Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

05 Мамыр 2014

Қазыбек Әшірбекұлы


"Қызылордалық масаның" бүгінгі қонағы - Қазыбек Әшірбекұлы. Мінезі ақжарқын арқыраған, кеудесі жұлдызға жарқыраған, он саусағынан сатира тамған Қазекеңді білмейтін жан жоқ бүгінде. Жемқорлар мен парақорлардан бастап жалқаулар мен тоғышарларға дейін жазбай таниды. Себебі оның басты кейіпкерлері - солар. Ал бүгін Мөңке бише толғанып, басын "тау-тасқа соққан" Қазекеңнің Марсқа деген "мінсіз махаббатына" куә болыңыз, оқырман.






Бидің айтқан болжамы

"Ішіне шынтақ айналмайтын Ежірей деген ұлың болады. Ақыл айтсаң ауырып қалатын Бежірей деген қызың болады. Алдыннан кес-кестеп өтетін Кекірей деген келінің болады... Алашұбар тілің болады, дүдәмал дінің болады. Әйелің базаршы болады. Еркегің қазаншы болады... Кебір - жерге теңеледі. Әйел - ерге теңеледі...".

Мөңке би

Би болжамының бүгінгі жалғасы

Заманың жаңаша болады,

Шеккенің анаша болады...

Ақша ардан биік болады,

Кредит деген күйік болады...

Аяқ бассаң алдау болады,

Адамды - адам арбау болады...

Алатының аз айлық болады,

Айлығың тек шайлық болады.

Алуан түрлі алым болады,

Қайырымдылық хәлің болады...

Жаннан безген жәлеп болады,

Арын сатып әлек болады...

Арамның ойлағаны айла болады,

Алаяқтық пайда болады...

Алаяқтар аса көп болады,

Ақынды солар жеп болады...

Байға кедей құл болады,

Сапасыз дүние пұл болады...

Шындық емес - шын болады,

Таза шындық жым болады.

Мешкейлік деген "мұра" болады,

Сусынын арақ-сыра болады...

Би-болыстар мақтаншақ болады,

Жанындағылар жасқаншақ болады.

Read more

Нартайдың бір кеші және үш арманы

Бұдан отыз жылдай бұрын, яғни 1957 жылдары Қазалы қаласындағы бухгалтерлер даярлайтын техникумда оқып жүрген кезіміз болатын. Бізбен бірге сол кездің өзінде ел ағасы жасқа келіп қалған Әбіш Шоқыбаев деген ағамыз бірге оқитын. Ол кісі естігенін есіне ұзақ сақтайтын, құйма құлақ, сөзге шешен, ділмар кісі еді. Өмірге жаңа ғана талаптанған біздерге көргендерін, естіп білгендерін айтып беріп отырушы еді. Енді бірде әзіл-қалжыңын араластырып, қызықты әңгімелер, анекдоттар айтып, езуімізді бір жидырмайтын. Өзі де мәз бола рахаттана күліп алып: - Нан жауғыр, тағы қандай әңгіме айтайын? - деп сұрап қоятын.

- Әбеке, тағы да бір күлдіргі әңгіме айтыңыз, - дейтінбіз бәріміз шуласып. Ол ақжарқын, жайдары қалпынан аумастан: - Күлдіргі әңгіме дейсіңдер ме? - деп өзімізге қайыра сұрақ қоюшы еді де, әңгімесін бастап кететін.

- Ия, е, е.. Күлген деген жақсы-ау балалар,- дейтін ол. Өмір деген қарбаласы мен қалтарысы көп дүние ғой. Сендер өмірді енді ғана бастап келесіңдер. Өздерің ойлағандай, бұл өмір тек күлкіден ғана тұрмайды. Бір Құдайдан басқаның барлығы да екі-екіден, жұп-жұбымен жаратыл-ған. Ақылға салып көріңдерші, мысалы, күн мен түн, бар мен жоқ, аш пен тоқ, ащы мен тұщы, жұмсақ пен қатты, жақсы мен жаман, өмір мен өлім, тағы-тағы осы секілді өмірдегі кез келген заттар мен құбылыстардың барлығы да жұп-жұптан тұрады екен. Олай болса сендер айтқан күлкінің де өз жұбы бар. Ол не? Ол-қайғы, көңілсіз шақ. Күле білген адам, қайғыра да білуі керек. Міне, сонда ғана нағыз адам, нағыз азамат боласыңдар. Сондықтан өне бойы күле бергеннен гөрі, бір уақыт салдарлы, салмақты сөз тыңдаған да жақсы. Тыңдап қана қоймай, оны көңілге түйіп, одан  қорытынды шығарған одан да жақсы. Келешекте өмірге пайдалана білген жөн, - дейтін. Дейтін де, балалық балдәурен шағын ойша есіне алып кетуші еді.

- Е, е..., балалық балдәурен мен жігіттік желең шақты біз де өткергенбіз. Бірақ бізде балалық дейтіндей, балалық шақ болды ма? - деп өз-өзіне сұрақ қойып алып, жауабын да өзі беретін.  - Ел басына күн туып, ер етігімен, ат ауыздығымен су ішкен кезең еді ғой ол. Ұлы Отан соғысының әбден қайнап жатқан кезі. Бас көтерер азаматтар-дың барлығы майданда. Соғыста қаза тапқандар-дан "қаралы қағаздар" қардай жауып тұрған  кез. Екі үйдің бірінде, екі күннің бірінде жалғызынан айрылған ананың, жарынан айрылған жас жесір-лердің ащы айқайы мен зарлы үні төбе шашыңды тұрғызып, құйқаңды шымырлатады. Ауылда тек қана кәрі-құртаң қариялар мен жас балалар, кілең бойжеткендер мен отызға жетпеген өрімдей жас жесірлер ғана қалған. Бар ауыртпашылық солар-да. Ел басқарусыз, егесіз қалған кез. Міне, сол кезде "Көзі қарауытқан жар сүзеді" дегендей, ауылдағы үлкен-кіші 7 класты енді ғана бітірген мені 1942 жылы колхозға басқарма бастығы етіп сайлағанда, мен 17-де ғана едім. "Басқарма"-деген атағым ғана болмаса, балалығым басым-дау. Көзсіз көбелектей қай жұмыстан бастарым-ды білмей, дал болатынмын. Әр нәрсеге бір ұрынамын. Ретсіз қателіктер жіберіп жүрген кездерім де болып жүрді. Жасыратыны жоқ, мұндайда көз көрмеске шығып алып, көз жасыма да ерік беріп алушы едім. Осындай қиналған кезде көмекке көнекөз қариялар келетін. Олар ақылын айтып күні бұрын күнге, жұлдызға, айдың тууына зер салып, алдағы кезді, өмірді, өмір тәжірибесіне қарап отырып болжайтын. Қай жұмысты қандай уақытта бастау керек екендігін айтып беріп отырушы еді, жарықтықтар.

Read more

Сағымдай ұйыған сағыныш

Алтын досым, алтын басыңнан, алтын қолыңнан айналдым. Өзіңе ерекше тәнтімін, Қайрош!

Р.Жанаев.

4.04.2004

I

Рекең, Рүстем Жанаевпен 1970 жылдардың орта тұсында Қызылордадағы "Қызылорда" қонақүйінің алдында кездейсоқ жолығып қалып, алғашқы танысқанымыз әлі күнге дейін есімнен кетпейді.

Көптен таныс жандардай ту сыртымнан "Қайрош" деп соншалықты биязы естілген дауысқа бұрылып қарағанымда, қарсы алдымда қызыл шырайлы, тарақтың ырқына ыңғай таныта қоймайтын "мінезді" шаштары маңдай тұсынан жоғары көтеріліп барып желке тұсына құлай жығылған, жүзі жылы, келісті жігітке көзім түсті. 

Сұлу Сырдың жан адамға ұқсамайтын ойлы да сойлы (текті) ақыны, табиғаты тым ерекше Қомшабай Сүйінішев мені тап осылай атап, інілік назыма, ағалық мейірін мейлінше сіңіріп, бауырына тарта сөйлеуші еді...

Рекеңмен таныса келе білгенім: мына жалғанда жалпылықтан оқшаулау сара ой-түйсікке құлағы тү-рік, атасы азан айтып қойған атына заты сай, дүниенің датын жаламаған, от ауызды, орақ тілді Ер, бар ғұмырында, өресі мәз емес өтірік ұғымының ұйығына өкшесін малмаған, Күләш жеңгеме құлаш-құлаш өлең арнаған, көзінің қарашығындай асылы - Элочкасының аймаңдай папасы, ұлтанды ұлдары мен өрімдей немерелерінің сүйікті атасы, ақын әм азамат Рүстем Жанаевпен сол жолғы танысуымыз, ажырамас Достық отауында табысуымызға ұласып бара жатты!

"Қайрош", "Аққайрошқа" ығысып орын берді. Кейінірек өзім де екі буын есімді жаныма жақын інілеріме "Ақ"-ты қосып айтуды әдетке айналдырдым. Рекеңнің арқасында, ақын Сейіл Боранбаев ағамызбен етене араласып кеттім. Сейіл аға, Қомшекең, Рекең және өзім болып, қаншама жылдарға созылған жұбымыз жазылмастай жұмбақ жақындығымыздың мәні-мағынасы күн санап өсе берді, өсе берді...

Ағалы-інілі төртеуміз бас қоса қалсақ болды, төрт құбыламыз түгелдей көрінуші еді маған.

Арамыздағы әжептәуір жас айырмашылығы өзіміз өткен бірнеше белестердің қай қолтығында қалып қойғаны бізге белгісіз.

Қазалыға бара қалсақ болды, біз түсетін "кіші орда" сол баяғы Рүстем мен Ақ Күләш жеңгемнің отауы болатын. Осы екі есім, жұптасып, ажырамас егіздердей бірге айтылғанда ғана отырыстың сәні кіріп, дастарханның пәрі ашылып, тұтастықтың туы ылғи да жоғарыда желбіреп тұрар еді.

Ғасырда дүниеге бір келетін жерлесіміз бұлбұл әнші Роза апайымыз: "Рүстем, твоя супруга настоящая аристократка" - дегенде Күлекеңнің қонақ күтудегі қимыл-қызметіне, ақжарқын келбетіне қарап айтқан боямасыз ырзалығы болса керрек. Рекеңнің осындайда қарап қалмасы анық:

- Роза апай, қырық қыздың ішінен шертіп жүріп таңдап алған келініңіз ғой, - деп, әзілмен жауап қайтарыпты.

Әлі күнге дейін Күләш жеңгемнің ақ маңдайында қылаудай қыртыс атаулының ізі болмауы - қонақтарына қабақ шытып, қысыр сөйлеу әдеті туа бітті тал бойына үйір болмай-ақ кеткендігінен болар бәлкім. Қазалы-Арал топырағында өткен жиын, той, мерекелерге Қомшекең, Сейіл ағамен бірге бара қалсақ болды, "великолепная тройка" деген атауды үшеумізге лайықты деп тауып, сол аймақтағы тілекші қаламдас достарымыз, басы Рүстем болып бізге меншіктеп-ақ қойыпты.

Read more

Қаһарман батырына халықтың ықыласы зор болды

Тәуелсiздiк ұғымы қайбiр ел болмасын аса қым-бат. Ғасырлар бойы жасалған қазақ мемлекетiнiң арғы-бергi тарихына көз жүгiртсеңiз, ел тәуелсiздiгi жолында талай қырғынды басынан кешiрген қанды оқиғалардың қақ ортасында жан алып, жан берiскен батырлардың жүрiп өткен жолына кезiгесiз. Олардың әрбiр қадамы кейiнгiге шерлi шежiре, тағылымды тарих екенiн бүгiнгi тәуелсiздiкке қолы жеткен ұрпағы бiлуi керек.

"Батыр - әлеуметтік категория, батырлық - адам-ның бойындағы қасиет. Бұл екеуіне де қажеттілік тарихта әрқашан жоғары болған. Әсіресе, халықара-лық қатынастар құқықтық тұрғыдан реттелмеген, бір мемлекеттің екіншісін жаулап алуы, отарлауы қа-лыпты іс саналған замандарда батырлар қауымы қо-ғамдағы толыққанды институтты құрағаны обьек-тивті заңдылық еді",- дейді тарихшы Көшім Есма-ғамбетов. Рас, батырлар институтының етегімізді жиып, ел болудың, бірліктің, елдіктің ұйытқысына айналып, болашақты отаншылдыққа, патриоттыққа тәрбиелеудің алғышарттарын жасады деп сенімді түрде айтуға болады. Әсіресе, ХVІІІ-ХІХ ғасырлардың жан-жақтан жау анталаған аласапыран кезеңінде қазақ тарихындағы батырлар рөлі жоғары деңгейге көтерілді.

Жанқожа - қазақтың тәуелсіздігі жолында күрес-кен батыры, ХІХ ғасырдың қаһарманы, Хиуа мен Қоқан хандықтарына, отаршыл Ресей империясына қарсы шыққан ұлт-азаттық көтерілістің басшысы, 17 жасында батыр атанып, сексеннен асқанша қолы-нан қаруы түспей, ел тәуелсіздігі жолында күресіп өткен халық қаһарманы. Қарапайым халықтың арасынан шыққан Жанқожа батыр өзі өсіп-өнген ортамен бірге болды, сол ортаның арын арлап, мұ-ңын жоқтады. Содан болар, сырттан келгендер тізе-сін батырса да, ауыл шетіне жау келсе де, руаралық тартыс, жер не жесір дауы болса да, Жанқожаға жүгінді. Халқының бостандығы жолында бес қаруын асынып, қол бастап, жауымен текетіресіп, елінің тентіреп кетуінен сақтады.

Read more

Адалдық еді айнымас сертің

Адалдық еді айнымас сертің

Ақиқат осы - Азаттық құны,

Төгілген құрмет көрсетсең лайық.

Көсегең сонда көгерер.

Ерлерге қойған ескерткіш пе екен

Дулыға бейне төбелер?

Өткенін естен шығармаған ел

Өлшеусіз баққа кенелер.

Ерліктің рухы есіп өтеді

Тарихты шолсам мен егер,

Басына елдің күн туған кезде,

Батырдың бәсі еленер.

Тағдыры жердің талқыға түссе,

Бұлқынбай қайтіп көнеді ел.

Түлкідей аңшы артына түскен

Жалт берген шақта төрелер,

Ақ туын қолға ап, атқа қонған-ды,

Жанқожа бабам, Ерен Ер.

Read more

Музей қорындағы қылыштың түрлері

Ертедегі деректерге сүйенсек, қылыш алғаш рет Ү-ҮІІ ғғ. Орталық Азияны мекендеген түркі халықтарында пайда болған екен. Кейін ІХ-ХІҮ ғғ. Шығыс Еуропа елдері арқылы дүниежүзіне тарады. Уақыт өте әрбір халықта өзіндік атауға ие болды. Қазақтарда "қылыш", түріктерде "клыч", парсыларда "шәмшир", үнділерде "тальвар", араб елдерінде "мамлюк қылышы", орыстарда "сабля",  еуропалық-тарда "гросс мессер" және "карабела" деп аталды. Қылыш ортағасырларда озық үлгімен шығарылған бірден-бір қару болды. Семсерлердің соғыс уақытында атқаратын қызметі түйреуге негізделсе, қылыш шабуға және түйреуге  ыңғайлы болды. 

Қазақтар қылышты бес қарудың біріне жатқызды және ХХ ғасырдың басына дейін пайдаланды. Қылыш туралы зерттеулерге сүйенсек, қазақ қылышының бірнеше түрі болған. Олар: алдаспан, наркескен, жатаған, қайқы қылыш т.б. 

Қазіргі уақытта музей қорында қылыштың бірнеше түрі сақталған. Бұлар негізінен қазақ және орыс қылыштары.  

Read more

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Мамыр 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.