Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...
Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...
Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...
Атады таң, батады күн, толады ай. Ауысады күнде саба, толағай. Бірі барда бірі болмай,...
Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...
"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты
Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов
Жаны жарқын, көңілі дархан Сыр елі Елбасымыздың назарынан ешқашан тыс қалған емес, тәуелсіздік жылдары Президент Н.Ә.Назарбаевтың облысымызда 13 рет болғаны сөзіміздің дәлелі. Өзі айтқандай, «Сыр - Алаштың анасы» тарихына жүгінсек, бұл жерде қазақтың үш астанасы болған: Жент, Сығанақ және Қызылорда. Бұл дана Қорқыт бабамыздың, Жанқожа мен Бұхарбай сынды батырлардың, Мұстафа Шоқайдың, Сыр сүлейі Кердері мен ғұлама Тұрмағанбеттің, ақын Әбілда мен Нартайдың, тамаша жазушылар Әбдіжәміл мен Қалтайдың, тағысын тағы көптеген ардақты, дарынды перзенттердің туған өлкесі.
1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. 10-желтоқсандағы алғашқы Президентті ұлықтауға (инагурация) арналған салтанатты жиынның таңертеңгі отырысында ҚКСР - Қазақстан Республикасы деп аталынатын шешім қабылданып, кешке Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің отырысында Президент лауазымды жоғарғы мемлекеттік қызметке тағайындалды. 16-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң күшіне енді.
10-желтоқсандағы Президентті ұлықтау рәсіміне облыс делегациясының құрамына еніп, Н.Ә.Назарбаевтың ант беру рәсімінің куәгері болғанымды мақтанышпен еске аламын. Н.Ә.Назарбаев ҚР Ата заңына оң қолын қойып, ант беріп тұрғанда арт жақтан сахнаға ілінген құлап бара жатқан республика туын көз ілеспес шапшаңдықпен ұстап қалды. Уақыт көрсеткендей, көптеген қиындықтарды артқа тастап, барлық жағынан алғанда әлем картасынан өз орнымызды ойып алып, ант берген сағатынан бастап Елбасымыз бекем ұстаған көк байрағымыз әлемнің көптеген елдерінде мен мұндалап тұрғанының бәріміз де куәгеріміз.
Елбасы Н.Назарбаев "Ұлы Дала ұлағаттары" еңбегінде: "Мемлекеттің дамуы рухани әлемнің дамуымен тікелей сабақтас. Адамның эстетикалық және этикалық талғамы қатар өскен жағдайда ғана, елдің де зерде зейіні толығып, қоғамның моральдық келбеті кемелдене түседі. Мәдениет қайраткерлерінің ар тазалығы мен жан тазалығы алдыңғы орынға шығады. Өнер сонда ғана қанатын кеңге жаяды" деген болатын. Өнер - халықтың сарқылмайтын рухани қазынасы. Қайбір өнердің болмасын өзегінде ұлттық рух жатпаса, ол ұлтымыздың ұлы қазынасына қосыла алмайды. Өнерлінің еңсесі биік, бәсі жоғары екені даусыз. Сыр өңірінде әлемдік көрмелерде Ұлы Даланың ғажайып сырларын өрнектеп, ұлттық рухани қазынамызды байытып өз табынушыларын тапқан бейнелеу және кескіндеме өнерінің өкілдері, тасқа жан бітіріп, темірден түйін түйген саңлақ сәулетшілердің шынайы шығармалары жетерлік.
2015 жылдың қоңыр күзі. Республикамыздың жер-жерінен жоғары оқу орындары оқытушылары білікті арттыру мақсатында Алматы қаласына бардық. Өскеменнен екі жігіт ағасы біздермен бірге болды. Жөн сұрастық. Мен қызылордалық екенімді, олар өр Алтайдан келгендерін айтты. Алғашқы сұрағандары "Мамақова Өркенді білесіз бе?"-деді. Мен ол кісіні жақсы білетінімді, тіпті меншіктеп Сыр елінің өнер қайраткері суретші ағайым Айтбаев Бақытбектің досы болғандығын және жуық арада Өркеннің өмірден озғандығын айттым. Екі жігіттің бірі: "Ол талантты суретші болатын, оң қолынан өнері тамған өнердің иесі еді. Өскеменімнің өнерлі Өркені еді",- деп көзіне жас алды. Туған жеріне, ол жігіт ағасының өнер иелеріне деген тағзымын, құрметін көріп, "көк түркілер кіндігінен тараған барша ұл-оғландар осылардай болсайшы" дедім.
Әдетте, отбасы төңірегінде сөз қозғағанда, отбасындағы әке мен ана рөлін әңгіме өзегіне айналдырғанда қазақтың қастерлі шаңырағы үшін әкенің орны ерекше екені айтылады. Оның үстіне, Сыр елі - ұлттық тәрбиеге, қазақы тәлімге бай өңір. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған отбасылардың өнегесін көріп өскен кейінгі ұрпақ сол тәрбиені өз өміріне де өзек етіп жүрері даусыз. Ал, тәрбиелі отбасының тізгіні әке болса, ұйытқысы - ана. Біз білетін, отбасында өнегелі әке, қызметте білікті басшы, қоғамда қайраткер Данияр Сұлтанбекұлы биыл жетпістің төріне шықты. Ағамыз жетпіс жасқа азаматтық тұлғасымен, асқақ абыроймен, зор табыспен жетті.
Сырбаз мінезді, байсалдылық пен қарапайымдылықтың үлгісі, жан-жағына жақсылықтың нұрын шашып жүретін жаны жомарт, өз ісіне мығым ағамыздың ғибратты ғұмыры тек ізденумен, адал еңбекпен, алға ізгі қадам басумен, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеумен көпке үлгі болып келеді. Оның жүріп өткен өмірбаяндық жолы мақтануға, үлгі етуге қашанда тұрарлық.
Болашақ – жастардың қолында. Қоғамның басты қозғаушы күші де осы жастар. Осыны қатаң түрде ескеретін билік басындағылар жас-тар мәселесіне немқұрайлы қараған емес. Керек жерінде қол созып, шалынған тұсында демеу де беріп келеді. Айтылған сөздің дәлелдемесі ретінде Қызылордада 18-19 қараша аралығында өткен «QYZYLORDA: БІЛІМ. БОЛАШАҚ. ЖАҢҒЫРУ» атты облыс жастарының дәстүрлі ХІІI форумын көрсетуге толықтай негіз бар.
Форумға басқарма, аумақтық департамент басшылары, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, жастар ресурстық орталығы-ның қызметкерлері, жастар ұйымдарының өкілдері, ІТ саласының үздік мамандары, оқу орындарындағы және кәсіпорындарындағы жастар комитетінің жетекшілері, әрбір ауылдық округтегі жастармен жұмыс жасайтын ма-мандар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің барлығы дерлік шақырылған.
Талай ғасырды басынан өткерген қазақ халқының өмірі, тіршілігі, ұлттық батырлары жөнінде орыс зерттеушілерінің материалдарына сүйенсек, келешек ұрпаққа үлгі берерліктей жүйелі жазба жоқ. Сонда да болса, ел үшін ерлік жасаған батырлардың есімі ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жетіп отыр. Сондай тарихи тұлғаның бірі - Байғара батыр Қожасұлы. Ендігі әңгіме осы Байғара батырға қатысты болмақ.
Байғараның арғы тегі Кіші жүздің Жақайым руынан Бердіңқұл болып тарайды. Ел іші емес пе, барлық уақытта Кіші жүздің балалары өзіне тартып, тарихи үлкен мәселелерді ауызбіршілікпен шешіп отырды деуге болмайды. Руішілік келіспеушілік өзара көп болғаны тарихи романдардың өзінде бой көрсетіп жүр. Әсіресе, Байғара батырдың болмысын анықтауда жазушы Ә.Кекілбаевтің "Үркер" мен А.Сергеевтің "Петербор елшісі" атты шығармаларында айтулы мысалдар көзге түседі. Байғара батырдың өзі 1701 жылы дүниеге келіп, әкесі жастайынан қайтыс болған соң бауырлары Баби мен Сырлыбайдың тәрбиесін алып өскен. Ал қалмақтарға қарсы Аңырақай шайқасында Бөгенбай, Ақша, Есет, Мойнақ, Баби, Сырлыбай, Байғаралардың қатысқаны тарихи деректерден белгілі. Байғара батыр Сартай бастаған "Мың бала" қолының белсенді қатысушысы.
Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.
«Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.
Редакция құрамы
Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан
Жауапты хатшы – Абай Тағыберген
Журналистер
Толыбай Абылаев
Айдар Сайлауов
Жүлдызай Қалиева
Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19
Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.
In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.
The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?
To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:
Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.
The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.
Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.
«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз
Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.