заманының сұң-ғыла саясаткері, қабырғалы қайраткері һәм қияда-ғыны болжайтын көріпкел әулиесі Асан Қайғының қай Жәнібектің замандасы екендігін анықтауда әртүрлі көзқарастар қайта көтеріліп, зерттеушілердің пікірлері бір тоқтамға келмей, мәселе шешілмеген күйінде қалып отыр. Оған мүмкіндік бермей отыр-ған, біріншіден, нақты деректердің жоқтығы, екін-шіден, зерттеушілер дереккөзі ретінде пайдаланып жүрген Асан Қайғы толғауларын талдаудағы қарама-қайшылықтар болса, үшіншіден, бірқатар ғалымдардың жырауды фольклордағы жиынтық бейне екенін дәлелдеуге ұмтылуы. Бізге жеткен жыр-аңыздардың сарыны Асан Қайғыны Алтын Орда ханы Әз-Жәнібектің замандасы ретінде бейне-лейтініне қарамастан, кейбір зерттеушілер, сол тира-далардың қайсыбір үзінділерінің мазмұнын - қазақ ханы Жәнібектің заманындағы миграциялық үдеріс-термен байланыстыра қарастырудан аса алмай жүр. Асан Қайғының Жәнібекке айтқан жыр-толғауларын екі Жәнібектің қайсысына сәйкес келетінін шендес-тіре талдау кейінгі кезге дейін мамандардың наза-рына ілікпеді және зерттеулерде пайдаланылмады. Кеңес кезеңінде тарихшы-ғалымдарға атышулы "Бекмаханов ісінен" кейін хандар тарихын зерттеуге "тұсау" салынды да, аталған тақырып жыраулар тарихы аясында әдебиетші-ғалымдардың ғана қаламына ілінді. Сол заманнан жеткен жыр-аңыздар мен толғаулардың шынайылығы тарихи деректермен салыстыра тексеріліп, оның ақиқаты дәлелденбеді. Соған байланысты, кеңес заманынан бергі ғылыми әдебиетте Асан Қайғы тек қазақ ханы Жәнібектің замандасы ретінде біржақты насихатталды. Бұл жаңсақтықтар негізінен Асан Қайғының қай Жәнібектің қасында болғандығын білмегендіктен туындады және кезінде қазақ ханын Әз-Жәнібек деп ұлықтаған қате пайымдаулармен байланысты еді. Осыған дейінгі Жәнібек пен Асан Қайғы туралы зерттеулерден байқалатын тағы бір кемшілік, әр зерттеуші Асан толғауларындағы "өзіне керекті" шумақтарды пайдаланып, ғылыми талдауды қажетсініп тұрғанына қарамастан "өзіне керексізін" айналып өтетіндігі.

Read more

"ШҮКІРОВ ТІРІ БОЛҒАНДА, ӘКІМНІҢ ӨЗІ КЕЛЕР ЕДІ..."

 Осы бір жүрекке шаншудай қадалған уытты сөзді Арал қаласына барғанда естідім. Жұмадин Қалымбетов айтты. Қазақтың қайсар қаламгері Зейнолла Шүкіровтің туған жері Бөгендегі орта мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ беріп жүрген кезде жастардың басын қосып, спорттық шараларды өткізіп жүретін ол жиырма жылдай уақыттан бері Зекеңнің есімін ұрпақ санасында жаңғыртуды мақсат тұтып, волейбол мен үстел теннисінен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесіп жарыс ұйымдастыруды қолға алған еді. Биылғы жылдың сәуір айының 17-18 күндерін белгілеген Жөкеңнің шақыртуымен біз де барғанбыз. Ол Арал қаласына Алматыдан арнайы келіпті. Оған жарыс өткізуді міндеттеп, сыйлықтары үшін қаржы бөліп жатқан ешкім жоқ, өз ынтасымен ағайын-туыс, дос-жарандарының көмегімен спорттық сайысты дәстүрлі турнирге айналдырып алыпты. Ал, грамота, медаль, кубок аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі есебінен.

 

Read more

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Мамыр 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.