Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

06 Тамыз 2014

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, қоршаған ортамен түсінік алады". Рас, ойынға қызықпайтын адам жоқ. Көңiл көтермейтiн адам, сауық құрмайтын халық жоқ. Үлкен де, кiшi де ойнап, көңiл көтередi. Ойынның тарихы тереңде, көне дәуiрден басталады. Айтпағымыз, өмiр кейде ойын-сауыққа ұқсас, ойын-сауықсыз адамның өмiрiн көз алдыңа елестете алмайсың. Ойынсыз ұрпақтың кiм екенiн, халықтың қандай екенiн бағалау екiталай. Айталық, тас дәуiрiнде қалыптасқан - таяқ жүгiрту, асық, ақсүйек, темiр дәуiрiнде тараған - қарағие, садақ, бергi дәуiрдегi, яғни үйсiн, қаңлы хандығы кезiндегi - ақбайпақ, алтыбақан, арқан тартыс, белбеу тастау, жасырынбақ, көршi бұғынай, айдапсал т.б. ойындарды бүгiнде бiлетiндер де, бiлмейтiндер де аз емес. Жануарлардың қозғалысына елiктеп жасалынған қозғалыстар да бертiн келе ойын бидiң арқауына айналған. "Аң аулау" билерiнiң түрлерi бiр iзге келтiрiлмеген. Дегенмен, олар барлық қауымдастық мүшелерiн қызықтырғанын ескерсек, оның тартымды түрлерiнiң көп және жаттығуға икемдi болғанына күмәнданбаймыз. Қазақтың ойын-сауығы достық пен қонақжайлықтың белгiсi және көптiң басын бiрiктiрудiң кепiлдiгi, сүйкiмдi әншi мен әңгiмешiлерге мұқтаждықтың айғағы. Ойын-сауықта жалғыздық сезiм, арам ниет адамды билей алмады, ойыншы үнемi iзденiсте болады. Ондағы құдiрет - өнерпаздық, өзара түсiнiстiк және келiсiмге жол табу. Адамзат қашанда болмасын, осы үш құдiретке тәнтi болған, сол құндылыққа жетудiң мүмкiндiгiн арнайы және үнемi iздестiрумен әуреленген.

 

Read more

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет халық. Жылқы малының тарихы, мәдениеті ғасырлардың терең қойнауында жатыр. Ғалымдар бұдан бес мың жыл бұрын алғаш рет қазақтың арғы бабалары қолға үйреткенін дәлелдеп шықты. Оған дәлел - әлемге әйгілі Ботай мәдениеті. Біздің ғасырымызға дейінгі V- IV ғасырларда бұл жерде жылқы өсірушілердің ғажайып қонысы болғаны анықталды. 133 мыңға жуық жылқы сүйегін зерттей келе, ғалымдар бұлардың жабайы жануарлар емес, қолға үйретілгенін дәлелдеп шықты. Осылайша, қымызды алғаш шығарған да, жылқыны бірінші болып қолға үйретіп, мініске, күш-көлікке пайдаланған да - өзіміздің ата-бабаларымыз екен. Қазақтың ертедегі негізгі күнкөрісі төрт түлік мал екені әмбеге аян. "Төрт түлігің сай болсын, қораң толы мал болсын" деген тәмсілдерді әрбір қонаққа келген қаймана қазақ жұрты дастархан басында арқау етеді. Сол себепті де қазақтың көшпелі тұрмысында жылқының орны ерекше. Шексіз-шетсіз далада жаяу адам ұзаққа бара алмайды, шаруасын да мезгілінде бітіре алмайды, ал астында аты болса, қашқанда құтылып, қуса жетіп дегендей тіршілік ете алады. Сол себептен қазақтың "Жылқы - ердің қанаты" деген сөзінен жылқының адам өміріндегі маңыздылығын аңғаруымызға болады.

 

Read more

ҚАРЖЫЛАРДЫҢ ҚАҚТЫҒЫСЫ

Триллион төрде талтиып отыр,

Миллиард жанында маңқиып отыр.

Жалпы жиынға төрағалық жасап,

Миллион да шіреніп шалқиып отыр.

 Залда мыңдар жалпиып отырды,

Тиын-тебендер салпиып отырды.

Орындарға орналасып бәрі,

Қара көбейтіп қалқиып отырды.

 Келісім бойынша бастағы,

Миллион сөзін бастады.

Жұтынып алып жан-жаққа,

Көз қиығын тастады.

Read more

Еңбек сабағындағы ерекше тапсырама

Бір-біріне қар атысып ақ тер, көк тер болып жүрген бір қора баланы көзімен шолып, шеберхана алдында сыңар етігі пұт жарым болып қаздиып тұрған еңбек пәнінің мұғалімі Сүргібай қасынан өте берген тампық мұрын баланы иығынан ұстап алды. Жылмақай қара бала не жазып қалдым дегендей үкі көздері бақырая қарады.

- Өлмесханов, жағал-жағал қылмай, ана мұрныңның сорасын сүрт, әй! - деп Сүргібай көзін ежірейтіп, зірк ете қалды.

- Сынып суық. Балдардың бәрінің мұрын боғы ағып жүр. Тіпті Сатпақбайдың беті үсіп кетті, жалғыз мен емес, - Өлмесханов қар-қар болған жеңімен тұмсық тұсын айғыздап өтті.

- Тоңсаңдар, тамызыққа ағаш кесесіңдер. -  Миығынан мырс еткен Сүгірбай бұл кезде айнала қаумалай қалған он шақты баланы көзімен сүзіп шықты.

Қабақтарын кіржиткен оқушылардың иіндері түсіп кетті.

- Ағай, күнделікке "Ағаш кесу" деп жазамыз ба? Өлмесханов мұрнын қорс еткізіп  тартып қойды.

-  Әй, ми құрт ағашты жаның үшін кесесің... - Сұқ саусағын шошаңдатқан Сүгірбай Өлмесхановтың шекесінен қаттырақ нұқып қалды. - Ал күнделікке "Тері шикізатын өңдеу және пайдалану" деп толтырасыңдар....

Шымшыған қызылшұнақ аязды елемей, балалар кезектесіп жалғыз арамен ағаш кесуге кірісті. Аяғын-аяғына ұрғылап, ішінен ыңылдап біраз тұрған Сүгірбай жылтыңдаған Өлмесхановтың әлі бір де бір рет араны ұстағанын көрген жоқ.

- Әй, сенің қос қолыңа шиқан шықты ма? - Сүргібай шұшқия қалды.

- Үстім бүлінеді, ағай, - деп беті жыбырлаған Өлмесхановтың аузы-басы қисаң-қисаң етті.

- Тілің  мен жағыңа сүйенбе, - деп Сүгірбай жекіп тастады.  - Шешең жуып береді...

- Мамам үйге келмейді. Көрмегеніме бір ай болды, - деп Өлмесханов қабақ астынан қыржия қарады.

- Ол қайда жүр-әй қаңғалап?... Есер әкең сабар-сабап қуып жіберген жоқ па? - Сүргібайдың көнтек еріндері дүрдиіп кетті.

- Бір өзбекпен қосылып, Ташкентте сауда істеп жүр....

- Ендеше әкең жуып береді, қолына жұғып қалмайды.

- Жуа алмайды...

- Не қолы қырқар ма?

- Күнде кешкісің мас болып қалады... - деп Өлмесханов құлағын уқалап-уқалап қойды.

- Әй қыртпыш, - деп Сүргібай мойнын ішіне алып тұрып Өлмесхановты білегінен оңаша шығарды.  - Кәне, мұрныңды тый!

- Бәрібір аға береді, ағай! - деп иығын көтерген Өлмесханов амалы құрығандай лажсыздық кейіп танытты.

- Нешауа, мұрныңның сорасы көп ақса, өскесін бастық боласың. Ана банкінің бастығы Сәрсенбайдың баяғыда мұрнында үнемі сары қаспақ қатып, бетін бес ит жалағандай болып жүретін. Әне, бүгін кеудесіне нан пісіп, ақ торсықтай гүлпиіп, қолын жылы суға малып жүр. Ертең әкім болып кетуі де мүмкін. - Сүгірбай аузы аңқиып тұрған оқушысының арқасынан қағып қойды.

Read more

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Тамыз 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.