Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Солтүстік жорық, Бұланты шайқасы, аңырақай шайқастарындағы Әбілхайыр ханның рөлі

 

ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда қалыптасқан саяси жағдайлардың салдарынан Қазақ мемлекетіне тұтас жойылу қаупі төнген еді. 200 жылға созылған қазақ-жоңғар қақтығысы дәуірінде халқымыздың қаншама тұлғалары мемлекеті-міздің тұғырын сақтап қалу жолында аянбай қызмет етті. Солардың бірі қазақ тарихында есімі мәңгілікке алтын әріппен жазылған ұлт қаһарманы - Әбілхайыр хан.

Солтүстік жорық. 1723 жылы Орталық Азияда қалыптасқан саяси жағдайларға бай-ланысты Қазақ хандығы сыртқы саясаты көрші елдермен шиеленіскен түрде қалды. Сол жылы Цеван-Рабтан қонтайшының жарлығымен қазақ жеріне ауыр соққы беру жоспары дайындалады. Әбілхайырдың тарихын зерттеген И.В.Ерофеева: "ХVІІІ ғасырдың 20-жылдары Жоңғар хандығы мен Қалмақ хандығының арасында келіссөздер жүргізіле бастайды. 1723 жылдың күзінде Еділ қалмақтарының ханы Аюкеге жоңғар қонтайшысы Цеван-Рабтаннан елші келеді. Келіссөздердің мақсаты Қазақ хандығына қарсы бір уақытта екі жақтан жойқын шабуылдар жүргізу арқылы қазақ мемлекеттілігін біржолата жою еді. Қалмақ ханы Аюке Ресей үкіметінен қазақ жеріне соғыс жүргізу үшін тұрақты әскер сұрайды. Алайда Ресей үкіметі аймақтағы әскери-саяси жағдайларға бейтарап саясат жүргізетінін мәлімдейді", - деп жазады.

"Ақтабан шұбырындыға" ұшыраған уақытта қазақ билеушілерінің ішінде тез арада ес жинап алғаш рет жауға тойтарыс берген Әбілхайыр хан еді. Еділ қалмақтарының соғысқа дайындық жүргізіп жатқанын сезген Әбілхайыр хан Арал өңіріндегі қазақ-қарақалпақтардан әскер жинап, тез арада Еділ қалмақтарына жорыққа аттанады. Кіші жүз әскерінің аз уақыт ішіндегі шапшаң қимылы қалмақтардың үрейін туғызады. 1723 жылдың маусым айында қалмақ ханы Аюке бейбітшілік келіссөздер жүргізу үшін Әбілхайырға елші аттандырады. Бірақ келіссөздерден еш нәтиже шықпайды. Әбілхайыр хан жорықты әрі қарай жалғастыруды ұйғарады. 1723 жылы тамыз-қараша айларында 20 мың қазақ әскері қалмақтарға ауыр соққы береді. Қалмақтың Досанг тайшысының ұлысы жаулап алынады. Әбілхайырдың жүргізген әскери іс-қимылына үрейленген Ресей үкіметі көмек сұраған Аюке ханға Астрахань губерниясынан 6 эскадрон жібергенімен аймақтағы шиеленіскен жағдайды еш өзгерте алмайды. Аюке хан мен Досанг тайшының біріккен әскері қазақ-қарақалпақ әскерінің шабуылын аса қиындықпен тоқтатады.

Қазақ-қалмақ шиеленісі 1724 жылдың жазына дейін жалғасады. Сол жылы қалмақ ханы Аюке дүниеден өтіп, Қалмақ хандығының толықтай жеңілісімен аяқталады. Одан кейінгі қазақ әскерінің іс-қимылдары Ресей үкіметінің араласуымен тоқтатылады. Сөйтіп Әбілхайыр хан бастаған қазақ-қарақалпақ әскері Қазақ хандығының батысынан төнген қауіпті біржолата жояды.

Бұланты шайқасы. Қазақ хандығының оңтүстігіндегі билеушілердің алауыздығының салдарынан жоңғарлардың әскери іс-қимылдары сәтті аяқталып жатты. Бұл жағдай қазақтың үш жүзінің бірігіп, жоңғарларға қарсы тойтарыс беруіне ықпал етеді. Сол кездегі уақытша қазақ-жоңғар майдан шебі Арал өңірінде орналасады. 1726 жылдың аяғы - 1727 жылдың басында Қарақұмда үш жүздің игі жақсыларының кеңесі өткізіледі. Кеңесте Жоңғарияға қарсы тойтарыс беру жоспарлары талқыланады. Кеңестің шешімі бойынша ақ боз ат әкелініп арнайы құрбандыққа шалынып, Әбілхайыр хан қазақ әскерінің сардар қолбасшысы болып сайланады. Әбілхайырдың мұндай дәрежеге жетуі оның алдындағы Қалмақ хандығымен жүргізген соғыстарда жеңіске жетуімен байланысты болды. Сонымен қатар Қазақ даласында Әбілхайыр ханның беделі артқан еді. Бірінші ірі шайқас 1727 жылы Бұланты-Білеуті өзендерінің арасындағы Қарасиыр шатқалында (Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы) өтеді. Қазақ әскері жауды өзінің кең-байтақ даласына тереңірек сұғындыра еліктіріп кіргізіп алып, кенеттен жалт бұрылып, оң қанаттан да, сол қанаттан да ойсырата соққы береді. Сосын ту сыртынан енді қайтып тұрмастай тіке шабуылдың астына алды. Бұл ұрыс болған жер тарихта "Қалмаққырылған" деген атпен калды. Жеңіс халықтың рухын көтеріп, өз күшіне сенуге жігерлендіреді. Осыдан бастап қазақтар ұрыс барысын өз қолдарына алып, қарсы шабуылға шығады. Бұл шайқаста қазақтың батырлары Тайлақ батыр мен Саурық батыр ерекше көзге түседі. Әбілхайыр ханның қолбасшылығымен жүргізілген шайқаста қазақтар тағы да ірі жеңіске жетеді.

Аңырақай шайқасы. Белгілі жазушы, тарихшы Б.Қойшыбаев "Ана тілі" газетінде жарық көрген Аңырақай шайқасы туралы мақаласында: "1730 жылғы сәуірдің басында қазақ әскери күштерін Шу-Талас өзендері аралығынан Оңтүстік-батыс Балқаш маңы ауданына қозғады". Сөйтіп, жоңғар әскери-саяси жүйесінің Аңырақай форпостына қазақтардың біріккен қолы сол кезгі әскери ілім-білімнің озық тәсілін қолдана отырып шабуыл жасады" деген мәліметтер келтіреді.

Қазақ жасақтары Аңырақай үшбұрышына солтүстіктегі басты даңғыл болып табылатын Үлкен қалмақ жолымен емес, қарама-қарсы екі бағыттан (Балқаштың оңтүстік-батыс жағасы мен Шу алқабынан) келді. Шабуылдың негізгі мақсаты Аңырақайдың солтүстік-шығыс бұрышындағы Қалмақтөбе бекінісіне шоғырланған 5-6 мыңдық жоңғар әскерін қоршап алып, жойып жіберу болатын. Бас қолбасшы Әбілхайыр хан шешуші шабуылда қолданған әдісінде халықтың көпғасырлық дәстүрі бар "дала соғысы" орайындағы әскери ойға, оның "аңды жан-жағынан қаумалап аулау" тәсіліне сүйенген-тін. Жауынгерлік соғыс қимылдарын әйгілі қазақ қолбасылары мен батырлары қатысқан үш атты жасақ жүзеге асырды. Олардың екеуі Сарыбұлақ пен Қопалыдағы жауға өткел болары ықтимал жазық тұстарды торыды әрі Қалмақтөбе бекінісін шабуылдады. Шақпақты, білтелі мылтықтармен атқылай отырып, әуелі дұшпанның бекінісін басып алды, сосын бекіністің маңына топтасқан және бекіністі тастап шыққан ойраттарды тықсыра қуып, тауға қашуға мәжбүр етті. Қашқан жауды Аңырақайдың орталық шатқалдарына бекінген садақшылар қарсы алды. "Аңырақай шайқасы сегіз жылға жуық уақытқа созылған қазақ-ойрат соғысындағы шешуші ұрыс болды, ол қазақ халқын өзінің байырғы күшті қарсыласын біржолата жеңуге алып келді, сөйтіп, үш жүздің сарбаздарынан құралған халық жасағы басқыншы-жоңғарларды бұрын жаулап алған аумақтарынан қуып шыққан қиындығы мол күрделі қаһармандық дастанды іс жүзінде аяқтады. Ол қазақ халқының жауынгерлік рухын нығайтты, халықтың этностық тұтастық сезімін және өз еліне деген сүйіспеншілігін… арттыруға септесті". Біріккен қазақ әскерінің бас қолбасшысы Әбілхайыр хан 1730 жылғы сәуірдің соңында жоңғар қонтайшысы Қалдан-Серенмен бейбіт келісімшарт жасайды. Сол акт арқылы "Ақтабан шұбырынды" қасіретінен бері өрши түскен қантөгісті азаттық күресінің шырқау шыңына айналған Аңырақай шайқасын қорытындылап, Отан соғысына жеңісті нүкте қойды. Артынша Әбілхайыр солтүстік-батыс шекараға қайтадан қауіп төндіріп тұрған орыс мемлекетіне қарасты казактар қауымымен, қалмақ және башқұртпен қатынасты реттеуге аттанады.

Бұл шайқас туралы Мұхтар Мағауин: "Бұланты, Аңырақай шайқастарындағы жеңістер болмағанда осыдан жүз бұрын мүлде тозып құрып біткен Ноғай Ордасының кебін киері анық-ты. Тоқтау көрмеген Жоңғар қалмағы енді бірер серпіннен соң Еділ қалмағымен тоғысар еді. Сары Арқадан айырылған соң қазақтың барар жері басар тауы қалмас еді. Хандық садаға, халқының өзі құрып кетер еді", - деп әділ бағасын берді.

Жаннат Аманова,

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану

музейінің қызметкері

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Сіз қалаған ұялы телефон қандай?

Айфон - 50%
Нокиа - 5.6%
Самсунг - 11.1%
Хуавей - 5.6%
LG - 27.8%

Дауыс саны: 18
The voting for this poll has ended on: 10 Қар 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Мамыр 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.